- •1.1 Негізгі түсініктемелер және анықтамалар
- •1.2 Оптикалық сәулелену энергиясының спектрде үлестірілуі
- •1.3 Оптикалық сәулеленуді энергияның басқа түрлеріне түрлендіру
- •2.1 Фотобиологиялық әсер етудің түрлері
- •2.2 Оптикалық сәулеленудің адамға әсер етуі
- •2.3 Оптикалық сәулеленудің малдар мен кұстарға әсер ету1
- •2.4 Оптикалық сәулеленудің өсімдіктерге әсер етуі
- •3.1 Негізгі энергетикалық шамалар және олардың өлшем бірліктері
- •3.2 Тиімді шамалар жүйелерін құраудың жалпы принциптері
- •3.3 Негізгі жарық шамалары және олардың өлшем бірліктері
- •3.4 Ультракүлгін сәулеленудің негізгі шамалары және олардың өлшем бірліктері
- •3.5 Өсімдік шаруашылығында пайдаланатын оптикалық сәулеленудің негізгі шамалары және олардың өлшем бірліктері
- •4.1 Денелердің оптикалық қасиеттері
- •4.2 Оптикалық сәулеленуді өлшеу әдістері
- •4.3 Оптикалық сәулеленуді өлшейтін қабылдағыштар
- •4.4 Оптикалық сәулеленуді өлшейтін қабылдағыштардың негізгі сипаттамалары
- •5.1 Жылулық сәулеленудің негізгі заңдары
- •5.2 Қыздыру шамдарьіның құрылысы және жұмысы
- •5.3 Қыздыру шамдарының негізгі сипаттамалары
- •5.4 Кернеу ауытқуының қыздыру шамының негізгі көрсеткіштеріне әсері
- •5.5 Галоген қыздыру шамдары
- •5.6 Инфрақызыл сәулелену көздері
- •6.1 Жалпы мағлұматтар
- •6.2 Газдардағы және металл буларындағы электр разряды
- •6.3 Газдардағы және металл буларындағы доғалық разрядты тұтандыру және тұрақтандыру шарттары
- •6.4 Балласт кeдepгi тypiнiң газ-разрядтық шaмдapдың жұмысына әсері
- •7.1 Люминесценттік шамның құрлысы және жұмыcы
- •7.2 Люминесценттiк шамның стартерлі қосу сұлбасының жұmыcы
- •7.3 Jiюминесценттік шамдардың негізгі сипаттaмалapы және эксплуатацялық қасиеттерi
- •8.1 Электродтарды алдын ала қыздырумен импульстік тұтандыратын жүргізу-реттеу аппараттары
- •8.2 Электродтарды тұрақты қоздырумен ыстық тұтандыратын жүргізу-реттеу аппараттары
- •8.3 Ілездік тұтандыру жүргізу-реттеу аппараттары
- •8.4 Жүгізу-реттеу аппаратының құрастырылымдық-эксплуатациялық сипаттамалары
- •8.5 Жоғарылатылған жиілікті токпен қоректендіргендегі люминесценнттік шамның жұмысы
- •9.1 Жоғары қысымды сынапты шамдар
- •9.2 Жоғары қысымды доғалық металл-галоидты шамдар
- •9.3 Жоғары қысымды натрийлі шамдар
- •9.4 Доfалық ксенонды шамдар
- •10.1 Төмен қысымды газ-разрядтық ультракүлгін сәулелену көздерi
- •10.3 Өciмдik шаруашылыfында пайдaлaнылaтын га3-разрядтық сәулелену көздерi
- •11.1 Жалпы маfлұматтар. Жарықтaндырfыштарды топтастыру
- •11.2 Сәулелендipгiштер
- •12.1 Электрлiк жарықтандырудың ережелері мен нормалары
- •12.2 Жарықтандырудың жyйелерi мен түрлері
- •12.3 Жарық көздерін және жарықтандырғыштарды таңдап алу
- •12.4 Жарықтандырғыштарды бөлмеде орналастыру
- •12.6 Нүктелік әдіс
- •12.7 Жарық ағынын пайдалану коэффициентінің әдісі
- •Есептеу төртібі:
- •12.9 Люминесценттік шамдарды жарықтандыратын қондырғыларды есептеу
11.1 Жалпы маfлұматтар. Жарықтaндырfыштарды топтастыру
Көп жарық көздерiнің жарықтылығы жоғары келедi, сондықтан олардың көз шағылыстыратын әcepiн кeмiтy керек болады. Сонымен қатар, жарық көздерiнiң жан-жаққа таралатын жарық aғынын жарьrқталынатын бетке бағыттаy қажет болады. Жарқ көздерiн көп жағдайда механикалық бүлiнуден және сыртқы ортаның зиянды әcepiнeн де caқтay керек болады. Осы талаптарды орындау үшiн арнайы жарық құралдары қолданылады. Жарық көзінен және оны (шамды) бекiтуге, электр торабына қосуға, жарық ағынын қажеттi жаққа таратуға, шамның көз шағылдыратын әcepiн кeмiтyгe, механикалық бүлiнуден және сыртқы ортаның зиянды әсерінен caқтayғa арналған құрылғыдан тұpaтын құралды жарық құралы деп атайды. Өзiнен өте қашықтықта емес (құралдың геометриялық мөлшерiнен 20 еседен қашық емес) объектiлердi жарықтандыруға арналған құралды жарықтандырғыш деп атайды, ал үлкен қашықтыққa арналғaн құралдарды прожектор деп атайды. Жарықтандырғыштарды жарық ағынын тарату сипаты, атқару мiндeтi, дайындaлуы және орнату тәсiлi бойынша кластарға топтастырады.
Атқару мiндетi бойынша жарықтaндырғыштар үйжайларға, aшық аландарғa, кемелерге, тeмip жолға және басқа объектiлерге арналған болуы мүмкiн.
Дайындалуы бойынша жарықтандырғыштар оларды қоршаған ортаның зиянды әcepiнeн қорғау дәрежесiне байланысты үш класқа (шаңнан қорғалмаған, шаңнан қорғалғaн, шаң кiрмейтiн) белiнедi, ал ылғал әcepiнeн қорғау дәрежесiне байланысты сегiз класқа (ылғалдан қорғалмаган, тамшылардан қорғалған, бүркiн тамшыларынан қорғалған, санылаусыз және т.б.) топтастырылады.
Жарықтандырғыштардың дайндалуы өрт қаупсiздiгiн қамтамасыз ету дәрежесiне де бaйланысты келедi.
Жарылудан қорғау дәрежесi бойынша жарықтандырғыштаp жарылуға қарсы сенiмдiлiгi жоғарылатылған, жарылудан қаупсіз және жарылудан өте қаyпсыз болып үш класқа бөлiнедi.
Қызмет көрсетушiлердi электр тогы әpeкeтiнен қорғау дәрежесi бойынша жарықтандырғыштарды бес класқа топтастырады.
Орнату тәсiлiне байланысты жарықтандырғыштар iлмелi, төбелiк, қабырғалық, енгiзiлетiн, столға қоятын, консольдiк (бiр шетiнен бекiтiлетін) болып бөлiнедi.
Жарықтандырғыштың негiзгi сипаттамалары: жарық таратуы, қорғау бұрышы және п.ә.к.
Жарықтандырғыштардың жарық таратуы мына екі тәуелсiз белгiлермен анықталады: жарық тарату класымен, яғни жоғарғы және төмeнгi жарты сфералар аралығында сәулелену ағынын таратумен және жарық күшiнiң кисығымен (ЖКҚ), яғни жарық тарату қисығының пiшiнiмен.
Жарық ағынын жоғaрғы және төмeнгi жарты сфераға бағыттауы бойынша жарықтандырғыштаp 5 класқа бөлiнедi (11.1 кесте).
11.1 кесте - Жарық таратуы бойынша жарықтандырғьштaрдың кластары
Жарықтaндырғыш класының белгiсi |
Жарық таратyы бойынша жарықтaндырғыш класының аты |
Tөмeнгi жартылай сферағa бағыттaлынатын жарық aғынының үлеci, % |
П |
Тура бағытты жарықты |
80 %-тен жоғaры |
Н |
Негiзiнде тура бағытты жарықты |
60...80 |
|
|
|
Р |
Шашыранқы жарықты |
40...60 |
В |
Негiзiнде шағылысқан жарықты |
20...40 |
|
|
|
О |
Шағылысқан жарықты |
20 және одан кем |
Жоғары немесе төмeнгi жарты сферағa жарықтандырғышпен сәулелендiретiн жарық ағынының кеңiстiкте таралуы әр түрлі пiшiндi болуы мүмкiн. Таралу пiшiнi жарық күшiнiң қисығымен (ЖКҚ) сипатталады.
Жалпы мақсатқа пайдаланылатын жарықтaндырғыштардың жарық таратуы жарық күшiнiң бойлық қисығымен көрсетiледi (11.1, а сурет). Кеңістікте жарық ағыны жарықтандырғыштың симметриялық осіне симметриялы таралатын, яғни тік сызықпен α бұрыш құрайтын барлық бағытта да жарық күші бірдей болатын, жарықтандырғыштар кең таралған. Осындай жарықтандырғыштарға симметриялы осі арқылы өтетін қандай болса да жазықтықта жарық ағынының таралуын көрсету жеткілікті болады. Құpacтырылымының әр түрлі болуына қарамастан, жарықтандыpғыштардың 7 типтiк ЖКҚ болады (11.1, б сурет): К -шоғырланған, Г - созынқы, Д - косинусты, Л - жартылай жалпақ, М - бiр қалыпты, С - синустық.
11.1 сурет - Жарықтандырғыштардың жарық тарату сипаттамалары:
а-бойлық жарық тарату қисығы; б-жарықтандырғыштардың жарық тарату түрлерi (жарық ағыны 1000 лм жарық көзiне).
Суретте жарық aғыны 1000 лм болатын "шартты" шамы бар жарықтандырғыштардың типтік ЖКҚ-ы берiлген. Ic жүзiнде жарықтандырғыштардың ЖКҚ-ы типтiк қисықтардан өзгеше болуы мүмкiн екендiгін айтып кету керек, бiрақ олардың пiшiнi не ол, не бұл типтiк ЖКқ-на жуық жақындау болады.
Әр түрлi жарықтандырғыштардың ЖКҚ және жарық күшiнің кестелерi жарық ағыны 1000 лм болатын "шартты" шамға арналып тұрғызылады. Бұл пайдаланылатын шам жарық ағының әр түрлi мәніне сәйкес келетiн әрбiр жарықтандырғышқа көптеген анықтамалық қисықтарды тұрғызудан қутқарады. Жарық ағыны 1000 лм-нен өзгеше болатын басқа шамның жарық күшi пропорционал қайта есеп айыру тәсiлiмен анықталады. Таңдап алған шаммен жарықтандырғыштың α бұрыш бағытындағы жарық күшi (кд) мына өрнек бойынша есептелiнедi:
(11.1)
мұндағы Iα0 - жарық aғыны 1000 лм "шартты" шамы бар жарықтандырғыштың жарық күшi (кд); F - жарықтандырғышта iс жүзiнде пайдаланылатын шамның жарық aғыны, лм.
Жарықтандырғыштың қорғау бұрышы оның адам (жануар) көзін шамның шағылдыру әpeкeтінeн қорғау деңгейін сипаттайды. Бұл - горизонталь мен қызу денесiнің шеткі нүктecін шағылыстырғыштың қарама-қарсы қырымен қосатын сызық арасындағы бұрыш (11.2 сурет). Қорғау бұрышының мәнi жарықтандырғыштың құрастырылымына тәуелдi келедi және оны мына өрнекпен анықтауға болады:
(
11.2)
Жарықтандырғыштардың қорғау бұрышы 12...400 шегінде болады.
11.2 сурет - Жарықтандырғыштың қорғау бұрышы.
Жарықтандырғыштың ПӘК - жарықтандырғыштың жарық ағынының Fж шамның жарық ағынына Fш қатынасы:
(11.3)
Жарықтандырғыштың ПӘК–і оның үнемдiлiгiн сипаттайды және жарықтандыратын арматураның материалы мен жарықтандырғыштың құрастырылымына байланысты келеді.
Практикалық пайдаланылатын жарықтандырғыштардың ПӘК-i 0,45...0,9 шегiнде болады. Жарықтандырғыштың өз аты болуы (мысалы "Астра"), артикул нөмipiмeн белгiленуi (мысалы, арт. 135), немесе аббревиатуpамен маркалануы (мысалы, ПВЛ-шаңнан және судан қорғaлған люминесценттiк) мұмкiн. Бiрақ барлық жағдайлIарда да жарықтандырғыштарға мемлекеттiк үлгiқалып бойынша шифр берiледi. Шифрдың құрылымы мынадай болады:
1234 -5х6-7-8
1- жарық көзiнiң типiн белгiлейтiн әрiп (Н - қыздыру шамы, Л - люминесценттiк шaм, Р - сынапты, И - галогендi, Г- металл-галоидты, Ж - натрийлi, K - ксeнонды). 2 - жарықтандырғышты орнату тәсiлiн белгiлейтiн әрiп (С –i лмелi, П - төбелiк, Б - қабырғалық, В - енгiзiлетiн, К - консольдiк (бiр шетiнен бекiтiлетiн)). 3 - жарықтандырғыштың негiзгi мiндетiн 6елriлейтiн әpiп (П-өндiрiстiк үйжайға арналған, О-қоғамдық ғимараттарға арналған, У-сырттық, Б-тұрмыстық, Ррудниктерге арналған). 4 - серия нөмipiн 6елгiлейтiн 01-ден 99-ға дейiнгi екі таңбалы сан. 5 - жарықтандырғыштағы шамдар санын белгiлейтiн сан. Бiр шамды жарықтандырғышта 1 сан көрсетiлмейдi және Х таң6а қойылмайды, ал серия нөмipiнeн кейiн, сызықшадан соң, шамның қуаты көрсетiледi. 6 - шам қyaтын (Bт) белгiлейтiн сан. 7 - модификация нөмipiн белгілейтiн 001-ден 099-ға дейiнгi үш мәндi сан. 8 - климаттық орындалуы (У-қоңыржай климатты аудандарға арналған, ХЛ-салқын климатты аудандарға арналған, TB-ылғалды тропикалық аудандарға арналған, T-ылғалды және тропикалық аудандарға арналған, О-6арлық климаттық аудандарға арналған) және эксплуатациялауда орналастыру категориясының (1- ашық ауада, 2-қалқа астында, 3-жабық жылытылмайтын үйжайда, 4-жылытылатын үйжайда, 5-ылғалды үйжайда) белгiсi.
Ауыл шаруашылығында кең пайдаланылатын жарықтандырғыштар 11.3, 11.4, 11.5 суреттерде көрсетiлген.
11.3 сурет - ПВЛМ2х40 типтi жарықтандырғыш.
а-жалпы көpiнici; б-жарық тарату сипаттамасы; 1-шам патрондары; 2-тұрық; 3-көленкелейтін тор; 4-сымдар кіретін орын; 5-бойлық жазықтықта жарық таратуы; 6-көлденең жазықтықта жарық таратуы.
11.4 сурет - "Астра -1" типтi жарықтандырғыш:
а-жалпы көpiнici; б-жарық тарату сипаттамасы; l-эмальдаған болат шағылыстырғыш; 2-пластмасса тұрық; 3-түйiспелiк қыспақтар қуысының тығыны.
11.5 сурет - НСП-О1-100-002-УЗ типтi жарықтандырғыш.
а-жалпы көpiнici; б-жарық тарату сипаттамасы; 1-бeтi бұдырланған шыныдан жасалған қорғаныс қалпақ; 2-қалпақтың серiппелi құлпы; 3-сақтaндырғыш болт; 4-металл тұрық; 5-сақтандырғыш iлмек.
