Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жинау.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
430 Кб
Скачать
☆

Сорбентті қанықтыру.

Қаныққан сербент 200Т/200ТS бөліміндегі R300Т/R300ТS ыдысынан D300Т/D300ТS колоннасына одан әрі қанықтыру үшін тасымалданады. Одан әрі қанықтыру колоннасы кері тоқ тәртібімен жұмыс жасайды, орта есеппен сорбенттің колоннада болу уақыты 6-10 сағат. Оан (орта есеппен есептегенде әр сағат сайын 12 м3/сағ дейін) P301Т A,B/P301ТS A,B сорғысымен D301Т/D301ТS колоннасынан концентрациясы 60 г/л-ға дейін уран қоспасы бар десорбат жіберіледі.

Десорбаттың жұмсалу мөлшерін одан әрі қанықтыру бағанасына шамамен 1 көлем/көлем шайыр беріледі және де оны арт жағындағы ерітіндідегі уранның мөлшерімен реттеліп отырады.

Уранның одан әрі қанықтырудың арт жағына берілетін мөлшері 1 – 1,5 г/л дейін.

D300Т/D300ТS одан әрі қанықтырудан дренаж бағанасынан өтіп, 2-26 A,B тұндырғы бассейніне тұну үшін құйылады.

Уранның кері обылуы.

Уранның кері обылуы D301Т/D301ТS, D302Т/D302ТS и D303Т/D303ТS 3 бағанада іске асырылады. Бағаналар сорбент қабатын биіктету және кері обылу уақытын ұзарту үшін бір-бірінен биік орналасқан. D300Т/D300ТS одан әрі қанықтыру бағанасынан уранмен одан әрі қаныққан сорбент D301Т/D301ТS 1-ші кері обылу бағанасына жеткізіледі. Кері обыла бастаған сорбент D301Т/D301ТS 1-ші обылу бағанасының төменгі жағынан D302Т/D302ТS 2-ші кері обылу бағанасының жоғарғы жағына жіберіледі, D302Т/D302ТS 2-ші кері обылу бағанасының төменгі жағынан D303Т/D303ТS 3-ші кері обылу бағанасының жоғарғы жағына жіберіледі. Ерітінділер D304Т/D304ТS бағанасынан Р304Т А,В/D304ТS А,В сорғысы арқылы көлемі 0,5 м3 багіне жіберіліп, Ду 300 құбырымен D303Т/D303ТS бағанасына Е303Т/Е303ТS жылу алмастығыш арқылы беріледі. Кері обылу ерітінділерін жылыту кері обылу жылдамдығын күшейту үшін және сорбенттен уранның қалыңдығын алынуын күшейту үшін қажет.

Уранның кері обылуын нитрат аммоний ерітіндісінің күшімен жүргізеді. М303Т/М303ТS араластырғышында денитрация қышқыл D304Т/D304ТS бағанасынан алынған ерітіндісімен дайындалған. Нитрат аммоний концентратталған ерітінділері 600Т бөлімінің М303Т/М303ТS араластырғышына аммиак селитрасы қоймасында жасалынған ерітіндіні Р623Т А,В сорғы көмегімен (бір сорғы қосымша) жібереді. Кері обылу ерітіндісін Р304Т А,В/Р304ТS А,В сорғысы көмегімен D303Т/D303ТS бағанасына жібереді.

Бағанада сорбент 6-10 сағат көлемінде болады, ал кері обылу 3 бағанасының уақыты – 30 сағатқа дейін. Сорбентте уранның көлемі 5 г/л, ал сорбент 1,5 г/кг аспауы қажет.

Нитрат аммонийі 70-140 г/л және қышқылдылығы 20-40 г/л бар кері обылу ерітіндісі бос күкірт қышқылымен D303Т/D303ТS бағанасының төменгі жағына 10 м3/сағ-қа дейін жіберу реттегіші бар Е303Т/Е303ТS жылу алмастырғыштан P304Т A,B/P304ТS A,B сорғысымен жіберіледі.

Уран концентраты 35 г/л уран қоспасы бар десорбат D301Т/D301ТS бағанасынан Р301Т А,В/D301ТS А,В сорғысы арқылы көлемі 0,5 м3 багінен Ду 300 құбыры арқылы көлемі 10м3 R302Т ыдысына жиналады. R302Т ыдысынан дайын десорбаттар 600Т бөлімінің көлемдері 78 м3 R630Т және R631Т бактеріне жиналады.

Шайыр уранды нитраттың кері обылуынан кейін, нитратты соруға ыңғайлы сульфат (денитрация) күйіне айналдыру керек. Денитрацияны концентрациясы 50 – 70 г/л кем емес R615Т және R616Т ыдысынан келетін күкірт қышқылымен жүргізіледі. Денитрацияланған ерітінділер - D306Т/D306ТS бағанасынан шайырды жуудан келетін қышқыл ерітінділеріне күкірт қышқылын (М306Т/М306ТS араластырғышында) қосу арқылы жасалынады. Денитрациялау ерітінділерінің көлемі 1,7 – 2 көлем шайырдың көлеміне, жатын денитрациясы кері обылу ерітіндісін жасауға қолданады.

Сорбентті денитрациялағаннан кейін ион алмастырғыш шайырды техникалық сумен немесе жатын сорбентімен жуады. Жуу кезінде шайыр мөлшеріне техникалық судың 1,7-2,8 мөлшері жұмсалады. Жуу кезінде R307Т ыдысынан P307Т A,B сорғы көмегімен D306Т/D306ТS бағанасына жіберіледі. Шайырда нитрат ионының мөлшері 30 – 50 г/л аспауы қажет. Кері обылудан кейін сорбентте уранның мөлшері 1,5 г/л аспауы қажет.

Жуылған сорбент D306Т/D306ТSбағанасынан көлемі 15м3 R308Т багіне (300Т бөлімінен) немесе R306Т (300ТS бөлімінен) және ары қарай өңделген сорбентті J306, J308 гидоэжекторлармен 200Т/200ТS бөліміне сору үшін тасымалданады