- •1.Қаржы ұғымы: құндық экономикалық категориялар ретінде; қаржылардың қажеттілігі; қаржылардың маңызы; қаржылар туралы ілімдерді дамыту
- •2. Қаржылардың функциялары
- •Қаржылардың өзге экономикалық категориялармен (бағамен, еңбекақы төлеумен, несиемен) өзарабайланысы. Қаржы ресурстары және олардың көздері
- •Қаржылық қатынастарға қатысушылар және нарық жағдайындағы жаңа қаржылық қатынастардың дамуы
- •5. Қаржы жүйесіндегі негізгі буын болып саналады:
- •1. «Қаржы жүйесі» ұғымының мазмұны, оның жіктеуінің сипаттамасы
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1. Қаржылардың қысқаша анықтамасы:
- •2. Қаржылар мынадай себеп бойынша туындайтын өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді:
- •3. Қаржылар мен несие арасындағы айырмашылық:
- •4. Қаржылар нені зерделейді:
- •2. Қаржы жүйесінің құрылымы және оны құру принциптері
- •3. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •Қаржы саясаты ұғымы, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатындағы оның орны. Қаржы саясатының міндеттері, мақсаттары мен принциптері
- •Қаржы тетігі, оның мазмұны мен құрылымы
- •3. Қаржы саясаты мен қаржы тетігінің өзарабайланысы
- •4. Қаржы аппараты, оның құрылымы. Қаржы менеджменті ұғымы
- •5. Нарықтық ортадағы қаржылық жоспарлау мен болжау және оны жетілдіру бағыттары
- •6. Қаржылық бақылау ұғымы, қаржылық бақылаудың принциптері, міндеттері, жіктеуі. Қаржылық бақылау органдары
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •Шаруашылық субъектілерінің қаржылары қаржы жүйесінің жетекші буыны ретінде, ұдайы өндіріс процесіндегі олардың рөлі
- •2. Шаруашылық субъектілерінің жіктеуі, белгілері. Материалдық өндіріс аялары мен өндірістік емес аялардың қаржылары
- •3. Әртүрлі меншік нысандарындағы шаруашылық органдары қызметінің ұйымдық-құқықтық аспектілері. Шаруашылық субъектілерінің қаржыларын ұйымдастыру принциптері
- •4. Коммерциялық шаруашылық субъектілерінің қаржы қорлары. Өндірістік қорларды қаржыландыру көздері
- •5. Коммерциялық емес қызметке сипаттама, оның түрлері. Ұйымдар мен мекемелерді қаржыландыру көздері мен принциптері
- •Мүліктің қалыптасу көздері
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •Мемлекеттік қаржылардың экономикалық және әлеуметтік қызметі. Мемлекеттік қаржылар ұғымы, қаржы қатынастары жүйесіндегі олардың орны мен рөлі. Мемлекеттік қаржылар мен олардың буындарының құрамы.
- •Мемлекеттік кірістердің құрамы мен құрылымы. Мемлекеттік кірістердің жіктеуі
- •3. Мемлекеттік шығыстар ұғымы, оларды ұйымдастыру принциптері
- •4. Мемлекеттік шығыстар жіктеуі. Қаржы резервтері және ел экономикасы үшін олардың маңызы
- •Өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1. Мемлекеттік қаржылар құрамында келесі буын таныстырылған:
- •Ұйымдастыру»
- •1. Мемлекеттік реттеу құралы ретіндегі салықтардың маңызы және нарықтық қатынастар жағдайларындағы олардың ұғымы
- •2. Салық жүйесі, оны құруға қойылатын талаптар. Қр салық жүйесі. Салық қызметінің жұмысы
- •2.Мемлекеттік баж;
- •3.Алымдар:
- •4. Төлемақылар:
- •Салықтардың жіктеуі және негізгі түрлерінің сипаттамасы. Салық элементтері. Жанама және тікелей салықтар
- •4. Меншікке салынатын салықтар, олардың тағайындалуы және жергілікті бюджеттердің кірістеріндегі рөлі
- •5. Арнаулы салық режимдері.
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы мен рөлі
- •2. Мемлекеттік бюджет кірістері, олардың құрамы мен құрылымы
- •3. Нарықтық үлгідегі экономикалық бюджет шығыстарының ерекшеліктері
- •4. Бюджет жүйесі және бюджет құрылымы. Бюджет жүйесін құру принципі және оның құқықтық негіздері
- •Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің сызбасы
- •5. Бюджет жіктеуі, бюджет процесі, оның кезеңдері. Бюджеттік бағдарламалар
- •6. Жергілікті қаржылардың маңызы, қаржы жүйесі құрамындағы оның орны
- •7. Арнайы экономикалық аймақтардың қаржыларын ұйымдастыру
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, олардың рөлі және бюджеттен тыс қорлардың жіктеуі
- •2. Әлеуметтік бюджеттен тыс қорлар: жинақтаушы зейнетақы қоры, әлеуметтік сақтандыру қоры
- •3. Экономикалық мақсаттағы бюджеттен тыс қорлар: инвестициялық, инновациялық қорлар
- •Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және оның экономикадағы алатын рөлі
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •Мемлекеттік қарыз»
- •1. Мемлекеттік несиенің мәні мен маңызы. Қаржы жүйесіндегі мемлекеттік несие
- •2. Мемлекеттік несиенің түрлері, формалары мен әдістері
- •3. Халықаралық мемлекеттік несие, оның формалары
- •4. Мемлекеттік қарыз ұғымы, оның түрлері. Мемлекеттік қарызды басқару
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1. Үй шаруашылықтары экономикалық қызмет субъектілері ретінде. Үй шаруашылықтарының қаржы ресурстары
- •2. Үй шаруашылықтарының бюджеті. Үй шаруашылықтарының кірістері және олардың жіктеуі
- •3. Халықтың өмір деңгейін мемлекеттік реттеу
- •4. Үй шаруашылықтарының шығыстары, олардың жіктеуі мен құрылымы
- •5. Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі, оның түрлері. Кәсіпкерлік қызметтен алған кірісті бөлу
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1.Сақтандырудың экономикалық мәні мен маңызы
- •2.Сақтандырудың классификациясы
- •Міндетті әлеуметтік сақтандыру
- •Қр сақтандыру нарығының институционалды құрылымы
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1. Мемлекеттік қаржылық реттеу түсінігі, оның қажеттілігі
- •2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржылар
- •3. Фискалдық саясат нұсқалары
- •4. Қаржылар – экономикалық реттеу теорияларында
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1. Қаржы нарығы, экономиканы дамытудағы оның маңызы. Қаржы нарығының функциялары
- •2. Қаржы нарығының құрылымы және оның сегменттері
- •3. Қаржы нарықтарының типтері
- •4. Қаржы делдалдары және негізгі қатысушылары
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •Сыртқы экономикалық қызмет түрлері. ҚРсыртқы экономикалық қызметінің ерекшеліктері және оны дамыту перспективалары
- •2. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу формалары мен әдістері
- •3. Мемлекеттің, жергілікті билік пен басқару органдарының, шаруашылық субъектілерінің валюталық ресурстарын қалыптастыру және пайдалану
- •4. Елдің төлем балансы, оның ерекшеліктері мен динамикасы
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •Инфляцияның мәні және оның қаржылармен өзара байланысы
- •2. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары
- •3. Қазақстандағы инфляцияның ерекшеліктері және оның қаржылық тұрақтылыққа тигізетін әсері
- •4. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты және қаржылық реттеудің рөлі
- •5. Сұраныс (тұтынушылар) инфляциясын төмендететін, қаржылық әдістерді атаңдар:
- •Глоссарий
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1. Инфляция – бұл:
- •2. Инфляцияның қаржыларға әсер ету факторларын атаңдар:
- •3. Қаржылардың инфляцияның өсуіне әсерін тигізетін факторларын атаңдар:
- •4. Инфляцияның келесі типтері бар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Негізгі әдебиеттер қазақстан республикасының зандары
- •Қаржы пәнінен оқулықтар және оқу құралдары
- •Қосымша әдебиеттер мерзімді басылымдар
Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
1. Қаржылардың қысқаша анықтамасы:
а) мемлекеттің қаржылар саласында жүргізетін мақсатты бағытталған іс-шараларының жиынтығы;
в) қаржылық қатынастардың көрінетін формалары мен әдістері;
с) қаржылық және салалас экономикалық және әлеуметтік жүйелерге әсер ету процесі;
д) кәсіпорынның жинақтары мен ақша кірістерінің пайда болуы мен оны пайдалану жоспарлары;
е) қорлардың пайда болуы және жиынтық қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлу процесінде туындайтын ерекше экономикалық қатынастардың жиынтығы.
2. Қаржылар мынадай себеп бойынша туындайтын өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді:
а) жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақша қорларын бөлу;
в) қоғамдық және жеке қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қаржы ресурстарын бөлу;
с) қоғамдық және жеке қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қорларды құру (қалыптастыру) және пайдалану жолымен ақша қаражаттарын бөлу;
д) қоғамдық және жеке қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану бойынша жиынтық қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлу;
е) жиынтық қоғамдық өнімді бөлу.
3. Қаржылар мен несие арасындағы айырмашылық:
а) өнімдерді өткізуден алған түсімдерді қалыптастырудағы;
в) өндірілген өнім көлеміндегі;
с) еңбекақы қорын қалыптастырудағы;
д) несиелеу қайтарушылық, мерзімділік, ақылылық жағдайларында (яғни жинақталған ақша қаражаттарын пайдалану әдістерімен) жүзеге асырылады;
с) жұмсалған еңбекке өтемақы төлеудегі.
4. Қаржылар нені зерделейді:
а) қарызға беруге ақша қозғалысын;
в) есеп айырысулар жүргізуді;
с) ақша қорларының құралу себебі бойынша туындайтын қатынастарды;
д) ақша қорларының құралу және оны пайдалану себебі бойынша туындайтын қатынастарды;
е) мемлекет пайдасына ақша қаражаттарын қайта бөлуді.
5. Қаржы жүйесіндегі негізгі буын болып саналады:
а) мемлекеттік несие;
в) мемлекеттік бюджет;
с) мемлекеттік қарыз;
д) кәсіпорындардың қаржылары;
е) халықтың қаржылары.
2-ТАҚЫРЫП: «ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ»
«Қаржы жүйесі» ұғымының мазмұны, оның жіктеуінің сипаттамасы
Қаржы жүйесінің құрылымы және оны құру принциптері
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі
1. «Қаржы жүйесі» ұғымының мазмұны, оның жіктеуінің сипаттамасы
«Қаржы жүйесі» ұғымы, соның негізінде тиісті ақша қаражаттарының қорлары құралатын және пайдаланылатын, сондай-ақ осы қатынастарды ұйымдастыратын органдар қатынастарының жиынтығын қамтиды.
«Жүйе» термині, әртүрлі өлшемдер бойынша жіктелетін өзарабайланысты элементтердің – ішкі жүйелердің қолданылуын білдіреді.
Қаржы жүйесі:
қаржы қатынастарының жиынтығы;
ақша қаражаттары қорларының жиынтығы;
қаржылық басқару аппараты сияқты үш бөліктен тұрады.
Қаржы жүйесі ықпалдастық (интеграциялық) типтегі жүйе болып саналады, оған кіретін элементтердің (ішкі жүйелердің) тығыз байланысымен сипатталады және оның ішкі жүйелерінің бірде-бірі дербес өмір сүре алмайды: қаржылар, біріншіден, өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және сондықтан да осы қатынастар жүйесінің элементі болып қатысады, екіншіден, өзінің функционалдық қасиеті бар, өзарабайланысты элементтерден тұратын жүйені білдіреді. Қаржыларда функционалдық ішкі жүйелер түрінде, салық, бюджет, қаржы жоспарларын (болжамдарын), қаржы көрсеткіштерін, сметалық қаржыландыру сияқты функционалдық ішкіжүйелерді атауға болады.
Қаржы жүйесі жіктеуінің функционалдық өлшемінен өзге қаржылар субъектілерінің (қаржы қатынастарына қатысушылардың) белгісі бойынша жіктеуге болады, бұл:
жалпы мемлекеттік қаржылар;
кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қаржылары;
халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржылары буындары бойынша, қаржы жүйесінің аражігін ажыратуға мүмкіндік береді.
Буындар: қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқарушы аппарат сияқты жоғары разрядты элементтерден тұрады.
Бастапқы (басты) элемент жүйенің өзге элементтерінің ішінде жетекші орын алады, өйткені жүйенің элементтері мен жүйелеріндегі өзарабайланыстарда оның рөлі айқындаушы болып саналады. Бірінші кезекте, мемлекеттік бюджет түрінде таныстырылған жалпы мемлекеттік қаржылар, қаржы жүйесіндегі осындай элемент болып қатысады.
Материалдық өндіріс аясындағы кәсіпорындардың қаржылары қаржылардың негізін құрайды, өйткені материалдық өндірісте ұлттық табыс – қоғамның қаржылық ресурстарының негізгі көзі жасалады.
Халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржылары қаржы жүйесінің өзіндік бөлігін білдіреді. Халық (азаматтар) өздерінің ақша қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржы жүйесімен және өндірістік және өндірістік емес аядағы кәсіпорындармен – мемлекеттік және өзге де меншік нысандарымен қатынастарға түседі.
Халық шаруашылығы салаларының қаржыларын басқаруды министрліктердің, ведомствалардың, концерндердің, қауымдастықтардың, қоғамдардың, серіктестіктердің қаржы басқармалары мен бөлімдері, бірлестіктердің, кәсіпорындардың ұйымдардың қаржы бөлімдері мен қаржы қызметтері органдары жүзеге асырады.
Қоғамдық ұйымдардың қаржыларын осы ұйымдардың қаржы бөлімдері немесе топтары басқарады.
Министрліктердің және өзге жоғары тұрған органдардың қаржы басқармаларының аппараты жиын қаржылық болжам жасау, жүйені несиелік жоспарлау, кірістер мен шығыстардың жиын балансының орындалуын бақылау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады, оның бағынысындағы кәсіпорындардың қаржы бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді.
Кейбір министрліктер мен ведомстволардағы қаржыларды басқару сызбасы (схемасы) басқарудың, жоспарлаудың (болжаудың), есептің өзге функцияларын орындаумен қатар атқарылады. Мұндай жағдайларда жоспарлау-қаржылық немесе қаржылық бухгалтерлік басқару қолданылады. Бұл органдар жүйенің шаруашылық-қаржылық қызметін талдайды, қаржыларды пайдалана отырып, оның тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар дайындайды. Олар сондай-ақ бағыныстағы кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қаржылық жұмысын реттейтін нұсқауларды, нұсқаулықтарды, әдістемелік материалдарды әзірлейді.
Кәсіпорындардағы, бірлестіктердегі қаржы жұмыстарын дербес құрылымдық бөлімшелер болып саналатын қаржы бөлімі жүзеге асырады. Шағын кәсіпорындардағы қаржы бөлімдері өткізу бөлімімен немесе бухгалтериямен (қаржылық-өткізу немесе бухгалтерлік-қаржылық бөлімдермен) қосып атқарылуы мүмкін.
Банк мекемелері қаржыларды жедел басқаруға қатысады. Екінші деңгейдегі банктер кәсіпорындарға есеп айырысу – кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, ақша қаражаттарына деген уақытша қажеттіліктерді несиелейді.
Қазіргі уақыттағы қаржыларды басқаруды жетілдіру осы процесті әзірлеумен және қаржыларды басқарудың автоматтандырылған жүйесіне енгізумен байланыстыру негізінде жүзеге асады.
Қаржыларды басқаруда, сондай-ақ қаржылық есеп айырысулардың автоматтандырылған жүйесі (АСФР) қолданылады. Ол өзарабайланысты бірге жұмыс істейтін: функционалдық, қамтамасыз етуші, технологиялық ішкі жүйелерден тұрады.
Есеп айырысулардың автоматтандырылған басқару жүйесі жағдайында қаржылық басқару аппаратының мазмұны түбірінен өзгереді. Автоматтандырылған басқару жүйесінен (АСУ) қаржы қызметкерлері алған ақпарат, оңтайлы таңдау жасау мен көптеген нұсқаларды есепке алу негізінде, олардың қабылдайтын басқару шешімдерінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
