Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
p970001650_.10-07-2013.kaz.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

6. Арнаулы сигналдарды қолдану

      6.1. Көк түстi жарқылдауық маягi iске қосылған жедел және арнаулы қызметтiң көлiк құралдарының жүргiншiлерi кезек күттiрмейтiн қызметтiк тапсырманы орындауы кезiнде, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шартымен Ереженiң 5 (реттеушiнiң сигналдарынан басқа), 8-18 бөлiмдерiн, Ережеге 1 және 2-қосымшалардың талаптарын орындамауы мүмкiн.       Қозғалысқа басқа қатысушылардың алдында басымдылық алуы үшiн мұндай көлiк құралдарының жүргiзушiлерi көк түстi жарқылдауық маяк пен арнаулы дыбыстық сигналды iске қосуы тиiс. Олар өздерiне жол берiлгендiгiне көз жеткiзгеннен кейiн ғана, басымдылықты пайдалана алады.       Осы құқықты, жедел және арнаулы қызметтердiң көлiк құралдарын Ереженiң осы тармағымен белгiленген жағдайларда алып жүретiн көлiк құралдарының жүргiзушiлерi де пайдаланады.       Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қарулы Күштерi әскери автомобиль полициясының және жол полициясының көлiк құралдарында олар басқа көлiк құралдарын бiрге алып жүрген кезде көк түстi жарқылдауық маякқа қоса, қызыл түстi жарқылдауық маяк iске қосылуы мүмкiн.       Ескерту. 6.1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.30. N 115, 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.  

       6.2. Көк түстi жарқылдауық маягi iске қосылған және арнаулы дыбыстық сигналы бар көлiк құралдары жақындаған кезде жүргiзушiлер осы және олардың алып жүруiндегi басқа көлiк құралдарының кедергiсiз өтiп кетуiн қамтамасыз етуi үшiн жолды босатулары керек. 

      6.3. Көк түстi жарқылдауық маягi iске қосулы тоқтап тұрған көлiк құралдарына жақындаған кезде жүргiзушi, қажет болған жағдайда дереу тоқтатуға мүмкiндiк болуы үшiн, жылдамдықты азайтуы тиiс. 

      6.4. Сарғыш қызыл немесе сары түсті жарқылдауық маягі іске қосулы көлік құралдарының жүргізушілері жол үстінде құрылыс, жөндеу немесе жинау жұмыстарын орындау кезінде жеке күзет ұйымдарының жедел ден қою ұтқыр топтары қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шартымен жол белгілері (2.2, 2.4-2.6, 3.11-3.14, 3.17.2, 3.20 белгілерінен басқа) мен таңбаларының, сондай-ақ Ереженің 9.4-9.8 және 16.1-тармақтарының талаптарын орындамауы мүмкін.       Басқа көлiк құралының жүргiзушiлерi олардың жұмысына кедергi жасамауы тиiс.       Сарғыш қызыл немесе сары түстi жарқылдауық маяк қозғалыста басымдылық әпермейдi және қозғалыстың басқа қатысушыларын қауiптiлiк туралы ескерту үшiн қызмет етедi.       Ескерту. 6.4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.07 N 1479 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

7. Авариялық сигнал мен авариялық аялдау белгiсiн қолдану

      7.1. Авариялық жарық сигналы мынадай жағдайларда iске қосылуы тиiс:       жол-көлiк оқиғасы кезiнде;       аялдауға тыйым салынған жерлерде амалсыздан тоқтаған кезде; - артқы жүрiспен қозғалғанда;       фардың жарығымен жүргiзушiнiң көзiн қарықтырғанда;       сүйретуге алғанда (сүйретiлетiн механикалық көлiк құралында);       жолдың жарықтандырылмайтын учаскесiнде немесе көлемдiк оттардың дұрыс iстемеуiнен көру жеткiлiксiз болған жағдайларда аялдағанда және тұрғанда;       елдi мекеннен тыс, жол жағалауының енi жүрiс бөлiгiнен толық кiру үшiн жеткiлiксiз болғанда немесе жол жағалауының енiн осы жол жағдайында айқындау мүмкiн болмай, онда тоқтаған кезде.       Авариялық жарық сигналы және басқа жағдайларда да, қозғалысқа қатысушыларды көлiк құралы туғызуы мүмкiн қауiптiлiк туралы ескерту үшiн де қосылуы мүмкiн. 

      7.2. Авариялық жарық сигналын iске қосқаннан кейiн, сондай-ақ оның ақауы болса немесе ол болмағанда, жүрiс бөлiгiнiң неғұрлым қауiптi жағына:       жол-көлiк оқиғасы кезiнде;       аялдама жасауға тыйым салынған жерлерде немесе жолдың көрiнуi 100 м кем болған жерлерде ең болмағанда бiр бағытта, дереу авариялық аялдама (немесе жыпылықтаған қызыл фонарь) белгiсiн қою керек.       Бұл белгi (немесе фонарь) нақты жағдайда басқа жүргiзушiлердi қауiптiлiк туралы уақтылы ескертудi қамтамасыз ететiн қашықтықта орнатылады. Сонымен қатар, бұл қашықтық көлiк құралынан елдi мекендерде - 15 м, және елдi мекеннен тыс жерде 30 м. кем болмауы тиiс. 

      7.3. Авариялық жарық сигналы болмағанда немесе оның ақауы болса, сүйретiлетiн механикалық көлiк құралының артқы жағына авариялық қауiптiлiк белгiсi бекiтiлуi тиiс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]