- •Мазмұны
- •1 Соңғы кәсіби жұмыста ұйымдастырылатын өндірістік қауіпсіздіктің негізгі ережелері
- •2 Дипломдық жобаның «Қауіпсіздік және еңбек қорғау» бөлімінің ұсынылатын мазмұны
- •2.1 Кәсіпорын алаңын жоспарлау және жайластыру, санитарлы қорғаныс аймағы
- •2.2 Технологиялық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану және орналастыру
- •2.3 Көтеру-көліктік құрылғылар
- •Шу және дірілмен күресу іс-шаралары
- •2.4 Электрқауіпсіздігі
- •Электр тоғымен зақымдану дәрежесі бойынша ғимараттарды топтастыру (эқе нен таңдама)
- •Қысыммен жұмыс атқаратын қондырғылардың қауіпсіздігі
- •2.7 Ауаның шаңдылығы және газдылығымен күресу іс-шаралары
- •2.8 Табиғи және техногенді сипаттағы тж кезінде нысандарды қорғау бойынша іс-шаралар
- •2.9 Тж зардаптарын жою
- •2.10 Жұмыс орнындағы микроклиматтың нормативті көрсеткіштерін қамтамасыз ету
- •2.11 Жұмыс орындарын аттестациядан өткізу
- •2.12 Техникалық регламенттің талаптарын енгізу
- •2.13 Нормативті жарықтандыруды қамтамасыз ету
- •2.14 Өрт жарылыс қауіпсіздігі
- •2.15 Қоршаған ортаға жобаланатын өндірістің жағымсыз әсері мәселелері
- •Ұсынылған әдебиттер тізімі
- •Қосымша
- •1 Қосымша дипломдық жобаның «тіршілік қауіпсіздігі мен еңбек қорғау » бөліміндегі жеке жасауға арналған жеке тапсырманың мысалы түріндегі тізімі (бөлімнің кеңесшісімен келісу қажет)
- •Техникалық жүйелердің қауіпсіздігі
- •Өрт жарылыс қауіпсізідігі
- •Өндірістік санитария
- •Төтенше жағдайдағы қорғаныс
- •Қоршаған ортаны қорғау
- •2 Қосымша дипломдық жобаның «қауіпсіздік және еңбек қорғау» бөлімінде жұмыс істеу кезіндегі ұсынылатын, нормативті құжаттардың тізімі
- •3 Қосымша дипломдық жобаның «қауіпсіздік және еңбек қорғау» бөлімінде жұмыс істеу кезіндегі ұсынылатын техникалық регламенттердің тізімі
- •Дипломдық жобадағы барлық студенттер мамандықтарының «Қауіпсіздік және еңбек қорғау» бөлімін орындауға арналған әдістемелік нұсқау
2.13 Нормативті жарықтандыруды қамтамасыз ету
Жобаланатын немесе қайта құрылатын объектілер немесе нақты тұрақты жұмыс орындары үшін, ажырату объектісінің ең кіші өлшемдері бойынша көру жұмыстары разряды мен сипаттамасын бекіту қажет. Фонмен бірге объекті контрасы мен фонның сипаттамасы бойынша жасанды жарықтандырудың нормативті мәндерін бекітуді лк және табиғиды –КЕО деп бекіту қажет.
Жобаланатын объектілер үшін табиғи жарықтандырудың рационалды түрін (жанындағы, жоғарғы немесе аралас), ал жасанды жарықтандыру үшін жарық көздерін және жарықшамдарды пайдалану қажет. Нақты жұмыс істеп тұрған өндірістерде жарықтандыру жүйесін жақсарту бойынша ұсыныс жасау қажет. Апаттық және эвакуациялық жасанды жарықтандыру сұрақтарын қарастыру қажет.
2.14 Өрт жарылыс қауіпсіздігі
Жобаланатын өндіріс ғимараттарының (9 және 10-кесте) жарылыс өрт қауіпсіздігі категориясына және жарылыс- немесе өрт қауіпті ғимараттар аймағы класына, ғимараттар мен үймереттердің өрт тұрақтылық дәрежесіне жатқызуға болатындығын анықтау.
Осы мәліметтер негізінде жарылыс пен өрттің таралуы мен алдын-алу, жарылыстан қорғану құралдары, өртті сөндіру құралдары, электрлік және басқада арнайы жабдықтар түрлерін өшіру құралдары, майлар, жанғыш сұйықтар бойынша шараларды жасау және дәлелдеу қажет.
9-кесте
Жарылыс өрт және өрт қауіпсіздігі бойынша ғимараттарды категорияға бөлу
Ғимарат категориясы |
Ғимараттағы заттар мен матриалдардың сипаттамалары |
А Жарылысөрт қауіпті
|
а) Жанғыш газдар, тұтану температурасы 280С –дан жоғары жеңіл тұтанатын сұйықтар, осындай көлемде олар бу-газ ауалы жарылыс қауіпті қоспалар түзуі мүмкін, тұтану кезінде ғимараттағы жарылыстың артық есептік қысымы 5 кПа асып кетеді; б) сумен, ауадағы оттегімен немесе бір-бірімен өзара байланысқа түскен кезде жарылуыға қабілетті материалдар мен заттар, сондай мөлшерде ғимараттағы жарылыстың артық есептік қысымы 5 кПа асып кетеді. |
Б Жарылыс өрт қауіпті |
Жанғыш шаңдар немесе мақта, тұтану температурасы 280С- дан жоғары жеңіл тұтанатын сұйықтар, сондай мөлшердегі сұйықтар жарылыс қауіпті шаң ауалы немесе бу ауалы қоспалар түзуі мүмкін, олар тұтану кезінде ғимаратта жарылыстың артық есептік қысымы 5 кПа асып кетеді |
В1 – В4 Өрт қауіпті В1-В4 категориялары бойынша ғимараттарды бөлу НПБ 105-03 –мен сәйкес меншікті өрттік жүктеме шамасы бойынша жүргізіледі |
Жанғыш және қиын жанатын жанғыш сұйықтар, қатты жанғыш және қиын жанғыш заттар мен материалдар (сонымен бірге шаңдар және талшықтар), сумен, оттегімен немесе бір-бірімен өзара байланысы кезінде жануға қабілетті заттар мен материалдар, ғимаратта ондай заттар болады және олармен жұмыс істеледі, А және Б категориясына жатпайды. |
Г
|
а) Жанбайтын заттар мен материалдар жанған, еріген немесе балқыған күйінде өңдеу үрдістерінде сәулелі жылудың, жалынның, ұшқынның бөлінуімен қатар жүреді; б) отын ретінде жанатын және жойылатын жанғыш газдар, сұйықтар және қатты заттар. |
Д |
Суық күйіндегі жанбайтын заттар мен материалдар; Д категориясына жатқызуға болады. Майлау, салқындату және гидрожетекті жабдықтарда 60 кг бірліктегі 0,2 МПа мөлшердегі жанғыш сұйықтары бар ғимараттарды, жабдықтарды, жұмыс орындарындағы жеке мүліктік заттарды, кабельді электрлік желілерді |
10-кесте
Жарылыс қауіпті және өрттік аймақтарды топтау (ӨБЭ)
Аймақтар класы |
Аймақтардың сипаттамалары |
Жарылыс қауіпті аймақтар |
|
В-I |
Ғимараттардағы орналасқан, аймақтарда белгілі мөлшерде және белгілі қасиеттерімен бөлінетін ЖТС булары немесе жанғыш газдар қалыпты жұмыс режимінде ауамен жарылыс қауіпті қоспалар түзуі мүмкін. |
В-Iа |
Ғимараттардағы орналасқан аймақтар, жарылыс қауіпті жанғыш газдар қоспаларын немесе ЖТС буларын қалыпты жағдайда пайдаланған кезде ауамен өзара байланысқан кезде жарылыс туындамайды, тек апат пен ақаулардың салдарынан ғана болуы мүмкін. |
В-Iб |
Ғимараттардағы орналасқан аймақтар, жарылыс қауіпті жанғыш газдар қоспаларын немесе ЖТС буларын қалыпты жағдайда пайдаланған кезде ауамен өзара байланысқан кезде жарылыс туындамайды, тек апат пен ақаулардың салдарынан ғана болуы мүмкін, ол келесі ерекшеліктерімен ерекшеленеді: - жанғыш газдар ЖТТКШ 15% және жоғары, тұншықтырғыш исі бар; - газ түріндегі сутегімен жұмыс істеумен байланысты өндіріс ғимараттарында технологиялық үрдістердің шарты бойынша жарылыс қауіпті қоспа ғимараттың бос көлемінен 5% асып кетсе ғимараттың жоғарғы бөлігінде ғана жарылыс қауіпті аймақ түзуі мүмкін |
В-Iг |
Сыртқы қондырғылардағы кеңістікте: жанғыш газдар немесе ЖТС бар технологиялық қондырғылар |
В-II |
Ғимараттағы орналасқан, шаңдар немесе талшықтар қалқыған күйінде бөлінетін, аймақтарда қалыпты жұмыс режимінде ауамен жарылыс қауіпті қоспа түзуі мүмкін. |
В-IIа |
Қауіпті жағдайы В-да көрсетілген, ғимаратта орналасқан, аймақ, апат немесе ақаулардың салдарынан ғана жарылыс болуы мүмкін. |
Өрт қауіпті аймақтар |
|
П-I |
Жанғыш сұйықтармен жұмыс істейтін, ғимаратта орналасқан аймақ. |
П-II |
Ауа көлеміне 65г/м3-тан жоғары ТКПР –мен жанғыш шаңдар мен талшықтар бөлінетін, ғимараттағы орналасқан, аймақтар. |
П-IIа |
Қатты жанғыш заттармен жұмыс істейтін, ғимараттағы орналасқан, аймақтар. |
П-III |
Жанғыш сұйықтар немесе қатты жанғыш заттармен жұмыс істейтін, ғимараттың сыртындағы орналасқан аймақ. |
