Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilety_otvety_9_13_maya_2014.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
248 Кб
Скачать
☆

1.Тұңғыш қазақ ғалымы-Шоқан Уәлиханов

Шоқан (Мұхаммедханафия) Уәлиханов 1835 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген.Жасында ауыл мектебінен мұсылманша хат таныған ол кейін Омбыдағы кадет корпусында оқиды.Шоқан қазақ тарихын зерттеуге ерекше ден қойды.Ол әсіресе XVғасырда қазақ халқының ұйытқысы болған Үйсін,Қаңлы,Қыпшақ,Керей,Найман руларын жан-жақты зерттеген.Шоқанның тамаша еңбектерінің бірі «Алты шаһардың жайы туралы» деген шығармасы. Ш. Уәлиханов Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне қабылданды. Шығыс Қазақстан мен Жетісуға, қырғыз еліне жасаған сапары Шоқанның ғалым ретіндегі даңқын арттырды. 1857 жылы Шоқан Алатау қырғыздарына сапар шегіп, оның тарихын, этнографиясын және халықтық поэзиясын зерттеді. Кырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Манасты» жазып алды. 1858-1859 жылдары Шоқан атақты Қашғария сапарына барып қайтты

1865 жылдың сәуір айында қайтыс болады.Оның сүйегі Алтын Емел тауының бауырындағы Көшен-Тоған деген жерге қойылған.

2. Салалас құрмалас-құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауышы тиянақты болып келіп, тең дәрежеде байланысады.

Салалас құрмалас сөйлем түрлері (виды сложносочиненных предложений)

1. Ыңғайлас -Соединительные

Да,де,та,те,және,әрі

Мысалы: Биыл жайлауда болдым және ағамның үйіне бардым.

2. Қарсылықты- Противительные

Бірақ,алайда,дегенмен

Мысалы: Баянның даусы жақсы, бірақ ол өлең айтуға ұялады.

3. Себеп-салдар- Причинно-следственные ССП

Сондықтан,себебі,өйткені,неге десең

Мысалы: Біз кешке мектепке барамыз, өйткені онда салтанатты кеш болады

4. Талғаулы- Разделительные ССП

Не,немесе,я,яғни,әлде,бірде

Мысалы: Сіз менің жалақымды беріңіз, әйтпесе біз қоштасамыз.

5. Кезектес-Последовательные СПП

Біресе,кейде,бірде

Мысалы: Балалар бірде ән шырқайды, бірде өзенге барып шомылады.

6. Түсіндірмелі-Разъяснительные СПП

Екінші жай сөйлем бірінші сөйлемнің мағынасын түсіндіріп  тұрады.(Второе простое предложение разъясняет содержание первого предложения) Жалғаулықтары жоқ. Бірінші сөйлемде сонша, соншама,соншалық, сондай, сол деген сөздері болса – сызықша қойылады. (После первого предложения ставится двоеточие. Первое предложение может иметь слова сонша, соншама, соншалық, сондай, сол – тогда ставится тире)Мысалы: Қорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды.

3. Сызба бойынша сөйлем құрастыр: «Т.С»,-А.С. «Ертең мен досыммен саябаққа барамын»,- деді Арман.

24-билет

1.Ел Ордасы -Астана

1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы болып жарияланды.1998 жылы 10 мауысымда Ақмола Астана деп аталды.

Біздің мемлекетіміздің бас қаласы-Астана.Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі.Астана қаласы Қазақстанның солтүстігінде орналасқан.Бұл жердің ауасы таза,қысы қатал (зима суровая), жазы ыстық болады.Астананың бұрынғы аттары Қараөткел,Ақмола,Целиноград.

Астана-болашағы үлкен қала.Мұнда әсем (красивые),зәулім (высотные), ғимараттар салынып жатыр.Қаланың орталығында Елбасының Резиденциясы орналасқан.Бұл ғимараттың төбесі кәдімгі үйінің шанырағы сияқты.Астана іскерлік және мәдени орталыққа айналды. (Превратилась в центр бизнеса и культуры)

Ең бірінші астана – Орынбор қаласы

Екінші астана – Қызылорда

Үшінші астана – Алматы

Төртінші астана- Астана

2. Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдер құрмалас сөйлем деп аталады. Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен салаласа және сабақтаса байланысады. Мысалы: Қорқып тұрған атты алқымынан алды да, омбы қардан шығармай жығып алды. Бұл – салаласа байланысқан құрмалас сөйлем. Алғашқы сөйлем мен екінші сөйлемнің баяндауыштары тиянақты болып, екеуі тең дәрежеде байланысып тұр. Желге тұмсығын төсеп, белгілі иіс күтті. Бұл – сабақтаса байланысқан құрмалас сөйлем. Алғашқы сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып, екіншісіне бағына байланысып тұр. Бірінші жай сөйлемді екіншісінен бөліп, өз алдына жеке айтуға келмейді.

 Құрамындағы жай сөйлемдердің салаласа, сабақтаса байланысуына орай құрмалас сөйлемдер: салалас құрмалас, сабақтас құрмалас және аралас құрмалас болып үш түрге бөлінеді.

Сабақтас

Шартты бағыныңқылы

-са,-се,

Қарсылықты бағыныңқылы

-са да,-ғанмен

Мезгіл бағыныңқылы

-ғанда,-ғанша,-ғаннан

Себеп бағыныңқылы

-ғандықтан,-ғансоң

Мақсат бағыныңқылы

-үшін,-мақ

Қимыл-сын бағыныңқылы

-ы п,-іп,-п,-а,-е,-й

3. Ата-ана, бала туралы мақал-мәтелдер айтыңыз

1.Әкесіне қарап ұлын, Шешесіне қарап қызын таны.

2.Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

  3.Күтсең ата-анаңды, Кешірер атаң қатаңды.

4.Ана алдында — құрмет, Ата алдында — қызмет.

5. Ананың сүті—бал, Баланың тілі — бал.

№25 билет

  1. Жыл мезгілдері. Жалпы 4 жыл мезгілі бар. Олар: жаз, күз, қыс, көктем. Әр жыл мезгілінің өз ерекшеліктері бар. Қыста жер жүзі ақ қарға оранса, көктемде табиғат оянып, құлпырып шыға келеді Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Көктемде күн жылынады. Ағаштар бүршік жарады.Жер бетіне көк шығады. Қар ериді. Құстар ұшып келеді. Жаңбыр жауады. Күн ұзарады, түн қысқарады.

Жаз айлары өте қызыққа толы болады. Себебі бұл жыл мезгілінде адамдар қыдырады, көл,теңіз жағасына барып демалады. Жаз айлары: мауысым, шілде, тамыз. Жазда күн желсіз. Аспан көбінесе бұлтсыз, ашық болады.Жаңбыр көп жаумайды. Құстар ән салады.. Күз жыл мезгілі көкөніс пен жеміске толы болады. Адамдар қызу еңбекке кіріседі Қыстық азықтарын дайындайды.. 2. Төл сөз бен автор сөзі.

Адам өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін өзгертпей, сол күйінде келтірсе, ондай сөйлемді төл сөзді сөйлем дейді.

«Т!?»-а А:Т,?!. «Т,-а-Т» «Т,?!-а-Т»

  1. Тиісті тыныс белгісін қойып, сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрін анықта: Тудың көгілдір түсі ненің белгісі? (сұраулы сөйлем). Ғажайып, әдемі қала! (лепті сөйлем). Шығыс Қазақстанада Зайсан, Марқакөл сияқты әсем көлдер, сыңғырлаған бұлақтар мол.(хабарлы сөйлем)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]