- •Мазмұны
- •1 Соңғы кәсіби жұмыста ұйымдастырылатын өндірістік қауіпсіздіктің негізгі ережелері
- •2 Дипломдық жобаның «Қауіпсіздік және еңбек қорғау» бөлімінің ұсынылатын мазмұны
- •2.1 Кәсіпорын алаңын жоспарлау және жайластыру, санитарлы қорғаныс аймағы
- •2.2 Технологиялық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану және орналастыру
- •2.3 Көтеру-көліктік құрылғылар
- •Шу және дірілмен күресу іс-шаралары
- •2.4 Электрқауіпсіздігі
- •Электр тоғымен зақымдану дәрежесі бойынша ғимараттарды топтастыру (эқе нен таңдама)
- •Қысыммен жұмыс атқаратын қондырғылардың қауіпсіздігі
- •2.7 Ауаның шаңдылығы және газдылығымен күресу іс-шаралары
- •2.8 Табиғи және техногенді сипаттағы тж кезінде нысандарды қорғау бойынша іс-шаралар
- •2.9 Тж зардаптарын жою
- •2.10 Жұмыс орнындағы микроклиматтың нормативті көрсеткіштерін қамтамасыз ету
- •2.11 Жұмыс орындарын аттестациядан өткізу
- •2.12 Техникалық регламенттің талаптарын енгізу
- •2.13 Нормативті жарықтандыруды қамтамасыз ету
- •2.14 Өрт жарылыс қауіпсіздігі
- •2.15 Қоршаған ортаға жобаланатын өндірістің жағымсыз әсері мәселелері
- •Ұсынылған әдебиттер тізімі
- •Қосымша
- •1 Қосымша дипломдық жобаның «тіршілік қауіпсіздігі мен еңбек қорғау » бөліміндегі жеке жасауға арналған жеке тапсырманың мысалы түріндегі тізімі (бөлімнің кеңесшісімен келісу қажет)
- •Техникалық жүйелердің қауіпсіздігі
- •Өрт жарылыс қауіпсізідігі
- •Өндірістік санитария
- •Төтенше жағдайдағы қорғаныс
- •Қоршаған ортаны қорғау
- •2 Қосымша дипломдық жобаның «қауіпсіздік және еңбек қорғау» бөлімінде жұмыс істеу кезіндегі ұсынылатын, нормативті құжаттардың тізімі
- •3 Қосымша дипломдық жобаның «қауіпсіздік және еңбек қорғау» бөлімінде жұмыс істеу кезіндегі ұсынылатын техникалық регламенттердің тізімі
- •Дипломдық жобадағы барлық студенттер мамандықтарының «Қауіпсіздік және еңбек қорғау» бөлімін орындауға арналған әдістемелік нұсқау
2.11 Жұмыс орындарын аттестациядан өткізу
Еңбек жағдайы бойынша өндірістік объектілерді аттестациядан өткізу, бұл өндірістік объектілерді, цехтарды, учаскелерді қауіпсіздікті, зияндылықты, оларда жұмыс істейтін ауырлығы мен қауіпсіздік пен еңбек қорғау облысындағы жүргізілетін іс-әрекеттер.
Өндірістік объектілерді аттестациядан өткізуге кіретіндер:
- қауіпсіздік пен еңбек қорғау облысындағы нақты нормативтермен сәйкес ұйымдардың жұмыс орындарын аттесттациядан өткізу;
- қауіпсіздік пен еңбек қорғау облысындағы олардың нормативтерімен сәйкестігі бойынша ұйымдардың өндірістік объектілерін кешенді бағалау:
-еңбектің қауіптілігі мен зияндылығы дәрежесін бағалау;
-жарақат қауіпсіздігі дәрежесін бағалау мен ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету;
-жеке қорғаныс құралдарымен жұмыскерлердің қамтамасыз етілуін бағалау.
Өндірістік объектілерді аттестациядан өткізу нәтижесі келесідей мақсаттарда қолданылады:
- нормативті құқықтық актілердің талаптарымен сәйкес жұмыс орындары үшін еңбек қауіпсіздігі мен жағдайын жақсарту бойынша ұйымдық –техникалық шаралар кешенін өткізу;
- жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі мен өндірістік ортаның нақты жағдайының шарттарын бағалау;
- жұмыскерлерді қажетті жеке қорғаныс құралдарымен және ұйымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуін анықтау, олардың нақты жұмыс шартымен және оларға қойылатын стандарттар талаптарымен сәйкес келуін анықтау;
- кәсіби аурулар мен кәсіби аруларға диагноз қоюға қауіп туындаған кезде орындалатын жұмыс пен кәсіпке байланысты аурумен байланыстылығын анықтау үшін қауіпті немесе зиянды жұмыс жағдайында жұмыс фактісін тағайындау, сонымен бірге дау-дамайлы жағдайларды шешу мен басқада жағдайларда сот түрінде шешу кезінде жұмыс фактілерін анықтау қажет;
- өндірістік объектілерді немесе жабдықтарды пайдалануды (тоқтату), сонымен бірге технологияның өзгеруі туралы шешім қабылдау;
- еңбек жағдай туралы статистикалық есеп беруді жасау;
-жұмыскерлердің еңбектік міндеттерін (қызметтерін) орындауы кезінде, жұмыскердің денсаулығы мен өміріне келтірілген зиянына жұмыс берушінің жауаптылығын сақтандыру кезінде сақтандырушының (жұмыс берушінің) сақтандыру тарифін анықтау;
- Қазақстан Республикасының еңбектік заңнамаларымен қарастырылған, зиянды және қауіпті еңбек жағдайындағы жұмыстарда жұмыскерлерге жеңілдіктер мен жәрдем ақылар төлеуді негіздеу;
- зиянды өндірістік факторлар мен олардың әсерінен қорғау бойынша жүргізілетін шаралар туралы еңбек қорғау мен қауіпсіздік шарттары туралы жұмыскерлермен нақты ақпарат алу.
Алғашқы мәндері өндірістік және диплом алдындағы тәжірибеден өту кезінде жиналуы мүмкін. Алғашқы мәліметтер жоқ болған жағдайда бөлімнің кеңесшісімен келісуі қажет.
2.12 Техникалық регламенттің талаптарын енгізу
Техникалық реттеу – санитарлық және фитосанитарлық («Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы 1.46 ст) шаралардан басқа, бекітілген талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік бақылау мен аккретизациялау жағдайларын дәлелдеу бойынша іс-шараларды қоса отырып, үрдістерге, қызметтерге, өнімдерге қойылатын ерікті және міндетті түрдегі талаптарды орындау және қабылдаумен, бекітумен, анықтаумен байланысты құқықтық және нормативті қарым-қатнасты реттеу.
Техникалық регламент - ИСО, МЕСТ, ТР және басқа стандарттармен салыстырғанда, техникалық реттеу (өнімдерге, сонымен бірге ғимараттарға, құрылыстарға, үймереттерге, өндіріс үрдістеріне пайдалануға, сақтауға, тасмалдауға, жүзеге асыруға және жоюға) объектілеріне қойылатын талаптарды орындау мен қабылдауға арналған міндетті түрдегі орындалатын құжат (нормативті құқықтық акт).
Техникалық регламенттер міндетті түрде сипатталынады, бірақ қауіпсіздік облысында минималды қажетті талаптар ғана бекіте алады, кейде белгілі бір мақсаттарда ғана қолданылуы мүмкін, әсіресе:
а) азаматтардың денсаулығы мен өмірін, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың мүлігін, мемлекеттік немесе муниципалды мүлігін қорғауда;
б) қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктердің денсаулығы мен өмірін қорғауда;
в) тұтынушыларды адастыруға алып келетін іс-әрекеттердің алдын-алуда;
г) энергетикалық тиімділікті қамтамасыз етуде.
Техникалық реттеу мен метрология облысындағы регламенттейтін жұмыстар, нормативті құқықтық актілері, болатын:
-«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
-«Өлшем бірліктердің бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
-«Сәйкестікті бағалау облысындағы аккредитация туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- 2010 – 2014 жылдардағы Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуы бойынша мемлекеттік бағдарлама;
- 2010 – 2014 жылдардағы Қазақстан Республикасының сапа инфрақұрылымын құру мен техникалық реттеу бойынша салалық бағдарлама.
Өнім шығаратын жұмыстарда, технологиялық үрдістердің қауіпсіздігінде, шығарылатын өнімде және т.б. нақты техникалық регламенттермен сәйкестігі дәлелденуі қажет, кейде олар жоқ болса- стандарттармен немесе басқа нормативті құжаттармен дәлелденуі қажет. 3 –қосымшада ҚР қабылдаған, техникалық регламенттерінің тізімі келтірілген.
