Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекционный комплекс по ДП.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
540 Кб
Скачать
☆

5. Арыз (шағым)

Арызда - азаматтардың заң арқылы қорғалатын жеке құқықтары мен мүдделерінің бұзылу фактісі туралы ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына хабарлама жасалып, оны қалпына келтіру туралы талап-тілек айтылады, хабарлама жасаушының ойынша іс-қимылы дұрыс жүргізілмейтіндіктен өзінің құқықтары мен мүдделерін бұзып отырған мемлекеттік органдардың, мекемелердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың атына сын айтылады.

Арыз көлемі жағынан шағын болады 1-3 бет немесе 500-5000 белгі аралығында.

Арыз көбінесе жеке адам атынан жазылады. Іс жүзінде қойылған мәселе бірден бірнеше адамның немесе, үлкен ұжымның мүддесін көздейтін ұжымдық (коллективтік) арыз түрлері де кездеседі. Арыз белгілі бір себеппен ғана жазылады. Әдетте онда бір ғана мәселе көтеріледі. Арыз онда айтылған мәселені шешуге құқы бар адам атына жазылады.

Арыздың бірнеше түрі бар. Олар: өтініш түрінде жазылатын арыз, шағым түрінде жазылатын арыз, түсініктеме түрінде жазылатын арыз, констатация түрінде жазылатын арыз. Бұлардың әрқайсысы ондаған мотивте жазылады. Арыз жазу ережесі барынша қарапайым десе де болады.

Арыз сиялы я шарикті қаламмен, таза түзетулерсіз жазылуы керек. Жазу машинкасын немесе оргтехниканы қолдануға болады. А4 форматты кейде А5 форматты қағазға жазылады.

Арыздың мазмұндық құрылымдық жүйесі:

  • құжат адресациясы: (кімге: мекеменің толық атауы, басшының қызметі, атағы, аты-жөні; кімнен: өтініш берушінің мекен-жайы немесе қызметі, аты-жөні);

  • құжат атауы;

  • негізгі мәтін;

  • қосымша болса, оған сілтеме;

  • жазылу мерзімі;

  • арыз иесінің қолы (арыз мазмұнымен келісушілер қолы).

Адресацияға лауазым иесінің, мекеме, ұйым басшысының ресми қызметінің толық аты, қажет жағдайда фамилиясы, аты-жөні кіреді. Адресация парақтың оң жағын ала жазылады. Егер арыз бірнеше лауазым иесіне бірден жазылып отырған болса олардың барлығының ресми қызметі (қажет жағдайда фамилиясы, аты-жөні) адресацияда қөрсетілуі қерек.

Мысалы,

Петропавл қаласы сүт зауытының директоры Т.С.Пірімбетов мырзаға,

Көшірмесі: Петропавл қаласының СЭСмеңгерушісі Р.С.Садуовқа

Құжат атауы парақ ортасына адресациядан төмен жазылады.

Мысалы, АРЫЗ

Негізгі мәтін кіріспе сөзден басталады. Мысалы, "Менің Сізге арыз беру себебім,". Ары қарай құжаттың мәнін ашатын, арыз жазуға себеп болып отырған негізгі мәселе сөз болады. Мәтін соңында қүнделікті қызмет этикасын сақтау сөздерін қолдана отырып адресаттан қандай шешім күтетіндігі жазылады. Мысалы, "Айтылғандарды ескере отырып шара қолдануыңызды сұраймын", "Нұсқау беруіңізді сұраймын" т.б.

Мәтін парақтың бар кеңдігіне, тақырыптан төмен жазылады.

Жазылу мерзімі. Арыздың жазылған күні, айы (жазбаша) және жылы көрсетіледі. Жазылу мерзімі негізгі мәтіннен төмен, парақтың сол жақ бөлігінде орналасады.

Мысалы, 24 наурыз 2000 жыл.

Қолы. Арыз жазушының қолы қойылады. Парақтың оң жағына фамилиясы, аты-жөні жазылады.

Егер арызға қол қоюшылар бірнешеу болса онда олар иерархиялық тәртіппен я болмаса алфавит тәртібімен жазылады. Қол қоюшылар өте көп болатын болса онда арызға қол қою парағы тіркелді.

Арыз мазмұнымен келісуші қолы қойылғанда келісім туралы қысқаша ақпарат та жазылады. Мысалы, "Келісемін", "Қарсы емеспін". Бұл жерде де датасы жазылып, атқаратын қызметі көрсетіледі.

Ескерту: 1. Егер арыз бірнеше адамның атына қатар жазылса, олардың барлығының ресми қызметі, аты-жөні адресацияда көрсетілуі керек.

2. Егер арыз бірнеше адамның атынан жазылса, олар иерархиялық тәртіппен я болмаса алфавит ретімен жазылады.

3. Арыз қолмен де, компьютермен де қатесіз жазылуы тиіс.

Арыздың үлгілері

Алматы қаласы Бостандық ауданындағы

№3 Сүт зауытының директоры А.Н.Нұрышев мырзаға

Көшірмесі: Алматы қаласының СЭС меңгерушісі Ж.Е. Ержанов мырзаға

№3 Сүт зауытының бас технологы

Марат Мекебаевтан

А Р Ы З

Сізге арыз беру себебім, қазіргі кездегі зауыттың санитарлық жағдайының нашарлығы. Соның нәтижесінде шығарылған өнім сапасының белгіленген стандартқа сәйкес келмей отырғандығын хабарлағым келеді. Бұл тапсырыс беруші мекемелер санының қысқаруына әкеп соғады. Айтылғандарды ескере отырып, жедел түрде шара қолдануыңызды сұраймын.

Анықтама қағаздар қосымша тіркелді.

24 қыркүйек, 2008 жыл

Алматы қаласы Бостандық ауданындағы

№3 Сүт зауытының директоры А.Н.Нұрышев мырзаға

Көшірмесі: Алматы қаласының СЭС меңгерушісі Ж.Е. Ержанов мырзаға

№3 Сүт зауытының бас технологы

Марат Мекебаевтан

А Р Ы З

Сізге арыз беру себебім, қазіргі кездегі зауыттың санитарлық жағдайының нашарлығы. Соның нәтижесінде шығарылған өнім сапасының белгіленген стандартқа сәйкес келмей отырғандығын хабарлағым келеді. Бұл тапсырыс беруші мекемелер санының қысқаруына әкеп соғады. Айтылғандарды ескере отырып, жедел түрде шара қолдануыңызды сұраймын.

Анықтама қағаздар қосымша тіркелді.

24 қыркүйек, 2008 жыл