- •2. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның мәдениетi
- •2. Астана - Қазақстан Республикасының жаңа астанасы
- •1. Тың игерудің барысы және жағымсыз салдарлары
- •2. Ксро-ның таратылуы. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының (тмд) құрылуы.
- •1. «Әскери коммунизм» саясаты
- •2. 1940-1950 Жылдардағы ғылым мен бiлiм, әдебиет саласындағы кеңестiк қудалаулар.
- •2. Қазақстандағы «Кiшi Қазан» бағыты
- •2. Қазақстан қайта құру кезеңiнде (1985-1991)
- •1. Соғыстан кейiнгi елдiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайы
- •3. Мәншүк Мәметова
- •1. Алаш қозғалысы және «Алаш» партиясының құрылуы
- •3. Әлия Молдағұлова
- •2. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945)
1. «Әскери коммунизм» саясаты
• « Әскери коммунизм» саясатының сипаты. «Әскери коммунизм» саясаты атанған белгiлi экономикалық саясат елдегi материалдық ресурстардың барынша шектеул iгi кезiнде бұрын-соңды болып көрмеген бүлiншiлiк, шетелдiк соғыс интервенциясы, Азамат соғысы мен оқшаулану жағдайларының аса қажеттiгiнен қалыптасты. Бұл саясаттың әрекет ету iнiң сипаты уақытша болды. Оның тiкелей мiндетi өндiрi с пен бөлудi орталықтандыру, мемлекеттiң қолына қорғаныс мүдделерiне сай елдiң азықтық, шикi зат т. б. ресурстарын шоғырландыру мен оны ти iмдi пайдалану едi. «Әскери коммунизм» саясаты енгiзiлуiмен б iрге iрi кәсiпорындармен қатар орта, тiптi ұсақ кәсiпорындар да национализацияланды. Астық монополиясы мен азық-түлiк салғырты, жалпыға бiрдей еңбек мiндеткерлiгi енгiзiлдi. Нарықтық қатынастарды толық оқшаулау, экономикалық мүд делер мен ынталандырудың орнына экономикадан тыс директивалы-бөлу жүйесiн енгi зуге үмiт артылды. Ақшалай жалақының орнына коммуналдық қызмет, транспорт т.б. үшiн карточкалық «паек» берiлдi. Киiм, аяқ киiммен «паектiк» қамтамасыз ету енгiзiлдi.
Ауыл шаруашылығында үкiметтiң экономикалық саясатының негiзгi бағыты «Әскери коммунизм» саясатының көрiнi сi - азық-түлiк салғырты болды. Азық-түлiк салғырты шаруалардан өндiрген өнiмiн iң өздерiнi ң күнкөрiсiне жететiн шамалы бөлiг iнен басқасының бәрiн армия мен қалалардың жұмысшы тұрғындарының мұқтаждығы үшiн мәжбүрлеу жолымен реквизициялау түрiнде жүзеге асырылды. «Артық өнiмдер» қарулы азық- түлiк отрядтары мен армияның көмегi мен тартып алынды. Бұл мiндеттi тапсырулар үшiн төленетiн ақының мөлшерi қағаз ақшаның жаппай құнсыздануы жағдайларында өте мардымсыз болды. Сондықтан шаруалар азық-түлiк салғыртын тонаушылық тәркiлеу ретiнде қабыл алды.
Жер қоры, өнеркәсiп, транспорт, банкiлер национализациялауға ұшырады. Қазақстанда 300-ден астам iрi өнеркәс iп орындары мемлекет қарамағына алынды. Олардың iшiнде – Спасск мыс қорыту және Шымкент сантонин зауыттары, тау-кен өндiрiстiк акционерлiк қоғамының қорғасын зауыттары, Риддер кенiштерiнiң кәсiпорындары, Екiбастұз және Байқоңыр көмiр шахталары, Ембi мұнай кәсiпшiлiктерi болды. Орынбор-Ташкент және Жетiсу темiр жолдары, Арал теңiзiндегi сауда флотының кемелерi мен Ертiс және Жайық өзендерiндегi кемелер, Қазақстан қалаларында орналасқан Орыс-Азия, Волга -Кама, Сiбiр сауда және басқа банкiлердiң капиталдары (қаржылары) мемлекет меншiгiне өттi. Алайда мұндай саясат көп ұзамай өнеркәсiптiң қирауына әкеп соқты.
Өнеркәсiптi национализациялаумен пайда болған басқару жүйесi бiрден шамадан тыс орталықтанғандық белгiлерге ие болып, бюрократизмге жол ашты. Маманданған жұмысшылар жеткiлiксiз болды. Басқару аппаратының жеке буындары арасындағы үйлесiмсiздi к, шикiзаттың тапшылығы, транспорттың берекесiнiң кетуi, көп жағдайда саяси және әскери органдардың өндiрiстiк iстерге кәсiби емес араласуымен ұштасып жатты. Төтенше шаралар қолдану, билiктi шамадан тыс пайдалану әдеттегi iске айналды.
• «Әскери коммунизм» саясатының салдары. Азамат соғысы мен «шаруалар соғысының» (азық-түлiк салғырты, дүние-мүлiктi тәркiлеу, кулактармен күрес ) апатты салдарлары, осы кезеңге тура келген табиғи апаттар (қатты құрғақшылық т.б .), тиiмсiз экономикалық саясат, әкiмшiлдiктiң өрiстеуi ауыл шаруашылығын аса ауыр жағдайға әкеп соқтырды . Соғысқа дейiнгi уақытпен салыстырғанда жыртылатын жер көлемi екi еседен аса, жиналған астық мөлшерi үш еседен аса азайды. Мал шаруашылығы саласы бұдан да ауыр жағдайға ұшырады. Қызылдардың және ақтардың тарапынан малды үнем i реквизициялау (тартып алу) және жұт мал басының шұғыл кемуiне әкеп соқты. Бұл жылдар iшiнде малдың барлық түрлерiнiң саны 10,5 миллионнан астам басқа кемiдi.
Өлке үшiн аса ауыр болған осындай кезеңде РКСФР Үкiметi орталық өкiмет орындарына әскери бұйрық ретiнде Сiб iр мен Қазақстанда азық-түлiк салғыртын арттыруды мiндеттеген арнайы декрет жариялады. Осылайша артық өнiмдердi ғана емес, күнкөрiске қажеттi астықты, тiптi тұқымдық қорды да тәркiлеу басталды. Қазақтардың мал шаруашылықты облыстарында шаруаларға ет салғыртымен қоса астық салғырты салынып, көптеген «төтенше» салықтар жиналды. Бұл мiндеттемелердi орындау үшiн шаруалар малдарын сатып, орнына астық сатып алып өткiзуге мәжбүр болды . Қалаларда бұрынғыша азық-түлiк тапшылығы сақталды. Егiн түсiмi төмендеуiнi ң салдары өнеркәсiпте де байқалды. Көптеген зауыттар отынның жетiспеушiлiгiнен жабылып, жұмысшылар жұмыссыз қалды. Күнкөрiс үшiн жұмысшылардың кейбiреулерi ауылдарға кеттi.
Бұл тонаушылық экономикалық «әскери коммунизм» саясатының ең ауыр салдары – Қазақстандағы 1920 жылғы жаппай аштық болды. Жағдай 1920-1921 жылдардағы қатал қысқа байланысты күрделене түстi. Жеуге жарайтын нәрсенiң бәрi таусылғандықтан келесi көктемде себiлетiн тұқым қалмады.
2. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. 1986 жылы 16 желтоқсан күнi таңертең Қазақстан Компартиясы ОК-нiң V Пленумы болып өттi. Күн тәртiбiне бiр ғана ұйымдастыру мәселесi қойылды. Пленум бар-жоғы 18 минутқа созылды. Осындай қысқа
мерзiм iшiнде аса маңызды мәселелердiң бi рi - республиканы ширек ғасырдай басқарған саяси қайраткердi ауыстыру мәселесi шешiлдi. Д. А. Қонаевтың орнына бұған дейiн республикада еңбек етпеген, халыққа мүлдем бейтаныс, КОКП-ның Ульяновск обкомының бiрiншi хатшысы болып iстеген Г. В. Колбин тағайындалды. Орталықтың мұндай волюнтарист iк шешiмiмен Қазақстан бiрiншi рет кездесiп отырған жоқ ед i. Д. А. Қонаев «Өттi дәурен осылай» атты кiтабында өзiн iң басшылық қызметтен кетуi жайлы былай деп жазды: «Бұл жолы мен Бас хатшыға жеке мәселеммен бардым . Амандасқаннан соң, әңг iменi созбастан, мен оның үстелiнiң үстiне өз өтiнiшiмдi қойдым. Горбачев, менiң ойымша, мұндай әңгiмеге дайындалған тәрiздi...
Iштей Бас хатшының менен орныма кi мдi ұсынатынымды сұрайтынына үмiттенгенiмдi мойындаймын. Ол сұраған жоқ. Сол кезде оған өзiм сұрақ қойдым. Горбачев барынша қатқылдау сөйледi: «Бұл мәселенi шешудi б iзге қалдыр. Республикаға жақсы коммунист жiберiледi». «Жақсы коммунист» Геннадий Колбин болып шықты».
Бұл хабар Қазақстан жұртшылығына тез тарады. Тарихта - «Желтоқсан оқиғасы», «Желтоқсан қозғалысы», «Желтоқсан көтер iлiсi » деп аталып жүрген қазақстандық демократ жастардың толқуы дәл осы кезде басталды. Ол - ғасырдан ғасырға созылған отаршылдық езгiге, қазақ халқының төл мәдениетiн, тi лiн, тарихын жоюға бағытталған саясатқа наразылықтан туындады. Орталық билi к ұлттық кадрларды назардан тыс қалдырды. Шын мәнiнде республика бодан елге айналған едi.
1986 жылы 17 желтоқсан күнi таңертең Алматыда жаппай толқу басталып, кейiнiрек ол республиканың басқа да қалаларына тарады. Г. В. Колбиннiң республиканың жоғарғы басшылығына тағайындалуы толқу үшiн тек сылтау ғана едi. Оның басталуына жылдар бойы қордаланған себептер әсер еттi. Халықты ашындырған Орталықтың дәстүрлi өктемдiк әрекеттерi мен қайта құру жариялаған демократиялық принциптер арасындағы ушыққан қарама-қайшылықтар болды.
1986 жылғы желтоқсандағы қазақ жастарының бой көрсету i ұлтшылдық сипатта болған жоқ. ОК Пленумының шешiм iне алғаш қарсы шыққан Алматы қаласының жұмысшы және оқушы жастарының тобы ед i. Шеру бейбiт, саяси сипатта болып, мемлекеттiк құрылысты жою мен басқа халықтарға қарсы әрекеттер жасау деген үндеулер болған жоқ.
Қазақ жастары халық намысы тапталған сол күні көп жылдар бойы үстемдiк еткен тоталитарлық режимге батыл қарсы тұрды. Сөйтiп КСРО кеңiстiгiнде ұлттық-демократиялық қозғалысты дамытуға өлшеусiз үлес қосты. Оқиға басқа халықтарға қарсы бағытталмады. Желтоқсан көтерiлiс i елдегi буыны қатпаған демократия мен әкiмшiл-әмiршiл жүйенiң тұңғыш қақтығысуы болды.
Желтоқсан көтерiлiсiнiң басында Қ. Рысқұлбеков, Е. Айнақұлов, Қ. Айтмұрзаев, Б. Иманғожаев, О. Сейтембеков, А. Қаметов, Е. Көбесбаев, Е. Сыпатаев, Л. Асанова, С. Мұхамеджанова, И. Дәуренов және т.б. тұрды.
Әмi ршiл әдiстерге үйренiп қалған республика басшылығы әу баста-ақ жастармен тең құқылы келiсiмге бармады және олардың пiкiрi н тыңдағысы келмедi. Саяси наразылықты өкiмет билiг iне төнген қауiп ретiнде бағалаған басшылық Алматы гарнизонын жауынгерлiк дайындыққа келтiрiп, алаңды шеруге қатысушылардың санынан артық күшпен қоршауға бұйрық бердi. КОКП ОК-не Г. Колбиннi ң қысымымен оқиғалардың өңi айналдырылып көрсетiлген хабар жiберiлдi. Республика басшылығының үстi-үстiне сұраған өтiнiш iнен соң, КСРО Iшкi iстер министрi А. В. Власов Алматыға елдiң әр түрлi аймақтарынан iшкi iстер әскерлерiнiң арнайы бөлiмдерiн жiберуге шешiм қабылдады.
Шерудi қуып тарату кезiнде саперлiк күректер, үйретiлген иттер мен сойылдар, су шашатын машиналар қолданылды. 1990 жылғы 24 қыркүйектегi Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi Президиумының қаулысында бейбiт және аз санды наразылық шеруiнiң жаппай тәртiпсiздiктерге ұласуы республика басшыларының саяси дәрменсi здiгiнен, олардың шиеленiскен жағдайдан бейбiт жолмен шыға алмағандығынан және олардың ақыл -ой мен iзг i ниетке емес, күшке арқа сүйеуiнен болғандығы атап көрсетi лдi. Шеруге қатысушылардың бiр бөлiгiнiң әрекеттерi заңды тәрт iп шеңберiнен шығып, тәртiп қорғау күштерiне бағынбай, қоғамдық тәртiптi бұзғанын да атап өткен жөн. Өкiмет орындарының қалыптасқан жағдайды реттеуге қабiлетсiздiгi қайғылы зардаптарға әкеп соқты. Шеруге қатысушылар жағынан және қоғамдық тәртiптi қорғауды қамтамасыз еткендердiң тарапынан да адам шығынына жол берiлдi.
Шеруге қатысушыларды ұстау кезi нде партия комитеттерi мен кеңестiк өкiмет орындары заңдылықты өрескел бұзуға жол бердi. Уақытша ұстау бөлмелерiне, арнайы бөлiмдерге, тергеу бөлiмдерiне жеткiзiлген, қала сыртына әкет iлген адамдардың саны 8,5 мыңға жеттi. Оқиғаларға қатысушыларға қарсы қозғалған қылмыстық iстерде сот-тергеушiлiк жұмыстары кезiнде дөрекi заңсыздықтарға орын бер iлдi. Тергеулер асығыс, ойдан шығарылған және тек айыптау түрiнде жүргiзiлдi. Қ. Рысқұлбеков, Е. Сыпатаев, М. Әбдiқұлов т.б. жастар қатаң жазаланды. Сотталған 99 адамның 46 -сы бiраз уақыт өткен соң ақталды. Аз уақыттың iшiнде 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшiн 787 адам комсомол
қатарынан шығарылды, 1138 адамға комсомолдық жазалар қолданылды, 271 адам оқу орындарынан, жүздеген адам жұмыстан қуылды. Денсаулық сақтау және Көлiк министрлiктерiнен 309 адам, Iшкi iстер министрлiг iнен 1200 адам жұмыстан шығарылды. Жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметiнен алынды. 1987 жылы шiлдеде КОКП ОК қабылдаған «Қазақ республикалық партия ұйымдарының еңбекшiлерге интернационалдық және патриоттық тәрбие берудег i жұмыстары туралы» қаулыда 1986 жылғы Алматы қаласындағы желтоқсан оқиғасы «қазақ ұлтшылдығының көрi нiсi» ретiнде бағаланды. Партия комитеттерiнiң нұсқауымен бұқаралық насихат құралдарында «ұлтшылдарды» i здеу жөнiндегi тұтас бi р науқан өрiстедi. Төрешiл, коммунистiк ақпарат тағы да өзiн ақтап шығып, кезектi «кiнәлiнi» тапты. Алайда көпшiлiктiң талап етуiнен кейiн КОКП Орталық Комитетiнiң қаулысындағы қазақ ұлтшылдығы деген кiнәлау қате деп танылды.
Республикада жариялылық пен демократия нығая түскен сайын желтоқсан оқиғаларына өзiндiк мораторий жарияланды. Көптеген кiнәсi з адамдар бұл кезде түрмелерде жатты . Заңды саналған КОКП ОК-нiң қаулысы әлi де күшiнде едi, ал заңсыздықтарға жол бергендер өз орындарында отырды. Желтоқсан оқиғасы ақиқатын ашуға қозғау салған КСРО халық депутаты М. Шахановтың КСРО халық депутаттарының I съезiнде сөйлеген сөзi болды. Әдiлеттi лiктi ң салтанат құруы үш iн одан кейiн де көп уақыт өттi. Желтоқсан оқиғалары адамдар көп жылдық үнс iздiктен соңөз ойларын ашық бiлдiрген, демократияға қарай жасалған алғашқы қадам болды.
Желтоқсан қозғалысы ұлттық мүдде жолында қайсарлық танытқан Қ. Рысқұлбеков, Т. Тәшенов, Ж. Тайжұманов, Қ. Күзембаев және басқа да қазақтың жас демократтарын танымал еттi. Өлiм жазасына кесiлген Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағұл Әбдiқұлов, тағы басқа азаматтардың Отанына шынайы берiлген тұлғалы жандар екенiн қазақ елi бiлдi.
Мақтаныш еттi. Олардың отаршыл, зымиян, әдiлетсiз жүйенiң рақымсыз құрығына iлiккенiн де терең түсiндi. Қайрат Рысқұлбековтың:
Қорлай да берiп қайтадан , Титыққа орыс жетпесiн,
Туған жердiң намысы Бөтен қолда кетпесiн. Абай туған жерiнде
Бомбасын атом жармасын. Құлпытасты қиратып, Өлiгiңдi қазбасын.
Өз ұлтыңның басшысын Орнынан сүйреп алмасын... -
деген терең ойлы, әсерлi өлеңi халқына соны ұғындырып кеттi.
Желтоқсан қозғалысы - ұлт -азаттық тарихында ерекше орын алады. Бұл ұлттық рухтың жаңғыру, қайта түлеу кезеңiнiң басы болды. Ұлт- азаттық қозғалыс жаңа сатыға көтерiлдi. Ол бүкiл халықтың рухани өмiрiне әсер етiп, ұлттық сананы өсiрдi, ұлттық рухты жандандырды.
Желтоқсан қозғалысы Қазақстанды жаңа әлемдiк кең iстiкке алып шықты. Бұл қозғалыс Одақ көлемiнде жалғасын тапты. Одақтың құлдырауына, ыдырауына әкелдi. КСРО -ны құрушы республикалардың бөлiнiп шығып, мемлекеттiк егемендiгiн жариялауына жеткiздi. Сөйтiп Желтоқсан көтерiлiсi республика шеңберiнен асып, еуразиялық сипат алды.
3. ШАЯХМЕТОВ Жұмабай (1906 -1966) - партия және мемлекет қайраткерi. Мәскеу Шығыстану институтының бiр курсын бiтiрдi (1933). 1910-1913 жылдары Омбы облысы Ащыкөл ауыл мектебiнде оқып , 1917 жылы Полтавкадағы 2 сыныптық орыс-қырғыз (қазақ) училищесiн бiт iрген. 1919 -1924 жылдары ауыл мұғалiмi, Теке болыстық атком хатшысы (1921-1923), Шалқар қаласында милиция қызметкерi (1923-1925), Ақмола губерниялық әкiмшiлiк бөлiмнiң инспекторы, әкiмшiлiк жұмыстар атқарды (1925- 1928). 1928-1938 жылдары Солтүстiк Қазақстан, Алматы облыстық ОГПУ, НКВД басқармаларында iстедi. 1938-1954 жылдары Қазақстан КП ОК-н iң үшiншi, екiншi , бiрiншi хатшысы болды. Оңтүстiк Қазақстан облыстық партия комитетi нiң бi рiншi хатшысы қызметiн атқарды (1954-19 55). Ж. Шаяхметов партия қайраткерi ретiнде елдiң қоғамдық-саяси өмiрiне белсене араласты.
Билет №7
1. Елдi индустрияландырудың қажеттiг i. Индустрияландыру – iрi өнеркәс iптi, ең алдымен ауыр өнеркәсi птi құру және дамыту, iрi өнеркәсiптiк өндiрiс негiз iнде бүкi л халық шаруашылығын қайта құру. Индустрияландыру тек социалистiк құрылысқа ғана тән кезең емес. Ол - елдi жаңғыртудың мiндеттi шарты. 1920 жылдардың ортасында КСРО үшiн бiрнеше себептерге байланысты индустрияландыруды жүзеге асырудың қажеттiгi туды. Бiрiншiден, 1925 жылға қарай қалпына келтiру кезеңi аяқталды. Негiзгi көрсеткiштер бойынша кеңестiк экономика соғысқа дейiнгi деңгейге жеттi. Өнеркәсiптiк өндi рiстiң өсуiн қамтамасыз ету үшiн i степ тұрған зауыттарды қайта жабдықтау ғана емес, жаңа заманғы кәсiпорындарды құру қажет болды. Екiншiден, елдiң экономикалық әлеуетiн ти iмдi орналастыру мәселесiн шешу мi ндетi тұрды. Ел бұрынғыдай аграрлы, шаруа елi болып қала бердi. Қалаларда жұмыссыздық деңгейi өсiп, әлеуметтi к шиеленiстi күшейттi. Үшiншiден, елдiң халықаралық деңгейде экономикалық және саяси оқшаулануы индустрияландыруды жеделдетуд i талап еттi. Капиталистiк дұшпандық қоршауда қалған КСРО-ға тұрақты соғыс қаупi төндi. Аграрлы елд iң өнеркәсiб i жоғары дамыған iрi мемлекеттермен әскери қақтығыс болған жағдайда, оларға қарсы тұру мүмкiндiгi болмады.
1920 жылы халық шаруашылығы салаларын машиналық техника базасына көшiрудiң
кешендi бағдарламасы белгiлендi. Индустрияландыруды бастау туралы шешiм 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П-ның ХIV съезiнде қабылданды. Сталин индустрияландыруға «КСРО-ны машина және жабдықтарды импорттаушы елден оларды өз күшiмен өндiретiн елге айналдыру» деген анықтама бердi . Әңгiме ауыр және жеңiл өнеркәсiптiң тиiмдi арақатынасы, қала мен деревняда қол жұмысын ығыстыру туралы болды. Капиталистiк қоршаудың болуы және социализмдi жеке алынған бiр мемлекетте құру бағдары шешушi маңызға ие болды.
Мұндай жағдайда партия iшiндегi демократияның шеңберi тарылып, «әскери коммунизм » кезiндегi әдеттер мен бұйрықтық тәсiлдер қайта жаңғырды. Ықпал жасаудың экономикалық емес, әкiмшiлiк тет iктерiне артықшылық берiлдi. Тарихтағы ең алғашқы жоспарлы индустрияландыру бағдарламасын ЖЭС-қа көшу жағдайында жүзеге асыру қажеттiгi туды . Көпсалалы экономика , тауар-ақша қатынастары, нарықтық байланыстар өмiрге ендi. ЖЭС қағидалары өнеркәсiп саласында жеткiлiктi деңгейде орындалмады, ақырында байыпты әрi ұзақ мерзiмге ойластырылған бұл саясат ауыстырылды. Қазақстанның дамуы аймақ экономикасының артта қалуымен байланысты өзiндiк ерекшелiктерге ие болды. Елеулi әлеуметтiк-экономикалық алға басушылықтардың болғанына қарамастан, көшпелi және жартылай көшпелi ауылдық жерде патриархалдық-феодалдық қатынастар әлi де өз күшiн жоймады.
1926 жылы республикадағы өнеркәсiптi қайтадан қалпына келтi ру iсi әлi аяқталмады және бүкiлодақтық деңгейден төмен болды. Қазақстанның өнеркәсiбi өте баяу дамыды. Ауыр және жеңiл өнеркәсiп ошақтарын құру қажет болды. Өнеркәсiпт iк құрылыс жүргiзуге болатын пайдалы қазбалардың кен орындары далалы аймақта, шөл аудандарда орналасты. Же расты байлықтарын пайдалану бұл орындарда жан-жақты игеру жұмыстарын жүргiзудi: жаңа темi р және автожолдар, жұмысшы кенттерiн, жаңа қалаларды салу, сумен жабдықтаудың қайнар көздерiн iздеу т.б. жұмыс ауқымын атқаруды талап еттi.
Индустрияландыруға қаржы табу мақсатымен мемлекет шаруаларды астығын рыноктық нарықтан арзан бағамен сатуға мәжбүрледi. Бұл мiндеттi орындаудан бас тартқандар қуғын-сүргiнге ұшырады.
2. 1989 жылдарда болған Жаңаөзен, Қарағанды оқиғалары. Шешiмiн күтiп,
қордаланып қалған проблемалар халық арасында наразылық туғызды. Осындай наразылықтың бiр көрiнiсi - Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында 1989 жылдың жазында болған оқиғалар едi.
Мұнда тұрғын үй алу, мектепке дейiнгi балалар мекемелерiне деген кезек өте баяу жылжыды, жастардың арасында жұмыссыздық өстi. Осы аймақтан мұнай мен газ алып отырған орталық ведомстволар жергi лiктi кадрлар дайындауға ұмтылыс танытпады, жұмыс күшiн республикадан тыс жерлерден әкелд i. Сауда, қоғамдықтамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерiнiң жұмысында үлкен кемшiлi ктер орын алды . Пәтер, азық-түл iк және өнеркәсiп тауарларын бөлуде әлеуметтiк әдiлеттiлiк қағидалары жиi бұзылды. Қалаға республикадан тыс жерлерден келген жұмысшылар қазақ халқының дәстүрлер iмен санаспай, оларды дөрекiлiкпен кемсiттi.
Әлеуметтiк жағдайлардың күрделенуi елеусiз түрде жергiлiктi халық өкiлдерi мен қалада тұратын Кавказ ұлттарының өкiлдерi арасындағы қатынастардың шиеленiсуiмен ұштасып кеттi. 1989 жылғы маусымда қалада екi жақтан да қан төгiлуге жеткiзген жаппай тәртiпсiздiктер басталды.
Бұл қақтығыс құқық қорғау органдары мен арнайы әскери бөлiмдердiң көмегiмен тоқтатылды.
Вахтамен жұмыс iстейт iндердiң көпшiлiгi қаладан әкетiлд i. Осы оқиғалардан кейiн де көптеген проблемалар ұзақ уақыттар бойы шешiмiн таппады. Басқа қалалар мен жұмысшы
қалашықтарында да жекелеген қақтығыстар болып өттi . 1989 жылы шiлдеде Донбасс пен Кузбасс кеншiлерiнен кейiн iле- шала Қарағанды көмiр алабының кеншiлерi де ереуiлге шықты. Ереуiлдерге күнделiктi 10- 15 мыңдай адам қатысып отырды. Кеншiлер бастапқыда еңбекақыны көтеру, шахталардағы жұмыс жағдайын жақсарту, азық -түлiк тауарларының түрлерiн көбейту сияқты экономикалық сипаттағы талаптар қойды. Соңынан әлеуметтiк шеңбердегi талаптарға Семей ядролық полигонын жабу, бүкiлодақтық ведомстволардың монополиясын жою талаптары қосылды.
Кеншiлер құрған ереуiл комитетiн Д. Тегiсов, П. Шлегель, М. Рамазанов, В. Перебейнос т. б. басқарды.
Қарағандыға ереуiлшiлердi тыныштандыру үшiн келген КСРО көмi р өнеркәсiбi министрi М. И. Щадовтың жауаптары кеншiлердi қанағаттандырмады. Осы кезде Қарағандыға шұғыл түрде Н. Ә. Назарбаев ұшып келдi. Бiрнеше кездесуден соң үкiметке кеншiлердi тыныштандырудың сәтi түстi. Мәселенiң мұндай шешiм табуы ереуiлш iлер мен Қазақстан басшысы көзқарастарының бiр жерден шыққандығынан болды: екi жақ та орталық ведомстволардың монополиясына наразы едi және экономикалық дербестiктi жақтады. Республика басшыларының кеншiлердiң әд iл қойылған талаптарын орындауға уәде беруi нен соң ереуiлдер тоқтатылды. Кеншiлер құрған ереуiл комитетi ұзақ уақыт бойы өз қызметiн жалғастыра бердi.
3. РЫСҚҰЛБЕКОВ Қайрат Ноғайбайұлы (1966- 1988) - Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына белсене қатысушы. Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында туған. Алматы сәулет-құрылыс институтының 1 курс студентi Қайрат Рысқұлбеков студент,
жұмысшы жастар тобымен бiрге Қазақстан Компартиясы ОК -нiң ғимараты алдындағы Республика алаңына КОКП ОК Саяси бюросының шешiмiне қарсы өз наразылығын бiлдiру үшiн келдi. Бұл шешiм республиканың бiрiншi басшысының орнына республика халқының ерекшелiгi мен менталитетiн мүлдем бiлмейтiн адамды тағайындау жөнiнде қабылданған едi. Республика халқының бұл жаппай наразылығы iс жүзiнде Мәскеудiң Одақ республикаларына қатысты мамандар ұлт саясатындағы тоталитарлық әрекеттер iне қарсы бағытталды. Жастардың бой көрсетуi елдiң басқа аймақтарынан әкелiнген әскери бөлiмдердiң күшiмен қантөгiс арқылы қатаң басылды.
1987 жылы 1 қаңтарда Қ. Рысқұлбеков тұтқындалды. Ату жазасына кесiлi п, соңынан бұл үкiм 20 жыл түрмеде отырумен алмастырылды. 1988 жылы жұмбақ жағда йда қайтыс болды.
Билет №8
1. 1931-1933 жылдардағы аштық.Ұжымдастыруға байланысты әр түрлi iс-шаралардың нәтижесi Қазақстанның барлық аудандарын қамтыған бұрын-соңды болмаған аштыққа ұрындырды. 1929-1930 жылдардың қысында жұт болды. Астық дайындау жөнiндегi төтенше шараларға бей iмделу республикадағы жағдайды оның алғашқы күндерiнен бастап-ақ күрделендiрiп жiбердi. 1931 жылы көктемде бұл кезде астанаға айналған Алматыға жер-жерден аштық жөнiндегi мәлiметтер келiп түсе бастады. Өткен тақырыпта ұлт зиялылары Ғ. Мүсірепов, Қ. Қуанышев, М. Ғатаулин т.б. өз наразылықтарын ашық білдіргенін, И. Сталин мен Ф. Голощекинге айыптау хаттар жазғанын айттық. Алайда өкiмет оларды жоққа шығарып, әкiмшiлiк қысымды қатайтты. Аштық пен қуғын-сүрг iннiң қысымымен қазақтар бүкiл ауылдарымен шектес облыстар мен республикаларға көше бастады. ОГПУ-дiң деректерi бойынша қазақтар Батыс Сiбiр, Орта Поволжье, Қалмақстан, Тәжiкстан, Солтүстiк өлкеге және басқа аймақтарға қоныс аударған. Бiрнеше жүз мың қазақ Қытай, Монғолия, Иран мен Ауғанстанға қоныс аударды. Нәтижесiнде 1931-1933 жылдары аштықтан, суықтан және өзге де аурулардан 2,1 млн-дай қазақтар мен 200-250 мыңдай басқа ұлттардың өкiлдерi қаза тапты.
2. Қазақстан ТМД және Орталық Азия кеңiстiгiнде. Қазақстан өз қауiпсiздiгi мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету үшiн ең жақын және тарихи дос көршi мемлекеттермен де, Таяу және Орта Шығыс Батыс елдерiмен де берiк байланыстар орнатты. Қазақстан Республикасының Сыртқы саяси тұжырымдамасында ТМД шеңберiндегi ынтымақтастыққа басымдық берiлген. Қазақстан Республикасы ТМД кеңiстiгiнде экономика саласында ықпалдасуды өзара қарым-қатынастың iргелi қағидасы ретiнде ұстануда. Сауда-экономика саласындағы ынтымақтастық Достастық елдерiнiң экономикалық мүдделерiн үйлестiруге мүмкiндiк бередi. ТМД елдерiнiң даму деңгейi әр түрлiлiгiнен, олардың экономикалық тұрғыдан бiрлесу үдерiсiнiң оңай шаруа еместiгi аңғарылады.
Кедендiк Одақты құру және қаржылық ықпалдастықты дамыту мәселелер i қарама-қайшылыққа толы күрделi жағдайға жүзеге асырылуда. Дегенмен, бiрқатар нақты iс-шаралар атқарылды. Мәселен, 1994 жылы ТМД елдерi Еркiн сауда аумағын құру туралы кел iсiмшартқа қол қойды, келесі жылы Қазақстан, Ресей және Белоруссия мемлекеттер i арасында Кедендiк Одақ құрылды . Кедендiк Одаққа 1996 жылы Қырғыз Республикасы және Тәжiкстан Республикасы қосылды. Кеденд iк Одақты құрудағы негiзгi мақсат тауарлардың, көрсетiлген қызметтiң, капиталдың, жұмыс күшiнiң , валютаның ортақ нарқын белгiлеу болды. Кедендiк Одақ шеңберi нде салық заңнамасы мен көлiк саласына қатысты бiрқатар маңызды құжаттарға қол қойылды.
Қазақстан ТМД шеңберiнде ұлттық қауiпсiздi ктi қамтамасыз ету саласында ынтымақтастықты кеңi нен жүзеге асырып келедi. Қазақстан үшiн өткiр де өзектi мәселе – халықаралық лаңкестiк және экстремизммен күрес болып табылады. Ел iмiз ТМД елдерiнiң бiрiккен әскери жаттығуларына, лаңкестiкке қарсы орталық қызметiне, халықаралық лаңкестiк және экстремизммен күрес бағдарламасына, есi рткiге қарсы шараларға қатысып, тәжiрибе алмасып келедi. Қазақстан ТМД, ШЫҰ, Кеден Одағы сияқты аса iрi аймақтық ұйымдарды құрудың бастауында тұрды.
Қазақстан Республикасы мәртебелi халықаралық ұйымдар мен қауымдастық мүшесi. Қазақстан 1992 жылдан бастап беделдi халықаралық ұйымдармен (БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ)
байланыстарын нығайтты.Қазақстан БҰҰ Даму бағдарламасымен және тағы басқа құрылымдарымен ынтымақтастық нег iздегi қарым-қатынас өрiсiн кеңейттi. Қазақстанда БҰҰ жүйесiнiң 16 ұйымы қызмет жасайды. Олар - БҰҰ Даму бағдарламасы, БҰҰ Балалар қоры, БҰҰ Халық қоныстану қоры (ЮНФПА), БҰҰ есiрткi және қылмыс мәселелерi жөнiндегi басқармасы, БҰҰ Жоғары комиссарының босқындар iсi жөнiндегi басқармасы, БҰҰ Ерiктiлер, БҰҰ Бiлiм, ғылым және мәдениет мәселелерi жөнiндегi ұйымы (ЮНЕСКО), Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы және т.б. Қазақс тан 1992 жылы ЕҚЫҰ-ға мүше болып қабылданып, онымен ынтымақтастық барысында үлкен жетiстi ктерге қол жеткiздi. ЮНЕСКО-ның қолдау көрсетуi арқасында Абай Құнанбаевтың 150 жылдығы тойланды. Орталық Азиядағы осы ұйымның бiр ғана өкiлдiгi Алматыда ашылды.
Қазақстан 2011 жылы өз тәуелсіздігінің 20 жылдығын кең көлемде атап өтті . Тиянақты да бейбiтшiлiк сүйгiш саясатының арқасында Қазақстан дүниежүзiлiк мемлекеттер қауымдастығындағы iрi-iрi халықаралық ұйымдар қатарына қабылданды.
ХХI ғасырда Қазақстан әлемнiң аса iрi халықаралық ұйымдарын басқарып, өзiнiң тарихында ең жоғары халықаралық мәртебеге ие болды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың сөзiмен айтқанда «Бiздi ң iрi жет iстiктерiмiздiң қатарында 56 мемлекеттi б iрiктiретiн ЕҚЫҰ-ға төрағалықты және 1,5 млрд-тан астам халқы бар 57 ел қатысушы мемлекеттiң қолдауына ие болған ИЫҰ (Ислам ынтымақтастығы ұйымы) төрағалығын» айтуға болады. Қазақстан Халықаралық көрмелер бюросының 157 мүшесiнiң дауыс беруi нәтижесiнде «ЭКСПО-2017»-нi ұйымдастырушы елге айналды.
2012 жылы Қазақстан Республикасы өз елiнде халықаралық көрме өткiзу құқығын үлкен
бәсекелестiкте жеңiп алды . Париж қаласында Халықаралық көрмелер бюросының 152-Бас ассамблеясына қатысушы 161 мемлекеттi ң 103-i Астананы қолдап дауыс бердi . Бұл Қазақстанның зор табысы болды. Астана қаласында өтетiн бұл көрме әлемдiк экономика тарихында «Экспо-2017» деген атпен қалатын болады. «Экспо- 2017» Орталық Азия өңiрi және ТМД аумағында өткiзiлетiн алғашқы бүкiләлемдiк көрме болады. Қазақстан Халықаралық көрмелер бюросының мүшелiгiне 1997 жылы қабылданған болатын. Экспо көрмесi - бұл мәнi жағынан бүкiләлемдiк экономикалық форумдармен, ал туристiк тартымдылығы жағынан әлемнiң ең танымал спорт жарыстарымен теңдес ауқымды оқиға.
3. ҚОНАЕВ Дiнмұхамед Ахметұлы (1912-1993) - көрнектi қоғам және мемлекет қайраткерi , ғалым. Қазақстан ҒА-ның академигi (1952), техника ғылымдарының докторы (1969), үш мәрте Социалистiк Еңбек Ерi (1972, 1976, 1982). 1936 жылы Мәскеудегi Түстi металдар және алтын институтын бiтiрген. Балқаш, Алтай, Риддер, Лениногор кен орындарында басшы қызмет атқарған. 1942-1952 жылдары Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесi, кейiннен ҚазақКСР Министрлер Кеңесi төрағасының орынбасары болды. 1952 жылы сәуiрде Қазақстан ҒА-ның президентi болып сайланды . 1955 -1960 және 1962-1964 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы. 1960-1962 және 1964-1986 жылдары Қазақстан КП ОК-нiң Бiрiншi хатшысы болды.
Д. Қонаев өмiрiнiң 45 жылға жуығын ел басқару iсiне арнады, ширек ғасырға жуық Қазақстанның бiр iншi басшысы қызмет iн атқарды. Республиканы басқарған жылдары Қазақстанда жаңа өнеркәсiптi аудандар қалыптасып, елде жаңа қалалар мен iр i елдi мекендер пайда болды. Павлодар-Екiбастұз отын-қуат кешенi, Қарағандыдағы ГРЭС-2, Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су электр станциясы, Павлодар трактор зауыты т.б. кәсiпорындар iске қосылды. Маңғыстаудың мұнай кен орындары игерiлдi, темiр жол құрылысы, көлiк түрлерi дамыды.
Д. А. Қонаев республика үкiметiнiң төрағасы және партия ұйымының бi рiншi хатшысы болған жылдарда Қазақстанда астық шаруашылығы мен мал шаруашылығы iрi жетiстiктерге жеттi. 1955-1985 жылдар аралығында республикада өнеркәсiп өндiрiсiнiң, құрылыстың өркендеуiне игiлiктi ықпал жасалды.
Қонаев әдебиет пен өнердегi, мәдениет пен ғылымдағы ахуалды әрдайым бақылап отырды. Ол басшылық жасаған тұста Қазақстанның 5 томдық академиялық тарихы қазақ және орыс тiлдерiнде жарық көрдi.
Қонаев қайтыс болғаннан кейiн Қазақстан ҒА-ның Тау-кен және түстi металлургия институтына, елiмiздiң бiрқатар мектептерi мен көшелерiне оның есiмi берiлдi. Алматыда Д. А. Қонаев атында университет бар. 1992 жылы 13 қарашада Алматыда « Халықаралық Қонаев қоры» құрылды. 2002 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында Қонаевтың мұражай -үйi ашылды. Дiнмұхамед Ахметұлы өмiрiнiң соңғы сәтiн өткiзген Алматы облысы Алакөл ауданындағы Ақши ауылында (Жетiсу қақпасы) 2003 жылы 15 тамызда арнайы құлпытас орнатылды.
Билет №9
1. Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы. Қазақстандағы өкiмет орындарының саясатына деген наразылықтың алғашқы белгiлер i 1928 жылы жүргiзiлген тәркiлеу кезiнде пайда болды. Алайда жаппай ұжымдастыру науқаны басталысымен бiрқатар аудандарда негiзгi қозғаушы күштерi кедей және орташа шаруалар болған көтерiлiстер бұрқ ете түстi. Көтерiлiсшiлер кеңес және партия мекемелерiн талқандап, құжаттарды өртедi. Сырдария округi, Бостандық ауданындағы көтерiлiс қиян-кескi сипат алды. 1929 жылы 27 қыркүйекте өздерiнiң басшысы етiп Тәлiп Мұсабаевты сайлаған Некем ауылының тұрғындары көтерiлiске шықты. Көтерiл iс бүкi л ауданға тез тарап, құрамына қазақтар, өзбектер, қырғыздар мен тәжiктер кiрген, 500 -ге жуық мүшелерi бар көтерiлiсшiлер отряды құрылды. Нашар қаруланған шаруалар бiрi ншi шайқастың өзiнде-ақ жеңiлiске ұшырады. Оларға Қырғызстандағы көтерiлiсшiлер отрядының қосылғанына қарамастан, күштердiң арасалмағы тең емес ед i. Қиян-кескi екi қақтығыстан соң, көтерiлiсш iлер отряды талқандалды. 70-тен астамы өлiп, көпшiлiгi тұтқынға түстi, тек шағын топ қана қашып құтылды.
1929 жылы күзде Қостанай округiнде көтерiлiс бұрқ ете түстi. Қазан айының өзiнде қазақ және орыс шаруаларының бес ауданнан жиналған өкiлдерi өкiметке қарсы қарулы бой көрсету жөнiнде келi ссөздер жүргiздi. Көтерi лiс Батпаққара ауданында 1 қарашада басталып, көтерiлiсшiлер аудан орталығын басып алды. Кеңес және партия, милиция мекемелерiн талқандады, түрмедегiлердi босатты . Көтерiл iсшiлердi А. Бекежанов , С. Қадиев, А. Смағұлов т.б. басқарды. Аудан өкiлдерi Кеңес өкiметiн құлату жөнiнде шешiм қабылдады. Ауылдарда кеңестер сайланып, ол әрбiр ауыл көтерiлiсшiлер армиясына 50 жiгiттен беру керектiгi жөнiнде шешiм қабылдады, көршiлес аудандарға үгiтшiлер жiберi лдi. Қысқа мерзiм i шiнде жалпы саны 500-ге жуық отряд жиналғанымен, он көтерiлiсшiнiң бiреуiнде ғана ату құралы болды. Далаға ОГПУ-дiң қарулы отрядтары аттандырылып , көтерiлiсш iлер талқандалып, көтерiлiс басып-жанышталды. 200-дей адам тұтқындалып, Қостанайға аттандырылды.
2. Қазақстан Республикасы ПрезидентiнiңҚазақстан халқына Жолдаулары.
Елбасының 1998 жылғы 30 қыркүйектегi « Елдегi жағдай, iшкi және сыртқы саясаттың негiзг i бағыттары туралы: жаңа ғасырда қоғамды демократияландыру, экономикалық және саяси реформа» атты Қазақстан халқына Жолдауында сол кездегi халықаралық саяси жағдайға, әсiресе көршi лес Ресей мен ТМД-ның оңтүстiк аймақтарындағы мемлекеттердегi шиеленiстi оқиғаларға, оның Қазақстанға ықпалына тоқталды . Мемлекетiмiздiң экономикасын және халықтың әл-ауқатын көтерудiң жолдары айқындалып, осы мақсаттарға жету жолында атқарылатын iс-шараларды нақты көрсеттi.
Елбасының 1999 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы «Елiмiзд iң жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауiпсiздiгi» деп аталады. Жолдау қазақ халқының сан ғасырлық тарихындағы маңызды кезеңдерiне, тәуелсiз ел болу жолында жүрiп өткен ұлы күрес шежiрелерiне шолумен басталды.
Жолдауда Қазақстанның саяси тұрақтылығын, ұлттық қауiпсiздiгiне төнет iн қатерлер, соның iшi нде лаңкестiк, дiни экстремизм мәселелерi не баса назар аударылды. Елбасының Қазақстан халқына арнаған бұл Жолдауында ұлттық қауiпсiздiк мәселесi жан-жақты қамтылды және осы бағытта жүзеге асырылатын маңызды iс -шаралар жоспары айқындалған. Ел дамуының жаңа бағыттары, соны iстердiң оңды қырлары көрсетiлдi.
Елбасы 2000 жылғы 24 қарашадағы «Еркiн де еңселi әрi қауiпсiз қоғамға қадам басайық»
атты Қазақстан халқына Жолдауында егемендiк алғаннан бергi он жыл уақыт iшiнде Қазақстанның тәуелсiз мемлекет ретiнде дамып, қалыптасуына егжей-тегжейлi тоқталды. Алдағы уақытта республиканың саяси-экономикалық, әлеуметтiк даму жағдайын барынша дамытып, жетiлдiре түсу жолдарын айқын- дап көрсеттi.
2001 жылы 3 қыркүйекте ҚР Президентi Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Елдегi
жағдай туралы және 2002 жылғы i шкi және сыртқы саясаттың басты бағыттары туралы » Жолдауын жасады . Мұнда басты назар сыртқы саяси басымдықтарға бағытталған. Елбасы сыртқы саясат және ел қауiпсiздiгi н нығайту аясында бiрқатар маңызды мәселелердi шешу қажеттiгiн атап көрсетт i. Жолдауда Елбасы 2010 жылға дейiн Қазақстанның әлеумет-тiк-экономикалық және саяси даму бағыттарының негiзгi басымдықтарын айқындап бердi.
Елбасының 2002 жылғы 29 сәуiрдегi «Iшкi және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негiзгi
бағыттары туралы » Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттiк әкiмшiлiк iсiн жүргiзудiң жаңа қағидаттарына және бюджет аралық қатынастардың тиiстi үлгiсi не көшу туралы айтылды. Жолдаудың тұтас табиғатынан халық өмiрi, елдің ішкі және сыртқы саясаты, оны дамыту мен нығайтудыі алғышарттары кеңiнен көрiнедi.
Елбасының 2003 жылғы 4 сәуiрдегi «Iшкi және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негiзгi бағыттары» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдiң 2004 жылға арналған iшкi және сыртқы саясатының, әсiресе әлеуметтiк-экономикалық, мәдениет пен бiлiм, рухани даму салаларын дамыту жолдарының басты бағыттары айқындалған.
Жолдауда Астананы дамыту «Астананың өркендеуi – Қазақстанның өркендеуi»
бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатыны және Астананың болашақта да қарқынды дамып, көркейе түсуiне бар мүмкiндiктердi жасау қажеттiгiне ерекше мән берiлдi.
Елбасының 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауы «Бәсекеге қабiлеттi
Қазақстан үшiн, Бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, Бәсекеге қабi леттi халық үшiн» деген сөздермен басталады. Жолдаудағы басты мәселе бәсекеге қабiлеттi экономика қалыптастыруға арналды. Ырықтандыру және бюрократиясыздандыру, әлемдiк экономикаға интеграциялану, индустриялық-инновациялық даму, индустрияны дамытуға кластерлiк тұрғыдан келу керектi гi айтылады. Жолдауда тұрғын үй, бiлiм және денсаулық сақтау мәселелерi жеке-жеке қарастырылды.
Елбасы 2005 жылғы 18 ақпандағы « Қазақстан экономикалық, әлеуметт iк және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауында мемлекетiмiздiң экономикалық және әлеуметтiк-саяси даму бағыттарына ерекше тоқталды. Жолдау Қазақстан халқыныңәл -ауқатын, экономикалық дамуын, оның саяси жағынан күшейе түсуiне бағытталған маңызды iс-шараларды жүзеге асыруды нақты айқындады. Елiмiздiң барлық салаларының бiр уақытта қатар дамып, нығая түсуiн мақсат еттi.
ҚР Президентi Н . Ә. Назарбаев 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпiлiс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi 50
елдiң қатарына кiру стратегиясы» деп аталатын Жолдауында нақты жетi басымдықты атап көрсеттi. Қазақстанның алдында тұрған стратегиялық мақсат – әлемдегi бәсекеге қабiлеттi 50 елдiң қатарынан орын алу екендiгiне зор маңыз берiлдi.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бұдан кейiнг i Жолдаулары да Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық саяси дамуына қатысты әрбiр мiндеттен алынатын нәтижелер сол белгiленген жылға ғана емес, болашақтағы маңызды мәселелерд i оңтайлы шешуге бағытталған. Мұны Жолдаулардың атынан-ақ айқын байқауға болады:
2007 жыл - «Жаңа әлемдегi жаңа Қ.» (1 бөлiм); «Қ. - 2030» стратегиясы Қ. дамуының жаңа кезеңi. Iшкi және сыртқы саясатымыздағы аса маңызды 30 серпiндi бағыт» (2 бөлiм);
2008 жыл - «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттiк саясаттың басты мақсаты».
2009 жыл - «Дағдарыстан жаңару мен дамуға».
2010 жыл - «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi».
2011 жыл - «Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз».
2012 жыл 27 қаңтар - «Әлеуметтiк-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты».
2012 жыл 14 желтоқсан - «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттiң
жаңа саяси бағыты».
Елбасының жыл сайынғы Жолдаулары – Қазақстанның қазiргi тарихындағы елеулi оқиғалар. Өйткенi , ондағы қойылған мiндеттер және жасалынған пайымдаулар мен тұжырымдамалар әр жыл сайын бiр-бiрiмен жалғастық тауып, мемлекеттiң тұтастай дамуын жаңаша деңгейге көтерудi айқындап отырады. Нақты көрсеткiштерге негiзделген мақсат-мiндеттер қойылады. Мемлекетiмiздiң жыл сайын барынша қуатты дамып, көркеюiнiң және халықтың хал-ахуалының көтерiлуiнiң басты кепiлдiгi болып табылады.
3. СӘТБАЕВ Қаныш Имантайұлы (1899-1964) – геолог, қоғам қайраткерi, геология-минералогия ғылымдарының докторы (1942), профессор (1950). ҚазақКСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және тұңғыш президент i (1946), КСРО ҒА-ның академиг i (1946), Қазақ КСР ҒА-ның академигi (1946), Тәжiк КСР ҒА-ның құрметтi мүшесi (1951). Томск технология институтын бiтiрген (1926). 1926 -1929 жылдары «Атбасар түстi металл» тресiнiң геологиялық бөлi мiнiң жетекш iсi, 1929-1941 жылдары Қарсақбай комбинатының геологиялық барлау бөлiмiнiң бастығы, бас геолог . 1941-1964 жылдары Қазақ КСР ҒА- ның (1946 жылға дей iн КСРО ҒА-ның қазақ филиалы) Геология ғылымдары институтының директоры, КСРО ҒА Қазақ филиалы Президиумы төрағасының орынбасары, төрағасы (1941-1946), Қазақ КСР ҒА-ның президентi (1946-1952 және 1955-1964).
Қ. Сәтбаев - кен геологиясы саласындағы көрнектi маман, Кеңес Одағында металлогения ғылымын дамытушылардың белгiлi өкi лi, қазақстандық металлогения мектебiнiң негiзi н салушы. Өзiнiң ғылыми iзденiстерiнiң көпшiлiгiн ол Қазақстанның кен орындары мен минералдық ресурстарының геологиялық мәселелерiне арнады. Жезқазған кенiн зерттеу және Орталық Қазақстанның металлогендiк болжам картасын жасауда көп еңбек сiңiрдi. 1929- 1931 жылдары Жезқазған-Ұлытау аймақтарында оның айтуымен Жезқазғанның қайта қарауға мүмкiндiк берген жаңа зерттеу бағдарламасы белгiлендi. Геология-барлау қызметiн озық теориямен қаруландырудың iздеу-барлау жұмыстары бағытын анықтап бердi.
Жезқазғандағы тау-кен металлургия комбинатының құрылысы, Қарағандыдағы, Балқаштағы металлургия зауыттары, Ерт iс-Қарағанды , Маңғыстаудағы, Мұғалжар мен Торғайдағы табиғи байлықтарды зерттеу жөнiндег i iр i зерттеулер ұйымдастыру, республикадағы минералды-шикiзат базаларының iрi объектiлерiн игеру, кендi Алтай, Қаратау фосфориттерi және басқа көптеген кен орындары Сәтбаев есiмiмен байланысты.
Билет №10
1. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясаттың мәнi. Жаңа экономикалық саясатқа бағыт алу РКП (б)-ның 1921 жылы өткен Х съезiнде қабылданды. Жаңа экономикалық саясат - халық шаруашылығына әк iмшiл-әмiршiлдiктi сақтай отырып, белгiлi дәрежеде капитализмге уақытша ерiк беруге есептелген пролетариат мемлекетiнiң ерекше саясаты. Жаңа экономикалық саясат аз уақыт әрекет етiп, барлық саланы бiртұтас қамтыған жүйе болып қалыптасып үлгермедi.
Кеңестердiң Қазақстандағы 1921-1925 жылдардағы жүргiзiлген экономикалық саясаты қарама-қайшылықтарға толы болды. Революцияның шалғай аудандар мен ұлттық шеткер i аймақтарға көрсеткен қолдауының маңызы жөнiнде көп айтылды. Жаңа билiк Кеңес өкiметiнiң Мәскеу мен Ресейдiң негiзгi астықты аудандарында ны-ғаюына көп көңiл бөлдi. Ұлттық аудандар мемлекеттiң шеткерi бөлiктерi ретiнде қарастырылды. Орыс емес халықтардың мұқтаждықтары мен оларға қамқорлық жасау iс жүзiнде емес, көбiнесе сөз жүзiнде көрсетiлдi. Сәтсiздiктердiң себептерi шаруаларды жермен, тұқыммен, керектi құрал-саймандармен қамтамасыз ете алмаған, ауыл шаруашылығының дамуын қандай да б iр жоспарлы арнаға бағыттай алмаған мемлекеттiңөзiнде болды. Қазақтарға сол кез үшiн ең қажеттi нәрсе - олардың мал шаруашылығымен айналысуға, дәстүрлi әлеуметтiк құрылымдар мен мәдени салттарды сақтауға мүмкiндiк беретiн экономиканы қалпына келтiру едi.
Халық шаруашылығын қалпына келтiру басталғанымен, ол баяу жүрдi. Халықтың жаппай наразылығы жалғаса бердi, өйткенi рынок iс жүзiнде қаңырап қалған едi. Дегенмен Қазақстанның мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы б iртiндеп күш ала бастады. Егiлген жер көлем i ұлғайып, 3,0 млн гектарды құрады. Орал, Ақмола, Семей губернияларының астықты аудандарында бұл көрсеткiш соғысқа дейiнгi деңгейге жеттi. 1925 жылы 1914 жылғы өнiммен бiрдей 92 млн пұт астық жиналды . Мал басының саны екi еселенiп, көшпелi мал шаруашылығы бiртiндеп қалпына келе бастады. Қазақстандағы өнеркәсiптiң қалпына келтiрi луi шикiзат пен отынның, маманданған жұмысшы қолының жетiспеушiлiгi, айналыстағы қаржының аса тапшылығы жағдайларында басталды. Алайда экономиканы қалпына келтiру үрдiсi айқын байқалды. 1925 жылдың соңына қарай өнiм өндiру деңгейi 1920 жылмен салыстырғанда 6 есе дерлiк өсiп, шамамен соғысқа дейiнгi деңгейдiң үштен екiсiне жеттi . Өнеркәсiп орындарының 60%-ынан астамы iске қосылды . Сауда кең құлаш жайды. 1926 жылы Қазақстан аумағында 200-ге жуық жәрмеңке жұмыс iстедi. Экономикадағы жағдайдың жолға қойылып келе жатқанына темiр жолдардың тоқтаусыз жұмыс i стей бастағаны дәлел болды. Қазақстанда ескi магистральдармен қатар жаңадан салынған Петропавл-Көкшетау, Славгород-Павлодар тармақтары мен Омбы темiр жолының Семей бөлiгi толыққанды пайдалануға берiлдi. Ертiс, Сырдария, Жайық өзендерiндегi өзен көл iгiнiң жұмысы қалпына келтiрiлiп, жандана түстi. Осылайша республиканың халық шаруашылығында белгi берген серпiлiс дағдарыстан шығудың, экономиканың дами бастағанына дәлел болды.
