Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
p970001650_.10-07-2013.kaz.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

19. Сыртқы жарықтандыру приборларын және дыбыстық сигналдарын пайдалану

      19.1. Тәулiктiң қараңғы уақытында және жолдың жарықтандырылуына қарамастан жеткiлiксiз көрiну жағдайларында, сондай-ақ тоннельдерде көлiк құралдарының мынадай жарықтандыру приборлары;       барлық механикалық көлiк құралдары мен мопедтерге - габариттiк шамдар мен алыс және жақын жарық фарлары, велосипедтерде - фарлар немесе фонарьлары, делбесi бар көлiк-арбада - фонарьлар (олар болған кезде);       тiркемелер мен сүйретпе механикалық көлiк құралдарында - көлемдiк оттар iске қосылуы тиiс.       Ескерту. 19.1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.  

      19.2. Мына:       егер жол жарықтандырылған болса, елдi мекендерде;       қарама-қарсы жол айырығында көлiк құралына 150 м кем дейiнгi, сондай-ақ және одан үлкен ара қашықтықта, қарсы келе жатқан көлiк құралының жүргiзушiсi фардың жарығын мезгiл-мезгiл жағып-сөндiрiп, мұның қажет екендiгiн көрсетсе;       қарама-қарсы, сонымен бiрге iлеспе көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң көзiн қарықтыру мүмкiндiгiн болдырмау үшiн кез келген басқа жағдайларда алыс жарық жақын жарықпен ауыстырылуы тиiс.       Көзiн қарықтырған жүргiзушi авариялық жарық сигналын iске қосып, қозғалыс жол жолағын ауыстырмай аялдауы тиiс. 

      19.3. Тәулiктiң қараңғы уақытында жолдың жарықтандырылмайтын учаскесiнде, сондай-ақ жеткiлiксiз көрiну жағдайларында аялдаған және тұрған кезде көлiк құралында көлемдiк оттар жағылуы тиiс. Көру жеткiлiксіз болған жағдайда көлемдiк оттарға қосымша жақын жарық фары, тұманға қарсы фарлар және артқы тұманға қарсы фарлар iске қосылуы мүмкiн.       Көлемдiк оттардың ақауы болса, көлiк құралдары жол шекарасынан тыс әкетiлуi тиiс, ал егер бұл мүмкiн болмаса, оны Ереженiң 7.1 және 7.2-тармақтарының талаптарына сәйкес белгiлеу қажет. 

      19.4. Жол полициясында тiркелмейтiн автокөлiк құралдарын, жабық аумақтарда пайдаланылатын және жалпы пайдаланылатын жолдарда пайдалануға жатпайтын технологиялық көлікті, сондай-ақ шаруа және фермер қожалықтарының iшінде пайдаланылатын осы қожалықтардың автокөлiгiн, бетон және цемент тасушыларды қоспағанда, 22895-77 ГOCT бойынша М 2 , М 3 , N 2 , N 3 , О 2 , О 3 , О 4 санаттарындағы көлiк құралдарының бүйір және артқы жақтарының контурлары СТ РК ГОСТ P 51253-2001 және СТ РК ГОСТ P 41.104-2001-ге сәйкес жарық қайтарғыш материалдармен таңбалануы тиiс;       Ескерту. 19.4.-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.12.19. N 1329 қаулысымен.  

      19.5. Тұманға қарсы фарлар:       жекелей, сол сияқты фардың жақын және алыс жарығымен бiрге, жеткiлiксiз көрiну жағдайларында;       тәулiктiң қараңғы уақытында жолдың жарықтандырылмайтын учаскесiнде фардың жақын және алыс жарығымен бiрге;       Ереженiң 19.6-тармағында көзделген жағдайларда фардың жақын жарығының орнына пайдаланылуы мүмкiн. 

      19.5-1. Тұманға қарсы фарлар алыс және (немесе) жақын жарық фарларының қосылғанына қарамастан, габариттiк шамдар қосылған кезде қосылуы тиiс.       Ескерту. 19.5.1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.  

      19.6. Тәулiктiң жарық уақытында қозғалған кезде қозғалыстағы көлiк құралын белгiлеу мақсатында:       елді мекендерден тыс жерлерде қозғалысы кезінде;       қалалардағы және басқа да елді мекендердегі жалпы пайдаланудағы көлікте;       мотоциклдер мен мопедтерде;       ұйымдастырылған көлiк колоннасының қозғалысы кезiнде;       көк түстi жарқырауық маягi iске қосулы жедел және арнаулы қызмет автомобильдерi алып келе жатқан көлiк құралдарында;       негiзгi қозғалыс легiне қарама-қарсы арнаулы бөлiнген жол жолағының бойымен қозғалып келе жатқан маршруттық көлiк құралдарында;       маршруттық емес автобустарда немесе жүк автомобильдерiнде балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдағанда;       қауiптi, iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi тасымалдау кезiнде;       механикалық көлiк құралын сүйреткенде (сүйрелетiн көлiк құралында);       бөлу жол жолақтары бар жолдың қозғалыс үшiн жабық жүрiс бөлiгiн 5.34.1 белгiсiнiң талаптарына сәйкес айналып өткенде фардың жақын жарығы iске қосылуы тиiс.       Ескерту. 19.6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.25. N 420 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.  

      19.7. Фар-прожекторды және фар-iздеушiнi қарама-қарсы көлiк құралы жоқ кезде елдi мекеннен тыс жерлерде ғана пайдалануға рұқсат етiледi. Елдi мекендерде мұндай фарларды тек қана жедел және арнаулы қызметтiң көлiк құралдарының жүгiзушiлерi қызметтiк тапсырманы орындау кезiнде пайдалана алады. 

      19.8. Тұманға қарсы артқы фонарьлар көрiну жеткiлiксiз болған жағдайларда ғана қолданылады. Тұманға қарсы артқы фонарьды тоқтау-сигналына қосуға тыйым салынады. 

      19.9. "Автопоезд" айырым белгiсi автопоездың қозғалысы кезiнде, ал тәулiктiң қараңғы уақытында және жеткiлiксiз көру жағдайында, бұдан басқа оның аялдау және тұру кезiнде iске қосылуы тиiс. 

      19.10. Сарғыш қызыл немесе сары түсті жарқылдауық маяк жолдарды салу, жөндеу немесе ұстау, бұзылған, жарамсыз және өзге де көлік құралдарын тиеу және тасымалдау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде көлік құралдарында; ауыр салмақты, ірі көлемді жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде көлік құралдарында; ауыр салмақты, ірі көлемді және қауіпті жүктердің тасымалдарына ілесіп жүретін көлік құралдарында; ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға арналған автобустарда, күзетілетін объектілерге рұқсатсыз кірген кезде жеке күзет ұйымдары ұтқыр топтарының көлік құралдары қосылуы тиіс.       Ескерту. 19.10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.07 N 1479 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      19.11. Дыбыс сигналдары тек қана:       басқа жүргiзушiлердi елдi мекеннен тыс жерде басып озу ниетiн ескерту үшiн;       бұл жол-көлiк оқиғасын болдырмау үшiн қажет болған жағдайларда қолданылуы мүмкiн. 

      19.12. Басып озу туралы ескерту үшiн, сондай-ақ Ереженiң 9.4-тармағында көзделген жағдайларда жарық сигналы тәулiктiң жарық уақытында мезгiл-мезгiл қысқа уақытқа фардың жарығын жандырып-сөндiрумен, ал тәулiктiң қараңғы уақытында - бiрнеше қайтара фардың жақын жарығын алыс жарыққа ауыстырумен берiлуi мүмкiн.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]