Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекционный комплекс по ДП.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
540 Кб
Скачать
☆

Өмірбаян

Мен, Сұлтанова Ғалия Айханқызы, 1964 жылы 20 сәуірде Талдықорған облысы Ақсу ауданының Қызылтаң ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматымын.

1981 жылы Ақсу ауданындағы Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектепті бітіріп, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне түстім. 1986 жылы университетті үздік дипломмен бітірген соң ҚР Ұлттық Ғылым академиясының Тіл білімі ғылыми-зерттеу институтына кіші ғылыми қызметкер болып жұмысқа қабылдандым. 1989 жылы Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің Қазақ тілі кафедрасына оқытушылық қызметке ауыстым.

1995 жылы «Қазіргі қазақ тіліндегі рай категориясы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғадым. 1998 жылы доцент атағын алдым.

Отбасым бар, жолдасым Беков Берік Бексұлтанұлы, 1961 жылы туған, «Рауан» акционерлік-коммерциялық бірлестігінде бөлім меңгерушісі. Екі баламыз бар. Ұлым – Беков Нұрлыбек Берікұлы, 1984 жылы туған, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақтың ұлттық техникалық университетінің 4- курс студенті. Қызым – Бекова Данагүл Берікқызы, 1987 жылы туған, Алматы қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы №161 қазақ гимназиысында 11-сынып оқушысы.

Әскери қызметке міндетті емеспін. Қазақ, орыс тілдерін жетік білемін. Аудармамен кәсіби деңгейде айналысамын. Бос уақытымда спортпен айналысамын, көркем әдебиет оқимын.

Қазір Алматы қаласы, Әуезов көшесі 21 үй, 57 пәтерде тұрамын.

23- қаңтар, 2000 жыл

2. Түйіндеме.(Резюме)

Резюме француз тілінен алынған термин. “Айтылған, я жазылған мәселенің қысқаша түйіні” деген мағына береді.

Түйіндеме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі.

Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беру үшін онда, сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес. Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз - өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу. Сондай-ақ түйіндеменің әдемі рәсімделуіне де көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқу барысында бірден ұғатындай болу керек. Қалаған мамандығыңызға байланысты жеке басыңыздың қасиеттері анық көрсетілуі тиіс. Мәселен, сіз жарнама агенті болып орналасқалы келсеңіз түйіндемеге адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын жақсы білетіндігіңіз сияқты қасиеттеріңіз жазылуы керек. Түйіндемеде белгілі бір адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі.

Түйіндеменің ерекшелігі – үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі.

Түйіндеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі:

  • аты-жөні;

  • туған жылы, күні, айы, туған жері;

  • ұлты;

  • жынысы;

  • мекен-жайы, телефоны;

  • отбасы жағдайы;

  • азаматтығы;

  • білімі;

  • бітірген оқу орындары;

  • кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі;

  • тілдік дағдылары;

  • компьютерлік сауаттылығы;

  • жеке қасиеттері (жауапкершілігі, адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділік, ұстамдылық, мақсаттылық, ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттер, ұжыммен жұмыс істей білу, ұқыптылық, алға қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас т.б.)

  • қызығушылығы (саяхатқа шығу, би, домбырада ойнау, кітап оқу т.б.) туралы мәлімет, қосымша ақпараттар (мақтау грамоталары, сертификаттар, наградалар, патенттер т.б.)

Түйіндемеде жұмсалатын терминдер және термин клишелері:

ұлт ........................... ұлтым — қазақ

азаматтық ............... Қазақстан Республикасының азаматы

білім ....................... жоғары білімді

орта білімді

отбасы ................... отбасым бар

жұбай үйленген

ер үйленбеген

ажырасқан

әйел тұрмыска шыққан

ата-ана тұрмыс құрмаған

Спортпен айналысу, ат спорты, футбол ойнау, I разрядты волейболшы.

Компьютерде, интернетте, ЭЕМ машиналарында жұмыс істеу

қазақ тілі - еркін

ағылшын тілі - орташа

орыс тілі - жетік

қытай тілі – сөздікпен түсінісу

Түйіндеме үлгілері

СҰЛТАНОВА НӘЗИРА АЙХАНҚЫЗЫ

Туған жылы, күні, айы, туған жері:

Ұлты:

Жынысы:

Мекен-жайы, телефоны:

Отбасы жағдайы:

Азаматтығы:

Білімі:

Бітірген оқу орындары:

Кәсіби біліктілігі

мен кәсіби тәжірибесі:

Тілдік дағдылары:

Компьютерлік сауаттылығы:

Жеке қасиеттері:

Қызығушылығы:

Қосымша ақпараттар:

Кепілдеме туралы мәлімет:

1974 ж. 4-сәуір Талдықорган қаласы

Қазақ

әйел

Алматы қаласы, Н. Тілендиев көшесі, 21, 3.

үй телефоны: 41-00-43

тұрмыс құрған

Қазақстан Республикасы

1997-2000 жж. - Қазақ мемлекеттік заң университетінің аспиранты.

1995-1997 жж. - Ілияс Жансүгіров атындағы университеті Тарих факультетінің оқытушысы

1991-1995 жж. - Ілияс Жансүгіров атындагы Талдықорган университеті Тарих және құқық факультетінің студенті, Мамандығы: заңгер, тарихшы

қазақ тілі – жетік;

орыс тілі – жетік;

агылшын тілі – орташа

..... бағдарламалары

ұжыммен жұмыс істеу, ұйымдастырушылық қабілеті бар, жауапкершілігі жоғары

жеңіл машина жүргізу, театр, спорт

2000 жыл -"Әлихан Бөкейхановтың саяси, құқықтық көзқарастары" тақырыбында кандидаттық диссертация

Қазақ мемлекеттік заң университеті Мемлекеттік құқық кафедрасының меңгерушісі берген кепілдеме қосымша беріліп отыр.

Түйіндеме дайындағанда жадыңызда ұстаңыз !

1.Түйіндемеде Сіздің маман ретіндегі бейнеңізді толықтыратын, аша түсетін өз мінезіңіздің кейбір жақсы қырларын да атап өтіңіз. Басшылық, жетекшілік, ғылыми жұмыстарға икемділігіңіз болса, ол да назардан тыс қалмасын.

Дайындаған құжаттар мен жазбаларды қайталап бір оқып шығып, керекті мәліметтерді ойша реттеп алып түйіндеменің колжазбасын дайындауға кірісіңіз. Құжаттар мен мәліметтерді дайындап алғаннан кейін түйіндеме жазып шығу қиын болмайды. Ең бастысы ол мәліметтерді ретімен, қысқа, нақты бере білу. Қашан, қайда оқыдыңыз, қайда, кім болып істедіңіз, қайда, қашан біліміңізді көтердіңіз, тәжірибе жинақтадыңыз?

Егер ғылыми дәрежеңіз болса оны қалыптасқан редакциямен көрсетесіз. Мысалы, "техника ғылымдарының кандидаты", "биология магистрі", т.б.

Жазған еңбектеріңіз, шыққан кітаптарыңыз болса, маңыздыларын атап көрсетіңіз.

Қызмет бабымен, турист ретінде жасаған шетелдік сапарларыңыз да көрсетіледі. Шет тілін білу дәрежеңіз, компьютерді қаншалықты игергендігіңіз де көрсетіледі.

Жеңіл машина немесе транспорттың басқа түрін жүргізе алатындығыңызды көрсету де артық болмайды.

Айтылатын негізгі мәселелер осы. Қысқасы, "не, қайда, қашан" екендігі жазылады.

2.Түйіндемені оқыған қезде сіздің алға қойған мақсатыңыз айқын көрініп тұруы кереқ, яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқығанда бірден ұғатындай болғаны дүрыс.

Жеке басыңыздың қасиеттерін атап көрсеткен кезде, оның сіздің таңдап отырған жұмысыңызға орналасуға септігі тиетіндігі басты назарда болуы қерек. Мысалы, сіз жарнама агенті болып орналасқыңыз келсеңіз, түйіндемеге адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын жақсы білетіндігіңіз сияқты қасиеттер жазылуы керек. Егер бастауыш сынып оқытушысы болғыңыз келсе, балаларды жақсы көретіндігіңіз, мейірімділігіңіз, шыдамдылығыңыз т.б. жазылуы кереқ. Жиналған мәліметтерді түйіндемеде берудің екі жолы бар: хронологиялық және фунқционалдық..

Хронологиялық тәсіл. Алдымен қазір істеп жүрген жұмысыңыз көрсетіледі де, ары қарай хронологиялық ретпен жазылады. Яғни, соңғы орында сіздің бірінші жұмыс орныңыз, я болмаса бірінші аяқталған оқу орны жазылады. Егер сіздің еңбек өтіліңіз көп болса, алдымен кәсіптік жолыңызды көрсеткеніңіз дұрыс. Ал оқу орнын жаңа аяқтаған, қызметті жаңа бастағалы тұрған адам оқыған оқу орны, алған мамандығы жайлы мәселені негізгі назарда ұстайды.

Функционалдық тәсіл. Бұл тәсіл білімі мен біліктілігі, жұмыс тәжірибесі мол адамға лайықты. Мұнда еңбек өтілі кері хронологиялық ретпен беріледі де, одан кейін білімі жайлы мәліметтер көрсетіледі. Егер бір мекемеде бірнеше жыл қатарынан істесеңіз, онда жұмысыңыздың жалпы сипаты өзгермеген болса, бәрін тізіп жатпай-ақ, қысқаша жазуға болады. Мысалы, "1991-1999 жж. Машина жасау зауытында экономист, аға экономист, директордың орынбасары қызметтері".

Соңғы жұмыс орнынан немесе жеке адамның атынан алынған кепілдеме болса, оның бар екендігі түйіндемеде бір сөзбен айтылуы керек. Қажет деп тапқан жағдайда ол түйіндемемен бірге тапсырылады.