Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsii_osv_kaz.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

8.2 Электродтарды тұрақты қоздырумен ыстық тұтандыратын жүргізу-реттеу аппараттары

Ыстық тұтандыратын ЖРА электродтары тұракты қоздырумен шамның тұтану кернеуін белгіленген қажетті шекке дейін төмендетумен оны іске қосуға арналған. 8.7, а суретте осындай сұлбаның біреуі берілген.

8.7 сурет –Ыстықтай (тез) тұтандыру ЖРА-мен люминесценттік шамды электр торабына қосу сұлбасы (а) және шамның тұтану диаграммасы (б)

Балласт кедергі ретінде пайдаланылатың дроссель Др электродтарды қыздыратын ҚАТ автотрансформатордың бірінші орамасына қосылады. Автотрансформатор Ux=(1...1,2)Uт болатын жүксіз режимнің кернеуін тудырады. Шам электродтары авторансформатордың екінші орамаларының тогымен қыздырылады, соңдықтан шамның тұтану кернеуі төмендейді. Шамның бір электродына жалғанған және ұзындығы бойымен орналасқан металл тілім де тұтандыру кернеуін төмендетуге арңалған. Электродтарды қыздыру нәтижесінде төмендейтін шамның тұтану кернеуі Uшт жүксіз режимдегі Uх кернеуінен азайған кезде шам тұтанады.

Шам іске қосылғаннан кейін дроссельдегі кернеу түсуіне байланысты автотрансформатордың бірінші орамасындағы кернеу төмендейді, соңдықтан электродтарды қыздыратын ток та азаяды.

Люминесценттік шамдар разрядын топтық тұрақтандыру ЖРА-ның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жоғарылатудың бір жолы болып саналады. Бұл жағдайда дроссель немесе трансформатор түрінде орындалған топтық балласт және әрбір шамға жеке жалғанған конденсаторлар көмегімен шамдардағы разряд тұрақтандырылады.

8.3 Ілездік тұтандыру жүргізу-реттеу аппараттары

Ілездік (салқындай) тұтандыратын ЖРА пайдаланған люминесценттік шамның электродтары алдын ала қыздырылмайды. Шамды салқын электродтармен тұтандыруға керек жоғарылатылған кернеу арнайы автотрансформаторлардың, резонанстық сұлбалардың немесе осы екі тәсіл бірге пайдаланылатын сұлбалар көмегімен алынады (8.8 сурет).

8.8 сурет Ілездік тұтандыру ЖРА-мен люминесценттік шамды электр торабына қосу сұлбасы

С конденсаторы және автотрансформатор орамасының б-в бөлігі кұрастылырған контурда өтетін кернеулер резонансының нәтижесінде электродтарға 400...500 В шамасында кернеу беріледі, сондықтан шам ілез тұтанады. Автотрасформатор орамасының б-г бөлігі балласт кедергі ретінде пайдаланылады.

Тұтанғаннан кейін шамдағы кернеу номинал мәніне дейін төмендейді. Автотрансформатор орамасының в-г бөлігі конденсаторға тізбектеп жалғанады да оның шам жұмысына әсерін өтемдейді.

Сұлбанын кемшіліктері: автотрансформатор мөлшерінің үлкендігі, ЖРА-да қуат шығьнының айтарлықтай (шам қуатының 30...40 %-ке дейін жететін) болуы.

8.4 Жүгізу-реттеу аппаратының құрастырылымдық-эксплуатациялық сипаттамалары

Жүргізу-реттеу аппаратының құрастырылымдық-эксплуатациялық сипаттамалары ЖРА-ның шарттық белгісінде көрсетіледі. ЖРА-ның шартты белгісі мына сұлба бойынша құрастырылады:

1. Аппаратқа қосылатын шамдар саны;

2. Аппараттың негізгі сипаттамасы: ДБ-балласт дроссель; УБ-шамдарды электродтарын алдын ала қыздырумен стартер көмегімен тұтандыратын аппарат; АБ-шамдарды стартерсіз ыстықтай тұтандыратын аппарат; МБ-шамдарды ілездік (салқындай) тұтандыратын аппарат.

3. Балласт кедергінің түрі: И-индуктивтік, Е-сыйымдьшық, К- өтемделген ЖРА.

4. Шамның көрсеткіштері: қуаты-алымы, кернеуі-бөлімі.

5. Бірнеше шамдарға арналған аппараттарда шамдар токтарының арасында фазалық ығысу бұрыштарының болуы А әрпімен белгіленеді, бұрыштар болмаса белгіленбейді.

6. Дайыңдалуы: В - жарықтандырғыштың немесе қаптаманың ішіне орнатылған, Н - бөлек орнатылған.

7. Шу деңгейі: әдеттегідей - белгіленбейді, П-төмендетілген, ПП- ерекше төмен.

8. Ойлап құрастырылуының шартты нөмірі.

Мысалы, 2УБК - 40/220- АБПП - 010 типті ЖРА-нын белгіленуі - мынадай болып оқылады: екі шамға арналған, өтемделген, шамдарды стартерлермен тұтандыратын аппарат, қуаты 40 Вт шамдарды кернеуі 220 В бір фазалы электр торабына қосуға арналғаң, шамдар тогының арасында фазалық ығысу бұрышы бар, жарықтандырғыштың ішіне орнатылатың, екерше төмен шу деңгейлі, құрастырылыну шартты нөмірі - 010.

Жүргізу-реттеу аппараттары сыртқы ортадан және электрлік қорғалуына, орнатылатын ортасына, жұмыс істеп тұрған шамнын шығаратын радиобөгеулер деңгейіне байланысты да бірнеше түрлерге бөлінеді. Бұл ерекшеліктер аппараттардың белгілерінде көрсетілмейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]