- •Қ.Б. Хасенов, м.Е. Рахымбердина, ж.Қ. Қалиғожина
- •050711 «Геодезия және картография» мамандығында
- •Пәннің мақсаты мен міндеті
- •Пәннің мақсаты
- •1.2 Пәнді оқудағы міндеттер
- •1.3 Зертханалық сабақтардың тізімі және студенттердің оларды қорғауларына қойылатын талаптар
- •- Жергілікті жердің стереомоделі бойынша автожолды трассалау;
- •2 Аэросуреттерді стереоскопта бағдарлау. Тура, кері және нольдік стереоәсер. Фотосуреттерде жеке объектілерді және жер бедерін зерттеу
- •2.1 Тура, кері және нольдік стереоәсерлерді алу
- •2.2 Стереоскоптың құрылымы
- •2.3 Стереоскоппен аэросуреттерді бағдарлау
- •3.1 Аэротүсірістің негізгі көрсеткіштерін есептеп шығару
- •3.2 Жабылу монтажын құрастыру
- •3 Зертханалық жұмыс
- •4.1 Аэросуреттер нүктелерінің масштабтарын есептеу
- •4.2 Пландағы нүктенің ығысуын есептеу
- •4.3 Жер бедерінен пайда болған түзу сызықтар мен бұрыштардың ауытқу өлшемдерін аэросуреттен табу
- •6 Жергілікті жердің стереомоделі бойынша автожолды трассалау
- •6.1 Аэросурет бойынша автожолдарды трассалау
- •6.2 Өлшеу нәтижелерін өндеу тәртібі
- •6.3 Трассаның негізгі варианттарын салыстыру
- •6.4 Пикедаждық журналды құрастыру
- •6.5 Түзулер және қисықтар ведомосін толтыру
- •7 Стереометр, оның бөліктері. Стереометрде суреттерді бастапқы бағыт бойынша бағдарлау. Суреттерді стандартты орналасқан алты нүктелер бойынша бағдарлау
- •7.2 Стереометрде аэросуреттерді центрлеу
- •7.3 Бастапқы бағыты бойынша аэросуреттерді бағдарлау
- •7.4 Стандартты орналасқан алты нүктелер бойынша аэросуреттерді бағдарлау
- •8 Ылдилығы берілген сызықтарды жүргізу
- •2.1 Тапсырманы орындау реті
- •9 Фотограмметриялық нивелирлеу
- •10 Стереометрде горизонтальдарды суреттеу
- •10.1 Горизантальдарды жүргізу үшін бойлық параллакстар бұрандасы бойынша есепті анықтау
- •10.2 Горизонтальдарды бейнелеу
- •Зертханалық жұмыс 10
- •11.1 Жұмысты орындау реті
- •12 Аэросуреттерді пландық жӘне биіктік байланыстыру
- •11 Зертханалық жұмыс
- •Сурет 10
- •Түзулер және қисықтар ведомосі
Пәннің мақсаты мен міндеті
Пәннің мақсаты
Әртүрлі инженерлік есептерді шешу үшін, топгорафиялық пландар мен карталарды құру, жобалау және пайдалану кездеріндегі орындалатын фотограмметриялық жұмыстар комплексін оқып үйрену.
1.2 Пәнді оқудағы міндеттер
Студенттер курсты оқу барысында:
аэрофототүсіріс жұмыстарының орындалу әдістерін, фотограмметриялық аспаптарының құрылымдарын, фотоматериалдармен стереоаспаптарда жұмыс істей білуі керек.
Практикалық мүмкіндіктерге ие болу: аэротүсірістің негізгі параметрлерін есептеу және ұшу түсірісінің сапасын бағалау, аэросуреттерді дешифрлеу, стереометрде жұмыс істеу, аэротүсіріс материалдарында автомобиль жолдарын фотограмметриялық нивелирлеу және горизонтальдарды суреттеу жұмыстарын орындау және әртүрлі инженерлік есептерді шешу.
1.3 Зертханалық сабақтардың тізімі және студенттердің оларды қорғауларына қойылатын талаптар
Оқу жоспары бойынша келесі жұмыстарды орындау қарастырылған:
- Аэросуреттерді стереоскопта бағдарлау. Тура, кері және нольдік стереоәсер. Фотосуреттерде жеке объектілерді және жер бедерін зерттеу;
- Аэросуреттің негізгі параметрлерін есептеу. Жабылу монтажын құрастыру. Ұшу – түсіру жұмысының сапасына баға беру;
- Аэросуреттерде түзулерді, бұрыштарды және олардың жазық проекцияларын өлшеу. Жеке масштабтарын анықтау;
- Аэросуреттерді дешифрлеу;
- Жергілікті жердің стереомоделі бойынша автожолды трассалау;
- Стереометр, оның бөліктері. Стереометрде суреттерді бастапқы бағыт бойынша бағдарлау;
- Ылдилығы берілген сызықтарды жүргізу;
- Фотограмметриялық нивелирлеу;
- Стереометрде горизонтальдарды суреттеу;
- Жер учаскелердің аудандарын аэросуреттер бойынша анықтау;
- Аэросуреттерді пландық және биіктік байланыстыру;
Жұмысты орындау алдында студент теориялық материалдармен танысуы керек.
Зертханалық жұмыстар арнаулы дәптерге жазылады. Студент барлық бақылау сұрақтарына жауап беруі керек.
2 Аэросуреттерді стереоскопта бағдарлау. Тура, кері және нольдік стереоәсер. Фотосуреттерде жеке объектілерді және жер бедерін зерттеу
Зертханалық жұмыс 1
Жұмысты орындау үшін студентке 2 аэросурет (стереожұп), жер бетінің берілген учаскесінің картасы, стереоскоп беріледі.
Жұмыстың мақсаты:
- стереоскоптың құрылысын зерттеп тану;
- стереоскопта аэросуреттерді бағдарлауды үйрену;
- стереоскоп арқылы аэросуреттерден тура, кері және нольдік стереоәсерді алу;
- жекелеген объектілер мен жер бетінің элементтерін анықтап байқау.
2.1 Тура, кері және нольдік стереоәсерлерді алу
Стереоәсер деп екі қос суреттердің өзара беттесетін бөліктерін байқау кезінде жер бетінің кеңістіктік бейнесін қабылдау тереңдігі аталады. Екі қос суреттердің өзара беттесетін бөліктерін байқау кезінде жер бетінің кеңістіктік бейнесін жер бетінің стереоскопиялық модель деп аталады.
Жер бетінде екі нүктеден түсірілген жергілікті жердің жазық бейнесін байқау нәтижесінде алынған стереоскопиялық әсер жасанды деп аталады. Мұндай жасанды стереоәсерді алу үшін келесі шарттар орындалу керек:
- кеңістікте екі нүктеден түсірілген суреттердің бар болуы;
- әрбір көзбен тек қана бір суретті байқау;
- суреттердің өзара бағдарлауды орындау керек, яғни суреттерді бір біріне қатысты суретке түсіру кезіндегі қалпына келтіріп бақылау және де суреттердің базисін көз базисіне параллель орналастыру.
Суреттердің орналасу жағдайына байлынысты стереоәсердің тура, кері және нольдік түрлерін бақылайды. Егер суреттердің беттесетін бөліктері қатар орналастырса, онда тура стереоәсер алуға болады, яғни сол аэросуретті сол көзбен, ал оң аэросуретті оң көзбен бақылайды. Бұл жағдайда таулар тау сияқты көтеріңкі болады. Ал шұңқырлар шұңқыр тәріздес болады.
Егер аэросуреттердің орнын ауыстырып, оң аэрсуретті сол көзбен, ал сол аэросуретті оң көзбен қараса немесе 1800-қа бұрса, онда кері стереоәсер пайда болады. Бұл жағдайда жер беті керісінше көрінеді. Тау – шұңқыр тәріздес болады.
Ал екі аэросуретті 900-қа дейін бұрса, онда аэросуреттің бастапқы бағыты көз базисіне перпендикуляр болады. Бұл жағдайда стереомодельдің шығыңқы бөлігі жоғалып, нольдік стереомодель пайда болып, жер бетінің бейнесі жазық болады.
