Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsii_osv_kaz.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

12.3 Жарық көздерін және жарықтандырғыштарды таңдап алу

Жарық көзі мен жарықтандырғыштың типін дұрыс тандал алу жобаланылатың қондырғының техникалық және экономикалық тиімділігін, сенімділігін және бұзылмай ұзақ уақыт жұмыс істейтіндігін белгілейді.

Жарық көзінің типі бөлменің өзгешелігі мен биіктігіне, нормаланған жарыкталынуға, жарықтандырудың жүйесі мен түріне, архитектуралық шешімдерге және т.б. себепкершарттарға байланысты таңдап алынады. Бөлмедегі нормаланған жарықталыну 50 лк-тен жоғары болғанда люминесценттік шамдар, ал ол мәннен төмен болғанда қыздыру шамдарың пайдалану ұсынылады. Әкімшілік, қоғамдық, өндірістік және басқа ғимараттарда, қосымша бөлмелерден басқаларында, жалпы жарықтандыруға люминесценттік шамдарды пайдалану дұрыс деп саналады. Негізгі өндірістік мақсатқа арналған ауыл шаруашьшық үйжайларында (мал тұратын бөлмелер, профилакториялар, мал азығын дайындайтын цехтар және т.б.) жалпы жарықтандыруға "Салалық нормалар" бойынша люминесценттік шамдарды пайдалану ұсынылады. Егер люминесценттік шамдарды пайдалануға техникалық мүмкіншілік болмаса немесе архитектуралық шешімдері талап етсе, бұл жағдайларда қыздыру шамдары қолданылады.

Жылытылмайтын үйжайларда люминесцентік шамдар пайдаланылмайды. Жалпы люминесценттік шамдарды мына жағдайларда пайдалану ұсынылады:

а) түстің түрін айырып тану қажет болатын жұмыстар орындалатын бөлмелерде;

б) ұзақ уақыт көз тігу қажет болатын жұмыстар орындалатын бөлмелерде;

в) табиғи жарық түспейтін бөлмелерде, егер олардың ішінде адамдар ұзақ уақыт болатын болса;

г) мал қораларында, егер олар мал мен құска жағымды әсер етсе және өнімділікті жоғарылатса.

Үйжайдың биіктігі 4 м және одан жоғары болганда ДРЛ, ДРИ типті шамдарды пайдалану дұрыс келеді, кәсіпорындарының территориясын сыртқы жарықтандыруға да осы шамдарды пайдалану ұсынылады.

Жарықтандыратың қондырғыларды жобалауда қондырғының сенімділігі, тиімділігі және үнемділігі жарықтандырғыштыш типіне байланысты болады. Сондықтан жарыктандырғышты таңдап алу оның жарық-техникалық сипаттамасына, қоршап тұрған ортаның ерекшелігіне, кондырғының тиімділігіне орай орындалады.

Әдеттегі жағдайлы орталы (кұрғақ, жылытылатың) үйжайларда қорғалмаған жарықтандырғыштардың барлық типтерін пайдалануға болады. Ылғалды және дымқыл үйжайларда да қорғалмаған жарықтандырғыштарды қолдануға болады, бірақ бұл жағдайда патронның тұрқы ылғалға төзімді материалдан міндетті түрде дайындалған болуы керек.

Ерекше дымқыл және химиялық активті орталы жағдайларда жарықтандырғыштың құрастырылымдық элементтері және пайдаланылған электр сымның изоляциясы қоршап тұрған ортаның әрекетіне қарсы тұра алатындай болуы керек (УПД, НСП, ПВЛМ типті жарықтандырғыштар). Өрт қаупі бар үйжайларда өрт қауіптілігінің дәрежесіне байланысты әр түрлі орындалған жарықтандырғыштарды пайдалануға болады. Қопарылыс қаупі бар үйжайларда пайдаланылатын жарықтандырғыштардың, құрастырылымына өте қатаң талаптар қойылады (ВЗГ, В4А, РВЛ типті жарықтандырғыштар).

Жарықтандырғыштардың жарық таратуы жарықтандырғыштарды берілген жағдайларда пайдалану тиімділігін анықтайтын олардың негізгі сипаттамасы. Ол жарықтандырғыштардың жарық күштері қисықтарының кластарымен және типтерімен сипатталады.

Қабырғаларының және төбесінің шағылысу коэффициенті төмен келетін үйжайларды жарықтандыруға тура бағытты жарықты (П) жарықтандырғыштарды, ал қабырғалары мен төбесінің шағылысу коэффициенттері жоғары болатын үйжайларда негізінде тура бағытты жарықты (Н) жарықтандырғыштарды пайдалану орынды келеді.

Жұмыс орындары қалай болса солай орналасқан кейбір өндірістік үйжайларда шашыраңқы жарықты (Р) жарықтандырғыштар пайдалануы мүмкін. Шағылысқан жарықты (0) және негізінде шағылысқан жарықты (В) жарықтандырғаштар өндірістік үйжайларда қолданылмайды. Үйжайдың биіктігі жоғары ал индексі кіші болғанда шоғырланған (К) немесе созыңқы (Г) типті қисықты (жарық күшінің кисығы) жарықтаңдырғыштарды пайдалану ұсынылады. Үйжайдың биіктігі төмен, ал индексі көп болғанда косинустық (Д) немесе жартылай жалпақ (Л) типті қисықты жарықтандырғыштар қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]