Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жинау.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
430 Кб
Скачать
☆

4.2. Технологиялық үрдіс және аппараттық сұлба Өнім ерітіндісінің және қайтарылма ерітіндісінің сорғы станциясы

Өнім және сілтіздендіру ерітіндісі сорғыш станциясы – ерітіндіні өнімді ерітінді R250ТЕ-А/В және қайтарылатын ерітінді R260-А/В бассейндеріне жіберу үшін арналған. АРР-53-250 Р201Т А,В,S,D сорғысы өнімді ерітінді үшін және АРР-55-250 Р202Т А,В,S,D сорғысы қайтарылатын ерітінді үшін сорғын станциясының машина құжырасында орналасқан.

Сору және атқылау құбырларында ыстырма орнатылған. Сорғыда орнатылған агрегаттар тоттануға төзімді болаттан, құбырлар тоттануға төзімді болаттан және полиэтиленнен жасалған.

Сорғы жабдығының жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Х202Т бирбалкілі көтеру күші 3,2 тонналы кран жұмылдырылады.

Сору.

Негізгі өңдеу кешені Төртқұдұқ бөлімінің Оңтүстік бөлімшесінде 2 тізбектелген сору жүйесі бар, олар жылына 2000 тоннаға дейін уранды өңдейді, және де 2 тізбектелген регенерациялы шайыр жүйесі бар, әрбір сору торабының қанығуына арналған. Жер асты сілтізденген күкірт қышқылының ерітінділері өнімді өңдеу үшін келесі шарттарды орындауы қажет:

- ерітіндіде 3 г/м³ уран қалғанша уранды алу;

- керекті сапада уран қоспасы бар десорбаттарды алу;

- механикалық заттарда 3 - 5 мг/л ерітінді қалғанша, ерітіндіні тазартып, сілдендірілуге қайтарылады.

Өнімді ерітінділері (ӨЕ) алынған ұңғымадан екі құбыр арқылы дайын техникалық өнім көлемдері 2000х2 м3 R250ТЕ-А,В бассейндеріне барады.

Қайтарылма ерітінді (ҚЕ) сорылғаннан кейін көлемі 2х2000 м3 R260-А/В тұндырғыларға жөнелтіледі.

Тұндырғы бассейні өнім ерітінділерінің тұнуына және көлемдері 0,1 - 0,2 мм кем емес үлкен бөлшектердің алынуына септігін тигізеді. Мұндай үлкен бөлшектер өнім ерітінділерінің механикалық бөлшектерінің 10-15%-ын құрайды. 1 тұндырғы бассейнін тұнып қалған құмнан тазарту өндіріс жұмысын тоқтатпай-ақ жасалынады. Тұндырғы бассейнін торлықтай тазарту жоспарланған өндірістік тоқтату кезінде болады, яғни жылына 1 рет.

Жер асты ұңғымасының сілтізденген өнім ерітінділерін R250ТЕ-А,В тұндырғы бассейнінен өнім ерітінділерін өңдеу үшін цехқа сорғы станциясына орналасқан P201Т – A,B,S,D сорғысы (қосымша 2 сорғы) арқылы жүргізіледі. Ерітінділер сору бағанасына беріледі. Олар 2 тізбекке бөлінген. Әр тізбекте 7 бағанадан, әр бағанаға 1550 м³/сағ кіреді (әр тізбекте 1 бағана қосымша болып есептелінеді).

Сору үшін жұмыс сорбентінің қабаты 6 м және диаметрі 460 мм құрайтын дренаж СНК – 3М сору бағана жабдықтары қолданылады. Сорбентті сору бағаналарынан алу үшін S201Т – S207Т/S201ТS – S207ТS конус торы орнатылған.

СП «Катко»зауытының № 1 Оңтүстік бөлімінде сору үшін негізгі анионды Purolite PFA 600/4740 сорбенті қолданылады.

Осы сорбенттің технологиялық сипаттамасы келесідей:

- Гранулометрлік құрама - 570 мкм ± 50 мкм;

- Сорбцияның кинетикалық коэффиценті ß - 0,018;

- Концентрацияның түзу сызықтағы жылдамдығы - 0,083 м/сағ;

Собциялы жатыр ерітіндісінде уранның құрамы 3 мг/литр құрауы тиісті.

Сорбентті жуу.

Сорбентті S220Т/S220ТS елегінде құрғату кезінде бөлінген ерітінділер көлемдері 200 м2 2-26 A,B 2 тұндырғы бассейнінде жиналады. Тұнып қалатын заттардан тазартып тұру үшін тұндырғы бассейндері кезектесіп жұмыс жасайды. Тұндырғы бассейнінде механикалық заттардан, тұнбадан және бөлшектерден тазарту үшін «Магнафлок 351» коагулянты қосылады. Уран қоспасы бар ерітінділер 2-26 A,B тұндырғы бассейндерінен Р242Т А,В сорғысымен өнім ерітіндісі бар ыдысқа жібереді.

Тұндырғы бассейнінде тұнбалардың көптеп жиналғанда НРО контейнерінде тазаланады. Кенді пайдалану келісіміне байланысты НРО контейнері толған кезде көміледі.