- •Фонетика. Дыбыстар классификациясы.Дауысты дыбыстар.
- •3.Міндет, мекен сөздерін тәуелде.
- •Түбір және қосымша.
- •1.Қазақ халқының салт-дәстүрлері.
- •3.Өсімдік,орман сөздерін септе.
- •15 Билет
- •1.Белгілі күйшілер.
- •16 Билет
- •1.Қазақстанның мемлекеттік қорықтары (государственные заповедники)
- •1.Шешендік өнер
- •2.Жай сөйлемнің түрлері (айтылу мақсатына қарай )
- •Жай сөйлемнің түрлері (сөйлем мүшелерінің қатысына қарай)
- •2.Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
- •1.Әміре Қашаубаев
- •1.Тұңғыш қазақ ғалымы-Шоқан Уәлиханов
- •1.Ел Ордасы -Астана
2.Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
Тұрлаусыз мүшелер деп сөйлемдегі анықтауыш, толықтауыш және пысықтауыш мүшелерді айтамыз. Анықтауыш деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені атаймыз.Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді.Толықтауыш деп сөйлемде негізінде атау мен іліктен басқа септіктің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтыратын тұрлаусыз мүшені атаймыз.Толықтауыш кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кімде? неде? кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? не тақырыпты? деген сұрауларға жауап береді.
Пысықтауыш деп сөйлемде іс-әрекеттің жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені атаймыз.Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? қайда? (қалай қарай?) қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? ненің арқасында? кімнің арқасында? не сайын? кім сайын? қанша? қанша уақыт? неше рет?
3.Берілген сөз тіркестермен сөйлемдер құрастыр:Табиғатты қорғау,орманды дала,сирек кездесетін жануар. Табиғатты қорғауға біздің елімізде үлкен маңыз бөлінеді.Орманды далада,көптеген жабайы аңдар кездеседі.Сирек кездесетін жануарлар қызыл кітапқа енгізілген.
22-билет
1.Әміре Қашаубаев
Әміре Қашаубаев (1888 -1934) - қазақтың атақты әншісі, актер әрі музыканты. Шығыс Қазақстан облысының Абыралы ауданына қарасты Дегелең тауының алабында туған. Шыққан тегі Орта жүз ішіндегі Тарақты руы.
Кедей шаруа отбасында туып өскен. Әміре 12 жасқа толғанда әкесі Семей қаласына көшіп келген. Жас Әміре Исабек деген байдың ат айдаушысы болып еңбекке ерте араласады. Исабек жас әншіні жанына ертіп жүріп, то Ә.Қашаубаев 1926 жылы Қызылордада ашылған жаңа театр труппасына қабылданды. М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» трагедиясы алғаш қойылған кезде Жапал рөлін ойнады. Кейін М.Әуезовтың «Қаракөз», «Бәйбіше-тоқал», «Айман-Шолпан» спектакльдерінде Қоскелді, Қойшы, Жарас, Ақын образдарын сомдаған. Өмірінің соңына дейін театрда әнші-әртісі болған. 1934 жылы қазіргі Абай атындағы Қазақ опера жөне балет театрына ауысты.Ауыр сырқатқа ұшыраған әнші оқыстан қайғылы қазаға ұшырады.Әміре Қашаубаев жөнінде жазылған бірнеше зерттеулер, көркем шығармалар жарыққа шықты.Ә.Қашаубаев атындағы республикалық жас әншілер байқауы өтіп тұрады.
2.Сөйлемнің бірынғай мүшелері_ Сөйлемнің бірыңғай мүшелері - сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқаратын, бір ғана сұраққа жауап беретін, көбінесе бір тұлғада, бір сөз табынан жасалып, бір ғана сөзге қатысты болатын сөздер тобы. Сөйлемнің барлық мүшелері де сөйлемнің бірыңғай мүшелері бола алады. Бірыңғай бастауыш(однородные подлежащие): Ұстаздар мен шәкірттер пікірлесті. Бірыңғай баяндауыш(однородные сказуемые): Ат міндім, алғыс алдым, шекпен кидім. Бірыңғай толықтауыш(однородные дополнения): Ол – Шығанақ пен Олжабекке өз қасынан орын берді Бірыңғай анықтауыш(однородные определения): Боранбай ақ сақалды, қой көзді, толық келген адам. Бірыңғай пысықтауыш(однородные объстоятельства): Мектеп сахнасында біз шырқап, толғап, баяу ырғақпен өнерімізді көрсеттік.
Бірыңғай мүшелер бір-бірімен интонация немесе жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. (Однородные члены предложения выполняют общую синтаксическую функцию, связаны только с одним членом предложения. Однородные члены соединяются между собой с помощью интонации и союзов).
Бірыңғай мүшелердің жалғаулық шылаулар арқылы байланысуы
1. ыңғайластық (соединительные) шылаулар: да,де,та,те,әрі,және,мен,пен,бен т.б. Мысалы: Марат пен Азамат емтиханға кешігіп келді. 2. қарсылықты (противительные) шылаулар: бірақ, алайда, әйткенмен т.б. Мысалы: Біз жұмысты тез аяқтадық, бірақ оны бғалаған ешкім жоқ. 3. талғаулы (разъяснительные) шылаулар: я, не, немесе, әлде т.б. Мысалы: Жүз жылда не хан өледі, не есек өледі. 4. кезектес (последовательные) шылаулар: бірде, біресе, кейде т.б. Мысалы: Арман біресе ұшаққа, біресе сағатына қарайды. ___
3.Сызба бойынша сөйлем құрастыр: А.С : «Т.С»,-А.С. Бақыт менен : «Сен көшеге барасың ба?», - деп сұрады.
23-билет
