Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsii_osv_kaz.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

12.6 Нүктелік әдіс

Нүктелік әдіс қалай болса солай орналасқан жазықтықта жарықтандырғаштар әр түрлі тәртіппен орнатылғанда жазықтықтың кез келген нүктесінде белгіленген жарықталыну деңгейін жасауға қажетті шамдардың жарық ағының анықтауға мүмкіншілік береді.

Әдіс жалпы жергіліктелінген жарықтандыруды, жергілікті жарықтандыруды, жазық емес (көлбеу, тік және т.б.) жұмыс беттерінің жарықталыну деңгейін және сыртқы жарықтандыруды есептеуге пайдаланылады. Әдісті тікелей және тексермелік есептеулерге де пайдалануға болады.

Әдісте жарықтандыратың қондырғының қажетті жарық ағыны мына шарт бойынша анықталады: жарықталынатын беттің кез келген нүктесінде жарықталынудың мәні мен нормаланған деңгейден кем болмауы керек. Жарықтандырғыштардың орналасуы көрсетілген бөлменің планында жарықталыну деңгейі аз болуы мүмкін бақылау нүктелер белгіленеді. Осы нүктелердің әркайсысына жарықталыну мәні есептелінеді.

Жарықтандырғыштардың жарық ағыны белгісіз болғандықтан жарықталынудың дәл мәнін емес, оның шартты мәнін есептейді, ягни осы нүктелерде жарық ағыны 1000 лм болатын шартты шамдары бар жарықтандырғыштармен жасалынатың жарықталыну деңгейі анықталады. Жарықталыну деңгейі ең кіші болатын нүкте есептік нүкте ретіңде қабылданылады. Одан арғы есептеудің мақсаты - есептік нүктелердегі жарықталыну мәні нормаланған деңгейден кем болмауға қажетті жарықтандырғыштардың ағының анықтау.

Егер нүкте бірнеше жарықтандырғыштармен жарықталынса, оның жарықталыну деңгейі әрбір жарықтаңдырғаш жасаған жарықталынулар мәндерінің қосындысымен анықталады. Жарықтандырғыштардың жарық күшінің анықтамалық қисықтары жарық ағыны 1000 лм болатын шартты шамға түрғызылады. Осы қисықтар көмегімен анықталған жарықталыну шартты жарықталыну деп аталады.

12.2 сурет – Нүктелік әдіспен жарықталыну деңгейін есептеуге

Бақылау нүктедегі жарықталыну деңгейін есептегенде тек осы нүктеге жақын орналасқан жарықтандырғыштарды есепке алады. Бірақ бақылау нүктеде жарықталыну деңгейін жасауға одан қашықтықта орналасқан жарықтандырғыштарда қатысу мүмкін. Бақылау нүктеден кашықтықта орналасқан жарықтандырғыштардың әрекеті қосымша жарықталыну коэффициенті μ арқылы есепке алынады. Әдетте μ =1,05...1,2 қабылдайды.

Пайдалану кезінде жарық көздерінің жарық ағыны азаяды, жарықтандырғыштар шаң болып қалады және қоршаған орта әрекетінен жарықтандырғаштардың шағылыстыратын қасиеттері төмендейді. Осы себептерден жарықтандырғыштардың жарық ағыны айтарлықтай азаяды, сондықтан жұмыс бетінің жарықталыну деңгейі төмендейді. Жоғарыда келтірілген себепкершарттардың әсерін азайту үшін жарық көздерінің жарық ағынын анықтауға арналған формулаға қор коэффициенті Кқ енгізіледі.

Коэффициенттің мәні жарық көзінің типіне, қоршаған ортаның жағдайларына, жарықтандырғыштарды бір жыл ішінде тазарту жиілігіне байланысты келеді.

Жарықталынудың шын мәнін анықтау үшін шартты жарықталыну мәнін қабылданылған шам жарық ағынының шартты 1000 лм жарық ағынынан өзгешелігін ескеретін коэффициентке көбейту керек болады. Сонымен қатар жарықтандырғыштың мәлім бағыттағы жарық күші мен шам жарық ағынының арасында пропорционалдық бар деп жорамалданады. Соңда бақылау жарықталынудың шың мәнін былай анықтауға болар еді:

Бірақ қосымша жарықталыну және кор коэффициенттерін есепке алу керек.

12. 2 кесте - Қор коэффициентінің мәндері

Объектінің сипаттамасы

Қор коэффициенті

Жарықтан-

дырғыштарды тазарту жиілігі

Қыздыру шамдары пайдалаңылғанда

Люминесценттік шамдар пайдаланылғанда

Шаң, түтін немесе күйе көп бөлінетін үйжайлар (диірмен және т.б.)

1,7

2,0

Бір айда 4 рет

Шаң, түтін немесе күйе орташа бөлінетін үйжайлар (ағаш өңдейтін шеберханалар және т.б.)

1,5

1,8

Бір айда 3 рет

Шаң, түтін немесе күйе аз бөлінетін үйжайлар (қоғамдық-тұрмыстық үйжалар және т.б.)

1,3

1,5

Бір айда 2 рет

Жарықтандырғаштармен сыртқы жарықтандыру

1,3

1,5

Бір жылда 3 рет

Осы жағдайларды ескергенде, жұмыс бетінің кез келген нүктесіндегі жарқталыну деңгейін ЕА тексермелік есептеуде мына формула қолданылады:

(12.4)

ал тікелей есептеуде шамның қажетті жарық ағыны Ғш анықталады және (12.4) формула мына түрге түрлендіріледі:

(12.5)

мұндағы Fш - шамның жарық ағыны, лм; Ен- нормаланған жарықталыну деңгейі, лк; μ- қосымша жарықталыну коэффициенті; Кқ,- қор коэффициенті; ∑е - бақылау нүктеге жақын орналасқан жарық ағыны 1000 лм болатын шартты шамдары бар жарықтандырғышпен жасалынған жалпы шарттық жарықталыну:

Әрбір жақын жарықтандырғыштармен жасалыңған шарттық жарықталынуды анықтау үшін бөлме планында жарықтандырғыштарды орналастырады, жарықталыну деңгейі ең кіші болатын бақылау нүктені белгілейді және бөлме планында жақын орналасқан жарықтандырығыштардан бақылау нүктеге дейінгі қашықтықтарды анықтайды. 12.2 суретте келтірілген жағдайға d1, d2 және d3 қашықтықтар анықталады. тангенстері бойынша жарық сәулесінің әрбір жарықтандырғыштан А есептік нүктеге α1, α2, α3 түсу бұрыштарының және сол бұрыштарға сәйкес Соs3α1 , Соs3α2 , Соs3α3 мәндерін анықтайды.

Бақылау нүктеде әрбір жарықтандырғышпен жасалынған шарттық жарықталынуды мына формуларлар бойынша есептейді:

; ; , (12.6)

мұндағы Іα1, Іα2, Іα3 - жарықтандырылатын бағытындағы жарықтандырғыштың жарық күші, кд; Һе - есептік биіктік, м.

Һе= Н - Һс - Һж.б. (12.7)

мұңдағы Н - бөлме биіктігі, м; Һе - жарықтандырғыштың салбырама биіктігі, м (ілмелі жарықтандырғыштарға - Һе=0,3...0,5 м); Һж.б. - жұмыс бетінің биіктігі, м.

Шартты жарықталыну мәнін жарықтандырғыштардың әрбір типіне тұрғызылған кеңістіктік изолюкстер қисыктарын пайдаланумен де анықтауға болады.

(12.4) формула бойынша бақылау нүктеде анықталған жарықталыну мәнінің нормаланған жарықталыну деңгейінен айырмашылығы +20 ...-10 проценттен көп болмауы керек.

Тікелей есептеуде (12.5) формуламен анықталған Fш жарық ағыны мәні бойынша анықтамалық әдебиеттен Рш үлгіқалыптық қуатты шам таңдап алады. Содан кейін мына формуланың көмегімен бөлменің жарықтандыратын қондырғаларының жалпы қуатын анықтайды:

Рж.қ.= Рш· N , Вт (12.8)

мұндағы N - бөлмедегі шамдар саны.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]