Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
p970001650_.10-07-2013.kaz.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

10. Қозғалыс жылдамдығы

      10.1. Жүргiзушi көлiк құралын белгiленген шектеуден аспайтын жылдамдықпен, мұндайда қозғалыс үдемелiлiгiн, көлiк құралы мен жүктiң ерекшелiгiн және жай-күйiн, қозғалыс бағытындағы көрiнуге қатысты жол және метеорологиялық жағдайларды ескере отырып жүргiзуi керек. Жылдамдық жүргiзушiге Ереженiң талаптарын орындау үшiн көлiк құралының қозғалысына тұрақты түрде бақылау жасауына мүмкiндiк беруiн қамтамасыз етуi керек.       Қозғалысқа жүргiзушi анықтай алатындай кедергi және (немесе) қауiп туған жағдайда, ол жылдамдықты тоқтатуға дейiн азайтуға немесе қозғалысқа басқа қатысушылар үшiн қауiп төндiрмей, кедергiнi айналып өтуге шаралар қолдануы тиiс. 

      10.2. Елдi мекендерге 60 км/сағ. артық емес тиісті жол белгілерімен белгіленген, арнайы қозғалыс режімдерін қоспағанда, бірақ 90 км/сағ. артық емес, ал тұрғын аймақтар мен аула аумақтарында - 20 км/сағ. аспайтын көлiк құралдары қозғалысына рұқсат етiледi. <*>       Ескерту. 10.2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.30. N 115, 2009.01.26. N 47 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

      10.3. Елді мекендерден тыс мыналарға:       жеңіл автомобильдерге және мотоциклдерге автомагистральдарда 3.24 тиісті жол белгісімен белгіленген, бірақ 140 км/сағ. аспайтын, қалған жолдарда - 110 км/сағ. аспайтын;       рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 т аспайтын жүк автомобильдеріне, қалааралық автобустарға, шағын автобустарға автоарналарда - 110 км/сағ. аспайтын, қалған жолдарда - 90 км/сағ аспайтын;       басқа автобустарға, оның ішінде балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдауды жүзеге асыратын, тіркеме сүйреткен кезде жеңіл автомобильдерге, рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 т артық жүк автомобильдеріне автомагистральдарда - 90 км/сағ. аспайтын, басқа жолдарда - 70 км/сағ. аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі.        Ескерту. 10.3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің  2009.01.26. N 47 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      10.4. Көлiк құралдарының жылдамдығы:       жүк автомобилiнiң кузовында жолаушыларды тасыған кезде - 60 км/сағ.;       механикалық көлiк құралдарын сүйреткен кезде - 50 км/сағ.;       қауiптi, ауыр салмақты және iрi көлемдi жүктердi тасымалдау шарттарын келiскен кезде - белгiленген көлемнен аспауы тиiс.  

      10.4-1. (Ескерту. 10.4-1-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің  2009.01.26. N 47 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.  

      10.5. Жүргiзушiге:       көлiк құралының техникалық сипаттамасында анықталған ең жоғары жылдамдықтан асыруға;       көлiк құралында белгiленген "Жылдамдықты шектеу" айырым белгiсiнде* көрсетiлген жылдамдықтан асыруға;       қажеттiлiк болмаған кезде өте аз жылдамдықпен қозғалып, басқа көлiк құралдарына кедергi тудыруға;       егер бұл жол-көлiк оқиғасын болдырмау үшiн талап етiлмесе, қозғалысты кенеттен тежеуге тыйым салынады. _____________ * Осы жерде және бұдан кейiн айырым белгiлерi Негiзгi Ережелерге сәйкес көрсетiледi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]