Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ по фот каз 050711 2008.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

3.1 Аэротүсірістің негізгі көрсеткіштерін есептеп шығару

Аэротүсірістің негізгі көрсеткіштері 1 кестеде келтірілген варианттар бойынша есептелінеді.

Кесте 1- Бастапқы берілгендер

Атауы

Белгісі

Өлшем бірлігі

Тапсырма варианттары

1/6

2/7

3/8

4/9

5/10

1 Орта масштаб

1:mc

1: 10000

1:8000

1:6000

1:7000

1:5000

2 Фокустық қашықтық

fk

мм

100

200

100

70

200

3 Аэросурет форматы

ly x lx

см

18х18

18х18

18х18

18х18

18х18

4 Учаскенің ұзындығы

Dx

км

5

8

7

10

5

5 Учаскенің ені

Dy

км

2,8

3,5

3,6

4,1

3,0

6 Учаскедегі биіктіктің ауытқуы

h

м

70

150

80

90

100

Аэротүсірістің негізгі көрсеткіштері төмендегідей есептеліп шығарылады:

суретке түсіру орташа биіктігі, м:

Н0=mc× fk;

фотосуреттердің бойлық қайта беттесуі, %:

Px=50(1+ )+10;

фотосуреттердің көлденең қайта беттесуі, %:

Pу=50(1+ )-20;

суретке түсіру базисі, м:

;

Аэротүсіріс маршрутының жергілікті жердегі және масштабы 1:mк топографиялық картадағы ені:

, м; , мм

шектес аэротүсіріс маршруттары аралығындағы қашықтық, м:

,

учаскедегі маршруттар саны:

+1;

маршруттағы суреттер саны:

+2;

жалпы аэрофотосуреттердің саны:

.

Барлық есептеулер зертханалық сабақтарға арналған дәптерге жазылады.

3.2 Жабылу монтажын құрастыру

Жабылу монтажы қос аэросуреттерден біріңғай бастапқы бағыттардың параллельдігі және контурлардың ұқсастығы бойынша жасалады.

Біркелкі бейне контуры негізінде өзара ұқсастықты сақтай отырып, аэросуретке түсіру кезінде алынғандағыдай аэросуреттерді беттестіру арқылы рет ретімен жабылу монтажы жасалынады. Қос аэросуреттердің біріңғай нұсқасын үйлестіру үшін бір-біріне беттестіріп, үстіңгі аэросурет астыңғысын жауып тұратындай жиектерін беттестіріп отырады. Мұндай жағдайда әр суреттің нұсқасын алма кезек көріп отыруға болады. Осындай жедел ауытқушылық процесінде біріңғай нұсқалардың бір-біріне беттеспеуі жылжымалы сияқты көрінеді. Біріңғай нұсқадағы қос аэросуреттерді бір-біріне беттестіру үшін үстіңгі суретті жиектері дәл келетіндей етіп, жоғарғы суретті бүктеген сәтте нұсқаның ауытқу жағына жылжытса болғаны.

Сөйтіп әр аэросуретті бір-біріне беттестіріп салу арқылы біркелкі нұсқалардың ауытқушылығын байқап отыруға болады.

Осы тәсілмен барлық аэросуреттерді бір-біріне беттестіре салып, оларды бекіткеннен кейін жұмыс үшін берілген барлық аэросуреттерден маршруттың жабылу монтажы пайда болады.

3.3 Ұшу-түсіру жұмысының сапасына баға беру

3.3.1 Аэросуреттердің бойлық қайта беттесу шамасын анықтау

Аралас аэросуреттерді бойлық қайта беттесу көлемінде неғұрлым аз жабылған орындарын (сурет 3) сызғышпен жабылу монтажы бойынша анықтайды. Қайта жабылатын бөлігінің шағын және аэросуреттің барлық бойлығы өлшенеді.

Одан сон формула бойынша:

аэросуреттің өзара қайта жабылу көлемі есептелінеді.

Егер суреттердің бойлық қата беттесудің шамасы шекті шамасынан кем болған жағдайда барлық маршрут қайта аэротүсіріске жатады.

Сурет 3

3.3.2 Аэросуретке түсіру маршрутының түзу сызықтылығын анықтау

Аэросуретке түсіру маршрутының түзу сызықтылығын «λ» шеткі аэросурет маршрутының басты нүктесін қосатын аэросуреттің басты нүктесінен қисаю көлемі бағаланады (4 сурет). Түзу сызық емес көлемі маршрут суретіндегі бірінші және ең соңғы басты нүктелерін қосатын түзудің ұзындығы процентпен тағайындалады:

.

Сурет 4

3.3.3 Аэросуреттердің жақтарының маршрут бағытына параллель еместігін анықтау

Аэросуреттердің жақтарының маршрут бағытына параллель еместігі суреттердің жақтарының бағыты мен басты бағыттын арасында пайда болған «φ» бұрышпен сипатталады. Бұрышты өлшеу жабылу монтажында транспортирмен өлшенеді. Ол үшін «О» басты нүкте арқылы аэросурет жақтарына паралелль сызық жүргізеді. Мұндай жағдайда егер жүргізген сызық басты бағытқа дәл келсе, онда параллель еместігі болмайды. Кері жағдайда аэросуреттің басты бағыты мен жақтары арасында «φ» бұрышы пайда болады (5 сурет).

Сурет 5

Аэросуреттерде бастапқы бағыт қос суреттерде басты нүктелерін бойлық қайта беттесу зонасында олардың танылған бейнесін қосу арқылы жасалады. Аэросуреттегі басты нүктелердің орналасуын анықтау үшін, оларға координаталар осі жүргізіледі, ол өзара қарама-қарсы координаталық белгінің ортаңғы шығыңқы жері арқылы өтеді. Аэросурет абциссасының «х» осі аэросуреттер маршрутының бағытымен, ал «у» ординатасы маршрутқа кесе-көлденең болады. Аэросуреттің басты нүктесі деп оның координаталық осьтерінің қиылысқан жері алынады. Ал бастапқы бағыты қос суреттердің бойлық беттесу зонасында басты нүктелерін қосу арқылы жүргізіледі. Ол үшін бір аэросуреттің нүктесін аралас аэросурет нұсқасы бойынша ауыстырады.

3.3.4 Аэросуреттердің әртүрлі масштабтығын анықтау

Қос аэросуреттің әртүрлі масштабта екендігін анықтау үшін, олардың қайта беттесу зонасынан 2 жұп нұсқасын табады. Сызғыштың көмегімен алғашқы екі нұсқа аралығындағы қашықтықты « » аэросуретте 0,1 мм дәлдікпен және сол екінші аэросуреттегі « » нұсқамен өлшеп, одан соң « » есептеп шығарады:

Одан соң бір аэросуреттегі « » екінші екі нұсқаның (контурдың) арасын және одан ары екінші аэросуреттің нұсқаларын сол сияқты өлшейді. Одан соң есептеп шығарылады:

.

Егер және көлемі нольге тең болса, онда аэросуреттер бір маштабта, егер осы көлемі нольден ауытқыса, аэросуреттер әртүрлі маштабта.

3.3.5. Аэросурет маштабында суретке түсіру базисын анықтау

Суретке түсіру базисы екі аралас аэросуреттің бас нүктелері арасындағы 001 қашықтық басты бағыт болады (6– сурет).

001=в көлемі 0,1 мм дәлдікпен сызғыштың көмегімен өлшенеді.

Сурет 6

Тексеру сұрақтары

  • аэросуреттердің негізгі параметрін атау;

  • жабылу монтажын қалай құру керек;

  • ұшу-түсіру жұмыстарының сапасына баға беру бойынша параметрді есептеп шығару;

  • бастапқы бағытқа айқын баға беру;

  • аэросуреттегі басты нүкте орны қалай анықталады?

  • суретке түсіру базисі дегеңіміз не және оны қалай анықтайды?

4 АЭРОСУРЕТТЕРДЕ ТҮЗУЛЕРДІ, БҰРЫШТАРДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖАЗЫҚ ПРОЕКЦИЯЛАРЫН ӨЛШЕУ. ЖЕКЕ МАСШТАБТАРЫН АНЫҚТАУ