- •Мазмұны
- •1 Соңғы кәсіби жұмыста ұйымдастырылатын өндірістік қауіпсіздіктің негізгі ережелері
- •2 Дипломдық жобаның «Қауіпсіздік және еңбек қорғау» бөлімінің ұсынылатын мазмұны
- •2.1 Кәсіпорын алаңын жоспарлау және жайластыру, санитарлы қорғаныс аймағы
- •2.2 Технологиялық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану және орналастыру
- •2.3 Көтеру-көліктік құрылғылар
- •Шу және дірілмен күресу іс-шаралары
- •2.4 Электрқауіпсіздігі
- •Электр тоғымен зақымдану дәрежесі бойынша ғимараттарды топтастыру (эқе нен таңдама)
- •Қысыммен жұмыс атқаратын қондырғылардың қауіпсіздігі
- •2.7 Ауаның шаңдылығы және газдылығымен күресу іс-шаралары
- •2.8 Табиғи және техногенді сипаттағы тж кезінде нысандарды қорғау бойынша іс-шаралар
- •2.9 Тж зардаптарын жою
- •2.10 Жұмыс орнындағы микроклиматтың нормативті көрсеткіштерін қамтамасыз ету
- •2.11 Жұмыс орындарын аттестациядан өткізу
- •2.12 Техникалық регламенттің талаптарын енгізу
- •2.13 Нормативті жарықтандыруды қамтамасыз ету
- •2.14 Өрт жарылыс қауіпсіздігі
- •2.15 Қоршаған ортаға жобаланатын өндірістің жағымсыз әсері мәселелері
- •Ұсынылған әдебиттер тізімі
- •Қосымша
- •1 Қосымша дипломдық жобаның «тіршілік қауіпсіздігі мен еңбек қорғау » бөліміндегі жеке жасауға арналған жеке тапсырманың мысалы түріндегі тізімі (бөлімнің кеңесшісімен келісу қажет)
- •Техникалық жүйелердің қауіпсіздігі
- •Өрт жарылыс қауіпсізідігі
- •Өндірістік санитария
- •Төтенше жағдайдағы қорғаныс
- •Қоршаған ортаны қорғау
- •2 Қосымша дипломдық жобаның «қауіпсіздік және еңбек қорғау» бөлімінде жұмыс істеу кезіндегі ұсынылатын, нормативті құжаттардың тізімі
- •3 Қосымша дипломдық жобаның «қауіпсіздік және еңбек қорғау» бөлімінде жұмыс істеу кезіндегі ұсынылатын техникалық регламенттердің тізімі
- •Дипломдық жобадағы барлық студенттер мамандықтарының «Қауіпсіздік және еңбек қорғау» бөлімін орындауға арналған әдістемелік нұсқау
2.10 Жұмыс орнындағы микроклиматтың нормативті көрсеткіштерін қамтамасыз ету
Жұмыс орындарында микроклиматтың тиімді (ЭЕМ бөлмелері, программистер, конструкторлар, зертханалар бөлмелері үшін) немесе рұқсат етілген (қоймалар, ашыту цехтары, дәнді дақылдарды өсіру орындарынан басқа, өндірістік ғимараттарда) көрсеткіштері қамтамасыз етілуі керек. Денеге күш түсетін жұмыстар категориясы олардың ауырлығы бойынша анықталады және 8-кестеде жылдың салқын және жылы мезгіліндегі өндірістік ғимараттардың жұмыс аймағындағы температураның, салыстырмалы ылғалдылықтың және ауа қозғалысының жылдамдығы шамалары салыстырылады.
Жұмыс шарты мен орындалатын жұмысқа, сонымен бірге жұмыс істейтін жабдықтың тұрған орнына байланысты (жылытылатын бөлме, жылытылмайтын бөлме немесе көшеде тұрып жұмыс істеу) адам ағзасына суықтық жарақат туындататын кері температуралардың әсерін төмендету бойынша шаралар жасалынады: микроклиматтың көрсеткіштерін еңбек жағдайы бойынша қамтамасыз ету үшін, сонымен бірге жұмыскерлерді ЖҚҚ қамтамасыз ету үшін техникалық сипаттағы құрылыстық, жылыту жүйелері, калориферлерді пайдалану, жылулық шатырлар және т.б. пайдалану, қарастырылады.
Азық –түліктік өндірістердің мекемелерінде көптеген өндірістік үрдістерді төмендетету жабдықтардан және материалдардан бөлінетін жылу бөлумен қатар жүреді. Өндірістік ғимараттарда температураның жоғарлауы нәтижесінде қоршаған ортамен адам денесінің жылу алмасуы бұзылады, ол жұмыскерге қолайсыз жағдай туындатады, оның жұмыс қабілеттілігін төмендетеді, ал микроклиматтың жоспарланған көрсеткіштерінен көп мөлшерде ауытқу болған кезде кәсіби аурулар туындайды және кейде жылулық соққының салдыранан есінен де танып қалады. Сонымен бірге жабдықтардың сыртқы беттері немесе қоршауыш құрылымдардың сыртқы беттерінің температурасы рұқсат етілген мөлшерден (450С) артқан кезде сол жабдықтарға жақындаған жұмыскерлердің қорғалмаған бөлігінде, тері қаптамаларында күйік пайда болады. Жабдықтардың немесе коммуникациялардың беттерінің жоғары температураға дейін қыздырылғандағы инфрақызыл сәулеленудің әсері, адам ағзасындағы морфологиялық және функционалды өзгерістерге алып келеді. Осыған байланысты дипломдық жобада жұмысшы орындарында микроклиматтың қажетті көрсеткіштерін қамтамасыз ететін шаралар жасалуы керек: желдету (жалпы-алмастырушы, жүйелі, ағымды, сорушы немесе аралас) кедергілерден қорғайтын қондырғылар, ауаны желдету және т.б.
Дипломдық жобада инфрақызыл сәулеленуден қорғауды қарастыру қажет- ыстық беттерді жылу оқшаулау, жылу бөлетін беттерді салқындату, сәулелену көздерін экрандау, ауалы суландыру, жұмыс пен демалыстың тиімді режимін ұйымдастыру.
8-кесте
Өндірістік ғимараттардағы микроклимат көрсеткіштерінің рұқсат етілген шамасы
Жыл мезгілдері |
Энергия шығыны деңгейі бойынша жұмыс категориясы, Вт |
Ауа температурасы °С |
Беттердің температурасы, °С |
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, % |
Ауа қозғалысының жылдамдығы, Кем емес, м/с |
|
||
Салқын |
Iа(до 139) Iб (140-174) IIа(175-232) IIб(233-290) III(более 290) |
20-25 19-24 17-23 15-22 13-21 |
19-26 18-25 16-24 14-23 12-22 |
15-75 15-75 15-75 15-75 15-75 |
0,1 0,1-0,2 0,1-0,3 0,2-0,4 0,2-0,4
|
|||
Жылы |
Iа(до 139) Iб (140-174) IIа(175-232) IIб(233-290) III(более 290) |
21-28 20-28 18-27 16-27 15-26 |
20-29 19-29 17-28 15-28 14-27 |
15-75 15-75 15-75 15-75 15-75 |
0,1-0,2 0,1-0,3 0,1-0,4 0,2-0,5 0,2-0,5 |
|||
