- •1.Қаржы ұғымы: құндық экономикалық категориялар ретінде; қаржылардың қажеттілігі; қаржылардың маңызы; қаржылар туралы ілімдерді дамыту
- •2. Қаржылардың функциялары
- •Қаржылардың өзге экономикалық категориялармен (бағамен, еңбекақы төлеумен, несиемен) өзарабайланысы. Қаржы ресурстары және олардың көздері
- •Қаржылық қатынастарға қатысушылар және нарық жағдайындағы жаңа қаржылық қатынастардың дамуы
- •5. Қаржы жүйесіндегі негізгі буын болып саналады:
- •1. «Қаржы жүйесі» ұғымының мазмұны, оның жіктеуінің сипаттамасы
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1. Қаржылардың қысқаша анықтамасы:
- •2. Қаржылар мынадай себеп бойынша туындайтын өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді:
- •3. Қаржылар мен несие арасындағы айырмашылық:
- •4. Қаржылар нені зерделейді:
- •2. Қаржы жүйесінің құрылымы және оны құру принциптері
- •3. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •Қаржы саясаты ұғымы, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатындағы оның орны. Қаржы саясатының міндеттері, мақсаттары мен принциптері
- •Қаржы тетігі, оның мазмұны мен құрылымы
- •3. Қаржы саясаты мен қаржы тетігінің өзарабайланысы
- •4. Қаржы аппараты, оның құрылымы. Қаржы менеджменті ұғымы
- •5. Нарықтық ортадағы қаржылық жоспарлау мен болжау және оны жетілдіру бағыттары
- •6. Қаржылық бақылау ұғымы, қаржылық бақылаудың принциптері, міндеттері, жіктеуі. Қаржылық бақылау органдары
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •Шаруашылық субъектілерінің қаржылары қаржы жүйесінің жетекші буыны ретінде, ұдайы өндіріс процесіндегі олардың рөлі
- •2. Шаруашылық субъектілерінің жіктеуі, белгілері. Материалдық өндіріс аялары мен өндірістік емес аялардың қаржылары
- •3. Әртүрлі меншік нысандарындағы шаруашылық органдары қызметінің ұйымдық-құқықтық аспектілері. Шаруашылық субъектілерінің қаржыларын ұйымдастыру принциптері
- •4. Коммерциялық шаруашылық субъектілерінің қаржы қорлары. Өндірістік қорларды қаржыландыру көздері
- •5. Коммерциялық емес қызметке сипаттама, оның түрлері. Ұйымдар мен мекемелерді қаржыландыру көздері мен принциптері
- •Мүліктің қалыптасу көздері
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •Мемлекеттік қаржылардың экономикалық және әлеуметтік қызметі. Мемлекеттік қаржылар ұғымы, қаржы қатынастары жүйесіндегі олардың орны мен рөлі. Мемлекеттік қаржылар мен олардың буындарының құрамы.
- •Мемлекеттік кірістердің құрамы мен құрылымы. Мемлекеттік кірістердің жіктеуі
- •3. Мемлекеттік шығыстар ұғымы, оларды ұйымдастыру принциптері
- •4. Мемлекеттік шығыстар жіктеуі. Қаржы резервтері және ел экономикасы үшін олардың маңызы
- •Өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1. Мемлекеттік қаржылар құрамында келесі буын таныстырылған:
- •Ұйымдастыру»
- •1. Мемлекеттік реттеу құралы ретіндегі салықтардың маңызы және нарықтық қатынастар жағдайларындағы олардың ұғымы
- •2. Салық жүйесі, оны құруға қойылатын талаптар. Қр салық жүйесі. Салық қызметінің жұмысы
- •2.Мемлекеттік баж;
- •3.Алымдар:
- •4. Төлемақылар:
- •Салықтардың жіктеуі және негізгі түрлерінің сипаттамасы. Салық элементтері. Жанама және тікелей салықтар
- •4. Меншікке салынатын салықтар, олардың тағайындалуы және жергілікті бюджеттердің кірістеріндегі рөлі
- •5. Арнаулы салық режимдері.
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы мен рөлі
- •2. Мемлекеттік бюджет кірістері, олардың құрамы мен құрылымы
- •3. Нарықтық үлгідегі экономикалық бюджет шығыстарының ерекшеліктері
- •4. Бюджет жүйесі және бюджет құрылымы. Бюджет жүйесін құру принципі және оның құқықтық негіздері
- •Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің сызбасы
- •5. Бюджет жіктеуі, бюджет процесі, оның кезеңдері. Бюджеттік бағдарламалар
- •6. Жергілікті қаржылардың маңызы, қаржы жүйесі құрамындағы оның орны
- •7. Арнайы экономикалық аймақтардың қаржыларын ұйымдастыру
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, олардың рөлі және бюджеттен тыс қорлардың жіктеуі
- •2. Әлеуметтік бюджеттен тыс қорлар: жинақтаушы зейнетақы қоры, әлеуметтік сақтандыру қоры
- •3. Экономикалық мақсаттағы бюджеттен тыс қорлар: инвестициялық, инновациялық қорлар
- •Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және оның экономикадағы алатын рөлі
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •Мемлекеттік қарыз»
- •1. Мемлекеттік несиенің мәні мен маңызы. Қаржы жүйесіндегі мемлекеттік несие
- •2. Мемлекеттік несиенің түрлері, формалары мен әдістері
- •3. Халықаралық мемлекеттік несие, оның формалары
- •4. Мемлекеттік қарыз ұғымы, оның түрлері. Мемлекеттік қарызды басқару
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1. Үй шаруашылықтары экономикалық қызмет субъектілері ретінде. Үй шаруашылықтарының қаржы ресурстары
- •2. Үй шаруашылықтарының бюджеті. Үй шаруашылықтарының кірістері және олардың жіктеуі
- •3. Халықтың өмір деңгейін мемлекеттік реттеу
- •4. Үй шаруашылықтарының шығыстары, олардың жіктеуі мен құрылымы
- •5. Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі, оның түрлері. Кәсіпкерлік қызметтен алған кірісті бөлу
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1.Сақтандырудың экономикалық мәні мен маңызы
- •2.Сақтандырудың классификациясы
- •Міндетті әлеуметтік сақтандыру
- •Қр сақтандыру нарығының институционалды құрылымы
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1. Мемлекеттік қаржылық реттеу түсінігі, оның қажеттілігі
- •2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржылар
- •3. Фискалдық саясат нұсқалары
- •4. Қаржылар – экономикалық реттеу теорияларында
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1. Қаржы нарығы, экономиканы дамытудағы оның маңызы. Қаржы нарығының функциялары
- •2. Қаржы нарығының құрылымы және оның сегменттері
- •3. Қаржы нарықтарының типтері
- •4. Қаржы делдалдары және негізгі қатысушылары
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •Сыртқы экономикалық қызмет түрлері. ҚРсыртқы экономикалық қызметінің ерекшеліктері және оны дамыту перспективалары
- •2. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу формалары мен әдістері
- •3. Мемлекеттің, жергілікті билік пен басқару органдарының, шаруашылық субъектілерінің валюталық ресурстарын қалыптастыру және пайдалану
- •4. Елдің төлем балансы, оның ерекшеліктері мен динамикасы
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •Инфляцияның мәні және оның қаржылармен өзара байланысы
- •2. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары
- •3. Қазақстандағы инфляцияның ерекшеліктері және оның қаржылық тұрақтылыққа тигізетін әсері
- •4. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты және қаржылық реттеудің рөлі
- •5. Сұраныс (тұтынушылар) инфляциясын төмендететін, қаржылық әдістерді атаңдар:
- •Глоссарий
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1. Инфляция – бұл:
- •2. Инфляцияның қаржыларға әсер ету факторларын атаңдар:
- •3. Қаржылардың инфляцияның өсуіне әсерін тигізетін факторларын атаңдар:
- •4. Инфляцияның келесі типтері бар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Негізгі әдебиеттер қазақстан республикасының зандары
- •Қаржы пәнінен оқулықтар және оқу құралдары
- •Қосымша әдебиеттер мерзімді басылымдар
2. Қаржы жүйесінің құрылымы және оны құру принциптері
Қаржы жүйесінің жекелеген құраушы элементтерінің орны мен рөлі бірдей емес. Бастапқы (басты) элемент жүйенің өзге элементтерінің арасында жетекші орын алады, өйткені жүйенің элементтері мен буындарының өзарабайланыстарындағы оның рөлі айқындаушы болып саналады. Бірінші кезекте мемлекеттік бюджет түріне таныстырылған жалпы мемлекеттік қаржылар, қаржы жүйесіндегі осындай элемент болып қатысады.
Материалдық аядағы шаруашылық субъектілерінің қаржылары қаржылардың негізін құрайды, олар қаржы жүйесінің бастапқы буыны болып саналады, өйткені материалдық өндірісте нақты өнім – қоғамның қаржы ресурстарының негізгі көзі жасалады.
Халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржылары қаржы жүйесінің өзіндік бөлігін білдіреді. Халық (азаматтар) өздерінің ақша қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржы жүйесімен және барлық меншік нысандарындағы өндірістік және өндірістік емес аялардағы өзге мекемелер мен ұйымдардың көрсеткен қызмет ақыларын төлейді.
Сауда желілерінде, базарларда, халыққа қызмет көрсететін (көлік, байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету секторы) кәсіпорындар мен ұйымдарда айырбасқа жататын, тұтыну тауарлары мен қызметтер көрсетулерді иеленумен байланысты ақша қатынастарын қоспағанда, осындай қатынастар қаржы қатынастары болып саналады.
Сонымен бірге, әрбір жеке жағдайда нысаналы мақсаттарға ие болатындығына немесе жинаққа салынатындығына және олардың иелері өз қалауларына сәйкес оларға билік ете алатындығына (басқара алатындығына) қарамастан, қаржы жүйесінің екі сипатты бөлігі: қор формасы мен сыртқы басқарудың алуандығы халықтың қаржысының өзіндік ерекшелігі болып саналады. Мұнда, сондай-ақ мемлекетке салықтар және өзге де міндетті төлемдер төлеу кезіндегі олардың таза қаржылық сипаты сияқты ақша қатынастарының алуандығынан; қоғамдық тұтыну қорларынан төлемдер жасаудан, сол сияқты өтпелі кезде (бір мезгілде) өзге экономикалық категориялардың қаржыларымен өзара іс-қимыл жасаудан – еңбекке ақы төлеуден, есеп айырысулар жүйесіндегі бағадан, қаржы қатынастарының бірте-бірте жоғалып кетуінен және өзге экономикалық қатынастардың қолданысқа енгізілуінен, олардың ерекшелігі көрінетін болады. Азаматтардың жеке және шағын кәсіпкерлікпен айналысуымен байланысты, осы буында ауқымды қаржылық қатынастар туындайды: осындай қатынастар шаруашылық субъектілері қаржыларының буынында туындайтын қатынастарға ұқсас.
Жалпы мемлекеттік қаржыларға, мемлекеттік бюджетте, негізінен, мемлекеттік қаржы жоспарындағы және қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорының пайда болу экономикалық формасы ретінде мемлекеттік бюджетте: қоғамдық қажеттіліктерді нысаналы қаржыландырудың қосымша формалары ретінде бюджеттен тыс арнайы қорларда, мемлекеттік несиеде көрсетілген қаржы қатынастары кіреді.
Мемлекеттік несие, несие қатынастары қаржы қатынастарынан ерекшеленетініне қарамастан, қаржы жүйесіне кіреді. Сонымен бірге, несиенің бұл түрі мемлекеттік бюджет тапшылығын жабуға, мемлекет қаржысының беріктігін қамтамасыз етуге бағытталғандығымен байланысты, ол бойынша есеп айырысулар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады, бұл ішкі буынды қаржы қатынастарына, сол сияқты несие жүйелеріне жатады деп есептеуге болады.
Екінші буын – қаржы субъектілерінің қаржылары төмендегідей екі салыстырмалы дербес ішкі буынға ие:
- материалдық өндіріс аясындағы (нақты сектордағы) шаруашылық субъектілерінің қаржылары;
- өндірістік емес аялар салаларындағы ұйымдар мен мекемелердің қаржылары.
Бірінші ішкі буында - өндірістік аялардың қаржыларымен өндірістік компаниялардағы, фирмалардағы, корпорациялардағы, шаруашылық қызметін ұйымдастырудың өзге формаларындағы орталықтандырылмаған ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру және оны тиімді пайдаланудағы, сондай-ақ аталған шаруашылық субъектілерінің жоғары тұрған органдарының нысаналы және резервтік қорларының қаражаттарын орталықтандырудағы міндеттері шешіледі. Осы ішкі буынның қаржылары өндірістік қызметке қызмет көрсетеді, еңбек өнімділігінің өсуіне, өндірістің өзге сапалық көрсеткіштері тиімділігінің артуына қаржы тұтқаларының белсенді ықпал етуін қамтамасыз етеді. Олардың төменгі буындары мен олардың жоғары тұрған органдарын қамтитын, оны құраушы келесі элементтер осыған жатады:
1) өнеркәсіптің өндірістік шаруашылық субъектілерінің қаржылары;
2) ауыл шаруашылығы шаруашылық субъектілерінің қаржылары;
3) жүк көлігінің (темір жол, өзен, теңіз, автомобиль, әуе, магистралдық, труба құбыры) қаржылары;
4) құрылыс қаржылары;
5) байланыс (өндіріске қызмет көрсету бөлігі бойынша) қаржылары;
6) өндірістік кооперация қаржылары;
7) су шаруашылығының қаржылары;
8) геологиялық барлау ұйымдарының қаржылары;
9) материалдық өндіріс аясындағы өзге ішкі салалардың қаржылары, (айналым жасау аясындағы өндіріс процесін жалғастырумен байланысты мемлекеттік сатып алулар, дайындау, сауда).
Екінші буынның – қаржы жүйесіндегі өндірістік емес аядағы қаржылардың орны мен рөлі, ұлттық табысты бөлу және пайдаланудағы оның байланысымен айқындалады. Осы ішкі буындағы қаржы қатынастары оның бастапқы құрылымдарында және олардың араларында, қаржы жүйесінің өзге буындарымен, өзге экономикалық жүйелердің: бағалардың, несиенің және т.б. буындарымен арада туындайды. Өндірістік емес аялар салаларындағы қаржыларға оны құрайтын мынадай элементтер кіреді:
1) тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық қаржылары;
2) халыққа тұрмыстық қызмет көрсету қаржылары;
3) жолаушылар көлігінің қаржылары;
4) тұтыну кооперациясының қаржылары;
5) бірқатар салалардың (байланыс және т.б.) қаржылары;
6) денсаулық сақтау және дене тәрбиесінің қаржылары;
7) білім беру қаржылары;
8) мәдениет пен өнер қаржылары;
9) ғылым мен ғылыми қызмет көрсету қаржылары;
10) қоғамдық ұйымдардың қаржылары;
11) банк-несие және сақтандыру ұйымдарының қаржылары;
12) комерциялық және делдалдық ұйымдардың (оның ішінде тауар және қор биржаларының, брокерлік кеңселердің, қорлардың және т.б.) қаржылары;
13) басқару органдарының қаржылары;
14) қорғаныс қаржылары;
15) құқық тәртібін қорғау органдарының қаржылары;
Екінші буында қаржы қатынастары, әртүрлі нысаналы сипаттағы ақша қаражаттарының алуан қорларын қалыптастыру арқылы оны алдағы уақытта тұтыну мақсатында оны қайта бөлу каналдары бойынша, осыған дейін жасалған құнның қозғалысына қызмет көрсетеді.
Қаржы қатынастарының буындарына тән орталықтандырылған және орталықсыздандырылған ақша қаражаттары қорларының жиынтығы қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды. Қаржылардың материалдық мазмұны көптеген ақша қорлары: бюджеттік, мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру және қамтамасыз ету, амортизациялар, айналым қаражаттары, тұтыну қорлары кіретін, қаржы ресурстарын қалыптастырудан және пайдаланудан көрінеді. Бір қорлар көп дәрежеде орталықтандырылған, ал өзге бір қорлар – тұрақты жұмсалып отырады (тұтыну қоры), ал тағы бір қорлар уақытша сақталады (резервтік қорлар), үшінші бір қорлар – жинақталады (амортизациялық аударымдар).
Қаржы қатынастарының формалары мен ақша қаражаттарының қорлары басқарылатын материалдық объектіні құрады. Қаржыларды басқарудың мемлекеттік және қоғамдық аппараты жүйесін білдіретін қаржы аппараты, басқарушы субъекті болып қатысады және қаржы жүйесінің үшінші бөлігі болып саналады.
Қаржы қызметін ұйымдастыру және жоспарлау процесінде экономикалық және бақылау жұмысымен айналысатын қаржы аппараты, қаржы қатынастары буындарының байланыстарын жетілдірумен, қаржы жүйесінің өзге бөліктерімен сыйымды бола отырып, органикалық түрде оған кіретін болады. Бұл қаржы жүйесінде бизнестік, сол сияқты қондырмалық қатынастардың бірге жүзеге асатынын және оның басқарымдылығын білдіреді.
