- •1.Қаржы ұғымы: құндық экономикалық категориялар ретінде; қаржылардың қажеттілігі; қаржылардың маңызы; қаржылар туралы ілімдерді дамыту
- •2. Қаржылардың функциялары
- •Қаржылардың өзге экономикалық категориялармен (бағамен, еңбекақы төлеумен, несиемен) өзарабайланысы. Қаржы ресурстары және олардың көздері
- •Қаржылық қатынастарға қатысушылар және нарық жағдайындағы жаңа қаржылық қатынастардың дамуы
- •5. Қаржы жүйесіндегі негізгі буын болып саналады:
- •1. «Қаржы жүйесі» ұғымының мазмұны, оның жіктеуінің сипаттамасы
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1. Қаржылардың қысқаша анықтамасы:
- •2. Қаржылар мынадай себеп бойынша туындайтын өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді:
- •3. Қаржылар мен несие арасындағы айырмашылық:
- •4. Қаржылар нені зерделейді:
- •2. Қаржы жүйесінің құрылымы және оны құру принциптері
- •3. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •Қаржы саясаты ұғымы, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатындағы оның орны. Қаржы саясатының міндеттері, мақсаттары мен принциптері
- •Қаржы тетігі, оның мазмұны мен құрылымы
- •3. Қаржы саясаты мен қаржы тетігінің өзарабайланысы
- •4. Қаржы аппараты, оның құрылымы. Қаржы менеджменті ұғымы
- •5. Нарықтық ортадағы қаржылық жоспарлау мен болжау және оны жетілдіру бағыттары
- •6. Қаржылық бақылау ұғымы, қаржылық бақылаудың принциптері, міндеттері, жіктеуі. Қаржылық бақылау органдары
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •Шаруашылық субъектілерінің қаржылары қаржы жүйесінің жетекші буыны ретінде, ұдайы өндіріс процесіндегі олардың рөлі
- •2. Шаруашылық субъектілерінің жіктеуі, белгілері. Материалдық өндіріс аялары мен өндірістік емес аялардың қаржылары
- •3. Әртүрлі меншік нысандарындағы шаруашылық органдары қызметінің ұйымдық-құқықтық аспектілері. Шаруашылық субъектілерінің қаржыларын ұйымдастыру принциптері
- •4. Коммерциялық шаруашылық субъектілерінің қаржы қорлары. Өндірістік қорларды қаржыландыру көздері
- •5. Коммерциялық емес қызметке сипаттама, оның түрлері. Ұйымдар мен мекемелерді қаржыландыру көздері мен принциптері
- •Мүліктің қалыптасу көздері
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •Мемлекеттік қаржылардың экономикалық және әлеуметтік қызметі. Мемлекеттік қаржылар ұғымы, қаржы қатынастары жүйесіндегі олардың орны мен рөлі. Мемлекеттік қаржылар мен олардың буындарының құрамы.
- •Мемлекеттік кірістердің құрамы мен құрылымы. Мемлекеттік кірістердің жіктеуі
- •3. Мемлекеттік шығыстар ұғымы, оларды ұйымдастыру принциптері
- •4. Мемлекеттік шығыстар жіктеуі. Қаржы резервтері және ел экономикасы үшін олардың маңызы
- •Өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1. Мемлекеттік қаржылар құрамында келесі буын таныстырылған:
- •Ұйымдастыру»
- •1. Мемлекеттік реттеу құралы ретіндегі салықтардың маңызы және нарықтық қатынастар жағдайларындағы олардың ұғымы
- •2. Салық жүйесі, оны құруға қойылатын талаптар. Қр салық жүйесі. Салық қызметінің жұмысы
- •2.Мемлекеттік баж;
- •3.Алымдар:
- •4. Төлемақылар:
- •Салықтардың жіктеуі және негізгі түрлерінің сипаттамасы. Салық элементтері. Жанама және тікелей салықтар
- •4. Меншікке салынатын салықтар, олардың тағайындалуы және жергілікті бюджеттердің кірістеріндегі рөлі
- •5. Арнаулы салық режимдері.
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы мен рөлі
- •2. Мемлекеттік бюджет кірістері, олардың құрамы мен құрылымы
- •3. Нарықтық үлгідегі экономикалық бюджет шығыстарының ерекшеліктері
- •4. Бюджет жүйесі және бюджет құрылымы. Бюджет жүйесін құру принципі және оның құқықтық негіздері
- •Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің сызбасы
- •5. Бюджет жіктеуі, бюджет процесі, оның кезеңдері. Бюджеттік бағдарламалар
- •6. Жергілікті қаржылардың маңызы, қаржы жүйесі құрамындағы оның орны
- •7. Арнайы экономикалық аймақтардың қаржыларын ұйымдастыру
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, олардың рөлі және бюджеттен тыс қорлардың жіктеуі
- •2. Әлеуметтік бюджеттен тыс қорлар: жинақтаушы зейнетақы қоры, әлеуметтік сақтандыру қоры
- •3. Экономикалық мақсаттағы бюджеттен тыс қорлар: инвестициялық, инновациялық қорлар
- •Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және оның экономикадағы алатын рөлі
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •Мемлекеттік қарыз»
- •1. Мемлекеттік несиенің мәні мен маңызы. Қаржы жүйесіндегі мемлекеттік несие
- •2. Мемлекеттік несиенің түрлері, формалары мен әдістері
- •3. Халықаралық мемлекеттік несие, оның формалары
- •4. Мемлекеттік қарыз ұғымы, оның түрлері. Мемлекеттік қарызды басқару
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1. Үй шаруашылықтары экономикалық қызмет субъектілері ретінде. Үй шаруашылықтарының қаржы ресурстары
- •2. Үй шаруашылықтарының бюджеті. Үй шаруашылықтарының кірістері және олардың жіктеуі
- •3. Халықтың өмір деңгейін мемлекеттік реттеу
- •4. Үй шаруашылықтарының шығыстары, олардың жіктеуі мен құрылымы
- •5. Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі, оның түрлері. Кәсіпкерлік қызметтен алған кірісті бөлу
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1.Сақтандырудың экономикалық мәні мен маңызы
- •2.Сақтандырудың классификациясы
- •Міндетті әлеуметтік сақтандыру
- •Қр сақтандыру нарығының институционалды құрылымы
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1. Мемлекеттік қаржылық реттеу түсінігі, оның қажеттілігі
- •2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржылар
- •3. Фискалдық саясат нұсқалары
- •4. Қаржылар – экономикалық реттеу теорияларында
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1. Қаржы нарығы, экономиканы дамытудағы оның маңызы. Қаржы нарығының функциялары
- •2. Қаржы нарығының құрылымы және оның сегменттері
- •3. Қаржы нарықтарының типтері
- •4. Қаржы делдалдары және негізгі қатысушылары
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •Сыртқы экономикалық қызмет түрлері. ҚРсыртқы экономикалық қызметінің ерекшеліктері және оны дамыту перспективалары
- •2. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу формалары мен әдістері
- •3. Мемлекеттің, жергілікті билік пен басқару органдарының, шаруашылық субъектілерінің валюталық ресурстарын қалыптастыру және пайдалану
- •4. Елдің төлем балансы, оның ерекшеліктері мен динамикасы
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •Инфляцияның мәні және оның қаржылармен өзара байланысы
- •2. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары
- •3. Қазақстандағы инфляцияның ерекшеліктері және оның қаржылық тұрақтылыққа тигізетін әсері
- •4. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты және қаржылық реттеудің рөлі
- •5. Сұраныс (тұтынушылар) инфляциясын төмендететін, қаржылық әдістерді атаңдар:
- •Глоссарий
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1. Инфляция – бұл:
- •2. Инфляцияның қаржыларға әсер ету факторларын атаңдар:
- •3. Қаржылардың инфляцияның өсуіне әсерін тигізетін факторларын атаңдар:
- •4. Инфляцияның келесі типтері бар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Негізгі әдебиеттер қазақстан республикасының зандары
- •Қаржы пәнінен оқулықтар және оқу құралдары
- •Қосымша әдебиеттер мерзімді басылымдар
Қр сақтандыру нарығының институционалды құрылымы
Сақтандыру нарығы – бұл сатып алу-сату объектісі болып сақтандыру қызметі табылатын, оған сұраныс пен ұсыныс қалыптасатын экономикалық қатынастар жүйесі. Сақтандыру нарығы дамуының объективті негізі – алдын-ала болжалмаған жағымсыз жағдайлар оқиғасында зардап шеккен шаруашылықтар мен азаматтарға ақшалай көмек көрсету мен қалыпты ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз ету қажеттілігі.
Сақтандыру нарығын сақтандыру қызметтерін көрсетуге қатысатын сақтандыру ұйымдарының (сақтандырушылар) жиынтығы ретінде де қарастыруға болады.
Қызмет көрсететін сақтандыру нарығы өзіне әр түрлі құрылымдық буындарды қосатын күрделі жүйені білдіреді. Сақтандыру нарығы буындарының бірі болып сақтандыру компаниялары саналады. Тек сақтандыру компаниясында ғана қоғамның сақтандыру қорғанысын қамтамасыз ету мақсатымен, сақтандыру қорын пайдалану және құру процесі жүзеге асырылады.
Сақтандыру нарығының құрылымын институционалдық және аймақтық аспектілерде қарастыруға болады.
Институционалдық аспектіде ол акционерлік, корпоративтік өзара және мемлекеттік сақтандыру компаниялары ретінде берілген. Аймақтық аспектіде жергілікті (аумақтық), ұлттық (ішкі) және әлемдік (сыртқы) сақтандыру нарықтарын алып көрсетуге болады.
Сақтандыру қызмет көрсетуіне сұраныс пен ұсыныс масштабына байланысты ішкі, сыртқы және халықаралық сақтандыру нарықтары деп қарастыруға болады.
Сақтандыру нарығы – бұл сақтандыру қатынасының нақты қатынасушылары қызмет көрсететін ауқымды экономикалық кеңістік:
- сақтандыру қызметін көрсететін сатушылар;
- көрсетілетін сақтандыру қызметтерін сатып алушылар;
- сақтандыру делдалдары;
- қоғамдық бірлестіктер.
Сақтандыру қызметін көрсететін сатушылар – бұл тікелей сақтандыру компаниялары (сақтандыру қоғамы, сақтандыру компаниясы), яғни сақтандыру операцияларын жүргізетін мамандандырылған ұйымдар. Тек қана солар сақтанушы залалдарын өтеу үшін белгіленген сақтандырудың резервті қорын құруды жүзеге асырады.
Сақтандыру компаниялары келесі түрде жіктеледі:
құралдар бойынша: меншік, акционерлік, өзара мемлекеттік;
орындалатын операциялар сипаты бойынша: мамандандырылған (жеке немесе мүлікті), әмбебаптық және қайта сақтандыру;
қызмет көрсету аймағы бойынша: жергілікті, аумақтық, ұлттық және халықаралық;
жоғары капиталының шамасы және сақтандыру төлемдерінің түсу көлемі бойынша, сондай-ақ сақтандыру нарығында олардың орындарын анықтайтын басқа техникалық экономиканың көрсеткіштері бойынша; ірі, орта және ұсақ.
Акционерлік сақтандыру қоғамы – акциялардың сатылуы арқылы ақша қаражаттарының орталықтандырылуы негізіндегі сақтандыру қорының ұйымдастырылу формасы. Акционерлік сақтандыру қоғамы басқармасының жоғарғы органы болып акционерлердің жалпы жиналысы саналады.
Өзара сақтандыру қоғамы – олардың мүшелерінің пайы арқылы қатысушымен қаражаттарды орталықтандыру негізіндегі сақтандыру қорының ұйымдасу формасы. Өзара сақтандыру қоғамының қатысушысы бір мезгілде сақтандырушы және сақтанушы ретінде қатысады. Өзара сақтандыру қоғамының жоғарғы органы болып олардың мүшелерінің жалпы жиналысы саналады.
Мемлекеттік сақтандыру компаниясы – мемлекетпен негізделген сақтандыру қорының құқықтық ұйымдасу формасы. Мемлекеттік сақтандыру компанияларын ұйымдастыруы мемлекет жағынан құру жолымен немесе акционерлік сақтандыру компанияларын мемлекет қарамағына алу жолымен және олардың мүліктерінің мемлекет меншігіне айналу жолымен жүзеге асырылады.
Қайта сақтандыру компаниялары – сақтандыру ұйымдарымен салыстыру бойынша жоғары тұрақтылыққа, меншікті жарғы капиталының үлкен көлеміне, үлкен ресурстарына, шаруашылықтың әр түрлі салаларында инвестицияланған ие мамандандырылған ұйымдар.
Сақтандыру қызмет көрсетуінің сатып алушылары болып сақтанушылар саналады.
Қазіргі жағдайда сақтандыру қызмет көрсетулерін қолданатын нарықтың шарттын екі сегментке бөлуге болады: жеке тұлғалар және заңды тұлғалар нарығы.
Заңды және жеке тұлғалар нарықтары әр түрлі (сақтандыру түрлерінің психологиялық нұсқаулары бойынша), олардың жалпы ерекшеліктері болса да сақтандыру компаниясының кез келген клиенті аз шығын кезінде де жеке басын сақтандырғысы келеді.
Сақтандыру делдалдарына жататындар:
- сақтандыру агенті – бұл бір компания талабы бойынша және оның атынан жұмыс істейтін өкіл;
сақтандыру брокері – бұл өз атынан шығатын, сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы тәуелсіз делдал (жеке және заңды тұлға);
сақтандыру полисін таратудың баламалы жүйесі – бұл сақтандыру агенті ретінде шығатын заңды тұлғалардың жиынтығы (танысу бюросы, саяхат агенттігі, заңдылық консультация, нотариалдық кеңселер).
Қоғамдық бірлестіктерге сақтандырушылардың қауымдастығы, сақтандырушылар одағы, сюрвейерлер институты, рейтингтік, кеңес беру агенттігі және басқалар.
Сақтандыру нарығы және жеке (жеке меншік) сақтандыру сомасын қамтиды және сақтандыру компаниясы мен олардың клиенттері арасындағы экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді. Сақтандыру нарығының ерекше тауары болып сақтық қорғаныс – сақтандыру ұйымдарымен ұсынылатын қызмет саналады. Кез келген тауар сияқты сақтандыру қызмет көрсетуінің тұтынушылық құны бар.
Тұтынушылық құны сақтандыру қызметінің мәні сақтандырушылық қорғанысты қамтамасыз етуде. Сақтандыру оқиғасы болған жағдайда бұл сақтандыру қорғанысы сақтандыруды өтеу немесе сақтандыруды қамтамасыз ету формасында материалданады.
Сақтандыру қызметінің құны немемсе оның бағасы, сақтанушының сақтандырушыға төлейтін сақтандыру сыйақысында көрсетіледі. Сақтандыру сыйақысы сақтандыру келісім шартына қол қою кезінде бекітіледі және егер келісім шарттың шарттарымен қарастырылмаса, қызмет көрсетумерзімі ішінде өзгеріссіз қалады. Сыйақы салыстырмалы түрде белгілі бір база негізінде есептеледі, база ретінде келісім шарт бойынша сақтандыру сомасы саналады. Сақтандыру сыйақысы үлесінің базаға қатынасы сақтандыру тарифін береді. Сақтандыру тарифы 100 немесе 1000 ақшалай бірлік есебіндегі пайызбен анықталады. Сақтандыру сыйақысының мөлшері келесі жағдайлар үшін жеткілікті болу керек:
сақтандыру кезеңі аралығында күтілетін шағымдарды жабуға;
сақтандыру резервтерін құруға;
сақтандыру компаниясының ісін жүргізудегі шығындарын жабуға;
табыстың белгілі бір мөлшерін қамтамасыз етуге.
Сақтандыру қызметінің бағасы, кез келген нарықтық баға сияқты сұраныс пен ұсыныстың әсерінен құбылып тұрады. Бағаның төменгі шегі сақтанушылардан келісім шарт бойынша сақтандыру төлемдерінен түсетін төлемдер арасындағы тепе-теңдік пен сақтандыру компаниясының шығындарына қосу арқылы анықталынады. Табыстар мен шығыстардың эквиваленттілігі сақтандыру іс-қызметінің шығынсыздығының шарты болып табылады. Алайда осылай бола тұра сақтандыру компаниясы сақтандыру операциялары бойынша ешқандай пайда алмайды.
Сақандыру тарифтерінің жалпы деңгейіне әсерін тигізетін маңызды макроэкономикалық фактор болып банктік пайыздың мөлшері саналады. Банктік пайыз сақтандыру іс-қызметіне екі бағыт бойынша әсер етеді. Біріншіден, банктік пайыздарды сақтандыру тарифтерімен салыстырғандағы динамикасының үрдісі, клиенттің өзінің тәуекелдіктеріне қалайша төтеп беру шешімдерін анықтайды. Екіншіден, сақтандыру компаниясымен сақтандыру төлемдері түрінде алынған және сақтандыру төлемдері берілгенге дейінгі уақытша бос ақша қаражаттары қозғалыссыз жатпайды.
Сақтандыру компаниясы ұсынып отырған сақтандыру қызмет көрсетуінің бағасы осы нақты сақтанушы ісінің жағдайынан, яғни оның сақтандыру портфелінің құрылымы мен мөлшерінен, басқару шығындарынан, компания уақытша бос ақша қаражаттарын салудан түскен табыстардан тәуелді. Сондықтан да қаржылық қатынастардағы қуатты компаниялар өз портфельдерінде салыстырмалы түрде төмен рентабелді сақтандыру түрлерінің бар болуын қалайды.
Нақты бір сақтандыру қызметінің өмірлік цикл кезеңдері кез келген тауарлардағыдай: нарыққа ену, сұраныстың өсіуі, қанығу мен жетілу, сату мен пайдалылық деңгейінің төмендеуі және нарықтан шығуы. Сақтандыру қызмет көрсетуінің өмірлік циклы «сақтандыру аумағын» қамту көрсеткіштерімен, яғни циклдық қоғамдастық, және жасалған келісім шарттар санының динамикасымен сипатталады. Сақтандыру аумағы қаныққан жағдайға жақын орналасса, болашақ клиенттерді келісім шарттармен қамту өсімі күрт азаяды.
Сақтандыру қызмет көрсетуінің өмірлік циклдың бағасы екінші кезеңде минимумына жетеді, үшінші кезеңде ол тұрақтанады, ал төртінші кезеңде оны төмендету немесе сақтандырудың бұл түрін модификациялау қажет.
Сақтандыру қызмет көрсетуін сатып алу-сату сақтандыру келісім шартына отыру арқылы рәсімделеді, ал растаушы құжат ретінде сақтанушыға сақтандыру полисі беріледі.
