Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қ А Р Ж Ы шпор новый.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
377 Кб
Скачать
☆

50.Қаржылық құқығының құқықтар жүйесіндегі алатын орны.

Бұл жөнінде келесідей 3 көзқарас бар. І көзқарас: қаржылық құқық жеке құқық саласы болып табылмайды н/се ол ерекше құқықтық құрылым. Осы көзқараста келесі ой-тұжырымдары айтылған: а) қаржы.-қ қ/қ әкімшілік қ/тың бөлігі; б) қаржы.-қ қ/қ кешенді құқық саласы, азаматтық, әкімшілік, мемлекеттік құқық нормаларынан құралады; в) қаржы.-қ қ/қ құқықтың арнаулы саласы; г) қаржы.-қ қ/қ салыстырмалы түрде құқық саласы ІІ көзқарас: қазірде қаржы.-қ қ/қ дербес құқық саласы, бірақ бұрын ол басқа құқық салаларының бөлігі болған. а) қаржы.-қ қ/қ әкімшілік қ/тан бөлінген; б) қаржы.-қ қ/қ - өзі бөлініп шыққан мемлекеттік, әкімшілік қ/дың ортақ бөлігі ретінде көрінеді. / Р.О.Халфина 1952 ж. жақтаған/. в) қаржы.-қ қ/қ өзінің пайда болуына мемл.-к, әкімшілік, құқық.-ға ғана емес, азаматтық құқыққа да қарыздар. ІІІ көзқарас: құқықтың пайда болу кезінен бастап, қаржы.-қ қ/қ дербес сала ретінде өмір сүрді. / В.В.Бесчеревных жақтаған/ Конституциялық құқық қаржы.-қ құқығына базалық б.т/ды. М: Парламенттің респ. бюджетті бекітуі, ҚР Үкіметінің респ. бюджет және оның орындалуы жөн/гі есепті Парламентке тапсырады. Қаржылық құқықтың пәні - өз экономиклық мәні б/ша қаржылық болатын қоғамдық қатынастар болса, әкімшілік құқықтың пәні – атқарушы билік органдарының қызметі процесінде туындайтын қатынастар. Азаматтық қ/тың пәні – тауар-ақша қатынастары б.т, тараптардың теңдігіне негізделеді, қаржы.-қ қ/қ пәні – мемл.-ттік қаржылық қатынастар, тараптардың теңсіздігі.

51.Сақтандыру ұймдары қызметінің тоқталу тәртібі.

Сақтандыру ұйымын тарату, оның iшiнде банкроттық негiз б\ша тарату Қ Р заң актiлерiне сәйкес, осы Заңда және уәкiлеттi мемлекеттiк органның  нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады. Сақтандыру ұйымы мынадай негiздер б\ша: 1) уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты болған жағдайда өз акционерлерiнiң шешiмi б\ша (өз еркiмен таратылуы); 2) Қ Р заңдарында көзделген жағдайларда соттың шешiмi б\ша таратылуы мүмкiн.Сақтандыру ұйымы акционерлерiнiң жалпы жиналысы оны ерiктi тарату туралы шешiм қабылдағаннан кейiн сақтандыру ұйымы өзi жасасқан сақтандыру шарттары б\ша сақтандыру ұйымының мiндеттемелерiнен тұратын сақтандыру портфелiн берiлетiн сақтандыру сыныптары б\ша лицензиясы бар және сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушысы болып табылатын басқа сақтандыру ұйымына беру жөнiндегi шараларды қолдануға мiндеттi. Уақытша әкiмшiлiк өз өкiлеттiгiн доғарып, сақтандыру ұйымының құжаттарымен мүлкiн 10 күннен аспайтын мерзiмде тарату комиссиясының төрағасына өткiзедi. Сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылатын жағдайда сот уәкiлеттi мемлекеттiк органға хабарлайды және он күн iшiнде оған сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешiмнiң көшiрмесiн жiбереді.

52.Экономика ж/е бюджетті жоспарлау министрлігі, атқаратын функциялары, оның жанынан құрылған департаменттер.

ҚР Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы бекiтілген ҚР Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi туралы ереже бар. Министрлiк мемлекеттiк саясатты қалыптастыру саласында функцияларды жүзеге асырады: 1) мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзiрлеудiң салааралық және өңiраралық үйлестiруiн ж.а.; 2) ҚР Үкiметiнiң Бағдарламасын және оны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын қалыптастыру, олардың орындалу мониторингiн ж.а.; 3) басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастыру; 4) мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борышты, бюджеттiк кредит берудi жоспарлауды және талдауды ж.а; 5) ҚР ҰБ бiрлесiп, бюджетті атқару жөнiндегi орталық уәкiлетті органның қатысуымен алдағы орта мерзiмдi кезеңге арналған республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарын дайындау; 6) ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарын әзiрлеу; 7) ҚР Үкiметiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясаттың жобасын әзiрлеу 8) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет, бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдардың жобасын әзiрлеу; 9) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы ҚР Үкiметi қаулысының жобасын әзiрлеу; 10) төтенше мемлекеттік бюджеттi әзiрлеу; 11) республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi арасындағы 3 жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттер көлемi туралы ҚР Заңының жобасын әзiрлеу; 12) бiрыңғай бюджет сыныптамасының жобасын әзiрлеу; 13) қаржыландырудың жылдық жоспарын әзiрлеу және бекiту; 14) Министрлiктiң құзыретiне енетiн мәселелер б\ша нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу, мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды әзiрлеу; басқа да елдердiң ұйымдарымен келiссөздер жүргізу және шарттар жасасу;

Министрлiктің экономикалық қызметті мемлекеттiк реттеу саласындағы функциялары: 1) республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларға экономикалық сараптама жүргiзу; 2) өнiмдi бөлу туралы келiсiмдi қоса алғанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарға экономикалық сараптаманы жүзеге асыру және оларға салықтық сараптаманың қорытынды кезеңiн жүргiзу. Министрлiктің құрылымы: Жауапты хатшы, Министр Секретариаты, Инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті, Макроэкономикалық анализ және болжамдау департаменті, Стратегиялық жоспарлау және анализ департаменті, Халықаралық қатынастар департаменті, Аймақтық саясат және бюджетаралық қатынастар департаменті, Салықтық саясат және болжамдар департаменті, Бюджеттік саясат және жоспарлау департаменті, Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті, Мемлекеттік жоспарлау әдістемесі департаменті, Әлеуметтік саланы дамыту департаменті, Қорғаныс, құқық қорғау жүйесі мен мемлекеттік органдарды дамыту департаменті, Экономика саласын дамыту департаменті, Ішкі әкішілік департаменті, Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті, Заң департаменті, Корпоративті даму департаменті, Мобилизациялық дайындық және мобилизация басқармасы, Ақпараттандыруды дамыту саясаты басқармасы