- •Тақырыбы: «Патофизиология пәні, міндеттері»
- •Тақырыбы: «Жалпы нозология»
- •Тақырыбы: «Жалпы этиология. Адам организміне қоршаған ортаның дерт туындататын факторлардың әсері»
- •Тақырыбы: «Жалпы патогенез. Реактивтілік және оның патологиядағы маңызы»
- •Тақырыбы: «Жасушаның жалпы патологиясы. Организмнің зақымдануға жалпы реакциялары»
- •Тақырыбы: «Патологиядағы тұқым қуалаушылықтың маңызы» Тұқым қуалайтын аппарат – ұрықтандырғаннан кейiн ұрпаққа толық өтетiн, көптеген гендерден тұратын хромосалар жиынтығы.
- •Тақырыбы: «Шеткі қанайналым және микроциркуляция бұзылыстары»
- •Тақырыбы: «Қабыну»
- •Тақырыбы: «Қызба»
- •Цитопемпсис- қан жасушаларын, плазманың майда тамшыларын эндотелий жасушасы арқылы қармап алып өткiзетiн белсендi процесi.
- •Антиденелер /гр. Anty- ºарсы/- антигендердi» ¸серiне жауап ретiнде т¾зiлетiн ж¸не антигендермен ¸рекеттесетiн иммуноглобулиндер
- •Газды ацидоз- негiзiнде к¼мiрºышºыл м¼лшерiнi» жо¹арылауы ж¸не ºанда оны» парциалды ºысымыны» ¼суi кезінде дамитын ацидоз
- •Газды алкалоз- негiзiнде қанда к¼мiрºышºыл м¼лшерiнi» азаюы ж¸не оны» парциалды ºысымыны» т¼мендеуiнен болатын алкалоз.
- •Кетоацидоздыº кома - инсулин тапшылы¹ыны» ¼ршуiмен ºатар ж¾ретiн гипергликемиямен, глюкозуриямен, гиперкетонемия және кетонуриямен, ацидозбен, сусызданумен жүретін ºант диабетiнi» асºынуы.
Тақырыбы: «Шеткі қанайналым және микроциркуляция бұзылыстары»
Артериялық гиперемия (гр. hyper + haima- қан) – артериялық тамырлар арқылы қанның келуі өсуінен ағзаның қанмен толуы.
Веналық гиперемия - веналар арқылы қанның ағып кетуі қиындауынан ағзаның немесе тін бөлігінің қанмен толуы.
Ишемия (гр. ischo- кідіру, тоқтату + haima- қан) – артериялық қанның келуі баяулауынан немесе тоқтауынан дененің, ағзаның немесе тін бөлігінің қанмен қамтамасыз етуінің азаюы.
Инфаркт (лат. infarcire- толтыру, нығыздау) – канмен қамтамасыз ету тез арада азаюы немесе токтауынан некрозға ұшыраған тіннің бөлігі.
Стаз (гр. stasis- тоқтау, жылжымау) – капиллярларда, майда артериялар мен веналарда қан ағысының баяулауы немесе тоқтауы.
Тромбоз (гр. thrombosis- ұю) – организмнің тіршілігі жойылмаған жағдайда тамыр кемерлерінің ішкі беткейінде қанның элементтерінен тұратын, ұйындылардың пайда болу процесі.
Эмболия (гр. emboli- итермелеп кіргізу, енгізу) – қан немесе лимфа ағысымен әкелінген денешіктермен тамырлардың бітелуі.
Диапедез (гр. diapedesis.)-капиллярлар және майда веналардың механикалық түрде зақымдалмаған қабырғаларынан қанның формалық элементтерiнiң өтуi.
Адгезия (лат. adhaessio-желiмдеп жабысу)- әр түрлi немесе бiркелкi жасушалардың бiрiне бiрi, әйтпесе тығыз бетiне (мысалы, тамыр қабырғасына) желiмдеп жабысуы.
Агрегация (лат. agregatio- косылу, бiрiгу)- физикалық, химиялық процестердiң нәтижесiнде әр түрлi (мысалы, қан жасушаларының) немесе бiркелкi бөлшектердiң бiрiгуi.
Сладж (ағылш. sladge- қою батпак,балдыр)- суспензиялық тұрақтылық төмендеуiнен қанның формалық элементтерiнiң агрегация, адгезия, агглютинация процестерi.
Сладждың классикалық түрі - эритроциттердің тығыз орналасуымен, шекараларының тегіс емес болуымен және агрегаттардың ірі көлемімен сипатталады.
Сладждың декстранды түрі - эритроциттердің тығыз орналасуымен, шекаралары дөңгелектенген болуымен және агрегаттардың әртүрлі көлемімен сипатталады.
Сладжтың аморфты (түйіршікті) түрі –бірнеше ғана эритроциттерден тұратын, түйіршіктер түрінде көрінетін майда агрегаттардың көптеген санымен сипатталады.
Агглютинация (лат. agglutinatio-жабысу)- асылып тұрған бөлшектердiң (микробтардың, қан жасушаларының) жабысып тұнбага түсуi.
Лимфа жүйесінің жеткіліксіздігі – лимфа тамырларының негізгі қызметтерін орындай алмауы.
Микроплетизмография – қыл тамырлардың қан толуын зерттеу әдістері.
Вискозиметрия – қан тұтқырлығын зерттеу әдістері.
Аглометрия – тромбоциттер мен эритроциттер агрегациясын анықтау әдісі.
Тақырыбы: «Қабыну»
Қабыну (inflammatio- жану) -ол эволюцияда ағзаның тiндерi зақымдалуына жауап ретiнде дамыған типтiк патологиялық процесс. Ол альтерация, экссудация, пролиферациямен сипатталатын күрделi тамырлық-мезанхимальдi бұзылыстармен өтедi.
Флогоген (phlogos- өрт) - қабынуды шақыратын фактор.
Альтерация (alteratio-өзгерiс) –зақымдалудың әсерiнен тiндегi қоректену, зат алмасу процестерiнiң, оның құрылымы мен қызметтерiнiң бұзылыуы.
Қабыну медиаторлары –қабыну процесiнiң дамуын және нәтижесiн анықтайтын флогегендi факторлардың әсерiн көрсететiн физиологиялық белсендi заттардың жиынтығы.
Қабыну модуляторлары (қалпына келтiрушi факторлар) -қабунылық реакцияны күшейтетiн немесе әлсiрететiн физиологиялық белсендi заттар.
Экссудация (ecsudatio-өту) - құрамында белогi бар қанның сұй-ықтығының тамырлар қабыргалары арқылы қабынған тiнге өтуi.
Экссудат - қабынулық табиғаты бар патологиялық сұйықтық.
Транссудат -қабынбаған патологиялық сұйықтық (iсiнген және шемендiк сұйықтық).
Ривальт сынауы-пунктатта тұнбаға түсетүн серомуциннiң пайда болуы, ол экссудаттың қабынулық табиғатын көрсетедi.
Iрiңдi денешiктер- бұзылу мен ыдыраудың әр түрлi сатыларындағы қан лейкоциттерi
Эмиграция (emigratio- көшу) - тамырдағы лейкоциттердiң тiнге белсендi өтуi
Хемотаксис (chemeia- химияға қатысы бар,+ taxis-орналасу ретi) - химиялық тiтiркендiргiштерге немесе олардан керi қарай жасушалардың (лейкоциттердiң) белсендi жылжуы
Хемотаксиндер (цитотаксиндер) (chemeia- химияға қатысы бар,+ taxis-орналасу ретi) - лейкоциттердi қабыну ошағына тарту қабiлетi бар заттар.
Цитотаксигендер (сitos- жасуша, ,+ taxis-орналасу ретi+ gen-тудыратын) - өздiгiнен хемотаксистi тудыра алмайды, бiрақ хемотаксистi белсендiре алмайтын заттарды хемотаксиндерге алмасуына жағдай жасайтын заттар.
