- •Қ.Б. Хасенов, м.Е. Рахымбердина, ж.Қ. Қалиғожина
- •050711 «Геодезия және картография» мамандығында
- •Пәннің мақсаты мен міндеті
- •Пәннің мақсаты
- •1.2 Пәнді оқудағы міндеттер
- •1.3 Зертханалық сабақтардың тізімі және студенттердің оларды қорғауларына қойылатын талаптар
- •- Жергілікті жердің стереомоделі бойынша автожолды трассалау;
- •2 Аэросуреттерді стереоскопта бағдарлау. Тура, кері және нольдік стереоәсер. Фотосуреттерде жеке объектілерді және жер бедерін зерттеу
- •2.1 Тура, кері және нольдік стереоәсерлерді алу
- •2.2 Стереоскоптың құрылымы
- •2.3 Стереоскоппен аэросуреттерді бағдарлау
- •3.1 Аэротүсірістің негізгі көрсеткіштерін есептеп шығару
- •3.2 Жабылу монтажын құрастыру
- •3 Зертханалық жұмыс
- •4.1 Аэросуреттер нүктелерінің масштабтарын есептеу
- •4.2 Пландағы нүктенің ығысуын есептеу
- •4.3 Жер бедерінен пайда болған түзу сызықтар мен бұрыштардың ауытқу өлшемдерін аэросуреттен табу
- •6 Жергілікті жердің стереомоделі бойынша автожолды трассалау
- •6.1 Аэросурет бойынша автожолдарды трассалау
- •6.2 Өлшеу нәтижелерін өндеу тәртібі
- •6.3 Трассаның негізгі варианттарын салыстыру
- •6.4 Пикедаждық журналды құрастыру
- •6.5 Түзулер және қисықтар ведомосін толтыру
- •7 Стереометр, оның бөліктері. Стереометрде суреттерді бастапқы бағыт бойынша бағдарлау. Суреттерді стандартты орналасқан алты нүктелер бойынша бағдарлау
- •7.2 Стереометрде аэросуреттерді центрлеу
- •7.3 Бастапқы бағыты бойынша аэросуреттерді бағдарлау
- •7.4 Стандартты орналасқан алты нүктелер бойынша аэросуреттерді бағдарлау
- •8 Ылдилығы берілген сызықтарды жүргізу
- •2.1 Тапсырманы орындау реті
- •9 Фотограмметриялық нивелирлеу
- •10 Стереометрде горизонтальдарды суреттеу
- •10.1 Горизантальдарды жүргізу үшін бойлық параллакстар бұрандасы бойынша есепті анықтау
- •10.2 Горизонтальдарды бейнелеу
- •Зертханалық жұмыс 10
- •11.1 Жұмысты орындау реті
- •12 Аэросуреттерді пландық жӘне биіктік байланыстыру
- •11 Зертханалық жұмыс
- •Сурет 10
- •Түзулер және қисықтар ведомосі
4.2 Пландағы нүктенің ығысуын есептеу
Нүктелердің бір бағытта сызықтық ығысуының өлшемдерін есептеу үшін координаталық осьтер жүргізіледі (жоғары координаталық белгі төменгімен, солы-оңымен қосылады) және аэросуреттің басты нүктесінің орны табылады (координаталық осьтердің қиылысуы). Аэросуретте белгіленген әрбір 3 нүкте басты нүктемен қосылады және сызғыштың көмегімен 0,1 мм-ге дейінгі дәлдікпен басты нүктеден белгіленген 3 нүктеге дейінгі қашықтық өлшенеді. Алынған мәліметтер вариантқа сәйкес түпті мәліметтердің 2-кестесіне жазылады. Жер бедерінің әсерінен нүктелер бейнесінің сызықтық ығысуын мына формуламен есептейді.
,
мұндағы hi – нүктенің жергілікті жерден өсімшесі,
ri – анықталатын нүктеден негізгі нүктеге дейінгі қашықтық,
Но – суретке түсіру биіктігі.
4.3 Жер бедерінен пайда болған түзу сызықтар мен бұрыштардың ауытқу өлшемдерін аэросуреттен табу
Бұл үшін фотосуреттен 3 нүкте түзу сызықтармен қосылады. Алынған үшбұрышта әр жағынан ұзындықтары 0,1 мм-ге дейінгі дәлдікпен сызғышпен (d1, d2, d3) және 1/40-ге дейінгі дәлдікпен бұрыштар (1/40, α1; α2; α3) транспортирмен өлшенеді. Одан кейін пландағы нүктенің есептелген ауытқу (бұрмалану) шамалары өлшеніп салынады. Өсімше аз болған жағдайда түзетулер нүктенің бейнесінен суреттің орталығына қарай, ал өсімше теріс болғанда аэросуреттің шетіне қарай белгіленеді. Нүктелердің жазық проекциясын осылайша аламыз.
Алынған
нүктелер пунктир сызықтармен өзара
қосылады. Алынған үшбұрыштың әр
қабырғаларының ұзындықтары 0,1 мм-ге
дейінгі дәлдікпен (d΄1,
d΄2,
d΄3)
сызғыш арқылы, ал бұрыштар 1/40
дәлдікпен (α΄1;
α2΄;
α΄3)
транспортирмен өлшенеді. Өлшеулердің
нәтижелері бойынша аэросуреттегі түзу
сызықтар мен бұрыштардың бұрмалану
өлшемдері есептеледі:
әр жағының ұзындықтарының ауытқуы:
Δdi=di- d΄i;
ұзындықтарының қатысты ауытқуы:
;
бұрыштардың ауытқуы:
Δαi=αi-α΄i.
Бақылау сұрақтары
аэросуреттегі нүкте бейнесу масштабының формуласы;
жер рельефінің әсерінен нүктенің ығысу формуласы;
оң және теріс ығысу бойынша салу, бағытын атау;
аэросуреттің негізгі нүктелерін атау;
аэросуреттің негізгі сызықтарын атау.
Әдебиет: [1] – 278. 285 – 289 б;
[2] – 367 – 372 б;
[3] – 205, 208 – 210 б;
[4] – 21 – 25 б.
5 АЭРОСУРЕТТЕРДІ ДЕШИФРЛЕУ
Зертханалық жұмыс 4
Жұмысты орындау үшін студентке 2 аэросурет (стереожұп), стереоскоп, лупа және масштабтық сызғыш беріледі.
Жұмыстың мақсаты: аэросуреттерді камералық дешифрлеуді үйрену.
Аэросуреттерді дешифрлеу дегеңіміз ол аэросуреттердің бейнесін зерттеп тану арқылы сондағы жеке объектілердің, жер бетінің элементтерін, олардың сандық және сапалық қасиеттерін, сипаттамаларын анықтау. Дешифрлеудің топографиялық және арнаулы түрлері бар. Топографиялық дешифрлеуде жер бетінің ситуациялық жағдайы мен жер бедері сипатталады, ал арнаулы дешифрлеуде оларға қосымша шаруашылықтың түрлі арнаулы мақсаттарын шешуге қажет жер бетінің объектілердің және оның элементтерін сипаттайды.
Түрлі объектілердің және жер беті элементтерінің фотобейнелердің мағналарын ашуда кеңінен қолданатын ерекше қасиеттерді дешифрлеу белгілері деп аталады. Дешифрлеу белгілердің тура және жанама түрлері бар.
Аэросуреттерді дешифрлеу объектілердің және жер контурларының мазмұны мен сипаты туралы түсінік беретіні айқын (тура) белгілерге негізделген. Бұл белгілер – бейненің пішіні, мөлшері, көлеңкесі, түсі және тағы с.с.
Суреттерді дешифрлеуді жеңілдетудің қосымша белгілеріне объектілердің көлеңкелері, олардың биіктігі мен өзара байланысы жатады. Көлеңкенің өлшемі мен құрылыстың биіктігі туралы тұжырым, оның нақты өлшемі жөнінде түсінік береді. Жолдың өзенмен қилысқан жері көбінесе көпірдің не өткелдің бар екенін көрсетеді.
Осы зертханалық сабақты орындау үшін 3 кестеде неғұрлым жиі кездесетін заттарды дешифрлеу жеңіл болуы үшін берілген екі қатар түсірілген аэросурет бойынша жердің стереоскопиялық моделі құрылады.
Кесте 3
№ |
Бейненің (контурдың) аты |
Бейненің сипаты және оның бөліктері |
Бейненің дешифрлеу белгілері |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Сулар (өзендер, көлдер) |
Өзендер- ирелеңденген сызықтар, көлдер-шұғыл сызылған дөңгелек бейнелер, жағалауда өсімдіктер болуы мүмкін |
Бірыңғай, біркелкі қара рең (түс). Ағысы қатты өзендер ашық күлгін немесе реңі ақ болады, өсімдігі күлгін түсті. |
2 |
Жыралар мен қазындылар |
Өсімдіктері жоқ, қабырғалары тік, жіңішке және терең жыралар. |
Көрінісі бірден көзге түсетін, фотоның түсі әр түрлі және биік қабақты сурет. |
3-кестенің жалғасы
|
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
3 |
Кепкен арна |
Ирелеңі үлкен |
Стереоскоппен қараған кезде ақ түсті, түбі кең екенін байқауға болады. |
4 |
Батпақ |
Қошқыл дағы бар үстіңгі беті талшықты |
Реңі ашық болған сайын батпақ кебіңкі, сүрлеу және ағаштар болса батпақтан өтуге болады. Егер қара дақ және шеті анық көрінетін сызықша болса батпақтан өтуге болмайды. |
5 |
Орман алқабы |
Ағаштардың ұшар басы ашық және аралары көлеңке болса, бейне құрылымы түйіршікті. |
Жапырықты орман қылқандыдан едәуір жарық. Жапырақты ағаштардың ұшар басындағы көлеңке дөңгелек, шырша мен жапырақты ағаш сүйір, биік, ал қарағай тісті болады. Жемісті бақтардың ағаштары қатар тізіледі. Бұталардың ұшар басы жиыңқы және суреттегі бейнесінде аласа болып келеді. Ағаштары кесілген орман учаскесі ашық реңді болады. |
6 |
Жол |
Темір |
Күлгін түзу сызықты, ирелеңкі біркелкі кең алқабы алыстау. Үйінділер көлеңкесі, шұңқырлар, станциялар, разъездер көрінеді. Автожолдармен түзу бұрыш арқылы кесіп өтеді. |
7 |
Жол |
Беті төселген автомобиль жолы |
Үлкен кең сызығы, өзге жолдармен киылысады, ылдиы бар. Түсі теміржолға қарағанда ашық. |
8 |
Жол |
Топырақ төселген |
Жуандықтары әр түрлі ирелеңдеген сызық. |
9 |
Тунельдер |
Жол сызығының бейнесі үйлесімсіз |
Жолдың кедергілері кірме және шығатын күлгін түсті жақтары бар. |
10 |
Елді мекендер |
Қала үлгісінде |
Көше жүйесімен жасалған тор, қара бір-біріне перпендикуляр. Квартал аралық кеңістікте бір-біріне тығыз орналасқан құрылыстар көрінеді. |
11 |
Елді мекендер |
Ауыл үлгісінде |
Көлемі шағын, келбеті бойынша бір үлгідегі, әртүрлі сызық түрінде көрінетін учаскелері, бір жақта немесе екі жақта салынған көше бойындағы үйлер. |
12 |
Жер бедері |
Төбелі тау сілемдері |
Көзге бірден түсетін шекарасы және фото бейнесі бойынша. |
Дешифрлеудің қорытындысы шартты белгімен калькаға көшіріледі немесе объектінің кезек реті дешифрлеу кестесіне жазылады. Кестеде (нұсқаның) контурдың атауы, сипаттамасы, дешифрлеудің негізгі белгілері көрсетіледі.
Дешифрлеу кестесінің үлгісі
№ |
Контурдың (бейненің) аты |
Контурдың сипаты |
Контурдың дешифрлеу белгілері |
1 |
Жол |
Топырақ |
Түрлі қалыңдықтағы ашық ирек сызық. |
... |
... |
|
|
Бақылау сұрақтары
дешифрлеуді анықтау;
дешифрлеудің белгілері;
топографиялық дешифрлеу;
арнаулы дешифрлеу;
дешифрлеу түрлерін атап өтіңіз;
Әдебиет: [3] – 31-55 б.;
[10] – 203 – 218 б.
