Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilety_otvety_9_13_maya_2014.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
248 Кб
Скачать
☆

3.Өсімдік,орман сөздерін септе.

А.с өсімдік,орман

І.с өсімдіктің,орманның

Б.с өсімдікке,орманға

Т.с өсімдікті,орманды

Ж.с өсімдікте,орманда

Ш.с өсімдіктен,орманнан

К.с өсімдікпен,орманмен

13-билет

1.Қолөнер. Қазақтардың тұрмысында қөлөнер ерекше орын алған.Әйелдер киіз басып,кілем тоқып,киім тіккен.Еркектер киіз үйдің қаңқасын жиһаздарын,қару-жарақтар жасаған.Киіз үй жасайтын шеберлер өте көп болды.Олар кереге,уық,шаңырақ,есік,домбыра,ыдыс-аяқ,әр түрлі құрал-жабдықтар,басқа да бұйымдар жасаған.

2.Үстеу-қимылдың түрлі белгісін,мезгілін,мекенін,себебін,мақсатын білдіретін сөз табы.

Құрамына қарай:1)Дара-бір ғана түбірден тұрады.

2)Күрделі-кемінде екі түбірден тұрады.

Тұлғасына қарай:1)Негізгі-бөлшектеуге келмейтін төл үстеулер.

2)Туынды-түбірге жұрнақ жалғануы арқылы немесе кейбір септік жалғауларының көнеленуі арқылы жасалған үстеу.

3. Мақалды аяқта.

Отан үшін күрес - ... ... ... ерге тиген үлес.

Туған жердей жер болмас, ... ... ... туған елдей ел болмас. .

Отан туралы 1 өлең жатқа айт

Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Елім менің –тірегім,

Құшағында гүл атам.

Шығысыңнан арайлы,

Күліп атқан құба таң.

Сенен бақыт тарайды

Баршамызға Ұлы Отан.

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен, Отан.

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің сен, Отан!

14-билет

1.Ұлттық киімдер  1. Ұлттық киімдер ішкі киімдер, сыртқы киімдер, ерлердің бас киімдер, әйелдердің бас киімдері, аяқ киімдері болады. Ішкі киімдерге жейде, көйлек, дамбал, шалбар, бешпент, қамзол, желет бар. Сыртқы киімдер: шапан, сырмалы шапан, тон, ішік, шидем. Ерлердің бас киімдер:бөрік, тымақ, малақай, қалпақ, тақия. Әйелдердің бас киімдер: кимешек, жаулық, бөрік, сәукеле, тақия. Аяқ киімдер: мәсі, кебес, әйел етігі, ерлер етігі.  2.Көмекші есімдер

Көмекші есімдер. Заттың, нәрсенің атын білдіріп, толық мағыналы сөзбен тіркесе жұмсалатын сөздерді көмекші есімдер дейді. Көмекші есім тіркескен сөз ілік септігі жалғауын ашық жалғауы да мүмкін, жасырын түрде де көрінуі мүмкін. Мысалы: үйдің маңы - үй маңы, өзеннің жағасы - өзен жағасы. т. б. Көмекші есімдерге мыналар жатады: үсті, алды, жаны, іші, асты, арты, қасы, сырты. Мысалы: үстелдің үстінде, мектептің қасында, дүкеннің ішінде.

3.Сөз тіркестерінен сөйлем құра. Сөз тіркестерінен сөйлем құрастыр: егеменді ел, экономикалық аймақ, қоршаған орта.

Қазақстан – көп ұлтты, егеменді ел.

Жерді күтіп баптай білу, табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру өз қолымызда.

15 Билет

1.Белгілі күйшілер.

Қазақтың белгілі күйшілері:Дәулеткерей Шығайұлы,Сүгір Әлиұлы,Дина Нұрпеиісова. Дәулеткерей Шығайұлы-күйші,сазгер, қазақ күй өнерінің негізін салушы.Оның әкесі Шығай,Бөкей ордасының сұлтаны болды.дәулеткерей орыс тілі мен мәдениетін жақсы білген.Дәулеткерей 1869 жылы Құрманғазымен кездесті,кейін жақын дос болды.Дәулеткерейдің күйлері: «Ысқырма»,«Қос алқа», «Қыз Ақжелкен»,«Қаражан ханым» және т.б.Сүгір Әлиұлы (1882-1961).Оңтүстік Қазақстан облысында туған.Ол бес жасынан бастап домбырада күй ойнаған.Атақты күйшілердің Тәттімбет,Қорқыт күйлерін қобызда ойнаған,Сүгір «Бесжорға», «Аққу» күйлерін шығарған.Дина Нұрпейісова (1861-1955)-аса дарынды күйші7Ол 8-9 жасынан домбыра ойнаған.9 жасында Құрманғазымен кездескен және оның күйлерін үйренген.Дина Құрманғазының шәкірті,ол Динаға домбырасын сыйлап, бата береді.Күйші-сазгер көп күй шығарды.Олар: «Тойбастар», «Әсемқоңыр», «Бұлбұл», «Ана бұйрығы» және т.б.

2,Оқшау сөздер (қаратпа сөз,қыстырма сөз,одағай)

Оқшау сөздерге(к обособленным словам) қаратпа сөз (обращение),қыстырма сөз(вводные слова) және одағай (междометие) жатады (относятся).Олар сөйлем мүшесі болмайды,өйткені басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді.

Қаратпа сөз сөйлемнін басында тұрса,одан кейін үтір қойылады.Қаратпа сөз отрасында тұрса,екі жағынан утір қойылады..Қаратпа сөз сөйлемнін аяғында тұрса,оның алдына үтір қойылады.

Одағай сөйлеушінін көңіл-күйін (эмоцию),сезімін (чувства) білдіреді.Көңіл күй:қап,әттеген-ай,моһ-моһ,кә-кә,ах,алақай.

Қыстырма сөздер (вводные слова ) айтушының көзқарасын (мнение говорящего) білдіреді(выражает).Мысалы: біріншіден,екіншіден (во-первых,во-вторых),менің ойымша,меніңше (по моему),өкінішке орай (к сожалению),сөз жоқ (нет слов).М:Менің ойымша,бүгін ауа райы жақсы болады.Өкінішке орай демалыс бітті.

3. Сөздерге синонимдік катар жаз:

Уақыт, ... /мерзім, мезгіл, кез  /

Үлкен, ../кең,ірі/

Ақылды, ... /ақылды, ғұлама, кемеңгер,есті/

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]