Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
p970001650_.10-07-2013.kaz.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

2. Рульдiк басқару

      2.1. Рульдiк басқарудағы жиынтық люфт мына мәндерден асады: _________________________________________________________________        Көлiк құралының түрi                       Жиынтық люфт                                                 (градус), көп емес _________________________________________________________________      Жеңiл автомобильдер мен      олардың негiзiнде жасалған      жүк автомобильдерi мен      автобустар ...                             10      автобустар ...                             20      жүк автомобильдерi ...                     25       Ескерту. 2-1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2.2. Детальдар мен тораптардың конструкцияда көзделмеген орын ауыстыруы; резьбалық қосылыстар тартылмаған немесе белгiленген әдiспен бекiтiлмеген. 

      2.3. Конструкцияда көзделген рульдiк басқарудың күшейткiшi немесе рульдiк демпферi (мотоцикл үшiн) жоқ немесе ақауы бар.

3. Сыртқы жарықтандыру приборлары

      3.1. Сыртқы жарықтандыру приборларының саны, түрi, түсi, орналасуы мен жұмыс режимi көлiк құралдары конструкциясының талаптарына сәйкес келмейдi.       Ескертпе. Өндiрiстен алынып тасталған көлiк құралдарына басқа маркiлi және модельдегi көлiк құралдарының сыртқы жарықтандыру приборларын орнатуға жол берiледi. 

      3.2. Фардың реттеушiсi ҚР СТ ГОСТ Р 51709-2004 талаптарына сәйкес емес.       Ескерту. 3-2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.  

      3.3. Сыртқы жарықтандыру приборлары мен жарық қайтарғыштары белгiленген режиммен жұмыс iстемейдi немесе ластанған. 

      3.4. Жарықтандыру приборларындағы таратқыштары жоқ не осы жарықтандыру приборы үлгiсiне сай келмейтiн таратқыш пен шам пайдаланылады. 

      3.5. Жарқылдауық маяк стандарт талаптарына сай қондырылмаған. 

      3.6. Көлiк құралының алдынан - қызыл түстi оттар бар жарықтандыру приборы немесе қызыл түстi жарық қайтарғыштар, ал артта - ақ түстi, артқы жүру және тiркелiм белгiсiн жарықтандыру, тiркелудiң, айырым және тану белгiлерiнiң жарық қайтару фонарынан басқа.

4. Желқағар әйнектiң әйнек тазалағышы мен әйнек жуғышы

      4.1. Әйнек тазалағыштар белгiленген режимде жұмыс iстемейдi. 

      4.2. Әйнек тазалағыштар көлiк құралының конструкциясында көзделгендегiдей жұмыс iстемейдi.

5. Дөңгелектер мен шиналар

      5.1. Жеңiл автомобильдердiң шиналары 1,6 мм, жүк автомобильдерiнiкi - 1мм, автобустардыкi - 2 мм, мотоциклдер мен мопедтердiкi - 0,8 мм протектор суретiнiң қалдық биiктiгi болады.       Ескертпе. Тiркемелерге шина протекторының суретiнiң қалдық биiктiгiнiң нормасы сүйретпе-көлiк құралдары шинасына арналған нормалармен бiрдей. 

      5.2. Шиналардың әр жерiнде кордты жалаңаштап тұратындай ақауы бар (соғылған, тiлiнген, кесiлген, жыртылған), сондай-ақ каркастың бүктелуi, протектор мен боковинаның ажырауы. 

      5.3. Бекiту болты (гайкасы) жоқ немесе дөңгелектiң дискасы мен құрсауы жарылған. 

      5.4. Шиналар өлшемi немесе рұқсат етiлетiн жүктеме бойынша көлiк құралының моделiне сәйкес келмейдi. 

      5.5. Көлiк құралдарының бiр осiне әр түрлi мөлшердегi, конструкциядағы (радиальды, диагональды, камералы, камерасыз), үлгiдегi, протекторының түрлi суретi бар, тиектелген және тиектелмеген, аязға төзiмдi және аязға төзiмсiз, жаңа және қалпына келтiрген шиналар орнатылған.       Ескерту. 5-5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.  

      5.6. Қалааралық автобустың (II** сынып) және алыс сапарға шығатын автобустың (III сынып) алдыңғы осiне қалпына келтiрiлген протекторлы шиналар, ал басқа остерiне екiншi сыныпты жөндеу бойынша қалпына келтiрiлген шиналар орнатылған.       Ескертпе: "**" Осы жерде және бұдан әрi автобустардың сыныптары ҚР СТ ГОСТ Р 51709-2004-ке А-қосымшада көрсетiлген.       Ескерту. 5-6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.  

      5.7. Автомобильдiң және қалалық автобустың (І сынып) алдыңғы осiне екiншi сыныпты жөндеу бойынша қалпына келтiрiлген шиналар орнатылған.       Ескерту. 5-7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]