Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
глосКаз патофиз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
267 Кб
Скачать
☆

Тақырыбы: «Жалпы этиология. Адам организміне қоршаған ортаның дерт туындататын факторлардың әсері»

Этиология (гр. aetia- себеп+ logos- iлiм) - ауру пайда болуы және дамуының себептері мен жағдайлары туралы iлiм

Этиологиялық фактор немесе ауру себебi – белгiлi бiр жағдайларда организмге тура әсер етiп, сол немесе басқа салдарды, яғни ауруды, тудыратын және оған ерекше қасиеттердi беретiн зат немесе құбылыс

Жағдай (лат. conditio- жағдай) – ауруды өздiгiнен тудырмайтын, бiрақ оның пайда болуына, дамуына, аяқталуына әсер ететiн фактор, жағдай немесе олардың жиынтығы

Ятрогендi аурулар (гр. iatros- дәрiгер+gennao-құру) – медицина қызметкерлерiнiң қателерiнен дамитын аурулар немесе дәрігердің дұрыс я қате әрекеттерінің нәтижесінде алдын алу, диагноз қою, емдік шараларды қолданудың қолайсыз салдары ретінде дамиды.

Қауiп факторы- белгiлi аурудың тура себебi бола алмайды, бiрақ пайда болу мүмкiндiгiн жоғарылататын фактор.

Полиэтиология (гр. poly- көп+aetia- себеп) – бiр ауру көптеген себептермен шақырылуы мүмкiн деген көзқарасты мақұлдайтын этиологиядағы бағыт.

Монокаузализм (гр. monos – біреу, жалғыз, causa – себеп) – этиологиядағы бағыт; осы бағытқа сәйкес, әр ауруды бір себеп қана шақырады және де организм осы себеппен кездескенде міндетті түрде ауру дамиды.

Кондиционализм (лат. conditio – жағдай) – себеп туралы жоққа шығаратын және ауру пайда болуында жағдайлар кешендерінің маңыздылығын қолдайтын медицинадағы ағым.

Этиологиялық ем – ауру себебіне қарай (жою, әлсірету арқылы) бағытталған ем.

Гипобария (гр. hypo- төмен, аз+barys – ауыр) – төмен барометрлiк (сыртқы, атмосфералық) қысым

Декомпрессия белгiлерi (лат. de- жою, бас тарту+compressio- басу, қысу) – газдар көлемi ұлғаюымен, сұйықтықтардың қайнау температурасы төмендеуiмен, тiндерде ерiген азоттың газды түрге ауысуымен және гипобариямен байланысты симптомдар

Тау ауруы (morbus montanus) – жоғарғы биiкке көтерiлгенде дамитын және пайда болған гипоксиялық гипоксияға (атмосфералық қысым төмендеген жағдайда дем алатын ауада оттегiнiң парциалдық қысымының төмендеуi) байланысты ауру

Гипербария (гр. hyper- жоғары, үстем+barys- ауыр) - жоғары барометрлiк (атмосфералық, сыртқы) қысым

Сатурация (лат. saturatio- қанығу) – организм тiндерiнде және сұйық ортада газ еруiнiң жоғарылауы

Десатурация (лат. de- жою, бас тарту+saturatio- қанығу) – газдар еруiнiң төмендеуi және организмнің сұйық ортасынан, жасушаларынан газдардың шығарылуы.

Кессонды (фр. caisson – жәшік ) (декомпрессиялық) ауру – десатурацияға байланысты және жоғары атмосфералық қысымнан қалыпты қысымға тез арада өткенде дамитын ауру.

Гипербариялық оксигенация- жоғары қысымда оттегiмен дем алу

Гипотермия (гр. hypo- төмен, аз + termia- температура) – дене температурасының төмендеуi.

Гибернация (лат. hibernus- қысқы, суық) – физикалық әсер және наркоз арқылы дене температурасын жасанды түрде төмендету.

Гипертермия немесе қызып кету (гр. hyper- жоғары, үстем, termia- температура) – қоршаған ортаға жылуды беруді қиындататын немесе жылудың сырттан көбірек түсуін ынталандыратын сыртқы ықпалдардың әсерінен дене температурасының жоғарылауы.

Жылулық соққы- сыртқы ортадағы жоғары температураның ұзақ уақытты әсерiнен дене температурасы тез арада көтерiлуiмен өтетiн организмнiң жедел қызып кетуi.

Күн соққысы- жалаң басқа жылы күн сәулелерiнiң ұзақ уақыт әсер етуiнен болатын жедел қызып кету.

Жиырылу (контрактильдi) арқылы термогенез – бұлшық еттердiң жиырылуы және тонусы өсуiнен жылу өндірілуінің жоғарылауы.

Жиырылусыз өтетiн (контрактильдi емес) термогенез – тотығу-тотықсыздану процестерiнiң белсендiрiлуiнен организмде жылу өндірілуінің жоғарылауы.

Кинетоздар (гр. kinesis- қимыл+os-ауру, дерт) – организмге ұзақ уақыт iшiнде әсер ететiн өзгермелi жылдамдықтан туатын қозғалыс аурулары.

Кавитация (ағылш. cavity- қуыс)- жасушаларда өте майда қуыстардың тез арада пайда болуынан, кейiн олардың кенеттен жабылып калуынан пайда болған соққы толқыны тiндердi зақымдау салдарынан “жарылу эффектiсiнің” дамуы.

Гипокинезия (гр. hypo- төмен, аз+kinesis- қимыл) – тiршiлiк жағдайларымен байланысты қозғалыс белсендiлiгiнiң төмендеуi, шектелуi.

Гиподинамия (гр. hypo- төмен, аз+dynamis- күш) – қозғалыс белсендiлiгiнiң жетiспеушiлiгi.

Сәуле ауруы- организмдi сырттан 1 Гр және одан жоғары дозамен бiркелкi түрде сәулеленуден дамитын ауру.