Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қ А Р Ж Ы шпор новый.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
377 Кб
Скачать
☆

86.Республикалық бюджетте көрсетілетін мәліметтер.

Республикалық бюджет деп араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет б.т.

Республикалық бюджетте көрсетілетін мәліметтер: 1. Кірістер -Салықтық түсімдер; Салықтық емес түсімдер; Негізгі капиталды сатудан түске түсімдер; Трансферттер түсімдері 2. Шығындар; 3. операиялық сальдо 4. таза бюджеттік кредит беру- Бюджеттік кредиттер; Бюджеттік кредиттерді өтеу 5. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар - Қаржы активтерін сатып алу; Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер. 6. Бюджет тапшылығы 7. Бюджет тапшылығын қаржыландыру: Қарыздар түсімі; Қарыздарды өтеу; Бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы

Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы құрым б\ша ж.а. Республикалық бюджетте көрсетілетін негізгі кірістер мен шығыстар. Кірістер бюджет кредиттерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, алынған трансферттер, сондай ақ мемлекеттік қарыздар республикалық және жергілікті бюджеттердің түсімдері болып табылады. Шығындар, бюджет кредиттері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар б\ша негізгі борышты өтеу республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыстары болып табылады.

87.Банктердің құрылу тәртібі.

Банк Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып құрылады.Банк құру жөнiндегi құрылтай шартында, қолданылып жүрген заңдарда көзделген мәлiметтерден басқа, мiндеттi түрде:толық атауы мен олардың әрқайсысының тұрған жерiн қоса құрылтайшылар туралы мәлiметтер, сондай-ақ олардың мемлекеттiк тiркеуден өткендiгi жөнiндегi деректер (заңды тұлғалар үшiн), аты-жөнi, азаматтығы, тұрғылықты жерi мен жеке өзiн (жеке адамдар үшiн) куәландыратын құжат деректерi; акциялардың саны, санаттары мен орналастыру бағалары туралы мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.Банк жарғысында, қолданылып жүрген заңдарда көзделген мәлiметтерден басқа, мiндеттi түрде: банкiнiң толық және қысқартылған атауы;банк қорларын (резервтiк капиталын) құру түрлерi мен тәртiбi туралы мәлiметтер;банк органдарының шешiм қабылдау тәртiбi;Заңдакөзделген мәлiметтер (ислам банкi үшiн) қамтылуға тиiс.Банктер акционерлiк қоғамдар нысанында құрылады. Банк өз жарғысында жазылған атауды өзiнiң атауы ретiнде пайдаланады. Банктiң атауында "банк" деген сөз немесе одан туындаған сөз болуға тиiс.Ұлттық Банкiден басқа банкiлердiң бәрiне өзiнiң атауында кез келген тiлде толық және қысқарған түрiнде "ұлттық", "орталық" деген сөздердi қолдануға тыйым салынады.Банктердiң бәрiне өзiнiң атауында кез келген тiлде толық және қысқарған түрiнде "мемлекеттiк" деген сөздi қолдануға тыйым салынады.Ислам банкiнiң атауында "ислам банкi" деген сөз тiркесi болуға тиiс.Бұрын құрылған банкiлердiң, еншiлес банктердi қоспағанда соның iшiнде Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлердiң атауымен бiрдей немесе орнын ауыстырған дәрежеде ұқсас таңбаларды атау ретiнде қолдануға жол берiлмейдi.Еншiлес банктер өзiнiң атауына негiзгi банктердiң атауын пайдалануға мiндеттi.Банктiң жарғылық капиталы акцияларды сату есебiнен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қалыптастырылады.Банк акциялары орналастырылған кезде тек қана ақшамен төленуге тиiс.Жаңадан құрылған банкiнiң жарғылық капиталына оның акционерлерi Әдiлет министрлiгi банкiнi тiркейтiн кезге қарай елу процент мөлшерiнде және тiркеген күннен бастап бiр күнтiзбелiк жыл iшiнде толық төлем жасауға тиiс.Банктiң меншiктi капиталын және инвестициясын есептеу әдiстемесiн уәкiлеттi орган айқындайды.       Егер банк мiндеттемелерiнiң сомасы оның активтерiнiң құнынан артық болған жағдайда, банктiң меншiктi капиталы терiс капитал болады.

      8. Банктiң меншiктi капиталының терiс мөлшерi анықталған жағдайда уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша оның акционерлерiнiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдауға және оларды банк капиталының ұлғаюына, инвестор алған мiндеттемелердi ескере отырып оның қалыпты жұмыс iстеуiне кепiлдiк беретiн шарттармен жаңа инвесторға сатып алынған баға бойынша дереу сатуға құқылы. Банк акцияларын уәкiлеттi органның мәжбүрлеп сатып алуы банк акцияларын (акционерлердiң үлесiн) кейiннен жаңа инвесторға сату мақсатында мәжбүрлеп сатып алу туралы ол шешiм қабылдаған күнгi оның мiндеттемелерiнiң сомасы шегерiле отырып банк активтерiнiң құнын негiзге ала отырып белгiленетiн баға бойынша жүзеге асырылады. Банктiң сатып алынған акцияларын уәкiлеттi орган олар сатып алынған баға бойынша дереу сатады. Банктiң мәжбүрлеп сатып алынған барлық акциялары иелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi жаңа инвесторға көшедi.Банкке талаптар қойылуы мүмкiн мiндеттемелердi орындау мерзiмi басталған жағдайда, бiрақ ол талаптар банктiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдағанға дейiн қойылмаса, жеке және заңды тұлғалардың депозиттерi бойынша талаптарды қоспағанда, мұндай талаптар өтелген болып есептеледi. анк акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың және оларды кейiннен инвесторларға мiндеттi түрде сатудың тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

88.Қ Республикасында валюталық реттеудің құқықтық негіздері. Валюта дегеніміз – мемлекеттердің заңды төлем қаражаты ретінде қабылдаған ақша бірлігі н/е банкноттар қазынашылық белеттер манеталық , оның ішінде қымбат металлдардан жасалған манеталар түріндегі қолма-қол ж/е қолма-қол емес ақша нысанындағы құнның ресми стандарттары сондай-ақ шоттардағы, оның ішінде халықаралық ақша н/е есепайырысу бірліктеріндегі қаражатты айтамыз. Валюталық реттеудің субъектісі ретінде: мемлекет пен резидент ж/е резидент емес тұлғаларды жатқызамыз. Валюталық құндылықтарға жататындар: шетел валютасы, құнды қағаздар, тазартылған құйма алтын. Валюталық операциялар дег-з – валюталық құндылықтарға меншік құқығының н/е басқа да құқықтың көшуіне сондай-ақ валюталық құндылықтарды төлем қаражаты ретінде пайдалануға байланысты операциялар.

Валюталық реттеудің негізгі мақсаты: тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу ж/е экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің саясатына жәрдемдесу болып табылады.

Қ.Р-да валюталық реттеудің негізгі органы: Қ.Р-ң Ұлттық Банкі б.т.

Қ.Р-ң Ұлттық Банкі, Қ.Р-ң заңнамасына сәйкес валюталық операцияларға лицензиялар береді. Ол үшін валюталық операцияларға қатысушы резидент шот ашқанша не болмаса тараптардың бірі шарт б\ша міндеттемелерді бастағанға дейін заңда көрсетілген мерзім өткен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде лицензия алуға өтініш жасауға құқылы.