- •2. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның мәдениетi
- •2. Астана - Қазақстан Республикасының жаңа астанасы
- •1. Тың игерудің барысы және жағымсыз салдарлары
- •2. Ксро-ның таратылуы. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының (тмд) құрылуы.
- •1. «Әскери коммунизм» саясаты
- •2. 1940-1950 Жылдардағы ғылым мен бiлiм, әдебиет саласындағы кеңестiк қудалаулар.
- •2. Қазақстандағы «Кiшi Қазан» бағыты
- •2. Қазақстан қайта құру кезеңiнде (1985-1991)
- •1. Соғыстан кейiнгi елдiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайы
- •3. Мәншүк Мәметова
- •1. Алаш қозғалысы және «Алаш» партиясының құрылуы
- •3. Әлия Молдағұлова
- •2. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945)
1. Соғыстан кейiнгi елдiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайы
• Елдiң әлеуметтiк жағдайы. 1947 жылы желтоқсанда карточкалық жүйе мен республика еңбекшiлерiн азық-түлiкпен және өнеркәсiп тауарларымен мөлшерлi қамтамасыз ету жойылды. Осы жылы ақша реформасы жүргiзiлдi. Азық-түлiктiң негiзгi түрлерi – нан мен ұннан iстелiнетiн тағамдарға, етке, өнеркәсiп тауарларына деген баға төмендетiлдi. Алайда кеңес адамдарының өмiрлiк сұраныстарын қанағаттандыру көбiнесе жасанды сипатта болды. 50-жылдардың басында колхозшылар жұмысшы мен қызметшiлердiң жалақысынан төрт есе аз алды. Үкiмет жүргiзген азық-түлiк өнiмдерiн төмен бағамен сатып алу саясаты ауыл еңбекшiлерi тұрмыс жағдайларының көтерiлуiне қолайлы жағдай жасай алмады. 1946 жылы КСРО-ның бiрқатар аудандарын аштық жайлады. Нан, ет өнiмдерi, сүт жетiспедi. Адамдар
аштықтан өле бастады. Бiрақ бұл елден мұқият жасырылды.
Соғыстан кей iнгi экономикалық саясаттың басты қағидасы – ауыр өнеркәсiптiң бiржақты жылдамдатылған дамуы болып қала бердi. Материалдық мұқтаждықтарды қанағаттандыру соғыстан бұрынғы жылдардағыдай екiншi кезекке ығыстырылды.
• Соғыстан кейi нгi ауыл шаруашылығы. Соғыстан кейiнгi б iрiнш i жыл ауыл шаруашылығы үшi н аса қиын болды. Құрғақшылық елдiң, әсiресе оның еуропалық бөлiгiнi ң ауыл шаруашылық жағдайына өте ауыр тидi. Жағдай жұмысшы күшiнiң жетiспеушiлiгiнен де ушықты; ауыл шаруашылық машиналардың көп бөлiгi соғыс жылдарында iстен шықты, ал жаңадан алынатын машиналар саны аз болды. Басқарудың әкiмшiлiк, күштеу тәсi лдерiнi ң, экономикалық заңдарды есепке алмаудың зардаптары ауыл шаруашылығына керi әсерiн
тигiздi. Жер өңдеу мәдениетi төмен болып, қоғамдық мал шаруашылығы нашар дамыды.
Ауыл шаруашылығы ауыр жағдайының себептерiне талдау жүргiзген ел басшылығы шаруашылық пен партия органдарын бұрынғы колхоз, совхоздарға қатысты бұра тартушылықтарды жоюға мiндеттедi. 1949 жылға қарай қабылданған қаулы бойынша Қазақстанның колхоздарына түрлi ұйымдардың 214 млн сом қарызы, көп мал, техника, 540 мыңға жуық заңсыз тартып алынған жер қайтарылып берiлдi. Әкiмшiлiк-шаруашылық басқару аппараты елеулi түрде қысқарды. Ауыл шаруашылығының материалдық - техникалық жағынан жабдықталуын шұғыл жақсарту мақсатында мемлекет қосымша қаражат бөлдi. Ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау және қайта даярлаудың жүйесi жолға қойылды . Колхоздар мен совхоздарға қызмет көрсетуге тиiс машина-трактор станцияларын (МТС) техникамен жабдықтауға үлкен көмек көрсетiлдi. Төртiншi бесжылдықтың соңына қарай республика МТС-тары күшейiп, колхоздардың 95% -ына қызмет көрсеттi, ал бұл көрсеткiш 1946 жылы 76% ғана болған ед i. Соған қарамастан, үкiмет қабылдаған iс-шаралар ойдағыдай нәтиже бермедi. Өн iм өндiрудi арттыру үшiн ұсақ колхоздар iрi колхоздарға бi рiктiрiлдi. Колхоздарды қысқа мерзiм iшi нде iрiлендiру жаппай сипат алды, нәтижес iнде Қазақстандағы олардың саны 6 737-ден (1945 жыл) 2 047-ге (1952 жыл) дейiн қысқарды.
Қабылданған iс-шаралар ауыл шаруашылығының жағдайын бiршама жақсартты. МТС техникасы неғұрлым тиiмдi пайдаланыла бастады. Егiн, мал өнiмдерi бойынша белгiленген жоспарды асыра орындау үшiн қосымша төлемдер енгiзiлдi.
• Мал шаруашылығының жағдайы. Қазақстан ежелгi кезден-ақ мал шаруашылығын дамытуға қолайлы өлке болды. Бi рақ үкi меттiң ауыл шаруашылығында қолданған ойластырылмаған шаралары оған да керi әсерi н тигiздi. Мал шаруашылығының артта қалуының басты себептер i – өмiр шындығына жанасымсыз, ғылыми негiзделмеген экономикалық заңдардың қолданылуы, саланың нашар материалдық-техникалық базасы, жердi жырту нәтижесiнде жайылымдықтардың азаюы едi. Күштеп жүргiзiлген ұжымдастырудың жағымсыз салдарлары да қолайсыз әсер еттi.
1951-1952 жылдары республикада мал басыныңшығыны көп болды. Мал шаруашылығының жағдайы ауыр күйiнде қала бердi. Бұл сала өте мардымсыз қаржыландырылды, мал азығы жетiспедi, бақташылардың әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайына жете көң iл бөлiнбедi. 1951 жылы елiмiзде iр i қараның саны - 4,5 млн, жылқы - 1,5 млн, түйе - 127 мың болды. Тек қой басының саны ғана 1951 жылы өсiмталдығының арқасында 1928 жылғы деңгейге, 18036 мыңға жеттi.
Мал шаруашылығындағы жұмыстың ауыртпалығы мен қиындықтарын шопандар көрдi. Олар өте ауыр жағдайларда жұмыс iстедi, көптеген өркениет жетiстiктерi нен қол үздi, соған қарамастан еңбекте үлкен табыстарға қол жеткiздi. Бұл жылдары Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Айдарлы ауылының шопаны Жазылбек Қуанышбаевтың атағы кең жайылды. Бригадада жүйелi селекциялық жұмыстар жүргiзу арқылы ол жүннiң және қаракөл елтiрiсiнiң сапасын елеулi түрде көтере алды. Оның қаракөлi халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерде көрсетiлдi. Дели, Бухарест, Познань және Нью-Йорк аукциондарына қойылды. Ерен еңбегi мен аса көрнектi табыстары үшiн ол 1958 жылы екiншi рет елдiң жоғары наградасы «Орақ
және балға» алтын медалiмен марапатталды. Танымал механизатор Кәмшат Дөненбаева ауыл шаруашылығын дамытуға елеулi үлес қосты. Ыбырай Жақаев, Кәмшат Дөненбаева, Н . Головацкий, Я. Геринг т. б. ауыл еңбекшiлерi Социалистiк Еңбек Ерi деген атаққа ие болды.
Республика ауыл шаруашылығының даму барысы. Колхоздар мен совхоздарды нығайту, оларды техникамен жабдықтау МТС рөлiнiң төмендеуiне алып келдi. Шаруашылықтар ендi өнiмдiлiгi жоғары техниканы сатып ала алатын және қолданатын болды. Мұндай жағдайда МТС-тар өз рөлiн жойып, қажетсiз болып қалды. Ел Үкiметiнiң қаулысы бойынша МТС-тар қайта ұйымдастырылып, жөндеу-техникалық станцияларға айналды, ал ауыл шаруашылық техникасы колхоздарға сатылды. Кейiннен жөндеу-техникалық станциялар да жойылып, олардың мiндеттерi республикада жаңа құрылған «Казсельхозтехника» өндiрiстiк-техникалық жабдықтау бiрлестiгiне жүктелдi.
50-60-жылдары Қазақстанда ұсақ колхоздар негiзiнде жаңа совхоздар ұйымдастыру кең көлемде жүргiзiлдi. Экономикалық жағынан нашар колхоздар iрiлендiрiлiп, жаппай совхоздар ұйымдастыру 1957 жылдың көктемiнен басталды. Осы жыл iшiнде 198, ал 1958 жылдың соңына қарай 500-ден астам осындай шаруашылық құрылды. Iрi шаруашылықтар халықты азық-түлiкпен қамтамасыз ету мiндетiн атқара алады деп саналды. Ет-сүт, астық, мақта-мата т. с. с. өндiретiн совхоздар дами бастады. Алайда бұл iс-шаралар басты мәселе халықты азық-түлiкпен толық қамтамасыз етудi бiржолата шеше алмады. Оның үстiне жағдай мемлекет пен партия органдарының шаруалардың жеке қосымша шаруашылықтарын жою жөнiндегi науқан жүргiзе бастауымен күрделене түстi. 1957-1958 жылдары колхоз, совхоздардағы мал басын көбейту мақсатымен ауыл тұрғындарынан iрi қара мал алына бастады.
Ауыл шаруашылығын басқарудыңәмiршiл-әкiмшiл жүйесi. Республиканың ауыл шаруашылығы бүкiл КСРО-ның ауыл шаруашылығы сияқты халық сұранысын қанағаттандыра алмады. Бұған колхоздарды, жалпы ауыл шаруашылығын басқарудың әмiршiл-әкiмшiл жүйесi себеп болды. Жоғарыдан жоспарлау, бюрократиялық аппараттың күш көрсетуi өндiрушiнi өндiрiс құралдарынан да, еңбек нәтижелерiнен де шеттеттi . Колхозшылардың еңбегiне ақы өнiммен төлендi (азық-түлiк, киiм-кешек). Колхозшыларда төлқұжат болмады, олардың есебi селолық кеңестер жасаған тiзiмдер арқылы ғана жүргiзiлдi. Бұл олардың мекенжайын еркiн өзгертуiне мүмкiндiк бермедi, олар заңды түрде колхозға байланды, басыбайлы шаруалар сипатында болды.
Ауыл еңбекшiлерi барлық қиыншылықтарға, бұра тарту мен жаңсақ есептерге қарамастан елдi қолдарынан келгенше азық-түлiкпен қамтамасыз ете бердi. Соғыстан кейiнгi реформалар қалыптасқан шаруашылық жүргiзу құрылымының негiздерiне әсер етпедi, әмiршiл -әкiмшiл жүйе әлi де үстемдiк етуiн жалғастыра бердi.
И. Сталин қайтыс болғаннан кейiн (1953 жылғы 5 наурыз) партиялық билiкке талас басталды, бар билiк Н.С. Хрущевқа көштi.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тәуелсiздiгiн жариялау. КСРО-ның ыдырау барысын тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлiгi 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсiздiгiн жариялауына септiгiн тигiздi. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсiздiк жөнiнде Конституциялық Заңқабылдауы үлкен айтыс-тартыстың арқауы болды. 1991 жылдың соңғы 4 айының iшiндегi саяси үдерістер тығырықтан шығудың табиғи жолына бастап әкелдi: Қазақстан өз тәуелсiздiгiн жариялады. «Мұндай заңды көп ұлтты Қазақстан халқы көптен күткен едi, - деп мәлiмдедi республиканың халық депутаты С. Сартаев, - егер де оны бiздiң халқымыздың көптеген ұрпақтары жақындата түстi десем, ақиқатқа қарсы айтқан болмас едiм. Тәуелсiздiк үшiн күрес үздiксiз дерлiк жүргiзiлiп келдi».
Қабылданған құжаттың 1-бабында Қазақстан Республикасы тәуелсiз, демократиялық, унитарлық және құқықтық мемлекет деп анықтама берiлген. Ол өз аумағында барлық өкiмет билiгiн толық жүзеге асырады, iшкi және сыртқы саясатын дербес жүргiзедi, басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынасын халықаралық құқық қағидалары негiзiнде құрады. Қазақстан аумағы бiртұтас, бөлiнбейтiн және қол сұғылмайтын болып табылды.
Заңның 2-бабында республика азаматтары ұлтына, дiни сенiмiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстығына, шыққан тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, кәсiбiне, тұрған жерiне қарамастан барлық құқықтар мен мiндеттердi, бостандықтарды пайдалана алатыны атап көрсетiлдi. Егемендiктiң бiрден-бiр иесi және мемлекеттiлiктiң қайнар көзi республика азаматтары болып табылады. Республика аумағынан кетуге мәжбүр болған және басқа мемлекеттерде тұратын қазақтарға өздерi азаматтары саналатын мемлекеттiң заңдарына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының азаматтығын да қоса алу құқығы берiлдi. Республика аумағынан жаппай қуғын-сүргiн, күштеп ұжымдастыру, басқа да адамгершiлiкке қайшы әрекеттер барысында қашып шыққандар мен олардың ұрпақтарының елге оралуына қолайлы жағдайлар жасалды.
Мемлекеттiң аса маңызды мiндеттерiнiң бiрi қазақ ұлты және Қазақстанда тұратын басқа
ұлттар мен ұлт өкiлдерi мәдениетiнiң қайта өрлеуi мен дамуына қамқорлық жасау болып табылады. 3 -бапта Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк өкiмет органдарының құрылымы анықталды . Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкiметiнiң басшысы – Президент болып табылады. Республика мемлекеттiк тәуелсiздiгiн iң экономикалық нег iздерi анықталған 4-бапта республиканың тәуелсiз мемлекет мәртебесiне сәйкес келетiн және меншiктiң барлық түрлер iнiң көпқырлылығы мен теңдiгiне негiзделген дербес экономикалық жүйесiнiң болатыны атап көрсетiлдi. Жер мен оның қойнауы, су, әуе кеңiстiгi, өсiмдiктер және жануарлар дүниесi, басқа да табиғи байлықтар, ғылыми-техникалық және экономикалық мүмкiндiктер Қазақстан Республикасының меншiгiне жатады.
Қазақстан Республикасы дүниежүзiлiк қауымдастықтың тең құқықты мүшесi, ол өзiнiң тәуелсiздiгiн қорғау мен ұлттық мемлекеттiлiг iн нығайту шараларын қабылдайды. Республиканың ажырамас құқығын құрайтын мәселелердi шешуге кез келген сырттан қолсұғушылық оның мемлекеттiк тәуелсiздiг iне нұқсан келтiру ретiнде бағаланады. Қазақстан Республикасының өз мемлекетт iк рәмiздерi - Елтаңбасы , Туы, Әнұраны бар. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» Заң тарихи маңызды құжат және егемендi, демократиялыққоғам қалыптастырудың негiзi болып табылады.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тәуелсiзд iгi туралы» Заңды қабылдау жөнiндегi хабарды республика халқы қуана қарсы алды. 1991 жылғы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсi здiк күнi болып жарияланды. Бұл күн 1986 жылғы желтоқсан құрбандарын еске алудың бес жылдығымен тұспа-тұс келдi. Алматыда өткен митингiде Қазақстан Республикасының Президентi Н. Ә. Назарбаев, академик С . Зиманов, желтоқсан оқиғасына қатысқандар, алыс және жақын шет елден келген қонақтар сөз сөйледi. «1986 жылы желтоқсанда екi күш – жас, қатайып үлгермеген демократия мен тоталитарлық жүйе қақтығысты, - дедi митингiде сөз сөйлеген М. Шаханов. - Алматыдағы оқиғалардан соң көптеген демократиялық бой көрсетулер болып өттi, тоталитарлық жүйе күйредi . Қазақстанның тәуелсiз мемлекеттердiң қатарынан өз орнын алуында 1986 жылғы желтоқсанның баға жетпес еңбегi бар».
Көп ұзамай Қазақстанды тәуелсiз мемлекет ретiнде дүние жүзi нiң жетекшi елдерi таныды.
1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Бiр iккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүшелiкке қабылданды. Республика өз iне Ұйымның Жарғысын бұлжытпай орындау мiндеттемесiн алды. Қазақстан адам құқығының БҰҰ ортақ декларациясымен бекiтiлген құқықтары мен бостандықтарының басымдығын мойындай отырып, дүниежүзiлiк қауымдастыққа лайықты түрде қосылуға ұмтылатынын, алған мiндеттемесiн мүлтiксiз орындайтынын нық мәлiмдедi.
1992 жылы қаңтарда Қазақстан өзiнiң тұңғыш алтынын шығарып, Мемлекеттiң алтын қорын жинауды бастады.
Республиканың мемлекеттiк тәуелсiздiгi н қамтамасыз ету мақсатымен 1992 жылғы қаңтарда I шкi iстер әскерi құрылды. Армия қатарына шақырылған жастар Қазақстан аумағында әскери борышын өтеу мүмкiндiгiне ие болды. Бұрын, ұзақ жылдар бой ы әскерге шақырылғандар туған жерi нен неғұрлым алыс аумақтарда қызмет етуге тиiс болатын. 1992 жылы тамызда Республика Президентi әскери қызметшiлер үшiн әскери анттың жаңа мәтiнiн бекiттi.
