- •2. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның мәдениетi
- •2. Астана - Қазақстан Республикасының жаңа астанасы
- •1. Тың игерудің барысы және жағымсыз салдарлары
- •2. Ксро-ның таратылуы. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының (тмд) құрылуы.
- •1. «Әскери коммунизм» саясаты
- •2. 1940-1950 Жылдардағы ғылым мен бiлiм, әдебиет саласындағы кеңестiк қудалаулар.
- •2. Қазақстандағы «Кiшi Қазан» бағыты
- •2. Қазақстан қайта құру кезеңiнде (1985-1991)
- •1. Соғыстан кейiнгi елдiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайы
- •3. Мәншүк Мәметова
- •1. Алаш қозғалысы және «Алаш» партиясының құрылуы
- •3. Әлия Молдағұлова
- •2. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945)
2. Қазақстан қайта құру кезеңiнде (1985-1991)
• Елдiңәлеуметтiк-экономикалықөмiрiн қайта құру бағыты. 80-жылдардың бас кезiнде Кеңестер Одағының барлық республикаларында аса ауыр әлеуметтiк -экономикалық жағдайлар қалыптасты. Қоғамның саяси ұйымдасуы, экономикалық қатынастардың күнi өткен жүйесi елдi күрделi дағдарысқа әкелiп тiредi.
1985 жылы наурызда К. У. Черненко қайтыс болғаннан кейiн КОКП ОК Бас хатшысының қызметiне М. С. Горбачев сайланды. КОКП ОК-нiң сәуiр Пленумында әлеуметтiк-экономикалық өмiр мәселелерiн жаңаша қарастыру әрекетi жасалды. Әлеуметтiк-экономикалық дамуды жеделдету бағыты жарияланды. Сол кездегi саяси басшылық алға қарай жылдам дамуды экономикалық өсу қарқынын төмендетпеу және негiзгi күш-жiгердi осы бағытқа жинақтау есебiнен iске асыруды жоспарлады.
Бұл бағыт 1986 жылғы ақпанда болып өткен КОКП ХХVII съезiнде одан әрi дамытылып, мақұлданды . Партия өзiн қоғамды жаңарту жолында елдi соңынан ерте алатын нақты күш деп жариялады.
Бұл кезеңде қоғамдық-экономикалық өмiрдiң көптеген күрделi проблемаларын шешудiң бұрынғы әдiстерiн қолдану әлi де болса сақталды. Сондықтан әлеуметтiк -экономикалық дамуды жеделдетуге бағыт алған сәуiр (1985) Пленумы, одан кейiнгi пленумдар да, КОКП ХХVII съезi де КСРО-ны жақындап келе жатқан терең дағдарыстан құтқара алмады, құтқара алмайтын да едi. Бұдан кейiнгi оқиғалар жеделдету бағыты нақты және айқын бағдарламасыз, терең ойластырылған ғылыми тұжырымдамасыз қабылданғанын көрсеттi.
«Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе қараған КОКП ОК-нiңқаңтар (1987) Пленумында партия мен бүкiл қоғам қызметi нiң басты мақсаты қайта құру болып табылатыны жарияланды . Жеделдету бағыты сияқты қайта құру да «демократия көбiрек болсын», «заңдылық пен тәртiп көп болсын», «патриотизм мол болсын» т.б. механикалық көзқарастардың салтанат құруына әкелiп соқтырды.
Халық шаруашылығындағы тоқырау құбылыстары әмiршiл - әкiмшiл жүйенiң қарама-қайшылықтары мен кемшiлiктерiнiң салдары едi.
• Республиканыңқоғамдық- саяси жағдайы. Көптеген адамдар өздерiн iң оңды өзгерiстерге деген үмi ттерiн елде жарияланған қоғамдық-саяси өмiрд i қайта құру бағытымен байланыстырды. Олар орын алып отырған проблемаларды неғұрлым ашық талқылай бастады. Қарама-қарсы көзқарастар пайда болды, газеттер тартымды бола түстi, қызықты романдар мен повестер жарық көрдi.
Д. А. Қонаев ұзақ жылдар бойы республика басшылығында болды. Ол КОКП ОК Саяси бюросының мүшесi болып, үш мәрте Социалистiк Еңбек Ерi атағын алды. Еш күмәнсiз адал, дарынды және талантты адам Д. А. Қонаевтыңөзi де, бүкiл КОКП сияқты, әмiршiл - әкiмшiл жүйенiң өкiл i ғана болып қалды. Оған республика егемендiг i тек сөз жүзiнде ғана жарияланған жағдайда жұмыс iстеуге тура келдi. Неғұрлым маңызды саяси шешiмдер
Мәскеуде қабылданып, ұлттық республикаларға директивалар ретiнде ғана жеткiзiлдi. Жоғарыдағылармен келiспеу немесе кез келген наразылық бiлдiру «партиялық тәртiптi бұзушылық» немесе «ұлтшылдық» деп бағаланды. Әкiмшiл жүйе «көсемдерге» табынушылықты тек Мәскеуде ғана емес, республикалар мен облыстарда да жүргiзiп отырды.
80-жылдары қазақ тiлiнiң қолданылу аясы тарыла түстi, әк iмш iл жүйенiң тұрақты серiктерi: парақорлықтың, тамыр -таныстықтың, маскүнемдiк пен халықтың әлеуметтiк енжарлығының асқына түсуi кең етек алды.
Коммунистiк идеялармен тәрбиеленген адамдарға 1985 жылдың сәуiрiнен басталған тарихи бетбұрыс оңайға түскен жоқ. Қазақстандағы қайта құру үрдi с i елдiң басқа аймақтарындағыдай көптеген қиындықтар мен кедергiлерге кезiктi.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. -> Билет №6; 2
Жаңаөзендегі оқиғалар. Қарағанды кеншілерінің ереуілі. -> Билет №7; 2
3. МИРЗОЯН Левон Исаевич (1897-1939) - кеңестiң мемлекеттiк және партия қайраткерi. 1912 жылдан Баку қаласындағы революциялық қозғалысқа қатысты. 1917-1918 жылдары кәсiподақ жұмысында болды.
1920 жылдан бастап Әзiрбайжан кәсiподақтар кеңесiн iң төрағасы, Әзiрбайжан Компартиясы Баку комитетiнi ң хатшысы, Пермь округтiк комитетiнiң хатшысы, БК(б)П Орал облыстық комитетiнiң екiншi хатшысы болды.
1933 жылы қаңтарда Л. И. Мирзоян Қазақ өлкелiк комитетi партия ұйымының хатшысы болып сайланып, ал 1937 жылы өлкелiк партия ұйымыныңқайта құрылуына байланысты – Қазақстан Компартиясының I съезiнде Қазақстан Компартиясы ОК -нiң бiрiншi хатшысы болып сайланды. Қазақ КСР Конституциясын қабылдаған республика Кеңестерiн iң Х съез iн дайындау мен өткiзуге (1937 жылы, маусым) қатысты. Ол съезде есептi баяндама жасады. КСРО ОАК-нiң мүшесi, Ленин орденiмен, медальдармен марапатталған.
Ф. И. Голощекиннен кейiн республика басшылығына келген Л. И. Мирзоян күштеп ұжымдастыру бағытының зардаптарын азайтуға қол жеткiздi.
Тамаша ұйымдастырушы Л. И. Мирзоян 1937 жылы қуғын-сүргiнге ұшырап, 1938 жылы атылды. 1957 жылы ақталды.
Билет №21
1. Қазақ жерлерiнiң Қазақ АКСР-i құрамына бiрiктiрiлуi. Қазақстандағы отаршылдық саясаттың ауыр мұрасы – өлкенiң жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бөлi ктердiң арасында бөлшектенiп кетуi едi. Қазақ АКСР-iнiң құрылуы қазақтар мекендеген барлық жерлердi
бiрiктiру проблемасын қойды. 1921 жылы Қазақстанның батысы мен солтүстiгiнде және Батыс Сi бiрде шекаралық межелеу болып өттi. Орталық Азияны ұлттық-аумақтық жағынан межелеу мен қазақ жерлерiн бiрiктiрудi шешу жөнiнде үлкен дайындық жұмыстары жүргiзiлдi. Түркiстанның құрамына кiрген Жетiсу мен Сырдария облыстарын Қазақстанға қосу жөнiндегi идея Азамат соғысы кезеңiнде-ақ пайда болған-ды. Осы облыстардағы қазақтар солтүст iк облыстармен бiрiгiп, бiр республиканыңқұрамында болу тiлегiн бiлдiрдi. 1924 жылы 16 қыркүйекте Түркiстан ОАК- нiң Төтенше сессиясы Орта Азия республикаларын ұлттық-мемлекеттiк тұрғыдан межелеу жөнiнде қаулы қабылдады. Межелеудiң нәтижесiнде Қазақ АКСР-iне Ақмешiт, Қазалы, Шымкент, Түркiстан уездерi, Әулиеата уезi нiң көп бөлiгi, бұрынғы Сырдария облысының Ташкент пен Мырзашөл уездерiнiң бiр бөлiгi берiлдi. Қазақ АКСР-iнiң қарамағына Жетiсу облысының Алматы, Жаркент, Лепсi, Қапал (Талдықорған) уездерi мен Пiшпек (Бiшкек) уезiнiң Георгиев, Шу, Қаранөкiс болыстары өттi. Орынбор губерниясы Қазақ АКСР-i құрамынан шығарылды . Қазақстан аумағы ұлғайып, 2,7 млн шаршы шақырымды құрады, халқының саны 5 млн 230 мың адамға жеттi.
Орта Азиядағы ұлттық -мемлекеттiк межелеудiң нәтижесiнде қазақ жерлерiн бiртұтас кеңестiк қазақ мемлекетiне бiрiктiру аяқталды. Осыған орай Қазақстанның халық саны ұлғайып, аумағы кеңейдi, экономикалық күш-қуаты артты.
Қазақ халқының аумақтық жағынан бiрiгуi қазақтардың одан әр i бiр тұтас ұлт болып қалыптасуында, Қазақстан экономикасы мен мәдениетiн дамытуда, республиканың ұлттық саясатында маңызды рөл атқарды. Барлық қазақ жерлер iнiң бiр республиканың құрамына бiрiгуi қазақ халқының тарихындағы айтулы кезең, сол уақыттағы қиыншылықтарға қарамастан қазақ мемлекеттiлiг iнiң құрылуындағы өте маңызды қадам болды. Нәтижесiнде Қазақ АКСР-iнiң аумағы едәуiр дерлiк ұлғайды. 1926 жылғы халық санағы бойынша қазақтар Қазақстанның барлық халқының жартысынан астамын, яғни 61,3%-ын құрады.
1979 жылғы Целиноградтағы оқиғалар. 1979 жылы 16 маусымда қазақ жастары Целиноградтың орталығына, Ленин алаңына жинала бастады. Жастар қолдарына «Қазақстан бiртұтас» және «Немiс автономиясына жол жоқ!» деген ұрандар көтерiп
шықты. Көп ұзамай шеруге қатысушылар қаланың орталық бөлiгiне лық толды. Ленин алаңына жиналғандар митинг ашты. Көргендердiң айтуынша, митингiде сөз сөйлегендер байсалды ойлар қозғады. Олар Қазақстанның көп ұлттар мекендеген республика екендiгiн және мұнда ондаған жылдар бойы қазақтар, орыстар, украиндар, немiстер, татарлардың, басқа да көптеген халықтардың өкiлдерiнiң қоян-қолтық еңбек етiп жатқанын айтты. Осындай маңызды шешiмнiң жұртшылықтың кең талқылауынсыз қабылданғанына наразылық бiлдiрiлдi. Облыс басшыларының митингiнi тез арада тараты п жiбермек болған әрекеттерi сәтсiз аяқталды. Митингiге қатысушылар сапқа тұрып, қала көшелерiмен ұрандатып өттi.
Келесi шеру 19 маусымда болып өттi. Митингiге қатысушылардың алдына облыстық атқару комитетiнiң төрағасы Абылайхан Жолмұхамедов пен партияның облыстық комитетiнiң бiрiншi хатшысы Николай Морозов шықты. Морозов өзiнiң ұзаққа созылған, шашыраңқы сөзiнде адамдарды облыста ешқандай автономияның құрылмайтынына сендiрдi. Алайда адамдар қобалжулы едi. Толқулар облыстың басқа да елдi мекендерiне ауысты. Бiрақ бiраз уақыттан соң саябыр тартты. Қандай да бiр өрескел құқық бұзушылыққа жол берiлмегенмен, халықтың көңiлiнде өкпе, әлденеден сақтану сезiмi орын алды. Шеруге қатысушылардың кейбiреулерi әкiмшiлiк жолмен жазаланды.
Республика басшылығы мен КГБ (Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті) шерулер жөнiндегi ақпараттың ел арасына тарап кетпеуiне барынша күш салып бақты. Болған оқиғалар жөнiнде баспасөзде де ешқандай хабар берiлмедi. Алайда Целиноградтағы 1979 жылғы толқулар жөнiндегi сөздер республикада көп уақыт бойы айтылып жүрдi. Белгiлi мемлекет және қоғам қайраткерi, 1955-1961 жылдары Қазақ КСР-i Жоғарғы Кеңесi, Министрлер Кеңесiнiң төрағасы қызметтерiн атқарған Жұмабек Тәшенов қазақ жерiнiң аумақтық тұтастығының сақталуына көп еңбек сiңiрдi.
СҮЛЕЙМЕНОВ Олжас Омарұлы (1936) - ақын, қоғам қайраткерi, Қазақстанның халық жазушысы (1992). ҚазМУ-ді (қазiргi ҚазҰУ, 1959), Мәскеудегi М. Горький атындағы Әдебиет институтын бiтiрген. 1962-1984 жылдары «Казахстанская правда» газетiнде, «Простор» журналында бөлiм меңгерушiсi, «Қазақфильм» киностудиясында сценарийлiк - редакциялық алқаның бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы,
ҚР Кинематография жөн iндегi мемл. комитет төрағасы қызметтерiн атқарған. 1972 жылдан Азия мен Африка елдер i жазушыларымен байланыс жөн iндегi комитеттiң , 1989-1995 жылдары Халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының төрағасы болды. 1995 жылдан
Қазақстанның Венгриядағы, кейiн Италиядағы төтенше және өкiлеттi елшiсi. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Арғымақтар » 1961 жылы жарық көрдi. Сүлейменов шығармасының алғашқы кезеңi (1961-1965) жалынды рухқа толы болды, ол тұстағы шығармалар мазмұнынан қоғамдық дағдарыс пен руханият мәселесi н, жаман мен жақсының тайталасын, қоршаған орта мен адам табиғатының сырын ашуға, ұлт тарихының тереңнен тартқан тамырын тануға деген ұмтылысты байқауға болады. Оның алғашқы поэтикалық туындылары қоғамда үлкен резонанс туындатты. «Адамға табын, Жер, ендi!» поэмасы (1961, Қазақстан Ленин комсомолы сыйл., 1964) ғарышкер Ю. Гагариннiң ғарышқа ұшу сәтiне арналған. Онд а аспан кеңiстiгiн бағындырған адамзат санасының салтанат құруы марапатталған.
60-жылдардың орта тұсынан бастап Сүлейменов шығармаларында сөз өнерi мәселелерiнiң түп тамырын көне дәуi рдегi тарихи кезеңдерден iздеу мәселелерi орын алды. Осы тұста ақынның «Қыш кiтап» (1969), «Кактус», «Өлмейтiн құмырсқа» поэмалары дүниеге келдi. 70-жылдардың ортасынан ақын шығармаларындағы басты тұжырым, негiзгi бағыттар дами түстi, оның поэзиясы бейнелiлiгi мен, философиялық тереңдiгiмен, астарлы иро ниясымен ерекшелендi. Бұл кезеңнiң басты шығармасы - «Көгерш iн кiтап» еңбегiнде алдыңғы туындыларында бой көрсеткен ұлттық сана жайындағы талдаулар жарасымды жалғасын тауып, әлемдiк мәдениетпен үйлесiмде синтезделдi. Мұрағат дерек көздерiне сүйене отырып, бiрнеше тiл сөздерiнiң этимологиялық құрылымына жасалған талдаулар «Аз и Я» (1975), «Язык письма» (2000) атты филологиялық зерттеу еңбектерде көрiнiс тапқан. Ол орыс тiлiнде жазатын қазақ ақыны, екi бiрдей эстетикалық-философиялық дүниетанымдық жүйеден сусындаған: туған халқының фольклорлық дәстүрiнде, рухани-адамгершiлiк ұстанымдар үрдiсiнде тәрбиеленген, сондай-ақ орыс мәдениетiнiң рухани мұрасынан тәлiм алған.
Сүлейменов поэзиясында қазақ халқының сан ғасырлық тарихы көрi нiс тапқан, ол - өзiндiк мәдениетi н, дәстүрiн сақтаған ұлт ретiнде қазақ халқын әлемге танытқан суреткер. Оның еңбектерi әлемдiк тұрғыда жоғары баға алды. Сүлейменов шығармаларының өмiрлiк ұстанымы «тауды аласартпай, даланың даңқын асқақтату» болып саналады.
Билет №22
