- •1.Қаржылық қызметтің түсінігі, маңызы, мақсаты.
- •2.Қр банкілік жүйесі.
- •4.Қаржылық қызметтің міндеттері ж/е функциялары: ақша қорларын қалыптастыру, бөлу ж/е бақылау функциялары.
- •5.Қ р Ұлттық Банкісінің құқықтық жағдайы.
- •6.Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзірлеу тәртібін корсетіңіз.
- •7.Қаржының материалды категория ретіндегі ж/е экономикалық категория ретіндегі түсінігі.
- •8. Қазақстын Республикасындағы салықтық жүйе.
- •11.Қазақстан Респуликасындағы міндетті сақтандыру түрлері.
- •15.Чекте міндетті түрде қандай мәліметтер көрсетілуі керек?
- •14.Жергілікті бюджеттер дегеніміз не?
- •21.Республикалық бюджет жобасын қарау тәртібі.
- •22.Қаржылық құқықтың реттеу әдістері, олардың белгілері.
- •23.Қ р Ұлттық Банкісінің ақша банкноталары мен монеталарын эмиссиялау функциясы.
- •24.Жергілікті бюджет жобасын қарау тәртібі.
- •25.Қаржылық құқықтық нормалар, түсінігі,белгілері, ерекшеліктері, құрылысы.
- •26.Ақша айналымын реттеу әдістеріне қандай әдістер жатады?
- •27.Республикалық бюджет жобасын бекіту тәртібі.
- •28.Қаржылық құқықтық нормалардың түрлері.
- •29.Қ р ақша жүйесінің ерекшеліктері, белгілері.
- •30.Жергілікті бюджет жобасын бекіту тәртібі.
- •31.Қаржылық-құқықтық қатынастар, түсінігі, мазмұны, ерекшеліктері, түрлері.
- •32.Қаржылық қызметтің ақша қорларын пайдалануды ұйымдастыру әдістері.
- •35.Сақтандырудың күрделі формалары.
- •36.Банктік шот шартымен банктік салым шартының мазмұны.
- •37.Қаржылық бақылаудың тәсілдері.
- •39.Бюджетті нақтылау қандай жағдайларда жүргізіледі?
- •40.Қаржылық бақылаудың түрлері.
- •41.Қ р қаржылық құрылғысы, оның элементтері.
- •42.Республикалық ж/е жергілікті бюджеттерді түзетуге қандай жағдайларда жол беріледі?
- •44.Қ р қаржылық жүйесі, оған кіретін институттар (құрамы).
- •45.Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті табыс ету тәртібі.
- •46Қаржылық қызмет саласындағы басқаруды жүзеге асырушы органдардың жалпы сипаттамасы.
- •47.Қ р Ұлттық Банкісінің ақша-кредит саясатын жүзеге асырудағы қолданатын құралдары.
- •48.Сақтандыру ұймдарының құрылу тәртібі.
- •49.Қаржы министрлігі қаржылық қызметті жүзеге асырушы басты орган ретінде, оның функциялары, жанынан құрылған департаменттері.
- •50.Қаржылық құқығының құқықтар жүйесіндегі алатын орны.
- •51.Сақтандыру ұймдары қызметінің тоқталу тәртібі.
- •52.Экономика ж/е бюджетті жоспарлау министрлігі, атқаратын функциялары, оның жанынан құрылған департаменттер.
- •53.Қаржылық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі, тоқтауы негіздері.
- •57.Инкассолық өкім қалай жүзеге асырылады?
- •60.Кеден ж/е салық заңнамасына сәйкес берешекті ақшалай өндіріп алу.
- •61.Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің құқықтық жағдайы.
- •65.Қр экономикалық ж/е сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржылық полициясы) агенттігінің құқықтық жағдайы.
- •67.Қ р жалпы құзыретті қаржылық қызметті жүзеге асырушы органдары, олардың құқықтық жағдайы.
- •68.Қаржылық құқықтың жүйесі, оның қарастыратын институттары.
- •69.Банктерді ерікті ж/е еріксіз түрде тарату тәртібі.
- •70.Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері.
- •71.Қ р Ұлттық қоры, оның құқықтық жағдайы.
- •72.Салық төлеушінің салықтық міндеттемені орындауы.
- •73.Қр өкілетті органының сақтандыру саласын қадағалау ж/е бақылаудағы функциялары.
- •74.Қ р ақша жүйесінің құқықтық негіздері.
- •77.Валюталық айналым режимі.
- •79.Қ р ақша жүйесінің элементтері.
- •80.Сақтандыру қатынастарының қатысушылары.
- •81.Салықтық тексеруді жүргізу тәртібі.
- •82.Қаржылық қызметтің құқықтық формалары.
- •83.Екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайы.
- •86.Республикалық бюджетте көрсетілетін мәліметтер.
- •87.Банктердің құрылу тәртібі.
- •89.Мемлекеттің бюджеттің түсінігі, маңызы, қабылдануы мақсаты.
- •90.Банкті консервациялау қалай жүзеге асырылады?
35.Сақтандырудың күрделі формалары.
Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi
1. Сақтандыру дегенiмiз, сақтандыру ұйымы өз активтерi есебiнен жүзеге асыратын сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешенi.2. Сақтандыру қызметi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде не Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын қызметi.Шетелдiк жеке және заңды тұлғалар мен азаматтығы жоқ адамдарды сақтандыру. Шетелдiк азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдiк заңды тұлғалар, оның iшiнде өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратындар сақтандыру арқылы қорғалу құқығын. Сақтандыру қызметiн ұйымдастыру және мемлекеттiк реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшiн сақтандыру салаларға, сыныптар мен түрлерге бөлiнедi. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметi "өмiрдi сақтандыру" саласы және "жалпы сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылады. "Өмiрдi сақтандыру" саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: 1) өмiрдi сақтандыру; 2) аннуитеттiк сақтандыру;3) өмірде белгілі бір оқиғаның басталуынан сақтандыру;4) сақтандырушының инвестициялық кірісіне сақтанушының қатысуымен өмірді сақтандыру."Жалпы сақтандыру" саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:1) жазатайым жағдайлардан сақтандыру;2) ауырған жағдайдан сақтандыру;3) автомобиль көлігін сақтандыру;4) темір жол көлігін сақтандыру; 5) әуе көлігін сақтандыру; 6) су көлігін сақтандыру; 7) жүктерді сақтандыру; 8) мүлікті залалдан сақтандыру; 9) автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру; 10) әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру; 11) су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;12)азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру; 13) заемдарды сақтандыру; 14) ипотеканы сақтандыру; 15) кепілдіктер мен кепілгерліктерді сақтандыру; 16) басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру; 17) сот шығыстарынан сақтандыру.
36.Банктік шот шартымен банктік салым шартының мазмұны.
Банктiк шот шарты бойынша бiр тарап (банк) екiншi тараптың (клиенттiң) пайдасына түсетiн ақшаны қабылдауға, клиенттiң клиентке немесе үшiншi тұлғаларға ақшаның тиiстi сомаларын аудару (беру) туралы өкiмдерiн орындауға және банктiк шот шартында көзделген басқа да қызметтердi көрсетуге мiндеттенедi.Банктiк шот шарты бойынша клиентке немесе ол көрсеткен адамға клиенттiң банктегi ақшасына есеп жүргiзу мақсатында тараптар келiскен шарттар бойынша клиенттiң бiр ыңғайландырылған дербес коды берiледi.Заңды тұлғалар мен азаматтар қызмет көрсету банктерiн өз бетiнше таңдайды және олар банктiк шот шартын бiр банкпен де, бiрнеше банкпен де жасауға құқылы.Егер заң актілерінде немесе тараптар келісімінде өзгеше белгіленбесе, банктік шот шарты мерзімсіз болып табылады.Банктiк шот шарты жазбаша түрде жасалуға тиiс. Банктiк шот шартына сәйкес банк:1) клиент талап еткен кезде ақшаның болуын қамтамасыз етуге;2) клиенттiң пайдасына түскен ақшаны қабылдауға;3) клиенттiң үшiншi тұлғалардың пайдасына ақша аудару туралы өкiмiн орындауға;4) үшiншi тұлғалардың, егер бұл банктiк шот шартында көзделсе, клиенттiң ақшасын алып қою туралы өкiмдерiн орындауға мiндеттi.
Банк салымы шарты бойынша бiр тарап (банк) екiншi тараптан (салымшыдан) ақша (салым) алуға, олар бойынша банктік салым шартында көзделген мөлшерде және тәртiппен сыйақы төлеуге және салымның осы түрi үшiн заң актiлерiнде және шартта көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша салымды қайтаруға мiндеттенедi. Салымдар түрiнiң әрқайсысы бойынша банктер клиенттiң ақшасын есепке алу мақсатында оған бiрыңғайландырылған дербес код бередi. Бiрыңғайландырылған дербес кодты беру, жою, клиенттiң ақшасына есеп жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленедi. Салымдарды қайтару талаптарына қарай олар мынадай түрлерге бөлiнедi:1) талап етiлмелi салым; 2) мерзiмдi салым;3) шартты салым.
