Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУдля всех спец. по ОТ каз.вар.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2.2 Технологиялық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану және орналастыру

Цех ішінде (өндірістік ғимарат ішінде) қондырғыларды орналастыру тәсімдері технологиялық сұлбаның талаптарын ескере отырып, яғни қызметкерлерге арналған өтпелдер мен цехішілік көліктерге арналған өту жолдарының минималды ені ұйымдастырылады.

Жобаланатын технологиялық үрдіс пен қондырғыларды зерттеу негізінде құрамында: айналмалы және қозғалмалы элементтері бар, жұмыстардың биіктікте орындалуымен, жүктердің биіктікте тасымалдануымен сипатталатын, электрлік желісінің жоғары кернеуінде жұмыс істеуімен, жоғары немесе төмеңгі температурадағы элементтері немесе беттік аймақтарымен, бу немесе жоғары температурадағы судың бөліну мүмкіндігі бар аймақтарымен т.б. сипатталатын жарақат қауіпті аймақтар белгіленеді.

Жарақаттардың алдын-алу іс-шаралары (қоршаулы, қорғаушы, тежекті құрылғылар, қашықтықтан басқару, жабдықтар арасында, ғимараттың құрылыс элементтері мен жабдықтар арасында алшақтықтар ұйымдастырылады, желілердің айқындауыш бояулары болады, сусымалы материалдарды шығару кезіндегі қауіпсіздік іс-шаралары, апаттық дабыл секілді ескертулер, апаттық өшіп қалу т.б.), сонымен қатар апаттық жағдайлардың алдын-алу (ЭЕМ көмегімен қондырғыларды басқару, автоматтық бақылау және дабыл, өндірістік үрдістерді автоматтандыру, жұмыс көрсеткіштерін, зиянды және қауіпті факторларды бақылау жылдамдығы, блоктауыштар және шектеуіштер, бақылауыш-өлшеуіш құралдар, аса жүктемеден қорғаныс, қадағалаулар мен талдау жұмыстары) іс-шаралары ұйымдастырылады. Қауіпсіздік және эргономика тұрғысынан басқару пульттарына, сонымен қатар қызметкерлердің жұмыс орындарын ұйымдастыруға мұқият назар аударған жөн.

2.3 Көтеру-көліктік құрылғылар

Шикізатты, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімді еңгізу, көтеру және тасымалдау бойынша қолмен атқаратын жұмыстарды механизациялау кәсіпорындағы еңбек шарттарының қауіпсіздігін және жеңілдігін қамтамасыз етуге себеп болады.

Қауіпсіздік техникасының талаптарына сай қолмен көтеру механизмдерінде қауіпсіз ұстағыштар көзделуі керек; электрлік жүккөтергіштерде кинематикалық тізбек қатаңдығы қарастырылуы қажет, көтергіштерде ұстағыштары бар жылдамдықты тежегіштер жасалуы, жылжымалы жүктерді ұстау мен басып қалуға негізделген құрылғыларда өздігінен үзіліп кету мүмкіндігі болмауы қажет, механизмдердің қозғалысын шектеу мақсатында кинематикалық тізбекке соңғы ажыратқыш құралдар еңгізіледі. Машинаның барлық жеңіл қол жетімді және қозғалыстағы бөліктері металл қоршаулармен жабылуы керек.

Қозғалыстағы жүктің салмағы қосалқы жабдықтардың, яғни басып қалғыш, арқандарды ескере отырып, механизмдердің жүк көтергіштігінен аспауы қажет.

Арқандардың мықтылығы созылымға және иілімге тексеріліп есептелуі қажет. Сонымен қатар тасымалдағыш үлесінің де қауіпсіз жүктемесі есептелуі қажет.

Конвейерлер құрылысының қауіпсіздік талаптары да ескеріледі (пайдалану қауіпсіздігі, жетекті бекеттер басқарылуын шоғырлау, жарықтық және дыбыстық дабылдардың болуы және т.б.).

Көлбеу түспелер, науалар, тартпалар тасымалданатын заттың (ыдыстың) қажалу коэффициентін және сырғымалы беттік қабатын ескеретіндей етіп көлбеу бұрышта жобалануы керек, осылайша 1 ÷ 1,5 м/сек шамасында жүктердің тасымалдануының қауіпсіз жылдамдығын қамтамасыз етуі қажет.