Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
377 Кб
Скачать
☆

2. Ксро-ның таратылуы. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының (тмд) құрылуы.

РКФСР, Беларусь және Украинаның басшылары 1991 жылдың желтоқсан айының басында Беларусь астанасы Минск қаласында бас қосты. Бұл республикалардың басшылары жүргiзiлген келiссөзден соң 1922 жылғы КСРО-ны құру туралы келiсiмшарт күшiн жойғанын мәлiмдеп, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру жөнiндегi келiсiмге қол қойды.

1991 жылы 13 желтоқсанда Ашхабадқа Қазақстан мен Орта Азия республикаларының басшылары жиналып, Минскiде қабылданған шешiмдi қолдайтындықтары жөнiнде хабарлады. Бұл бұрынғы КСРО республикаларының, қазiргi тәуелсiз мемлекеттер басшыларының Алматыдағы кездесуiн ұйымдастыруға мүмкiндiк бердi.

1991 жылы 20 желтоқсан күнi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) төңiрегi ндегi бiрқыдыру мәселелердi талқылау үшiн Әзiрбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, РКФСР, Тәжiкстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның басшылары Алматыға жиналды. Оған Грузия бақылаушы ретiнде қатысты.

1991 жылы 21 желтоқсан күнi жергiлiктi уақыт бойынша 11 сағат 30 минутта тәуелсiз мемлекеттерд iң басшылары Қазақстан Президентiнi ң резиденциясында жиналды. М . С. Горбачев бұл жиынға шақырылған жоқ. Сағат 15-ке қарай күнi бұрын дайындалған құжаттарды талқылау аяқталды. Жергiлiктi уақыт бойынша сағат 17-де он бiр республиканың басшылары мәжiлiстiң қорытынды құжаттарына қол қойды. Осы уақыттан бастап КСРО iс жүзiнде өзiнiң өмiр сүруiн тоқтатты және құрамына кiрген республикалар тең құқылы құрылтайшысы болып саналатын Тәуелсiз Мемлекеттердiң Достастығы дүниеге келдi.

3. СҮЛЕЙМЕНОВ Олжас Омарұлы (1936) - ақын, қоғам қайраткерi, Қазақстанның халық жазушысы (1992). ҚазМУ-ді (қазi ргi ҚазҰУ, 1959), Мәскеудегi М. Горький атындағы Әдебиет институтын бiтiрген. 1962-1984 жылдары «Казахстанская правда» газетiнде, «Простор» журналында бөлiм меңгерушiсi, «Қазақфильм» киностудиясында сценарийлiк-редакциялық алқаның бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, ҚР Кинематография жөн iндегi мемл. комитет төрағасы қызметтерiн атқарған. 1972 жылдан Азия мен Африка елдер i жазушыларымен байланыс жөн iндегi комитеттiң, 1989-1995 жылдары Халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының төрағасы болды. 1995 жылдан Қазақстанның Венгриядағы, кейiн Италиядағы төтенше және өкiлеттi елшiсi. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Арғымақтар » 1961 жылы жарық көрдi. Сүлейменов шығармасының алғашқы кезеңi (1961-1965) жалынды рухқа толы болды, ол тұстағы шығармалар мазмұнынан қоғамдық

дағдарыс пен руханият мәселесi н, жаман мен жақсының тайталасын, қоршаған орта мен адам табиғатының сырын ашуға, ұлт тарихының тереңнен тартқан тамырын тануға деген ұмтылысты байқауға болады. Оның алғашқы поэтикалық туындылары қоғамда үлкен резонанс туындатты. «Адамға табын, Жер, ендi!» поэмасы (1961, Қазақстан Ленин комсомолы сыйл., 1964) ғарышкер Ю. Гагариннiң ғарышқа ұшу сәтiне арналған. Онда аспан кеңiстiгiн бағындырған адамзат санасының салтанат құруы марапатталған.

60-жылдардың орта тұсынан бастап Сүлейменов шығармаларында сөз өнерi мәселелерiнiң түп тамырын көне дәуi рдегi тарихи кезеңдерден iздеу мәселелерi орын алды. Осы тұста ақынның «Қыш кiтап» (1969), «Кактус», «Өлмейтiн құмырсқа» поэмалары дүниеге келдi. 70-жылдардың ортасынан ақын шығармаларындағы басты тұжырым, нег iзгi бағыттар дами түстi, оның поэзиясы бейнелiлiгi мен, философиялық тереңдiгiмен, астарлы ирониясымен ерекшелендi. Бұл кезеңнiң басты шығармасы - «Көгерш iн кiтап» еңбегiнде алдыңғы туындыларында бой көрсеткен ұлттық сана жайындағы талдаулар жарасымды жалғасын тауып, әлемдiк мәдениетпен үйлесiмде синтезделдi. Мұрағат дерек көздерiне сүйене отырып, бiрнеше тiл сөздерiнiң этимологиялық құрылымына жасалған талдаулар «Аз и Я» (1975), «Язык письма» (2000) атты филологиялық зерттеу еңбектерде көрiнiс тапқан. Ол орыс тiлiнде жазатын қазақ ақыны, екi бiрдей эстетикалық-философиялық дүниетанымдық жүйеден сусындаған: туған халқының фольклорлық дәстүрiнде, рухани-адамгершiлiк ұстанымдар үрдiсiнде тәрбиеленген, сондай-ақ орыс мәдениетiнiң рухани мұрасынан тәлiм алған.

Сүлейменов поэзиясында қазақ халқының сан ғасырлық тарихы көр i нiс тапқан, ол - өзiндiк мәдениетi н, дәстүрiн сақтаған ұлт ретiнде қазақ халқын әлемге танытқан суреткер. Оның еңбектерi әлемдiк тұрғыда жоғары баға алды. Сүлейменов шығармаларының өмiрлiк ұстанымы «тауды аласартпай, даланың даңқын асқақтату» болып саналады.

Билет №5

1. Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары. Соғыстың басынан аяғына дейiн

әскери бөлiмдер ретiнде шайқасқан 12 қазақстандық дивизияға құрметтi атақтар берiлдi.

Олардың бесеуi бi р орденмен, төртеуi екi орденмен , екеу i үш орденмен марапатталды. 5 дивизия (олардың iшiнде Кеңес Одағының Батыры И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия да бар) гвардиялық дивизияларға айналды.Әскери ерлiктерi үшiн жүздеген мың қазақстандықтар ордендер мен медальдармен марапатталды, 497 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды. Бұл атақты 97 қазақ иелендi, олардың iшiнде қазақ қыздары – Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова бар. Төрт қазақстандық ұшқыш – Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский Кеңес Одағының Батыры атағына екi мәрте ие болды. 1990 жылы 11 желтоқсанда көрнектi қолбасшы Бауыржан Момышұлына да осы құрметтi атақ берiлдi. 1941 жылы Бауыржан Момышұлы аға лейтенант шенiнде батальонды басқарып, Мәскеу түбiндегi шайқастарда өз құрамасын жау қоршауынан үш реет алып шықты. Соғысты Б. Момышұлы полковник шенiнде аяқтады. Әд iлеттiлiк тек 45 жылдан соң, қазақтың ұлттық батыры өм iрден қайтқаннан кейiн ғана қалпына келтi рiлдi. «Даңқ орденiнiң толық иегерi» атағына 110 қазақстандық ие болды. 1941 жылы 26 маусымда әуеде от-жалынға оранып бара жатқан бомбалаушы ұшағын жау танкiсi колоннасы үстi не шүйiлтiп , жандарын пида еткен қазақтың баһадүр ұшқышы Бақтыораз Бейсекбаев пен ұшақ экипажына 1996 жылы 2 мамырда Ресей Федерациясының Батыры атағы берiлдi. Кеңес Одағының Батыры атағы соғыстағы ерен ерлiгi, қолбасылық таланты үшiн генерал С. Рахимовқа да берiлдi (1965 ж.) . Рейхстагқа тiкелей шабуыл жасап, оған Жеңiс туын тiккендердi ң қатарында қазақстандық Р. Қошқарбаев , капитан Б. В. Чупрета, минометшi А. Бақтыгереев, пулеметшi А. Е. Вицко, байланысшы К. М. Волочаевтар болды.

2. Арал апаты. Өзбекстан мен Қазақстан жерiнде , Тұран ойпатының шөлдi белдемiнде, Үстiрттiң шығыс шетiнде орналасқан тұйық көл Арал теңiзi деп аталады. Арал теңізі 1960-1970 жылдары дүниежүзiлiк тең iз деңгейiнен 53,0 м биiкт iкте жатса, 1998 жылы 18 метрге төмендеген. Соның салдарынан теңiз 2 суайрыққа: Үлкен Арал және Кiшi Аралға бөлiнiп

қалды (1992 ж.). Арал теңiзiнiң тартылуына байланысты Арал апаты қалыптасты.

Бұл Қазақстанға ғана емес, бүкiл жер шары тұрғындарының денсаулығына төнген зор қауiп. Соңғы 40 жылда суармалы жер көлемiнiң ұлғаюы , суды қажет ететiн кәсiпорындардың көбеюi, Арнасай, Шардара, Сарықамыс секiлдi жасанды су қоймаларының құрылуы Арал айдынының аумағын, көлемiн, тереңд iгiн азайтты . Нәтижес iнде ауаның ылғалдылығы жаз, күз айларында 9 пайызға дейiн кемiп, жаз айлары құрғақәр i ыстық (1985 жылы шiлдеде 45 0С-қа дейiн жеткен), ал қысы қатты суық (1986 жылы 470С-қа дей iн жеткен) болатын күндер көбейген. Мақта мен күрiштiкте және өнеркәсiп орындарында пайдаланылған сулар Арал теңiзiне құйылып, тең iз түбiне 1 млрд-тан астам улы шөгiндiлердi жинаған. Сөйтiп, судың тұздылығы артып, тұз шөгiндiлерi пайда болды (1996 жылы 1 литрде 35 мг).

Ауданы 40 мың шаршы шақырымға жуық тартылған теңiз түбiнен жыл сайын 70 млн тонна улы шөгiндiлер көтерiлiп, тұзды шаңға айналып, егiстiктер мен жайылымдарды улап, адам денсаулығына үлкен қауiп тудырып отыр. Бекiре, шоқыр т. б. балықтардың түрлерi жойылып кеттi. Арал апатының салдарынан Барсакелмес аралындағы хайуанаттар қорығы, Возрождение аралындағы кәсiпорындар жабылды.

Теңiздiң жиегiнен 400 шақырымға созылған «тұзды бұлт» өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiн азайтты. Қазақстанның «Қызыл кiтабына » енген жануарлардың кейбiр түрлерi (итала қаз, бұлдырық, ондатра т.б.) құрып кеттi. Сол өң iрдегi 60 мыңға жуық тұрғынның денсаулығына зиян келтiрiлдi. Бұл аймақта рак ауруы , баланың өлi тууы , генетикалық аурулар, сүзек, сары ауру және жүрек-қан тамырлары аурулары көбейдi. Арал апаты аймағынан жүздеген мың адамдар өзге өлкелерге қоныс аударды.

Аралмен бi р мезгiлде табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланбаудың нәтижесiнде Балқаш проблемасы да қалыптасты. Балқаш алабын тиiмсiз игеруден 1970-1985 жылдары көлге құятын өзендер суының көлемi азайып кеттi. Металлургия кәсiпорындары өндiр iс қалдықтарының әсерiнен көлде ауыр металдар мен күкiрт оксидтерiнiң мөлшерi артты. Өлкенiң табиғи, әлеуметтiк және экономикалық жағдайы асқына түстi.

3. НАЗАРБАЕВ Нұрсұлтан Әбiшұлы (06.07.1940 жылы Алматы облысының Қаскелең (қазiргi Қарасай) ауданындағы Шамалған ауылында туған) - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi. Мектептi бiтiргеннен кейiн Қарағанды металлургия комбинатында iстедi. Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын б iтiрiп, инженер-металлург мамандығын алды. Өнд iрiстiк, экономикалық және әлеуметтiк проблемаларды жетiк бiлуi , жұртшылықпен жақсы тiл табыса алуы, олардың қажеттiлiктерiн терең түс iнуi, өз көзқарасы мен сенi мiн табандылықпен қорғай б iлуi, принципшiлдiгi мен биiк беделi Н. Ә. Назарбаевты қоғамдық жұмысқа тартуға ықпал етiп, осылайша оның саяси өмiрбаяны басталды. Он жылдан астам уақыт бойы Қарағанды облысында жастар жетекшiсi, кейiнiрек партия басшысы болды. Н. Ә. Назарбаев 1984 жылдан Республика үкiметiн

басқарды. 1989 жылы Қазақстан КП ОК-нiң бiрi ншi хатшылығына сайланды. 1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнi ң төрағасы қызметiн қоса атқарды. 1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң сессиясында Н. Ә. Назарбаев Қазақ КСР-iнiң Президентi болып сайланды. 1991 жылғы 1 желтоқсандағы бүкiлхалықтық сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi болып сайланды. 1995 жылғы бүк iлхалықтық референдумда оның Президенттiк өкiлеттiгi 2000 жылдың желтоқсанына дей iн ұзартылды. 1999 жылы 10 қаңтарда өткен бүкiлхалықтық сайлауда Н. Ә. Назарбаев тағы да мемлекет басшылығына сайланды, баламалы негiзде өткен осы сайлауда сайлаушылардың 79,78% даусына ие болды. 2005 жылғы 4 желтоқсанда 7 жыл мерзiмге Қазақстан Республикасының Президенттiгiне балама негiзде қайта сайланды. 2011 жылы 3 сәуi рде өткен Қазақстан Республикасы Президентiн сайлауда Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президентi болып тағы да қайта сайланды.

Н. Ә. Назарбаевтың есiм iмен халықтың ғасырлар бойы аңсаған арманының орындалуы - 1991 жылғы 16 желтоқсанда жарияланған жаңа тәуелсi з мемлекет – Қазақстан Республикасының ұлттық мемлекеттiлiгiн iң жаңғыруы тығыз байланысты. Н. Ә. Назарбаевтың басшылығымен бiр кездегi бiртұтас халық шаруашылығы кешенi қирағаннан кейiнгi терең дағдарысқа ұшыраған Қазақстан экономикасын нарықтық қатынастарға бағыттайтын шаралар қарастырылып, жүзеге асырылды. Нәтижесiнде 1997 жылдың басында елдегi инфляция тоқтатылды, өнд iрiс жандана бастады; қаржы-бюджет , салық және жинақтаушы зейнетақы жүйелерi құрылды, жекешелендiру жүргiзiлдi; тұрғын үй, коммуналдық-шаруашылық реформалары орындалды. Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиясы елдiң күш-қуаты мен ресурстарын басым бағыттарға жұмылдырды. 1999 жылдың соңына қарай Қазақстанда экономиканың тұрақты және серпiндi даму тенденциясы байқалды. Саясаткер әрi экономист Н. Ә. Назарбаевтың жеке басының беделi Қазақстанның халықаралық аренадағы абыройының арта түсуiне игi ықпал еттi. 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық еттi. «ЭКСПО-2017» көрмесiн Қазақстанда өткiзу бұл тiкелей Елбасының жеңiсi.

Республикада ауыл өм iрiн жақсартуға, кедейш iлiкпен күреске, тұрғын үй құрылысын дамытуға т.б. бағытталған кең көлемдi әлеуметтiк бағдарламаларды жүзеге асыру басталды. Н. Ә. Назарбаев халықаралық ынтымақтастықтың салиқалы тұжырымдамасын қалыптастырды. Президенттiң көптеген зерделi ойластырылған бастамалары, мәселен, Семей ядролық полигонын жабуы, ядролық держава мәртебесiнен бас тартуы, ғаламдық және аймақтық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша жiгерлi еңбегi жоғары бағаланды. Н. Ә . Назарбаев мәдениеттер, дiндер және өркениеттердiң өзара түс iнiстiгi н орнықтыруға зор көңiл бөледi. Ол ғылыми ойдың дамуына, бiл iм беру жүйесiн қайта құруға зор үлес қосуда. Президенттiң «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырылуда, ол бойынша бiл iктi жастар әлемнiң алдыңғы қатарлы оқу орындарында б iлiм алуда. Аса дарынды жастар үшiн Президенттiң «Дарын» сыйлығы тағайындалған. Н. Ә. Назарбаев - бiрқатар ғылыми к iтаптардың, әлеуметтiк-экономикалық дамудың проблемалары мен қоғамдық-саяси тақырыптардағы еңбектердiң авторы.

Билет №6

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]