Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жинау.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
430 Кб
Скачать
☆

2. Өндіріс өніміне қойылатын техникалық талаптар және сипаттамасы

Табиғи уран концентратты дайын өнім құрғақ диуранат аммоний күйінде өндіріледі.

Диуранат аммоний:

Химиялық формула – (NH4)2U2O7.

Түсі – ақшыл сарғыш заттек.

Үйілген тығыздығы – 2,0 г/см3 кем емес.

Молекулалық салмақ – 606,04 г-моль.

Суда ерімейді, HNO3 және H2SO4 ерітінділерінде ериді.

Диуранат аммонийға қойылатын талапар ҚР СТ 1909-2009 «Уран кенінің концентраты» стандартымен анықталады.

– Диуранат аммоний қазіргі технологиялық регламентте белгіленген стандартқа сай болуы қажет.

– Диуранат аммонийында өңдеуге кірмейтін, сынауға алынуға кері әсерін тигізетін немесе сынауға алатын жабдыққа зиян тигізетін бөгде затар және материалдар болмауы қажет.

– Диуранат аммонийдің физикалық-химиялық көрсеткіштері кестеге-1 сай болуы қажет.

Кесте-1

Дайын өнім сипаттамасы (диуранат аммоний)

№

Белгісі

Атауы

Концентрацияның стандартты шегі

ҚР СТ 1909-2009

1

2

3

4

1.1.

U

Құрамы, %

60,0 кем емес

2.

Уранға араластыру құрамы, %

2.1.

As

Күшән

0,05

2.2.

В

Бор

0,2

2.3.

Са

Кальций

1,0

2.4

Cl+Br+I

Галоген

0,15

2.5.

CO3

Карбонат

2,0

2.6.

F

Фтор

0,15

2.7.

Fe

Темір

2,0

2.8.

К

Калий

Шектеусіз

2.9.

Mg

Магний

0,02

2.10.

Мо

Молибден

0,3

2.11.

Na

Натрий

1,0

2.12.

PO4

Фосфат

1,0

2.13.

SO4

Сульфат

1,0

2.14.

SiO2

Кремний

0,5

2.15.

Th

Торий

1,0

2.16.

Ti

Титан

0,01

2.17.

V2O5

Ванадат

0,3

2.18.

Zr

Цирконий

0,2

2.19.

Cu+Pb+Bi+Sb

Ауыр металдар

0,5

3.

Азот қышқылында ерімейтін уранның салмақтық үлесі 0,1

4.

Физикалық көрсеткіштері:

4.1.

Ылғалдылылық

2,0 % кем емес

4.2.

Үйілген тығыздық

2,0 г/см3 кем емес

Ескерту: Қоспалардың құрамы стандартта көрсетілген көрсеткіштерден төмен болуы керек.

Диуранат аммоний металды бөшкелерде ((RUS/318/I-96T) куәлігіне сай жасалынады) қамданады. Қамданылған бөшкелер маркланады да, теңіз контейнеріне салынып, темір жол көлігімен тұтынушыға жөнелтіледі.

Уран оксидін өндіруде диуранат аммоний аралық өнім болып саналады.

Құрғақ диуранат аммонийін алу үшін уран концентратын қолданады.

Уран концентраты СТ НАК 12-2007 бойынша тотыққан-шала тотыққан және құрғақ диуранат аммоний технологиялық кезеңінде аралық өнім болып саналады.

Уран концентратының құрамы кестеде-2 көрсетілген.

Кесте-2

Уран концентратының құрамына қойылатын талаптар

Көрсеткіш атаулары

Мөлшер

Сынақ түрі

Уранның құрамы, %

35,0 кем емес

МВИ КУ-1

Тұнудың салмақтық бөлігі, азот қышқылында ерімеген, %

1,2 кем емес

НАК СТ 10

Ылғалдың салмақтық бөлігі, %

30,0 кем емес

НАК СТ 11

Концентратта көзге көрінетін бөгде заттар қосылмайды (топырақ бөлшектері, ағаш, металл, ион араластырғын шайыр және т.б.).

Концентратты арнайы радиоактивті материалдарды қауіпсіз тасымалдау ережесінде (РМҚТЕ-2002) белгіленген сынақтан өткен, ГОСТ 380 нормасы бойынша болаттан жасалынған контейнерде сақтайды. Әрбір контейнерде бұрандамасы және ауа кіргізбейтін нығайтқыш рәзеңкесі бар қақпақ болуы керек. Контейнер пломбаланып, ары қарай өңделуге көлікке немесе темір жол көлігіне салынып жіберіледі.

Уран концентратын алу үшін бастапқы өнім – десорбат (элюат). Десорбатты (элюат) уранмен қанықтырылған нитратты(нитрат сульфаты) анионит ерітінділерін кері обылдыру (элюирования) арқылы алады. Уран өнімі бар десорбаттар уран концентраты өнімін (табиғи уранның химиялық концентраты, құрғақ диуранат аммоний) алу үшін аралық өнім болып саналады.

Уран өнімі бар десорбаттар сұйық сулы ерітінді қоңыр-сарғыш түстен – сары түске деін. Ерітіндіде уран анион кешендік сульфатты уранил [(UO2)²+(SO4)32-]4ֿ күйінде болады. Уранил-сульфаттан басқа негізгі ерітінлінің (десорбат) тұзды құрамы сульфатпен, нитрат аммонийімен ((NH4)2SO4, NH4NO3), еркін қышқылмен H2SO4 көрсетіген. Ерітінді түсінің ауытқууы сарыдан қошқыл түстерге ауысуы қоспалардың болуына байланысты (мысалы: темір).

Десорбат (элюат) нитратының кері обылу құрамы кестеде-3 көрсетілген.

Кесте-3

Уран өнімі бар десорбат құрамына қойылатын талаптар

Көрсеткіш атаулары

Орташасы

Шектен шығу мүмкіндігі

Уранның құрамы, г/л

45,0

25 -100

Нитрат ионының құрамы, г/л

25

5 – 50

Қышқылдылығы (H2SO4), г/л

40

20 -60

Уран өнімі бар десорбаттың негізгі физикалық-химиялық құрамы:

- Сұйықтың тығыздығы 1,05 – 1,07;

- Әлсіз радиоактивті, меншікті белсенділік 0,1 – 0,2 мкКи/г.

- Химмялық басқыншылық;

- Мұз қату мемпературасы ~ 0 °С;

- Қайнау температурасы – 100 °С;

- Түсі – сары түстен – қоңырлау-сары түске дейін;

- Иіссіз;

- Тұздың бөлінуінсіз суда араласады;

Десорбатта тұну, көзге көрінетін бөгде заттардың болмауы қажет,