Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жинау.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
430 Кб
Скачать
☆

Десорбаттарды темірден тазалау.

Уран десорбатын өңдеу тұндырудың 2 кезеңінен өткізіледі:

а) бірінші кезеңінде темір қоспасын тұндырады, ерітіндіні рН 2,0 – 3,8 дейін аммиакпен бейтараптандыру әдісімен. Бұл уран ерітіндісі де болады;

б) екінші кезеңінде ерітіндіні рН 7,0 – 7,5 дейін аммиакпен бейтараптандырады. Бұл кезде уран диуранат аммоний күйінде тұнады. Тұнбаны тұзды жатын ерітіндісінен жақсылап жуады.

Десорбат ерітіндісінде темір жоқ немесе аз мөлшерде болғанда, онда ерітінді R421Т (V ~ 70 м3) тұндыру ыдысына жіберіледі.

Темір қоспасын тұндыру және жою

Десорбатты темір қоспасынан тазарту келесі кезекпен орындалады:

- үш валентті қоспаны NH4OH сулы аммиак ерітіндісімен тұндырады;

- уранды тұндыруға қолайлы жағдай туғызу үшін рН ерітіндісін түзетеді;

- темір гидроксиді тұнғанша тұндыру;

- темір гидроксидін тұнбасынан тазарту және сүзгілеу;

- темір гидроксиді тұнбасын жатын сору немесе күкірт қышқылымен еріту және де дайын техникалық өнім қоймасына жіберілу үшін қайтарылма ерітіндінің R260Т ыдысына ерітінділерді қайтару керек. Егер темір тұнбасында уран концентраты көп мөлшерде болса, онда тұнбаны еріткеннен кейін тұндыру бассейніне жібереді.

Темір гидроксидін тұндыру көлемі 10 м3 R403Т ÷ R405Т үш кезеңдік реактор каскадында жүргізіледі. Бейтараптандыру реакциясы 2-3 сағатқа созылады. Соңғы темір тұнбасының рН көрсекткіші 3,1–3,8. Алынған қойыртпақ қатты фазаны және сұйықтықты ажырату үшін S406Т (V = 70 м3) қойылту ыдысына жіберіледі.

R403Т ÷ R404Т каскад реакторына pH-метр QR403T, QR404T, QR405T көрсеткішімен реттелетін аммоний гидроксиді жіберіледі.

Темір гидроксид тұнбасын тұндыру диаметрі 6 метр және көлемі 70м3 S406T қойылтқышында жүргізіледі. S406T қойылтқыштың жоғарғы бөлігінен (ашық түсті ерітінді) R406Т (V = 25 м3) ыдысына жеткізіледі. Қоюланған тұнба қойылтқыштың төменгі бөлігінен N406Т А,В сорғы көмегімен кристалдандыру және темір гтдроксидінің кристалдану орталығын көбейту үшін R403T бірінші тұндыру реакторына жіберіледі.

Темір гтдроксиді тұнбасын сүзгілеу S407T қысым сүзгісінде өтеді. Сүзгілер R411T (V = 2 м3) ыдысына беріледі және қысымның бастапқы сатысына қайтарылады (S406T қойылтқыш). Қысым сүзгісін темірдің сулы тотығымен толтырғаннан кейін сүзгілеуді тоқтатады және тұнбадан уран қоспасын R410T (V = 2 м3) багіндегі техникалық сумен жуады. Бірінші «бай» уран сүзгісін R411T ыдысына, содан кейін схема бойынша жібереді. Екінші «кедей» сүзгіленген бөлігін қайтадан R410T ыдысына қайтарылады.

Жуылған темір гидроксид тұнбасын S407T қысым сүзгісінен R408T жанасқан күбіге жіберіліп, күкірт қышқылы ерітінділерімен ерітеді. Еріту дәйекті түрде екі реакторда үнемі араластыру арқылы жүргізіледі. Темірге бай ерітіндіні Р409Т А,В сорғысымен ГТП-ға жеткізу үшін R260T ыдысына жібереді.

Диуранат аммонийін алу

Алдын ала тазартылған десорбаттан диуранат аммонийін алу үшін келеі операцияны жүргізуден тұрады:

1. диуранат аммонийін тұндыру;

2. сүзгілеп, диуранат аммоний тұнбасын жуу;

R406Т ыдысынан тазаланған және сүзгіленген десорбаттар Р421Т А,В сорғысы көмегімен жасалынатын циркуляция арқылы R421T тұндыру реакторына жіберіледі. 600 бөлімнен құбыр арқылы Р421Т А,В сорғысына аммиак суы жіберіледі.

R421T тұндыру реакторының ортаңғы бөлігіне Р425Т А,В сорғысы арқылы кристалдану орталығын түзетін (шығыны 0,5 м3/сағ дейін) S425T қойылтқышынан қойылған өнім жіберіледі. Диуранат аммоний тұнбасы тұндыру реакторынан R422T ыдысына (жанасқан күбі V = 15 м3) Р422Т А,В сорғы көмегімен жіберіледі.

Тұндыру реакторының жоғарғы құйылысы R423T, R424T каскад реакторына тағы да уран бөлшектерінің тұну үшін жіберіледі. Тағы да тұндыру жоғарғы құйылыс пен қойылтпақтың араласуынан болады. R424T реакторынан алынған қойылтпақ S425T қойылту ыдысына жіберіледі.

Диуранат аммонийінің қойылтпағының тұнуы S425T қойылтықыш ыдысында(диаметрі 6 м және көлемі 70 м3) іске асырылады. Берілген уақыт мөлшері бұзылғанда және ерітіндіде уран концентраты жоғарылап кеткенде жатын тұну жоғарғы бөліктен өз ағынымен R426T (V = 25 м3) ыдысына құйылады. Осылайша уран қоспасы бар ерітіндіні қайтара аламыз. Құрамында 100 мг/л кем емес ураны бар ерітінділер тұндыру бассаейніне жіберіледі.

Сүзу және жуу. R421Т тұндыру ыдысынан және S425T қойылтқышынан берілетін диуранат аммонийі кристалының қойылтпасы R422T конусты түбі бар ректорда бірігіп, S430T вакуум сүзгісіне S430T сорғысы арқылы жіберіледі.

Ленталық сүзгі 6м2 сүзгілеу алаңында, 3 бөлек жуу аймағы бар және келесідей сүзгіні жинайды:

- бірінші «бұлдыр» сүзгі, процестің бас жағына R431Т багіне (V = 5 м3) жібереді;

- екінші сүзгі – сүзгі төсемінен өткен ерітінділерді жинайды;

Екінші және үшінші аймақ құрамында 300мг/л аспайтын хлоры бар (егерқұрамындағы хлор ссудың құрамында көп болса, онда оны минералсыздандыру қажет) техникалық сумен жуылады. Жуатын судың мөлшері (екі аймақты қосқанда) – 1,2 м3/сағ. Жуылғаннан кейін S430T ленталық вакуумде алынған өнім 30% ылғылдылықпен 2 түрлі әдіспен жіберіледі:

- басқа өңдейтін зауыттарға өңдеу үшін ТУК – 118 контейнерінде жіберіледі;

- құрғақ өнім алу үшін құрғату жабдығы бар Spin Flash Dryer аралық бункеріне жіберіліп, содан кейін құрғату және тұндыру бөлімшесіне (500 бөлім) жіберу.