Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жинау.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
430 Кб
Скачать
☆

Реагнеттерді дайындау, сақтау және тарату

Сутек пероксиді ерітіндісін сақтау

Контейнермен немесе автоцистернамен келетін сутек тотығы көлемдері 30 м3 2 R645T ыдысына P642T А,В сорғысымен құйылады. Қойма 60 м3 көлеміне дейін қабылдай алады. Сутек тотығының ыдырауына байланысты ыдыстар желдеткіштік құрылғысымен жабдықтарлған.

NH4OH сулы аммиакт ерітіндісін сақтау және тарату

Сулы аммиак ерітіндісі – құрамында 25% NH3 бар, арнайы көлік цистернасымен әкелініп, P651T сорғысымен көлемдері 50 м3 R655T А,Выдыстарына құйылады. Бұл барынша көп шығын болған жағдайда 5 күндік қор. Технологиялық қажеттіліктерге аммиак суын ағызу P655T A,B сорғысымен іске асады. pH ерітінді шартына байланысты реттеліп отырады.

Күкірт қышқылын сақтау және тарату

Күкірт қышқылын қышқыл тасығыш қоймаға әкеледі. R611T аралық ыдысына құйылып, Р615T және Р616T сорғыларымен көлемдері 320 м3 R615T, R616T сақтау ыдыстарына құйылады.

Күкірт қышқылы денитрация операциясы үшін P617T A,B сорғысымен күкірт қышқылы қоймасынан жіберіледі. Регенерация тізбектері үшін қышқыл реттеуші тетік көмегімен реттеледі. Денитрация операциясы үшін 2 регенерация тізбегін қосқанда максималды шығын шамамен 300 л/сағ.

М303Т/М303ТS аралстырғыш ыдысында күкірт қышқылын ерітінділермен араластырады.

Материалды тепе-теңдік

Бұл суреттегі материалды тепе-теңдік 2011 жылғы өндіріс көрсеткішімен құрылған.

1.2.2 Нысандар қауіпсіздігін қадағалау жүйесі

Оңтүстік Мойынқұм бөлімі

№

Қызмен атауы

Қызмет саны

Адам саны

1

Техникалық қадағалау

4

15

2

Қауіпсіздік шаралары

1

4

3

Апатқа қарсы күштер

1

8

4

Өртке қарсы қызмет

1

4

5

Апаттық құтқару қызметі

1

10

Төртқұдұқ бөлімі Оңтүстік бөлімшесі

№

Қызмен атауы

Қызмет саны

Адам саны

1

Техникалық қадағалау

4

15

2

Қауіпсіздік шаралары

1

4

3

Апатқа қарсы күштер

1

8

4

Өртке қарсы қызмет

1

4

5

Апаттық құтқару қызметі

1

15

Төртқұдұқ бөлімі Солтүстік бөлімшесі

№

Қызмен атауы

Қызмет саны

Адам саны

1

Техникалық қадағалау

4

15

2

Қауіпсіздік шаралары

1

4

3

Апатқа қарсы күштер

1

8

4

Өртке қарсы қызмет

1

4

5

Апаттық құтқару қызметі

1

3

Қазақстан Республикасының жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтары үшін Азаматтық Қорғаныс 10 тұрғынға 1 құтқарушы; өнеркәсіптік аймақтар және аудандар су тасқыны, өрт және тағыда басқа қауіп қатер төнсе – онда 1 құтқарушы 15-20 тұрғынға шақ келеді.

АҚ құрылған мекеменің ұйым басшылары құтқарушының ксіби дайын болуы үшін, заманға сай құрал-жабдықпен қамтасыздандыру үшін және олардың үнемі дайын болуы үшін жауапты.

Қысым астында жұмыс жасайтын жүк көтергіш көліктерді және ыдыстарды, су қайнататын қазандарды тексеріп тұру үшін техникалық-инжинерлік жұмыскерлер тағайындалады. Техникалық-инжинерлік жұмыскерлердің білімін 3 жылда 1 рет тексеріп тұрады.

Еңбек қауіпсіздігі жүйесіне (ЕҚЖ) сәйкес НАК «КАЗАТОМПРОМ» өндірісінде техника қауіпсіздік жағдайын бақылау үшін 4 сатылы бақылауға сай келу қажет:

- Бірінші деңгей – шебер, аға шебер, механик, цех (бөлім) энергетигі – аптасына 1 рет өрт қауіпсіздігін, техника қауіпсіздігін және өндірістегі тазалық сақтау орнын тексеріліп тұруын қадағалаушы. .

- Екінші деңгей – технолог, энергетик, шебер, көлік тұрағының басшысы (аға шебер) - әрбір 10 күн сайын өзіне тапсырылған нысандардың еңбек қауіпсіздігін тексеру, І деңгей басшылығының жұмысын қадағалау, еңбек қорғау құжаттарын тексеру және тәртіп бұзушылыққа қарсы шаралар қолдану қажет.

- Үшінші деңгей – дирекция басшысы, қызмет басшысы және олардың орынбасарлары және басты мамандар. Дирекция және қызмет басшылары айына 1 рет нысандардың еңбек жағдайын тексереді. Тексеру барысында өндіріс тәртібін бұзушылық болса, отчет және сәйкессіздік карточкасы толтырылады. ОТ, ТБ және ООС жұмыс нәтижесі жиналыста қарастырылады және протоколмен рәсімделеді. Қажет болған жағдайда ғана әкімшілік бұйрық шығарады.

- Төртінші деңгей – ұйымның, компанияның жоғарғы басшалары, олардың орынбасарлары, басқару аппаратының мамандары. 4 деңгейдің басшылары құрылым бөлімшелерінің мамандарымен бірігіп жылына 1 рет және еңбек қорғау және техника қауіпсіздігін тексеріп тұрады. Тексеріс нәтижесін отчетқа немесе актқа тіркейді. Тексеріс нәтижесі бойынша қорытынды жиналыс жасалынады. Қажет болған жағдайда ғана әкімшілік бұйрық шығарады.