- •1. Жалпы ережелер
- •2. Жүргiзушiлердiң жалпы мiндеттерi
- •3. Жаяу жүргiншiлердiң мiндеттерi
- •4. Жолаушылардың мiндеттерi
- •5. Бағдаршамның және реттеушiнiң сигналдары*
- •5.1. Бағдаршамның сигналдары
- •5.2. Реттеушiнiң сигналдары
- •6. Арнаулы сигналдарды қолдану
- •7. Авариялық сигнал мен авариялық аялдау белгiсiн қолдану
- •8. Маневр жасау
- •9. Көлiк құралдарының жүрiс бөлiктерiнде орналасуы
- •10. Қозғалыс жылдамдығы
- •11. Басып озу, алда кездескен жол айрығы
- •12. Аялдама және тұрақ
- •13. Көше қиылысын өту
- •14. Жаяу жүргiншiлер өтпесi және маршруттық көлiк құралдарының аялдамалары
- •15. Темiржол жолдары арқылы қозғалыс
- •16. Автоарналар бойымен қозғалыс
- •17. Тұрғын аймақтардағы қозғалыс
- •18. Маршруттық көлiк құралдарының басымдылығы
- •19. Сыртқы жарықтандыру приборларын және дыбыстық сигналдарын пайдалану
- •20. Механикалық көлiк құралдарын сүйрету
- •21. Үйрену үшiн жүру
- •22. Жолаушыларды тасу
- •23. Жүк тасымалдау
- •24. Велосипедтердiң, мопедтердiң, көлiк арбалардың қозғалысына, сондай-ақ мал айдауға қойылатын қосымша талаптар
- •1. Ескерту белгiлерi
- •2. Басымдылық белгiлерi
- •3. Тыйым салатын белгiлер
- •4. Алдын ала жазылатын белгiлер
- •5. Ақпараттық-көрсеткiштiк белгiлер
- •6. Сервис белгiлерi
- •7. Қосымша ақпарат белгiлерi (табличкалар)
- •1. Тежеу жүйелерi
- •2. Рульдiк басқару
- •3. Сыртқы жарықтандыру приборлары
- •4. Желқағар әйнектiң әйнек тазалағышы мен әйнек жуғышы
- •5. Дөңгелектер мен шиналар
- •6. Двигатель
- •7. Құрылымының басқа да элементтерi
22. Жолаушыларды тасу
22.1. Жүк автомобилiнiң кузовында жолаушыларды тасымалдауға "С" санатындағы көлiк құралдарын басқару құқығына куәлiгi (кабинадағы жүргiзушiнi қоса алғанда 8 адамнан артық тасымалдау кезiнде) осы санаттағы көлiк құралын басқаруда 3 жылдан артық стажы бар жүргiзушiлер жiберiледi. Ескертпе. Әскери жүргiзушiлерге жүк автомобильдерiмен жолаушылар тасымалдауға рұқсат беру белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады. Автобустармен, шағын автобустармен жолаушылар тасымалдауға жасы кемінде жиырма бірде, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі бар жүргізушілерге рұқсат етіледі. Жолаушылар мен багажды тасымалдау үшін пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустар Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінің талаптарына және стандарттарына сәйкес болуы тиіс. Такси ретінде тасымал үшін арнайы басқарылатын, оның ішінде толық қолымен, сондай-ақ оң жақтан басқарылатын автокөлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Ескерту. 22.1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.26. N 47 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
22.2. Жолаушыларды борттық платформасы бар жүк автомобилiнiң кузовында, егер ол Негiзгi ережелердiң 4-тармағының талаптарына сәйкес жабдықталған болса, тасымалдауға рұқсат етiледi.
22.3. Жүк автомобилiнiң жүргiзушiсi жол жүрер алдында жолаушыларға мiну, түсу және кузовта орналасу тәртiбi туралы түсiндiруге; қозғалыс кезiнде тұруға және бортқа отыруға тыйым салынғандығы туралы ескертуге тиiс. Қозғалысты жолаушыларды қауiпсiз тасымалдау шаралары қамтамасыз етiлгендiгiне көз жеткiзiлгеннен кейiн бастауға болады.
22.4. Борттық платформасы бар, жолаушылар тасымалдау үшiн жабдықталмаған жүк автомобилiнiң кузовында жүруге, олар борттың деңгейiнен төмен орналасқан орындықтармен қамтамасыз етiлген жағдайда ғана, жүктi алып бара жатқан немесе жүк әкелуге жiберiлген адамдарға рұқсат етiледi.
22.5. (Ескерту. 22.5-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.26. N 47 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
22.6. Жүргiзушi жолаушыларды отырғызуды және түсiрудi көлiк құралы толық тоқтағаннан кейiн жүзеге асыруға, ал қозғалысты есiктер жабық күйiнде бастауы және оларды толық тоқтағанға дейiн ашпауға мiндеттi.
22.7. Жолаушыларды: автомобильдiң (борттық платформасы немесе бүркемелi кузовы бар жүк автомобильдерiнiң кузовында жолаушыларды тасымалдау жағдайларынан басқа), трактордың, өздiгiнен жүретiн машинаның кабинасынан тыс, жүк тiркемесiнде, жүк мотоциклiнiң кузовында және мотоцикл конструкциясында отыруға арналған орыннан тыс; көлiк құралының техникалық сипаттамасында көзделгеннен, 12 жасқа дейiнгi балаларды санамағанда, жоғары санда. Мұндайда көлiк құралының нақты салмағы дайындаушы-кәсiпорын белгiлеген рұқсат етiлген ең жоғары масса көлемiнен аспауы тиiс және 12 жасқа дейiнгi балалар саны жолаушыларға арналған отыратын орын санынан аспауы керек; мотоциклдiң артқы орындығында мас күйiнде; жүк автомобилiнiң кузовында отыру үшiн жабдықталғаннан жоғары санда тасымалдауға тыйым салынады.
22.8. 12 жасқа дейiнгi балаларды тасымалдауға тыйым салынады: мотоциклдiң артқы орындығында; механикалық көлік құралының алдыңғы орындығында балаларға арналған ұстап тұру арнайы құрылғысы болмағанда. Ескерту. 22.8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.07 N 1479 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
22.9. Балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдау кемінде екі есігі бар, техникалық жай-күйі Автомобиль көлігімен жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерінде белгіленген талаптарға жауап беретін автобустармен жүзеге асырылады, онда міндетті түрде ересек (18 жастан жоғары) ілесіп жүруші болуы тиіс. Автобустар балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдау кезінде сары түсті жарқылдауық маякпен жабдықталуға тиіс. Бұл автобустардың алдына және артына "Балалар тасымалы" деген тану белгісі орнатылуы тиіс. Балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдауға жасы кемінде жиырма бесте, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және кемінде бес жыл еңбек өтілі бар жүргізушілерге рұқсат етіледі. Автобус шанағында тасымалданатын балалардың саны орындық санынан аспауы тиіс. Қала сыртындағы жолдарда балаларды тасымалдайтын екі және одан да көп автобустар легімен жол полициясының арнайы автомобильдері ілесіп жүруге тиіс. Ескерту. 22.9-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.01.26. N 47 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
