- •1.Қаржылық қызметтің түсінігі, маңызы, мақсаты.
- •2.Қр банкілік жүйесі.
- •4.Қаржылық қызметтің міндеттері ж/е функциялары: ақша қорларын қалыптастыру, бөлу ж/е бақылау функциялары.
- •5.Қ р Ұлттық Банкісінің құқықтық жағдайы.
- •6.Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзірлеу тәртібін корсетіңіз.
- •7.Қаржының материалды категория ретіндегі ж/е экономикалық категория ретіндегі түсінігі.
- •8. Қазақстын Республикасындағы салықтық жүйе.
- •11.Қазақстан Респуликасындағы міндетті сақтандыру түрлері.
- •15.Чекте міндетті түрде қандай мәліметтер көрсетілуі керек?
- •14.Жергілікті бюджеттер дегеніміз не?
- •21.Республикалық бюджет жобасын қарау тәртібі.
- •22.Қаржылық құқықтың реттеу әдістері, олардың белгілері.
- •23.Қ р Ұлттық Банкісінің ақша банкноталары мен монеталарын эмиссиялау функциясы.
- •24.Жергілікті бюджет жобасын қарау тәртібі.
- •25.Қаржылық құқықтық нормалар, түсінігі,белгілері, ерекшеліктері, құрылысы.
- •26.Ақша айналымын реттеу әдістеріне қандай әдістер жатады?
- •27.Республикалық бюджет жобасын бекіту тәртібі.
- •28.Қаржылық құқықтық нормалардың түрлері.
- •29.Қ р ақша жүйесінің ерекшеліктері, белгілері.
- •30.Жергілікті бюджет жобасын бекіту тәртібі.
- •31.Қаржылық-құқықтық қатынастар, түсінігі, мазмұны, ерекшеліктері, түрлері.
- •32.Қаржылық қызметтің ақша қорларын пайдалануды ұйымдастыру әдістері.
- •35.Сақтандырудың күрделі формалары.
- •36.Банктік шот шартымен банктік салым шартының мазмұны.
- •37.Қаржылық бақылаудың тәсілдері.
- •39.Бюджетті нақтылау қандай жағдайларда жүргізіледі?
- •40.Қаржылық бақылаудың түрлері.
- •41.Қ р қаржылық құрылғысы, оның элементтері.
- •42.Республикалық ж/е жергілікті бюджеттерді түзетуге қандай жағдайларда жол беріледі?
- •44.Қ р қаржылық жүйесі, оған кіретін институттар (құрамы).
- •45.Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті табыс ету тәртібі.
- •46Қаржылық қызмет саласындағы басқаруды жүзеге асырушы органдардың жалпы сипаттамасы.
- •47.Қ р Ұлттық Банкісінің ақша-кредит саясатын жүзеге асырудағы қолданатын құралдары.
- •48.Сақтандыру ұймдарының құрылу тәртібі.
- •49.Қаржы министрлігі қаржылық қызметті жүзеге асырушы басты орган ретінде, оның функциялары, жанынан құрылған департаменттері.
- •50.Қаржылық құқығының құқықтар жүйесіндегі алатын орны.
- •51.Сақтандыру ұймдары қызметінің тоқталу тәртібі.
- •52.Экономика ж/е бюджетті жоспарлау министрлігі, атқаратын функциялары, оның жанынан құрылған департаменттер.
- •53.Қаржылық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі, тоқтауы негіздері.
- •57.Инкассолық өкім қалай жүзеге асырылады?
- •60.Кеден ж/е салық заңнамасына сәйкес берешекті ақшалай өндіріп алу.
- •61.Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің құқықтық жағдайы.
- •65.Қр экономикалық ж/е сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржылық полициясы) агенттігінің құқықтық жағдайы.
- •67.Қ р жалпы құзыретті қаржылық қызметті жүзеге асырушы органдары, олардың құқықтық жағдайы.
- •68.Қаржылық құқықтың жүйесі, оның қарастыратын институттары.
- •69.Банктерді ерікті ж/е еріксіз түрде тарату тәртібі.
- •70.Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері.
- •71.Қ р Ұлттық қоры, оның құқықтық жағдайы.
- •72.Салық төлеушінің салықтық міндеттемені орындауы.
- •73.Қр өкілетті органының сақтандыру саласын қадағалау ж/е бақылаудағы функциялары.
- •74.Қ р ақша жүйесінің құқықтық негіздері.
- •77.Валюталық айналым режимі.
- •79.Қ р ақша жүйесінің элементтері.
- •80.Сақтандыру қатынастарының қатысушылары.
- •81.Салықтық тексеруді жүргізу тәртібі.
- •82.Қаржылық қызметтің құқықтық формалары.
- •83.Екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайы.
- •86.Республикалық бюджетте көрсетілетін мәліметтер.
- •87.Банктердің құрылу тәртібі.
- •89.Мемлекеттің бюджеттің түсінігі, маңызы, қабылдануы мақсаты.
- •90.Банкті консервациялау қалай жүзеге асырылады?
72.Салық төлеушінің салықтық міндеттемені орындауы.
Егер Салық Көзгеш белгiленбесе, салық төлеушi салық мiндеттемесiн орындауды дербес жүзеге асырады. Салық төлеушi салық мiндеттемесiн орындау үшiн мынадай iс-әрекеттер жасайды: 1) салық органында тiркелу есебiне тұрады; 2) салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды жүргiзедi; 3) салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi, салық базасы мен салық ставкаларын негiзге ала отырып, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын есептейдi; 4) салық тiркелiмдерiн қоспағанда, салықтық нысандарды жасайды және белгiленген тәртiппен салық қызметi органдарына табыс етедi; 5) салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген және есепке жазылған сомасын, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдердi төлейдi. Салық төлеушi салық мiндеттемесiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде орындауға тиiс. Салық төлеушi салық мiндеттемесiн мерзiмiнен бұрын орындауға құқылы. Қолма-қол емес нысанда орындалатын салық төлеушiнiң салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесi, сондай-ақ өсiмпұлдар мен айыппұлдарды төлеу бойынша мiндеттеме банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымнан салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасына төлем тапсырмасының акцептiн алған күннен бастап немесе банкоматтар немесе өзге де электрондық құрылғылар арқылы төлемдi жүзеге асырған күннен бастап, ал қолма-қол нысанда - салық төлеушi көрсетiлген соманы банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға, уәкiлеттi мемлекеттiк органға, жергiлiктi атқарушы органға енгiзген күннен бастап орындалған болып саналады.Салық Кодексте белгiленген жағдайларда салық төлеушiнiң уәкiлеттi өкiлi салықты, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, әлеуметтiк аударымдарды төлеу, мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару кезiнде төлем құжаттарында ақшаны жөнелтушi салық төлеушiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде) немесе атауын және оның сәйкестендiру нөмiрiн көрсетедi. Салық төлеушiнiң салық агентi орындайтын, салық төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесi салық ұсталған күннен бастап орындалған болып есептеледi. Салықты, төлемақыны төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесi, сондай-ақ өсiмпұлдар төлеу бойынша мiндеттеме осы Кодекстiң 599-бабында белгiленген тәртiппен есепке жатқызулар жүргiзу арқылы орындалуы мүмкiн. Салықты, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесi, сондай-ақ өсiмпұлдар мен айыппұлдар төлеу бойынша мiндеттеме осы Кодексте, Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдардың қызметiн реттейтiн заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында және жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттардың ережелерiнде төлеудiң заттай нысаны немесе шетелдiк валютада төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, ұлттық валютамен орындалады.
