Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қ А Р Ж Ы шпор новый.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
377 Кб
Скачать
☆

70.Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері.

Қаржылық жоспарлау халық шаруашылығындағы өндірістік және әлеуметтік дамуды жоспарлаудың құрамдық бөлігі болып есептелінеді. Қаржылық жоспарлаудың тікелей объектісі орталықтандырылған және орнатылтандаралмаған ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру б.т. Қаржылық жоспарлаудың басқа мақсаты: қаржылық ресурстардың қалыптастыру көздерін және олардың жалпы көлемін анықтау; қаржылық ресурстардың пайдаланудың және қажетті резервтер құрудың нақты бағыттарын анықтау; ақша қаражаттарын халық шаруашылығы салалары, әкімшілік-аумақтық бірліктерде, сондай-ақ орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлардың арасында бөлудің ұтымды және тиімді әдісін белгілеу. Қаржылық жоспарлау органдары барлық мемлекеттік органдар жүйесін қамтиды: 1) мемлекеттік өкімет органдары: а) Жоғарғы Кеңес б) жергілікті өкілді органдар – маслихаттар. 2) Мемлекеттік басқару органдары 3) Арнайы қаржылық-кредиттік органдар: а) Қаржы министрлігі, оның басқармалары мен бөлімдері б) Ұлттық Банк, оның мекемелері. Қаржылық жоспарлаудың принциптері: ведомстволық, салалық, аумақтық, белгілі мақсаттық. Қаржылық жоспарлауды әзірлеу 3 этаптан тұрады: 1. есеп беру кезеңінде көрсеткіштердің орындалуына экон.талдау жүргізіледі. 2. әлеуметтік және экон. даму жоспарларының көрсеткіштері негізінде жоспарланатын жылдың кірістері мен шығыстарының нақты түрлерін есептеп шығару ж.а. 3. жекелеген тапсырмалар, статьялар, біртұтас біріктіріліп, теңестіріледі. Қаржылық жоспарлаудың негізігі құжаты қаржылық жоспар. Қаржылық жоспар дегеніміз – кәсіпорындар мен ұйымдардың, халық шаруашылығының, сондай-ақ біртұтас мемлекеттің ақшалай табыстары мен қорларын құру және пайдалану жөнінде жоспар. Қаржылық жоспар: алғашқы және жиынтық б.б. Жиынтық қаржылық жоспар – жалпымемлекеттік, салалық, аумақтық. Қаржылық жоспарлардың сатылары:

1. қаржылық жоспардың жобасын жасау; 2. қаржылық жоспарды қарау; 3. қаржылық жоспарды бекіту; 4. қаржылық жоспардың орындалуын ұйымдастыру және оның орындалуына бақылау жүргізу. Қаржылық жоспардың құқықтық формасы – қаржылық жоспарлау актілері б.т.

71.Қ р Ұлттық қоры, оның құқықтық жағдайы.

Қ Р Yкiметiнiң Қ Р Ұлттық Банкiндегi шотында шоғырландырылатын, мемлекеттiң қаржылық актив түрiндегi, сондай-ақ, материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiк түрiндегi активтерi ҚР Ұлттық қоры б.т.  Қ Р Ұлттық қоры мемлекеттiң тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтердiң және, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердiң қорлануына, экономиканың мұнай секторына тәуелдiлiгiн және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. ҚР Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады. Жинақтау функциясы материалдық емес активтердi қоспағанда, қаржылық активтер мен өзге де мүлiктiң жинақталуын және тәуекелдiң деңгейi бiрқалыпты болған кезде ұзақ мерзiмдi перспективада ҚР Ұлттық қоры активтерiнiң кiрiстiлiгiн қамтамасыз етедi. Тұрақтандыру функциясы ҚР Ұлттық қорының активтерi өтiмдiлiгiнiң жеткiлiктi деңгейiн ұстап тұруға арналған. ҚР Ұлттық қорының тұрақтандыру функциясын жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын бiр бөлiгi кепiлдiк берiлген трансферттi қамтамасыз етуге қажеттi мөлшерде айқындалады. ҚР Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзiлiк және iшкi тауар мен қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегi және шет елдердегi экономикалық жағдай, республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтары ескерiле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және ҚР Ұлттық қорының негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi сақтала отырып айқындалады. ҚР Ұлттық қорының түсiмi мен жұмсалуы ұлттық және шетелдiк валюталармен жүргiзiледi. ҚР Ұлттық қорының операциялар жөнiндегi есебi мен есептiлiгі ұлттық валютамен жүзеге асырылады. ҚР Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқаруды ҚР Ұлттық Банкi мен ҚР Үкiметi арасында жасалатын сенiмгерлiк басқару туралы шарттың негiзiнде Қ Р Ұлттық Банкi жүзеге асырады.