- •2. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның мәдениетi
- •2. Астана - Қазақстан Республикасының жаңа астанасы
- •1. Тың игерудің барысы және жағымсыз салдарлары
- •2. Ксро-ның таратылуы. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының (тмд) құрылуы.
- •1. «Әскери коммунизм» саясаты
- •2. 1940-1950 Жылдардағы ғылым мен бiлiм, әдебиет саласындағы кеңестiк қудалаулар.
- •2. Қазақстандағы «Кiшi Қазан» бағыты
- •2. Қазақстан қайта құру кезеңiнде (1985-1991)
- •1. Соғыстан кейiнгi елдiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайы
- •3. Мәншүк Мәметова
- •1. Алаш қозғалысы және «Алаш» партиясының құрылуы
- •3. Әлия Молдағұлова
- •2. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945)
2. 1940-1950 Жылдардағы ғылым мен бiлiм, әдебиет саласындағы кеңестiк қудалаулар.
1940-1950 жылдары ұлт қайраткерлерiн қудалау iсi жалғасты. М. Әуезов, Ғ. Мүсiрепов, С. Мұқанов «Қазiргi тақырыпқа пьеса жазбайтындар» ретiнде сыналды. Ә. Тәжiбаевтың«Б iз қазақпыз» атты шығармасы ескi хандар мен бай-шонжарлар өмiрiн мақтау, марапаттау деп сынға алынды. Белгiлi композитор А. Жұбанов « феодалдық- байшылдық дәстүрлердi асыра дәрiптегенi» үшiн қатаң сынға ұшырады.Әсi ресе 1947 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетiнiң «Қазақ КСР Ғылым академиясының Тiл және әдебиет институтының жұмысындағы саяси өрескел қателiктер туралы» қаулысы жарияланған соң ұлтшылдықты айыптау кеңiнен қанат жайды. Қазан төңкерiсiнен бұрынғы жазылған ұлттық сипаттағы шығармаларды зерттеушi ғалымдар қуғындалды. Орталық Комитет 1948 жылы тамыз айында «Қазақсовет әдебиетiнiң жағдайы және оны одан әрi дамыту туралы» шешiм қабылдады. Нәтижес iнде Б. Кенжебаев , Т. Нұртазин, Ә. Қоңыратбаев, Е. Ысмайылов , М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Ә. Марғұлан секi лдi талантты зерттеушiлер ұлтшылдар қатарына жатқызылды . Әдебиетшi ғалымдардың бiр тобы «Кенесарыны дәрiптеушiлер» ретiнде де айыпталды.
Дулат Шортанбайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Ғұмар Қарашев сияқты қайраткерлерд iң шығармаларын пайдалануға тыйым салынды.
Ленинград пен Мәскеуде «Ленинград iсi », «Дәр iгерлер iсi» дейтiн науқандар қызу жүрiп жатқан кезде Қазақстанда «Бекмаханов iсi» дейтiн iс қолдан жасалды.
Ермұқан Бекмаханов дарынды тарихшы едi. Ол 1943 жылы Алматыда жарық көрген «Қазақ КСР тарихы» атты күрделi еңбектiң негiзгi авторларының бiрi болды. Бұл еңбект i жазуға үлкен авторлар ұжымы , оның iшiнде соғыс жылдарында Алматыға көшiп келген белгiлi кеңес тарихшылары А. М. Панкратова, Б. Д. Греков, И. М. Дружинин, А. П. Кучкин т. б. қатысқан болатын. Бұл кiтаптың кейбiр сыншылары оны орысқа қарсы жазылған және
онда Ресейге қарсы ұлттық көтерiлiстер дәрiптелген деген айыптар тақты. Мәселен, кiтаптың 14-тарауында Кенесары Қасымовтың басшылығымен болған көтер iлiс туралы жазылған. Е. Бекмаханов осы тұрғыда қатты сынға алынды. Е. Бекмаханов 1946 жылы КСРО Ғылым академиясында докторлық диссертация қорғап, оның қолжазбасын 1947 жылы «XIX ғасырдың 20-40-жылдарындағы Қазақстан» деген атпен жеке монография етiп жарыққа шығарған болатын.
Асыра сiлтеу, бұрмалау және күншiлдiк қайтадан бел алған тұста жарық көрген бұл кiтапқа пiкiр айтушылардың басым көпшiлiгi әуел бастан-ақ оны Кенесары Қасымов бастаған қозғалыстың тарихын ақтау тұрғысынан жазылған еңбек деп бағалады. Кiтап авторына буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дәрiптеушi деген саяси айып таңылды. Сталин мен оның төңiрегi (А. Жданов, А. Андреев) бұрынғы «Ресей – халықтар түрмесi» деген тұжырымнан бас тартып, «Ресейдiң ұлттық шет аймақтарда өркениеттiк рөл атқарғанын» уағыздай бастаған едi. Е. Бекмахановқа қарсы ұйымдастырылған саяси науқан барысында жасалған кейбiр қағидалар мен тұжырымдар көпе-көрiнеу жалақорлығымен әйгiлi болды.
Қазақ КСР Жоғарғы Сотының қылмысты iстер жөнiндегi алқасының үкiмiмен Е. Бекмаханов 25 жыл мерзiмге бас бостандығынан айырылып, Гулагтың алыстағы лагерьлерiнiң бiрiне айдалды. Академик, қоғам қайраткерi А. М. Панкратова сияқты қайырымды да қамқор адамдардың тiкелей көмегiнiң арқасында Е. Бекмахановтың iсi қайта қаралып, 1954 жылы ақталып шықты.
40-50- жылдардың басында Қазақстанда бiр ғана «Бекмаханов iсi» орын алған жоқ. Биология, медицина және экология саласындағы бiраз ғалымдарға «космополит » деген айыптар тағылып, олар республиканың ғылыми-зерттеу мекемелерi мен жоғары оқу орындарынан қуылды.
Көрнектi қоғамтанушы ғалымдар А. Жұбанов, Қ . Жұмалиев, Б. Сүлейменов, Е. Ысмайыловтарға саяси айыптар тағылды. ҚазКСР Ғылым академиясының президентi, академик Қ. Сәтбаев пен заңғар жазушы М. Әуезовтер қудаланып, Қазақстаннан Мәскеуге кетiп қалуға мәжбүр болды.
3. МОМЫШҰЛЫ Бауыржан (1910-1982) - әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры (1990), Қазақстанның Халық Қаһарманы (1995). Мектеп бiтiрiп , бiраз уақыт мұғалiм болып iстедi. 1932 жылы әскер қатарына алынып, мергендiк өнерiн игердi. Ауылға оралған соң қаржы орындарында жұмыс iстедi. 1936 жылы қайтадан армияға шақырылып, түрлi әскери бөлiмдерде взвод, рота командирi болды.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен генерал-майор И. В. Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316-атқыштар (8-гвардиялық) дивизиясы құрамында майданға аттанды. Батальон, полк командирi болды. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарды. 1941 жылғы күзгi, қысқы кескiлескен шайқастар кезiнде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негiзгi жауынгерлiк құраммен аман-есен дивизиясына қосылды. Оның қолбасшы , терең ойлай бiлетiн әскери маман ретiндегi таланты соғыста полк, дивизияны басқарған жылдары кеңiнен ашылды.
Б. Момышұлы – әскери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға . 1950 жылы Кеңес Армиясы Бас штабының арнаулы Жоғарғы әскери академиясын бiтiрi п, әскери академияда дәрiс оқумен бiрге шығармашылық жұмыспен де шұғылданды. 1956 жылы демалысқа шығып, өмiрiнi ң соңына дей iн шығармашылық қызметпен айналысты. «Офицер жазбалары» (1962), «Артымызда Москва» (1963), «Генерал Панфилов» (1965), «Куба әскерлерi» (1969), «Ұшқан ұя» (1974), «Соғыс психологиясы», «Қанмен жазылған кi тап» (1990, 1991) туындыларын жазды. Шығармалары бiрнеше рет шет тiлдерiне аударылды. Қазақстанда ауылдарға, көшелерге, республикалықәскери балалар мектебiне т.б. Бауыржан Момышұлы есiмi берiлген.
Билет №11
1. Қазақ АКСР-iнiң құрылуы. 1920 жылы 26 тамызда Кеңес өкiметi - БОАК пен РКФСР ХКК-i - Кеңестiк негiзiнде құрылған федерациялық социалистiк мемлекет РКФСР-дi ң құрамында, астанасы Орынбор қаласында болатын «Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестiк Социалистiк Республикасын құру туралы» Декрет жариялады. Қазақ АКСР-iн құру туралы Декрет Қазақстан аумағын анықтады. Қазақ АКСР-iндегi басқару органдары - депутаттардың жергiлi ктi Кеңестерi, ОАК пен Халық Комиссарлары Кеңесi болатынын белгiлед i. Әскери iстердi басқару үшiн Қазақ Әскери Комиссариаты ұйымдастырылды . 1920 жылы 4-12 қазан аралығында Орынборда Қазақ АКСР-i Кеңестерiнiң Құрылтай съезi болып өттi. Бұл күн – 1920
жылдың 4 қазаны қазақ кеңестiк ұлттық мемлекеттiлiктiң туған күнi болып табылады.
Съезд өкiметтiң жоғарғы органдары – республиканың Орталық Атқару Комитетi мен Халық Комиссарлары Кеңесi н сайлады. Қазақ АКСР ОАК-нiң төрағасы болып Сейтқали Меңдешев, Қазақ АКСР ХКК-нiң төрағасы болып В. Радус-Зенькович сайланды. Съезде қазақ кеңестiк мемлекеттiлiгi н құрудың негiзгi қағидалары Конституциялық негiзде анықталған «ҚазақАКСР-i еңбекшiлерi құқықтарының декларациясы» қабылданды. Декларация республиканың бүкiл өмiрiн социалистiк қайта құруға бағытталған кешендi шараларды анықтады. Ол Қазақстан еңбекшiлер i үшiн саяси құқықтарды бек iттi. Азаматтардың мiндеттерi айқындалды. Декларация Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республика сының бiрi ншi Конституциясы қабылданған 1937 жылға дейiн республика еңбекшiлерiнiң құқықтарын бекiткен конституция ретiнде қолданылды.
Қазақ АКСР-iнi ң аумағына 1917 жылға дейiнгi шекарадағы Ақмола облысының Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездерi мен Омбы уезiнi ң бiр бөлiгi; Семей облысының Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездерi, Торғай облысының Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уездерi, Орал облысының Орал, I лбiшiн, Темiр, Гурьев уездерi қарады. Республика қарамағына Маңғыстау уезi, Каспий жағалауы облысының Красноводск уезiндегi 4- және 5- Адай болыстары, сонымен қатар Астрахан губерниясының Синеморье болысы, Бөкей Ордасы, бiрi ншi және ек iншi Приморский округiнiң қазақтар қоныстанған аймақтары енгiзiлдi. Орынбор губерниясы да Қазақ АКСР -iнiң қарамағында болды . Қазақ АКСР- iнiң жер аумағы 1920 жылғы дерек бойынша 1 871 239 шаршы верстi (1 верст = 1,07 шақырым) құрады.
1925 жылы 15-19 сәуiр аралығында Қызылорда қаласында Қазақ АКСР-i Кеңестерiнiң V съезi өттi. Оған алғаш рет бүкiл Қазақстанның өкiлдерi қатысты. Съезде халқымыздың тарихи «қазақ» атауы қалпына келтiрiлдi. Қырғыз АКСР-i атауы Қазақ АКСР-i деп өзгертiлдi. Республика астанасы Орынбордан Қызылордаға көшiрiлдi.
Қазақ халқының аумақтық бiрi гуi мемлекетт iлiктi нығайтып, республиканың экономикалық және мәдени дамуы үшiн маңызы зор болды. Қазақ АКСР-iнiң құрылуы халқымыздың өткен тарихындағы аса маңызды оқиға болып саналады.
2. 1980-1990 жылдардағы елдiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайы. 80 -жылдары КСРО ядролық қарудың қуатты қоры мен орасан үлкен армиясы бар аса күштi держава болса да, әлеуметтiк жағынан өте дәрменсiз едi. Халықтың тұрмыс дәрежесi нашарлай бастады, республикалардың тәуелсi здiкке ұмтылуы күшейдi. Бейбiт уақыттың өзiнде соғыс кезiне тән экономиканы жаппай әскерилендiру сақталып қалды. Зауыттар, фабрикалар, қалалар салуда, жолдардың құрылысына түрмедегi лердiң, Кеңес Армиясы жауынгерлерiнiң еңбектерi кеңiнен пайдаланылды. Республика халық шаруашылығында 1987 жылы басталған құлдырау келесi жылдары да тоқтамады . Қазақстан 1988 жылы республикадан тыс жерлерге 6,7 млрд сомның тауарларын шығарса, сырттан - 13,8 млрд сомның тауарлары әкел iндi. Сыртқа негiзiнен, шикiзат пен жартылай дайын өнiмдер шығарылып, дайын және өте қымбат тұратын өнiмдер сырттан әкелiндi. Экономикалық байланыстар құрылымының тиiмдiлiгi төмен , экстенсивтiк факторлардың рөлi өте жоғары болды.
Қойылған мiндеттердi ң, жарияланған жобалардың, партия мен мемлекет басшыларының өмiрдi жақсы жаққа қарай бұру жөнiндегi уәделерi мен ресми мәлiмдемелер iнiң көпш iлiгi орындалмай қалды. Тiптi бесжылдық жоспарлардың бiрқатар көрсеткiштерi тек қағаз жүзiнде және баяндамаларда ғана орындалған болып шықты. Халық шаруашылығының кейбiр салалары қосып жазу мен көзбояушылықтың құрбанына айналды. Мәселен, Қазақ КСР жергiлiктi өнеркәсiп министрлiгiне қарасты «Казхудожпром» бiрлестiгi Шымкент былғары-галантерея фабрикасының басшылығы Өзбекстанның мақта өңдеу зауыттарынан мақта талшығы есебiнде көрсетiлген 22 вагон мақта қалдықтарын қабылдады. Пара берiп алынған бұл тауар кейiн есептен шығарылды. Мұнымен қоса бос вагондарға жасалған жалған құжаттар бойынша шын мәнiнде әкелi нбеген 360 т мақта талшықтары кiрiске алынып, есептен шығарылды. Мұндай келеңсiз мысалдарды көптеп келтiруге болады.
«Ресми экономикамен» қатар «көлеңкелi экономикаға» жол берi лдi. Кеңес адамдары тұрмыс дәрежесi нiң жақсарғаны сияқты болып көрiнгендей көптеген мысалдар келтiруге болады. Бұл жан басына шаққандағы нақты табыстардың артуы, медициналық қызметтiң,
ғылым мен техниканың жетiлдiр iле түсуi, көптеген отбасының тұрғын үй жағдайларының жақсаруы едi. Денсаулық сақтау мен емдеу, аурудың алдын алу жұмыст арын ұйымдастыру жақсарды. Егер 1975 жылы республикада 1770 ауруханалар мен емханалар болса, 1980 жылы бiр жылдың iшi нде 570, ал 1985 жылы - 322 аурухана салынып, iске қосылды. Дәрiгерлердiң саны өстi. 1985 жылы 10 мың адамға 37 дәрiгерден келдi.
Совхоз жұмысшыларының жалақысы артып, оның мөлшерi 1985 жылы орта есеппен 186,5 сомды құрады. Қоғамдық тамақтандыру жүйесi жақсара түстi. 1970-1985 жылдары ондаған мың жаңа асханалар ашылды.
Тұрғын үй проблемаларын шешу мiндеттерi де кең көлемде iске асырыла бастады. 1970 жылдан 1985 жылға дейiн 3 млн адам қоныстандырылған 887,7 мың пәтер салынды. Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету түрлерi де жақсарды. Ауылдық жерлерде адамдардыңүй шаруашылығымен айналысуын жеңiлдететiн кiр жуатын орындар, жалға беру пункттерi, киi мдi химиялық жолмен тазарту мекемелерi салынды. Ауыл тұрғындары кiлем, тоңазытқыш , кiр жуатын және жеңiл машиналарды, теледидарларды, мотоциклдердi көптеп сатып ала бастады.
Алайда халық тұрмысы 30-40-жылдармен салыстырғанда ғана едәуiр жақсарды. Ал дамыған капиталистiк елдермен салыстырғанда еңбекақы төлеу, тұрмысты автоматтандыру, тұрғын үй, азық-түлiкпен қамтамасыз ету мәселелерi бойынша елеулi түрде артта қалушылық күшейе түстi.
3. ЖҰМАБАЕВ Мағжан (1893-1938) - Алаш қозғалысының қайраткерi, ақын, қазақ әдебиетiнiң көрнектi өкiлi, аудармашы, педагог. Мұсылманша бастауыш бiлiм алып, Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесiн бi тiрдi. Омбы мұғалiмдер семинариясында оқып жүрген кезiнде «Бiрлiк» жастар ұйымының жұмысына белсене араласты. 1923-1927 жылдары Мәскеуде Жоғарғы әдебиет-көркемөнер институтында оқыды. Осы жылдары Д. Н. Мамин-Сибиряк, М. Горький т.б. шығармаларын, В. И. Лениннiң бiрқатар еңбектерiн қазақ тiлiне аударды. 1927 жылдан бастап өзiн педагогтiк қызметке арнады.
М. Жұмабаев Бiрiншi жалпықазақ съезiн iң шешiмi бойынша Бүкiлресейлiк Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретiнде ұсынылды. «Алаш» партиясының Ақмола облыстық комитет iнiң мүшес i болды. «Бостандық туы », «Ақ жол», «Шолпан» басылымдарының жұмысына араласты, бiрақ белсендi саяси қызметпен айналысқан жоқ.
М. Жұмабаев Қазақстан педагогикалық ғылымының бастауында тұрды. Ол газеттер мен журналдарға көптеген мақалалар жазып, бiрқатар оқулықтар мен әдiстемелiк құралдар дайындады. Оқу-ағарту саласында еңбек ете жүрiп, «Педагогика», «Бастауыш мектептегi ана тiлiн оқыту жөнi», «Сауатты бол!», «Әлiппе», «Тарту», «Оқу-жазуға үйрету», «Ересектерге оқу кiтабын» жариялады.
Мағжанның поэзиядағы алғашқы қадамдарынан-ақ жарқын, өзiнд iк таланттың белгiлерi аңғарылды . «Шолпан » өлеңдер жинағы ақынды кеңiнен танымал еттi. Ол «Батыр Баян» поэмасын, Түркiстан туралы өлеңдер топтамасын, «Қойлыбайдың қобызы», «Оқжетпестiң қиясында» поэмаларын жазды. М. Жұмабаев шығармаларында Шығыс халықтары мен Батыстың рухани ағындары ұштасқан Орта Азия мен Қазақстан аймағындағы ақ ындардың алғашқы ұрпағына жатады. М. Жұмабаев үшiн жалған айып тағылып, тұтқындалуы, 10 жылға бас бостандығынан айырылып, Карелияға жер аударылуы ауыр сынақ болды. Бақытқа орай, бұл жолы М. Горький мен оның әйелi Е. Пешковалардың ара түсуi М. Жұмабаевты НКВД-ның қатыгездiгiнен құтқарды. Шығармашылық жоспарлары мол, еңбек етуге құлшынған, жер аударудан босатылған ақын үйiне қайтып оралады. Алайда бостандықта болу ұзаққа созылған жоқ. 1937 жылы 30 желтоқсанда қарадай жағылған жаламен тұтқындалып, 1938 жылы атылды. 1988 жылы ақталды.
Билет №12
1. Қазақ байларын күшпен тәркiлеу. 1927 жылдың 15-23 қараша аралығында өткен VI Бүкiлқазақтық партия конференциясында қазақ байларын күшпен тәркiлеу туралы шешiм
шығарылды. Мәскеудегi БК (б)П ОК мен БОАК-тiң бұл шешiмдi белгiсi з себептермен 9 айға дейiн заңды түрде бекi тпеуi жағдайды ушықтырды. Тәркiлеуге қатысты түрлi әңг iмелердiң мазмұнынан қорыққан халық мейлi бай болсын, кедей болсын малдарын жаппай сатудың немесе жасырып қалудың жолдарын iздестiрдi. Осыған байланысты 1928 жылдың 21 маусымында Қазақ ОАК-і «Қазақстанның барлық еңбекшiлерiне» үндеу жариялап, онда «тәркiлеу туралы заңның» 1928 жылғы сәуiрдiң 1-нен берi мыңдаған малы бар, Кеңес өкiметi не «анық жау» неғұрлым iрi байлар қожалықтары дүниелерiн тәркiлеу мен оларды жер аудару бағытында жасалып жатқаны, алғашқы кезекте бұрынғы хан, сұлтан тұқымдарынан шыққан iрi байларға қатысты жүргiзiлетiнi атап көрсетiлдi.
Қазақ байларын тәркiлеу туралы декрет 1928 жылдың 27 тамызында қабылданды.
Сонымен бi рге БК( б)П Қазақ Өлкелiк Комитетi «Барлық еңбекшiлерге» деген үндеу де қабылдады. Декрет пен үндеу 5 қыркүйекте баспасөз бетiнде жарияланды. Онда қазақ байларын тәркiлеу 20 қыркүйекте басталып, 1 қарашада аяқталатындығы ескертiлдi.
Қабылданған декрет бойынша, iрi байларға көшпелi аудандарда iрi малға шаққанда төрт жүз бастан жоғары малы бар, жартылай көшпелi аудандарда үш жүз бастан жоғары малы бар, ал отырықшы аудандарда жүз елу бастан жоғары малы бар қожалықтар жатқызылды. Бiрақ отырықшы аудандарда iрi бай қатарына жүз тұяғы барлар да жатқызылып, тәркiлеуге ұшырады.
Қазақ АКСР-i ХКК-нiң 1928 жылы 30 тамызда «Қазақстанның көшпелi, жартылай көшпелi және отырықшы аудандарын белг iлеу туралы» қаулысы қабылданды. Қаулы бойынша Сырдария округiндегi Қызылқұм, Созақ, Сарысу және Шу аудандары , Қызылорда округiндегi Арал, Қазалы, Аламысық, Қарсақбай аудандары, Алматы округiндегi Балқаш ауданы көшпелi, жартылай көшпелi және отырықшы аудандар қатарына жатқызылды.
30 тамыздағы қаулыда Қазақстан үкiмет i iрi байлар жер аударылатын аудандарды нақты анықтады. Байларды тәркiлеудi жүзеге асыру үшiн Қазақ АКСР-i ОАК -нiң уәкiлдерi округтерге аттанды. Ауыл адамдары уәкiлдерден көп қорлық көрдi. Мәселен, Сырдария округiнiң Жаңақорған ауданында уәкiл Төленов деген батырақты байдың малын жасырып қойғаны үшiн өлiмшi етiп ұрған.
Деревнялар мен ауылдарға өлкелер мен округтiк органдардан ең қатал нұсқаулар мен орасан құқықтарға ие болған 4812 өкiлеттi өкiлдер ж iберiлдi. Олар iстiң байыбына бармай қатал әдiстердi қолданды. Негiзгi соққы дәулеттi iрi байларға бағытталды. Бiрақ елдегi жағдайдан хабары аз өкiлеттi өкiлдер көб iнесе орташаларға, тi птi кедей шаруаларға да зиян келтiрдi. Декретке сай тәркілеуге 700-дей шаруашылық iлiгiп, олардың мал -мүлкi тартып алынды. Осы науқанның нәтижесiнде 145 мың бас мал кедейлерге берiлд i. Тәркiлеуге iрi байлар ғана емес, өкiмет саясатына риза емес орташалар да жатқызылды. Ауыл шаруашылық салығының көпшiлiк бөлiгiн төлеуге мәжбүр болған дәулеттi шаруашылықтарға деген салық қысымы күшейтiлдi.
Қазақ ауылындағы байлар мен ауқатты шаруалар кулактарға жатқызылды. Оларға қатаң жазалау шаралары қолданылды. Кулактарды қудалаудың, мал- мүлкi нен айырудың нәтижесiнде 1930-1931 жылдары республикадан тыс жерлерге 6 800 адам жер аударылды. Осы мерзiм iшiнде Қазақстанға КСРО -ның басқа аймақтарынан дүние-мүлкi түгел тартып алынып, өмiр сүру мүмкiндiгiнен айырылған 180 мың кулактар қоныс аударылды.
Осылайша мемлекет бай және дәулеттi шаруашылықтарға алдымен шектеу жасауды, соңынан оларды толық жоюды мақсат еттi. Экономикалық зорлық-зомбылық саяси жағынан да жүзеге асырылды. 20-жылдардағы Қазақстан шаруалары тiкелей экспроприациялау, соңынан жаппай саяси қуғын-сүрг iн формасына ұласқан «төтенше» науқандардың трагедиялық қатерлi сәттерiн өз бастарынан өткiздi.
2. ХХ-ХХІ ғасырлардағы орта бiлiм мен жоғары бiлiм беру iсi. Осы кезеңде мектептерде мемлекеттiк стандартқа сәйкес бағдарламаны жаңартуға ерек ше көңiл бөлiндi. Жалпы бiлiм беру мектептерiндегi оқу жүйесi 1984 жылдан бастап 11 жылдыққа көшiрiлдi. 1984 жылғы мектеп реформасы бойынша балалар мектепке 6 жастан баратын болды. 1-4-сыныптар бастауыш, 5-9-сыныптар орта, 10-11-сыныптар толық орта және кәсiби бiлiм
беретiн сыныптар болып белгiлендi. 1985-2000 жылдар аралығында орта бiлiм мен жоғары бiлiм беру саласы түпкiлiктi өзгерiске ұшырады. 1990 жылдан бастап Қазақстанда мектепке дейiнгi тәрбиенiң баламалы жүйесi - отбасылық, коммерциялық және мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi қарқынды дами бастады. Жалпы бiлiм беретiн баламалы мектептер, соның iшiнде төлемақысы жоғарылығына қарамастан жеке меншiк мектептер көбейдi. Ана тiлiнде оқытатын мектептер (өзбек, ұйғыр т.б.) саны да артты. Бiрқатар мектептерде әзірбайжан, грек,
корей, түрiк, поляк, татар тiлдерi ана тiлi ретiнде оқытыла бастады және олар оқу жоспарына енгiзiлдi. Барлық мектептер ағылшын, француз, араб тiлдерiн мiндеттi пән ретiнде оқытуға кiрiстi. Осы жылдардағы мектептегi түбiрлi өзгерiс - кеңес мектептерiне тән идеологиялық бiрсарындылықтан арылды. Қазақстан тарихы мен мәдениетi толық, жүйелi түрде оқытыла бастады. Қайта құру мен тәуелсiздiк тұсында ғана жұртшылық сталинизмнiң қорқынышты жылдарының шындығы, ұжымдастыру кезеңдегi миллиондаған адамның қырылу трагедиясы,
Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың ақиқаты туралы нақты мағлұмат ала алды.
1991 жылдан бастап жаңа үлгiдегi мектептер мен арнаулы орта оқу орындары: лицейлер, гимназиялар, кәсiптiк-техникалық мектептер, колледждер ашылды. Жеке меншiк
мектептер мен колледждердiң көптеп ашылып, олардың табысты жұмыс iстеп жатқанына қарамастан, 1995 жылғы Конституцияда: «Қазақстанда азаматтардың мемлекеттiк оқу орындарында тегiн орта бiлiм алуына кепiлдiк берiлед i. Орта б iлiм алу мiндеттi», - деп атап көрсетiлдi. 1999 жылғы маусымда қабылданған «Бiлiм туралы» Заң жалпы бiлiм беретiн мектептердегi оқытуды үш сатылық етiп бөлдi: бастауыш (1- 4-сыныптар), негiзгi (5-9-сыныптар), орта (10-11-сыныптар). Мамандардың пiкiрiнше, бұлайша бөлу оқушылардың бiлiмдi меңгеру қабiлеттерiн толық аша түседi. Дарынды балаларға көмектесу үшiн арнайы «Дарын» мемлекеттiк бағдарламасы қабылданды, осы бағдарлама шеңберiнде барлық облыс орталықтарында мектеп -интернаттар ашылды. Мұндай жүйенi құру, шынында да, жоғары және арнаулы бiлiм алу үшiн дарынды жастарды iрiктеп алуға мүмкiндiк бердi.
Алыс және жақын шетелдерден тарихи отанына оралған қа зақтар саны артуы есепке алынып, 1996 жылдың соңында шетелдердегi отандастарға мемлекеттi к қолдау көрсету шаралары белгiлендi. Бағдарлама оралмандар мен олардың балаларын қазiргi заманғы мектептерде оқыту және бiлiмiн жетiлдiру мақсатын көздедi.
Әлемдiк өркениет жетiстi ктерiн жылдам игеру мақсатында 1997 жылы орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру мемлекеттiк бағдарламасы қабылданды. Мектептер
(ауылдық мектептер де) аз уақыт iшiнде компьютерлермен және керектi құрал -жабдықпен қамтамасыз етiлдi. Мектептердi компьютерлендiруге демеушiлер мен халықаралық қорлар да көмектестi.
Мектептег i бiлiм беру жүйесiн реформалауда, оқытудың тиiмдiлiгiн арттыруда, идеологиялық қасаңдықтан арылуда «Жалпы бiлiм беретiн мектептерге арналған оқулықтар мен оқу- әдiстемелiк кешенiн дайындау және басып шығару туралы» бағдарлама шешушi рөл атқарды. Бұл бағдарлама қазақ және шетел тiлдер iн тиiмдi оқыту үшiн жаңа технологиялар мен компьютер бағдарламаларын кеңiнен енгiзудi де мақсат еттi. Мемлекет оқулықтар мен оқу құралдарын жазуға белгiлi ғалымдарды, өз саласында танылған мамандарды тартты. Оқулықтардың сапалы дайындалу деңгейiн көтеру үшiн баламалы негiзде жазылған оқулықтар да ұсыныла бастады.
«Атамұра», «Мектеп» т.б. баспалардан қазақстандық жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдiстемелiк кешендерi әзiрленiп, басып шығарылды.
Мектептер мен онда оқитын балалар саны өстi. Мәселен, 2003 жылы Қазақстанда 8160 мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн мектеп жұмыс iстесе, олардың 2016-сы қалалық, 6144-i ауылдық жерде орналасты . Қазақ т iлiнде оқытатын мектептердегi оқушылар саны - 1 млн 684 мың бала, орыс тiлiнде - 1 млн 300 мың бала, өзбек тiлiнде - 87 мың 300 бала, ұйғыр тiлiнде - 21 мың 500 бала болды.
Мыңдаған бала қазақ-түрiк лицейлерiнде оқыды.
2005-2006 жылдары республикада орта бiлiм беретiн 7802 мемлекеттiк мектеп, 133 мемлекеттiк емес, 78 кешкi мектеп жұмыс жасады, онда 2,7 млн бала оқыды. 320 кәсiптiк мектеп пен лицейде және 510 колледжде 559,6 жасөспiрiмдер бiл iм алды . Кеңестiк кезеңде қазақ мектептерiнiң саны күрт азайып, қазақ балаларының өз ана тiлiнде бi лiм алу мүмкiндiгi шектелген едi. Елi мiз тәуелсiздi гiн алғаннан бергi уақытта осы олқылықты толтыру мақсатында қазақ мектептерiне басымдық берiлуде. 1991 жылдан қазақ мектептерiнiң саны 811-ге өстi, Қазақстандағы 3716 мектеп ұлттық мектептер. 2073 қазақ және орыс тiлдерiнде бiлiм беретiн аралас мектептер жұмыс iстейдi.
2009 жылы қаңтар айында Астанада Тұңғыш Президенттiң бiрiншi интеллектуалдық мектебi ашылды.
Жүргiзiлген ауқымды реформалар жоғары оқу орындары бейнесiн де өзгерттi. Мәселен,
90-жылдар басынан бастап жеке меншiк жоғары оқу орындары да ашыла бастады. 2003 жылдың басына қарай республикада 127 жоғары оқу орны болып, оларда 257 мың студенттер оқыды. Дегенмен студенттердiң денi мемлекеттiк жоғары оқу орындарында бiлiм алды. Республика Президентi Н. Ә.Назарбаевтың Жарлығымен жоғарғы кәсiби, бiлiктi мамандар дайындайтын, сегi з жоғары оқу орнына ерекше мәртебе берiлдi. Қорғаныс және Iшкi iстер министрлiктерi өз сұраныстары үшiн маман кадрлар дайындауға кi рiстi. Республиканың жоғары оқу орындары осылайша бi ртiндеп нарықтық қатынастарға бейiмделiп қайта құрылды. Жоғары оқу орындарына түскенде жемқорлыққа жол бермеу, талапкерлердiң бәрiне
бiрдей жағдай жасау мақсатымен 1999 жылдан бастап арнайы гранттар мен несиелер бөлiне бастады. Қабылдау комиссиялары талапкерлер бiлiмiн тест тапсырмалары арқылы анықтауға кiрiстi. 2004 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестi леу (ҰБТ) енгiзiлдi . Студенттер оқу ақысын төлеу үшiн инвестициялық немесе депозиттiк банктерден несие ала бастады.
• «Болашақ» бағдарламасы. 1993 жылдың 11 қарашасында Қазақстан Республикасының Президентi Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы белгi лендi. 1994 жылы алғаш рет 187 қазақстандық студент АҚШ, Ұлыбритания, Германия және Франция елдерiнiң жоғары оқу орындарына аттанды. Кеңестен кейiнгi кеңiстiктегi мемлекеттер тарихында бiрiншi рет талантты жастардың мемлекет есебiнен шетелдерде бiлiм алуына мүмкiндiк туды. Егер 2004 жылы 785 студенттi ң әлемнiң 13 елiнде бiлiм алуға мүмкiндiгi болса, 2005 жылдан мемлекеттiк стипендия саны 3000 -ға көбейтiлдi және әлемнi ң 32 елiндегi 630 алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында бiлiм алуға мүмкiндiк жасалды.
«Болашақ» бағдарламасының түлектерi мемлекеттiк қызметте, бiл iм және денсаулық сақтау жүйесiнде, ұлттық компанияларда қызмет етуде. 2008 жылы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президентi Н. Ә. Назарбаевтың қатысуымен «Болашақ» халықаралық
стипендианттарының II форумы өттi.
3. БАЙТҰРСЫНОВ Ахмет (1873- 1938) – қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыс жетекшiлерiнiң бiрi, ақын, түркi танушы ғалым, аудармашы, педагог-ағартушы, публицист, қоғам қайраткерi, лингвист, қазақ әдебиетiнiң негiзiн қалаушылардың бiрi.
Торғай орыс-қазақ училищесiнде, Орынбор мұғалiмдер семинариясында оқыды. Ауылдық, болыстық мектептерде, екi сыныптық орыс-қазақ училищелерiнде ұстаздық еттi.
А. Байтұрсынов «Алаш» партиясы басшыларының бiрi болды, Қырғыз (Қазақ) өлкесi Әскери-революциялық Комитетiнiң мүшесi болып сайланды. В. И. Ленин қол қойған мандат алып комитет құрамында жұмыс iстедi, Қазақ АКСР-iн құруға елеулi үлес қосты. Қазақ АКСР-i құрылған соң үкiмет құрамына кiрiп, оқу-ағарту халық комиссары болып жұмыс iстедi. Соңынан «Ақ жол » газетiнде, Оқу-ағарту Халық Комиссариатының жанындағы академиялық орталықта қызмет еттi.
А. Байтұрсынов тiлтану мен әдебиет зерттеу жөнiнде бiрқатар еңбектер жазды.
Қазақ жазуына реформа жүргiзудiң қағидаларын белгiлеп , бiрiнш i қазақ әлiппесiнiң авторы атанды. Қазақ жазуына реформа жасаудың ол ұсынған жобасы прогресшiл зиялылардың арасында қолдау тауып, 1924 жылы ресми түрде қабылданды. 3 кiтаптан тұратын («Фонетика», «Морфология», «Синтаксис») «Ана т iлi бойынша оқу құралын » жазды. А. Бай- тұрсыновтың тiл зерттеу саласындағы қызметi оның әдiстемелiк еңбектерiмен толыға түстi: ол қазақ тiлi н оқыту әдiстемесiнiң негiзiн қалаушы, әр түрлi әдiстемелiк жұмыстардың, оқу кiтаптарының авторы болды.
А. Байтұрсынов қазақ әдебиеттану ғылымының бастауында тұрды. 1929 жылы ешб iр нег iзсiз тұтқындалып, түрмеде отырды, соңынан Архангельскiге жер аударылды. 1934 жылы М. Горький мен оның әйелi Е. П. Пешковалардың араласуымен, Халықаралық Қызыл Крест ұйымының көмегiмен босатылды. Бiрақ еркiнд iк көпке созылмай, 1937 жылы қайта тұтқындалды. Ату жазасына бұйырылды. 1988 жылы ақталды.
Билет №13
1. ХХ ғасырдағы демографиялық үрдiстер. Қазақ халқы ХХ ғасырда бiрнеше демографиялық дағдарысқа ұшырады. 1914-1920 жылдардағы Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс,
ұлт-азаттық көтер iлiс, Қазан төңкерiсi мен Азамат соғысы жылдарында халықтың 19%-ы опат болды. 400 мыңы шетелдерге (Қытай , Монғолия, Ауғанстан, Иран, Түркия ) бiржолата қоныс аударып көшi п кеттi. 1921- 1923 және 1931-1932 жылдардағы аштықтан 2,5 млн -дай адам өлдi, 900 мыңдайы бас сауғалап ауа көштi. Екiншi дүниежүзiлiк соғыста қазақ халқы 600 мыңдай азаматынан айырылды.
Сөйтi п, өз елi нде қазақ халқы азшылыққа айналды. 1939 жылға қарай республикаға өзге ұлттарды көшiру жоғары қарқынмен жүргiзiлiп, қазақтардың үлес салмағы 1926 жылғымен салыстырғанда 20,5%-ға құлдырады. Қазақстанға Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында да басқа ұлттарды көшiру одан әрi күшейдi.
Соғыстан кейiн республикамызға ұйымдасқан түрде көшi -қон тасқыны 1954-1962 жылдары Тың игеру кезеңiнде жүргiзiлдi. Осы жылдары Қазақстанға 2 млн-ға жуық адам көшiп келдi. Қазақстан халқының саны 1970 жылға қарай 13 млн адамға жетiп, олардың iшiнде қазақтар 32,6%- ды құрады. 1939-1970 жылдары славян тұрғындары (орыс, украин, белорустар) халықтың басым бөлiгi болды.
1970 жылдардан бастап келушi лерден көшiп кетушiлердiң саны арта түстi. 1989 жылғы санақ бойынша Қазақстанда халық саны 16,2 млн адамды құрады. Олардың iшiнде 9 млн-нан астамы қала тұрғындары, ал 7 млн-ы ауылдық жерлерде тұрды. 1990 жылдардағы елдi ң демографиялық дамуының ерекшелiгi халықтың абсолюттiк санының өзгеруi болды. Нарыққа өту, өмiр сүру деңгейiнiң төмендеуi, жұмыссыздықтың өсуi, экологиялық мәселелер халықтың денсаулығына және демографиялық жағдайына керi әсер еттi. Халықтың табиғи өсуi, бала туу көрсеткiшi төмендедi, өзге ұлт өкiлдерiнiң республикадан көшiп кетуi ұлғайды.
1991 жылы елiмiз тәуелсiздiгiн алысымен демографиялық жаңа құбылыс орын алып, шет елдерде жүрген қазақтар атажұртына орала бастады. 1999 жылғы санақ бойынша Қазақстандағы тұрғындардың саны 14 952 420 адамды құрады. 2000 жылдардан бастап Қазақстаннан қоныс аударатындар саны жыл сайын азайып , ал қайта оралатын азаматтар саны керiсiнше, өсе түстi. 2009 жылғы Ұлттық халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы халқының саны 16 009,6 мың адамды құрады. 1999 жылғы санақ аралық кезеңде республика халқының саны 1028,3 мың адамға өстi. 2012 жылғы мәлiмет бойынша қазақтардың саны 10 764 мың болып, республика тұрғындарының 64,1%-ын құрады. 2013 жылы Қазақстан халқының жалпы саны 17 млн адамға жеттi.
2. Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы. Тәуелсiз мемлекетке айналған Қазақстан, отаршылдық езгiге түскен соңғы 200 жылдан астам уақыттан кейiн Дүниежүз i қазақтарының тұңғыш құрылтайын өткiзуге мүмкiндiк алды. Дүниежүзi қазақтарының тұңғыш құрылтайы 1992 жылы 29 қыркүйекте Алматыда ашылды. Құрылтайға түрлi кезеңдерде Отанынан кетуге мәжбүр болған дүние жүзiнiң 33 елiнен келген қазақтар қатысты . Мұндай жиынды өткiзу өз отандастарының алдында кешiг iп болса да атқарылған гуманизмнiң жоғарғы көрiнiсi болды. Отандастар әр түрлi жағдай ларға байланысты, негiзiнен мемлекет тарапынан жасалған күш көрсетудiң нәтижесiнде, туған жерлерiн тастап, шет елдердi мекендеуге мәжбүр болған едi.
Қазақстаннан тыс жерлерде қоныс аударушылар кемсiтушiлiкке де ұшырап, көптеген қиыншылықтар көрдi.
Қонақтардың арасында көрнектi дiни қайраткерлер, ғалымдар, кәсiпкерлер мен студенттер болды. Құрылтайға көптеген елдерден, үлкен қазақ диаспорасы бар Ресейден , Өзбекстаннан делегациялар келдi. Құрылтайда Қазақстан Республикасының Президентi Н. Ә. Назарбаев, көрнектi ақын және қоғам қайраткерi О. Сүлейменов, Түркиядан келген дiнтанушы ғалым Халифа Алтай, Ресейден келген қонақ Аман Төлеев т.б. сөз сөйледi.
Қоғам күштерiн барынша жұмылдыру мен халықтар достығын нығайтуда 1992 жылғы желтоқсанның ортасында өткен Қазақстан халықтарының форумы үлкен рөл атқарды.
Форумда интернационализм, тату көршiл iк қатынастарды дамытудың қағидалары жаңа тұрғыдан қарастырылды. Өзiнiң форумда сөйлеген сөзiнде Н. Ә. Назарбаев Қазақстанды мекендеген халықтардың ұлттық келiсiм саясатын бекем және ақырына дей iн жүргiзетiнiне, олардың мәдениетiн, тiлiн, салт-дәстүрлер i н дамыту үшiн сенiмдi құқықтық кепiлдiктердi құрудыңқажеттiгiне ерекше тоқталып өттi.
1993 жылдың соңы Қазақстанда Кеңестердiң жаппай өзiн-өзi таратуымен де есте қалды. Кеңестер көп жылдар бойы КОКП-ның өз билiгiн жүзеге асыруға пайдаланған шымылдық-пердесi болды. КОКП тарап , басқару жүйесi негiзiнен аудандық, қалалық, облыстық әкiмшiлiктер болып құрылған соң, Кеңестер өздерiнiң бұрынғы мазмұнынан айырылды. Көптеген Кеңестерде айтарлықтай елеулi жұмыстар жүргiзiлмедi, сан мыңдаған депутаттар корпусы немен айналысуын бiлмедi. Сондықтан «Кеңестерге не iстеу керек?» деген сұрақ қоғамның кең топтарының арасында айтыс-тартыс нысанына айналды.
Кеңестердiң өзiн-өзi тарату идеясы туындады.
Өзiн-өзi тарататыны жайлы алғаш рет Алматы қаласы Алатау аудандық кеңесiнiң депутаттары мәл iмдеп, басқа депутаттарды өздерiнен үлгi алуға шақырды. Өз әрiптестер iне арнаған үндеуде олар мұндай шешiм қабылдау себебiн ескi кеңестердiң бүгiнгi заманда елдегi саяси және экономикалық үдерістерде елдi дағдарыстан шығаруға ықпал ете алмайтындығымен түсiндiрдi. Қараша айының соңына таман өзiн - өзi тарату жөнiнде Алматы қалалық және облыстық кеңестерi, жүзге тарта жергiл iктi кеңестер мәлiмдедi. Бiрқатар халық депутаттары Қазақстан Жоғарғы Кеңесiнiң де өзiн-өзi таратуы жайлы мәселе көтердi.
Осындай жағдайда 1993 жылғы 8 желтоқсанда Алматы қаласында республика Жоғарғы Кеңесiнiң Х I сессиясының ек iншi кезеңi өз жұмысын бастады. Сессияның жұмысына Республика Президентi Н. Ә. Назарбаев, Министрлер Кабинетiнiң мүшелерi, облыстық өкiлдер қатысты.
Негiзгi мәселе Кеңестердi ң болашағы жөнiнде депутаттардың көзқарастары екi ұдай болды. Депутаттардың басым көпшiлiгi жергiл iктi кеңестердiң өкiлетт iлiгiн жаңадан сайланған жергiлiктi өкiлдiк органдары жұмыс iстей бастағанға дейiн , мерзiмiнен бұрын тоқтатуды жақтады . Барлық ұйымдастыру-құқықтық iстер әкiмшiлiк басшыларына тапсырылды. Бұған қоса Парламент «Қазақстан Республикасының сайлау туралы кодексiн» қабылдап, Орталық сайлау комиссиясын құрды. Жоғарғы Кеңес өзiн-өзi тарату туралы шешiмiн жариялады. Мемлекеттег i заң шығаратын жоғарғы өкiлдiк орган Сенат пен Мәжiлiстен тұратын қос палаталы Парламент болды.
3. БЕЙСЕКБАЕВ Бақтыораз (1920-1941) - Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, Ресей Федерациясының Батыры. Жастай жетiм қалып, Iле балалар үйiнде тәрбиеленген. Мектептi бiтiрген соң, Құйған ауданындағы ( Балқаш ауданы) жұмыс iстеп , аудармашы болды. 1938 жылы әскер қатарына шақырылып, соғыс қарсаңында Смоленск түб iндегi 42 -бомбалаушы дивизияның 207-авиациялық бомбалаушы полкiнде кiш i сержант, әуе атқышы болған. 1941 жылы 26 маусымда капитан А. С. Маслов бастаған 3-шi және капитан Н. Ф. Гастелло бастаған 4-эскадрильялардың бомбалаушы ұшақтары Минск облысы Молодченск ауданы Радошковичи кентi маңындағы жаудың танк колоннасын бомбалауға тапсырма алады. Шайқас кезiнде оқ ти iп отқа оранған ұшақты ұшқыштар жау танкiлерi мен автоматикалары, бензин цистерналары шоғырына қарай бағыттайды. Көп жылдар бойы бұл Гастеллоның ерлiгi саналып, ал капитан А. С. Маслов экипажы хабарсыз кеттi деп есептелдi. Қателiк 1951 жылы ұшқыштардың денесiн қайта жерлеу кезiнде анықталды. Тарихи әдiлеттiлiк қалпына келтiрiлiп, 1996 жылы Бақтыораз Бейсекбаевқа Ресей Федерациясының Батыры, 1998 жылы Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы атағы берiлдi.
Билет №14
1. Қазақстанда Кеңес өкiметiнiң орнауы. Орталықтағы революцияның жеңiсi шеткерi аймақтарда, оның iшiнде Қазақстанда да Кеңес өкiметiн орнатуды жеңi лдеттi. Алайда өлкенiң жекелеген облыстарындағы таптық күштер арақатынасыныңәркелкiлiгi билiкт iң жұмысшы табы мен кедей шаруалардыңқолына өтуiнiң барлық жерде бiрдей болмауына әкелiп соқты.
Қазақстандағы Кеңес өкiметi орнауының пролетарлық революция үшiн әлеуметтiк-
экономикалық алғышарттардың жоқтығы, әлеуметтiк-экономикалық мешеулiк, қазақ ауылындағы патриархалды-феодалдық қатынастардың үстемдi гi секiлдi өз қиыншылықтары болды. Жергiлiктi жұмысшы табы мен большевиктiк ұйымдар санының аз әрi әлсiз болуы, ұлтаралық қатынастардың күрделiлiгi сияқты қосымша қиындықтар да бұған өз әсерiн тигiздi. Ал большевиктерге қарсы күштердiң әлеуметтiк негiзi берiк едi. Бұл Қазақстанда Кеңестiк билiктiң орнауына белсендi қарсылық көрсетуге жағдай жасады. Жаңа өкiметке - казактар, елдiң орталық аудандарынан қашқан Уақытша үкiметтiң жақтастары, эсерлер, меньшевиктер , ақ гвардияшылар жанталаса қарсылық көрсетт i. Қазан револю циясын «Алаш» партиясы мен оның басшылары да қабылдамады. Сол кездегi Сырдария облысының Әулиеата депутаттары кеңесiнiң төрағасы болған Т. Рысқұлов Түркiстанның Ұлттар iстерi жөнiндегi Халық Комиссариатына былай деп жазды : «Мыңдаған адамдар осы уақытқа дейiн Кеңес өкiметiнiң не екенiн нашар түсiнед i және оның үгiтi халыққа жете қойған жоқ». Қазақ халқы Кеңестердi патшалық әкiмшiлiктiң бұрынғы органдарының орнын басқан жат құбылыс ретiнде қабылдады.
Кеңес өкiметi еуропалық халықтардың өкiлдер i басым тұратын Қазақстанның қалалары мен iрi елдi мекендерiнде орнады. Алайда ауылдар мен селолардың негiзг i көпшiлiгiнде бұл үдерiс байқалмады. Қазақ ауылының 1916 жылғы оқиғаларға байланысты патша әкiмшiлiгi жүргiзген қуғын-сүргiннен қоғамның неғұрлым белсендi бөлiгiнен айырылып, еңсесi түс iп қалып едi. Осыған байланысты өлкеде Кеңес өкiметiнiң iшкерiлеп енуi қалаларда жүзеге асырылып, одан әрi қарудың күшiмен далаға қарай тарады . Қазақстанда Кеңес өкiметiнiң орнауы негiзiнен қалалар мен басқа да iрi елдi мекендерде 1917 жылдың қазан айының соңынан 1918 жылдың наурыз айына дейiн созылды. Қазақстанның ауылдары мен селоларының негiзгi көпшiлiгiнде Кеңес өкiметiн орнату үрдiсi Азамат соғысы басталғанға дейiн жалғасты.
• Ерекшелiктерi. Қазақстанның бұдан кейiнгi тарихында жаңа қайғылы бет ашылды. Өлке өз мақсаттарына жету үшiн қандай құралдар болса да қолданудан тайынбайтын, бiр бiрiне қарама-қарсы күресушi жақтардың қиян-кескi шайқас алаңына айналды. Қазақ халқы iс жүзiнде қызылдар мен ақтардыңқанды қақтығысына ұшырап, балға мен төстiң арасында қалған жағдайды бастан өткердi. Кеңес өкiметi бәрiнен бұрын Сырдария облысының маңызды орталықтарының бiрi Перовск қаласында (қазiргi Қызылорда) орнады. Мұнда Қазан төңкерiсiне дейiн жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңесi негiзiнен темiржолшылардан тұратын өздерiнiңқарулы отрядын ұйымдастырған едi. Сырдария, Ақмола облыстары мен Бөкей Ордасындағы көпшiлiк аудандарда большевиктер бастаған күштер қарулы қарсылық көрсетуге шамасы келмеген Уақытша үкiметтiң жақтастарынан басым түсiп, Кеңес өкiметi бейбiт жолмен жеңiске жеттi. Торғай, Орал, Семей, Жетiсу облыстарында жаңа өкiмет қарулы көтерiлiстiң нәтижесiнде орнықты.
Кеңес өкiметiн орнату мен нығайту жұмысына «Үш жүз» партиясы белсене қатысты. Партияның негiзiн 1917 жылы 17 қарашада Мұқан Әйтпенов қалады. Партия басшылығына К. Тоғысовтың келуiмен үш жүзшiлер басқа қозғалыстарға қарсы күрестегi большевиктердiң сенiмдi одақтасына айналды. Алайда белгiлi бiр әлеуметтiк негiзi мен айқын бағдарламасы болмағандықтан, елеулi саяси күшке айнала алмаған «Үш жүз» 1918 жылдың жазында тарап кеттi.
2. Ұлттық валютаны енгi зу. Қалыптасқан жағдайды жан-жақты талқылап, Қазақстан Республикасының басшылығы өз валютасын енгiзу керек деген шешiм қабылдауға тоқталды . Республика Президент i Қазақстан Республикасы тұрғындарына үндеу жариялады. Қазақстан Ресейдi, басқа да ТМД мемлекеттерi н осындай қадамы туралы уақытында хабардар еттi. Өз валютасын енгiзерде Қазақстан өзге мемлекеттердегi ақша реформасы мен ұлттық валютаны енгiзу тәжi рибесiн есепке алды. Ұлттық валюта енгiзудiң сынағы мен болжамы анықталып, жаңа ақша белгiсiнiң үлгiлерi жасалды. Қазақстан Үкiметi мен Ұлттық банк ұлттық валюта банкноттарын дайындауға кiрiстi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен
ұлттық валюта - теңге 1993 жылы 15 қарашада айналымға енгiзiлдi.
Ұлттық валютаны одан әр i нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Ақша жүйесiн тұрақтандыру жөнiндегi шұғыл шаралар туралы» Жарлығы шықты. Онда тұрғындар мен мемлекеттiң экономикалық мүдделерiн қорғау жөнiнде iс -шаралар белгiлендi . Бiрақ инфляцияға қарсы күрес бағыты өндiрiстiң құлдырауы мен жұмыссыздықтың көбеюiне
әкелiп соқты. 1995 жылы өнiмдер мен тұтыну тауарлары өндiрiсi нашарлай бердi. Машина жасау мен жеңiл өнеркәсiпте едәуiр артта қалу жалғасты. Өндiр iстiк кәсiпорындарда өзiндiк қаржы айналымы жетiспеушiлiгi қатты сезiлдi, инвестициялық белсендiлiк төмендедi. Түскен табыс мемлекет алдындағы салық мiндеткерлiгiн, сабақтас кәсiпорындар арасындағы өзара төлемге және қызметкерлерге жалақы төлеу бойын- ша қарызды жабуға да жетпедi. 1995 жылғы 1 қазанда жалақы бойынша қарыз 25 100,8 млн теңгеге, iшкi жалпы өнiм көлемiнiң
23,97%-ына жеттi.
Бұл үдерістер жұмыссыздықтың көбеюiмен қоса жүрдi. 1995 жылдың iшiнде жұмыспен қамту қызметтерi 153 мың жұмыссызды ресми түрде тiркедi, бұл 1994 жылмен салыстырғанда
1,9 есе көп едi.
3. БӨКЕЙХАНОВ Әлихан (1866-1937) - ұлт- азаттық және Алаш қозғалысының жетекшiсi, Алашорда үкiметiнiң төрағасы, аса көрнектi қоғам және мемлекет қайраткерi, ғалым, публицист, аудармашы. Санкт-Петербургтегi орман техникалық институтының экономика факультетiн бiтiрген . Оқуын аяқтаған соң Омбы орман шаруашылығы училищесiнде педагогикалық және ғылыми қызметпен айналысты . 1904 жылы орыс шаруаларының Қазақстанға қоныс аударуы жөнiндег i материалдар дайындаған Ф. А. Щербиннiң экспедициясының құрамында жұмыс iстед i. Конституциялық-демократиялық партияның мүшесi, бiрiншi шақырылған Мемлекеттiк Думаның депутаты болды. Патша самодержавиесiнiң отаршыл саясатына қарсы қызметi үшi н бiрнеше рет түрмеде отырды. «Қазақ» газетi арқылы оқу-ағартушылық қызмет жүргiздi.
1917 жылы Ә. Бөкейханов Қазақстан бойынша Уақытша үкiметтiң комиссары болып тағайындалды. «Алаш» ұлттық саяси партиясын құрды, 1917 жылы желтоқсанда екiншi бүкiлқазақтық төтенше құрылтайда оның бастамасымен Қазақ автономиясы - «Алашорда » жарияланды. Бөкейханов Азамат соғысы жылдары Кеңес өкi метiнiң ұлттық автономияны сақтау жөнiндегi декларациялық уәдесiне байланысты басқа алашордашылармен бiрге белсендi саяси және мемлекетт iк қызметтен уақытша бас тартуға мәжбүр болды. Ә. Бөкейхановтың басты мақсаты қазақтардың дербес мемлекетiн құру едi. Өмiрiн i ң соңғы жылдарын Мәскеу қаласында өткiздi. 1937 жылы атылды. 1988 жылы ақталды.
Ә. Бөкейханов Петербургте шыққан «Ресей. Бiздiң өлкенiң толық географиялық сипаты» («Россия. Полное географическое описание нашего края») атты жинақтың 18 -томында «Қырғыз (Қазақ) өлкесi халқының аумақ бойынша таралып қоныстануы, оның этнографиялық құрамы, тұрмысы мен мәдениетi» («Распределение населения Киргизского (Казахского) края по территории, его этнографический состав, быт и культура») тарауын жазған. «Дала ұлы» деген бүркеншiк атпен «Дума партиялары», «Дума мен қазақтар», «Август Бебель» т.б. мақалаларын жариялады.
Билет №15
1. Ядролық қарудан бас тарту және оның тарихи маңызы. Қазақстанның ядролық қаруды таратпаудағы алғашқы қадамы - 1991 жылы Семей ядролық сынақ полигонын жабудан басталды. КСРО өмiр сүрiп тұрған кездiң өзi нде жасалған бұл батыл қадам – Қазақстанның әлем алдындағы абыройын асқақтатып, беделiн өсi рдi. Қазақстан өз еркiмен ядролық қарудан бас тартты. Бұл Президент Н. Ә. Назарбаевтың елiмiздi әлемдiк қауымдастыққа мойындатқан оң шешiмi болды.
Республикамызда 1992 жылдан Қауiптi бiрлесiп қысқарту бағдарламасы iске асырыла бастады. Бұл бағдарлама аясында Қазақстан аумағында қалған ядролық, химиялық және биологиялық қарудың нысандары мен инфрақұрылымдарын жою және залалсыздандыру жөнiндегi жобалар кешенi, стратегиялық шабуыл қаруын бөлшектеу жүйесiн құру жүзеге асырылды.
Қазақстан 1993 жылы ТМД елдерi арасында алғашқылардың б iрi болып Ядролық қаруды таратпау туралы келiсiмге қосылды. 1994 жылы Қазақстан Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiкке (МАГАТЭ) мүшелiкке қабылданды. 1995 жылы Қазақстан аумағынан ядролық қару әкетiлдi және барлық ұшыру қондырғылары мен Семей полигонындағы соңғы ядролық заряд жойылды. Осы жылдан бастап Қазақстан шын мәнiсiндегi ядролық қарусыз мемлекетке айналды.
Семей полигонының жабылуы ерекше мән-мағынаға ие. Оның басты себебi, бұл әлемдегi ең iрi полигон едi. Семей полигонында жасалған ядролық сынақтардың зардабы Екiншi дүниежүзiл iк соғыста АҚШ-тың Жапонияға тастаған ядролық бомбасының зардабынан 1000 есе жоғары болды. Демек, ядролық сынақ – адамзаттың қасiретi, ұлт пен ұрпақ үшiн мәңгiлiк жазылмас жара, бедергi таңба едi.
