- •Мазмұны
- •1 Соңғы кәсіби жұмыста ұйымдастырылатын өндірістік қауіпсіздіктің негізгі ережелері
- •2 Дипломдық жобаның «Қауіпсіздік және еңбек қорғау» бөлімінің ұсынылатын мазмұны
- •2.1 Кәсіпорын алаңын жоспарлау және жайластыру, санитарлы қорғаныс аймағы
- •2.2 Технологиялық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану және орналастыру
- •2.3 Көтеру-көліктік құрылғылар
- •Шу және дірілмен күресу іс-шаралары
- •2.4 Электрқауіпсіздігі
- •Электр тоғымен зақымдану дәрежесі бойынша ғимараттарды топтастыру (эқе нен таңдама)
- •Қысыммен жұмыс атқаратын қондырғылардың қауіпсіздігі
- •2.7 Ауаның шаңдылығы және газдылығымен күресу іс-шаралары
- •2.8 Табиғи және техногенді сипаттағы тж кезінде нысандарды қорғау бойынша іс-шаралар
- •2.9 Тж зардаптарын жою
- •2.10 Жұмыс орнындағы микроклиматтың нормативті көрсеткіштерін қамтамасыз ету
- •2.11 Жұмыс орындарын аттестациядан өткізу
- •2.12 Техникалық регламенттің талаптарын енгізу
- •2.13 Нормативті жарықтандыруды қамтамасыз ету
- •2.14 Өрт жарылыс қауіпсіздігі
- •2.15 Қоршаған ортаға жобаланатын өндірістің жағымсыз әсері мәселелері
- •Ұсынылған әдебиттер тізімі
- •Қосымша
- •1 Қосымша дипломдық жобаның «тіршілік қауіпсіздігі мен еңбек қорғау » бөліміндегі жеке жасауға арналған жеке тапсырманың мысалы түріндегі тізімі (бөлімнің кеңесшісімен келісу қажет)
- •Техникалық жүйелердің қауіпсіздігі
- •Өрт жарылыс қауіпсізідігі
- •Өндірістік санитария
- •Төтенше жағдайдағы қорғаныс
- •Қоршаған ортаны қорғау
- •2 Қосымша дипломдық жобаның «қауіпсіздік және еңбек қорғау» бөлімінде жұмыс істеу кезіндегі ұсынылатын, нормативті құжаттардың тізімі
- •3 Қосымша дипломдық жобаның «қауіпсіздік және еңбек қорғау» бөлімінде жұмыс істеу кезіндегі ұсынылатын техникалық регламенттердің тізімі
- •Дипломдық жобадағы барлық студенттер мамандықтарының «Қауіпсіздік және еңбек қорғау» бөлімін орындауға арналған әдістемелік нұсқау
2.4 Электрқауіпсіздігі
Электр тоғымен зақымдалу дәрежесіне сәйкес электр қондырғыларымен жабдықталған ғимарат класын белгілеу қажет.
Белгіленген класс негізделген нышандарды көрсету қажет.
Электр тоғымен зақымдалудан қорғану іс-шараларын, электр желілерінде қысқа тұйықталудың нәтижесінде жарылыс пен өрттердің пайда болуынан қорғаныс (арнайы орындалған электр қондырғыларын пайдалану; қауіпсіз кернеулік, күштік және жарықтандырғыш желілердің тоқ өткізгіш бөліктерін оқшаулау; оларды қолмен ұстап қалудан жеткіліксіз жерге орналастыру; блоктауды, ескерту дабылдарын қолдану; қорғаныстық жерсіндіру мен өшіп қалуды; жеке қорғаныс құралдарын пайдалану т.с.с.).
Кесте 3
Электр тоғымен зақымдану дәрежесі бойынша ғимараттарды топтастыру (эқе нен таңдама)
Ғимарат класы |
Белгілері |
Жоғары қауіптілігі жоқ |
Өзге класс ғимараттарының белгілері жоқ |
Жоғары қауіптілікті |
-ылғал (меншікті ылғалдылық 75% дан жоғары); - тоқ өткізгіш шаң бөлінеді; - тоқ өткізгіш еденнің болуы (металл, жер, темір бетонды, кірпіш және т.б.); -жоғары температура (тұрақты түрде немесе оқтын-оқтын 35°С тан жоғары болып тұрады); - адамның бір мезетте бір жағынан ғимараттың жерсіндірілген метал жабдықтарымен, технологиялық қондырғыларымен, механизмдермен және т.б. екінші жағынан электр қондырғысының қаптамасымен жанасуы. |
Аса қауіпті |
- аса ылғалды (меншікті ылғалдылық 100% ға жақын); - химиялық активті немесе агрессивті орта; - жоғары қауіптілікті ғимараттың мір мезетте екі немесе одан да көп белгілерінің болуы. |
Қысыммен жұмыс атқаратын қондырғылардың қауіпсіздігі
Қысыммен жұмыс атқаратын қондырғыны қарастыру, Мемтехбақылау ұйымының тіркеуіне жататындарын және кәсіпорын әкімшілігінің бақылауында болатындарын анықтау қажет. Қысыммен жұмыс істейтін әр жабдыққа қатысты зиянды және қауіпті факторлар мен мүмкін болатын апат себептерін анықтау қажет.
Қысыммен жұмыс істейтін әр жабдыққа қатысты бақылаушы-өлшегіш аппаратураны, қауіпсіздік жабдықтары мен автоматикасын таңдап, оларды негіздеу қажет. Қысыммен жұмыс істейтін жабдыққа қойылатын қауіпсіздік талаптарын, оны орналастыруға лайықты ғимарат пен қызмет атқаратын жұмысшыларға деген талаптарды негіздеу қажет.
Шу және дірілмен күресу іс-шаралары
Ғимараттағы шу мен дірілдің пайда болу көздері белгіленеді және ғимараттағы діріл акустикалық активті қондырғыларды есепке ала отырып, жұмыс орындарындағы олардың нақты деңгейлері бағаланады.
Шекті рұқсат етілген дыбыс қысымдары, дыбыс деңгейлері, дыбыстың эквивалентті деңгейі (кесте 4), діріл үдетуінің және діріл жылдамдығының шекті деңгейлері, сонымен қатар оның түзетілген, эквивалентті түзетілген деңгейлері (кесте 5) анықталады.
Кесте 4
Өндірістік ғимарат жұмыс орындарындағы және кәсіпорын аймағындағы дыбыс қысымының деңгейлері, дыбыс деңгейлері және эквивалентті дыбыс деңгейлері
Жұмыс орындары
|
Орташа геометриялық жиілікті октавты жолақтардағы дыбыс қысымының деңгейлері (дБ), Гц |
Дыбыс деңгейлері және эквивалентті дыбыс деңгейлері, дБА
|
||||||||
31,5 |
63 |
125 |
250 |
500 |
1000 |
2000 |
4000 |
8000 |
||
1 |
86 |
71 |
61 |
54 |
49 |
45 |
42 |
40 |
38 |
50 |
2 |
93 |
79 |
70 |
68 |
58 |
55 |
52 |
52 |
49 |
60 |
3 |
96 |
83 |
74 |
68 |
63 |
60 |
57 |
55 |
54 |
65 |
4 |
103 |
91 |
83 |
77 |
73 |
70 |
68 |
66 |
64 |
75 |
5 |
107 |
95 |
87 |
82 |
78 |
75 |
73 |
71 |
69 |
80 |
Жұмыс орындарының тізімі:
1 – дирекция, жобалау-құрастырушы бюро, есептеушілер, есептеу машиналары, теориялық жұмыстар мен мәліметтерді өңдеу зертханалары, науқастарды қабылдау және емдеу пункттері ғимараттарында;
2- цехтық басқару аппаратының, кеңселер мен зертханалар ғимараттарында;
3- диспетчерлік қызмет, телефон желісі арқылы дауыстық байланыс арқылы қашықтықтан басқару және бақылау ғимараттарында, машиналы жазбалы бюроларда, нақты жинақтау аймақтарында, телефон және телеграф бекеттерінде, шеберлер ғимаратында, есептеу машиналарында ақпараттарды өңдеу залдарында.
4- телефон желісі арқылы дауыстық байланысы жоқ қашықтықтан басқару кабиналарының пульттарында, шулы қондырғылармен жабдықталған зертханаларда, сонымен қатар есептеу машиналарының шу шығарушы агрегаттары орнатылған ғимараттарда;
5 – өндірістік ғимараттардағы тұрақты жұмыс орындарында және кәсіпорын аумағында.
Кесте 5
Өндірістік ғимараттардың тұрақты жұмыс орындарындағы технологиялық дірілдің санитарлық нормалары
Жолақтардың ортагеометриялық жиіліктері, Гц |
X0,Y0,Z0 өстері бойынша шекті рұқсат етілген мәндері |
|||
дірілүдету |
дірілжылдамдық |
|||
м/с2 |
дБ |
м/с∙10-2 |
дБ |
|
2,0 |
0,14 |
103 |
1,3 |
108 |
4,0 |
0,10 |
100 |
0,45 |
99 |
8,0 |
0,10 |
100 |
0,22 |
93 |
16,0 |
0,20 |
106 |
0,20 |
92 |
31,5 |
0,40 |
112 |
0,20 |
92 |
63,0 |
0,79 |
118 |
0,20 |
92 |
Түзетілген және эквивалентті түзетілген мәндері мен деңгейлері |
0,10 |
100 |
0,20 |
92 |
Шу мен дірілдің шекті және одан жоғары деңгейлерінде оларды төмендетуге қажетті деңгейлер анықталады, осыған сүйене отырып шығару көздеріне әсер ету, дыбыс оқшаулауыш және дыбыс сіңіруші, діріл оқшаулауыш және діріл сіңіруші құралдарды, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану іс-шаралары ұйымдастырылады.
