Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shygaru.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
87 Кб
Скачать
☆

8. Менингококты инфекция . Менингококцемия . Эпидемиологиясы. Клиникасаы. Алдын алу. Менингококқа аңқадан жұғынды алу техникасы.

Менингококты инфекция аурудың сипаты ж/е клиникалық ауырлық дәрежесі әр түрлі көрінетін, назофарингит, іріңді менингит, менингоэнцефалит, менингококцемиямен көрінетін жедел инфекциялық ауру. Менингококцемия-менингококты инфекцияның бір формасы,онда терімен қоса басқа ағзалар да зақымдалуы мүмкін. Эпдемиологисы: менигококцемия инфекциясы антропонозды, ауалы тамшылы инфекция. Инфекция көзі ауру адам немесе сау тасымалдаушылар. Науқас аурудың басында әсіресе мұрын- жұтқыншақта катаральді өзгерістер кезінде қауіпті. Инфекция таралу жолы ауалы тамшылы, инфекция сыртқы ортаға тұрақты емес. Менингококты инфекциямен жиі 14 жасқа дейінгі балалар ауырады. Клиникасы. Ауру жедел дене температурасының қатты көтерілуімен басталады.Сонымен катар калтырау,кайталамалы кусу,катты бас ауыруы болады. Жас балаларда ауыр дәрежесінде есін жоғалту,ұстамаларға дейін болады.2ші күннен бастап теріде геморрагиялық бөртпелер шығады.Бөртпелер бір мезгілде дененің бүкіл бетіне шығады. Көбінесе аяқтары мен кұйрықтарында орналасады. Геморрагияның мөлшері нүкте тәріздіден-ірі кан кұйылуларға дейін болуы мүмкін.Ауыр дәрежесінде қол ж/е аяқ ұштарының,табанның, құлақ ұшының гангренасы болуы мүмкін. Склераға,коньюктиваға,ауыздың шырышты қабаттарына да қан құйылуы мүмкін. Синовит ж/е артрит түрінде ұсақ буындар зақымдануы мүмкін. Зақымданған буын қызарған,ісінген ауырсынуға байланысты қимыл шектелген болады. Кейде менингококцемияда плевриттер, пиелиттер, артриттер, тромбофлебиттер,бауырдың іріңді зақымдануы,эндо,мио, жне перикардиттер дамуы мүмкін. Қан анализінде жоғары лейкоцитоз, анэозинофилия, ЭТЖ жоғарлауы. Алдын алу да маңызды орынды ауру адамды немесе бактерия тасымалдаушыны табу болып табылады. Науқастарды бірден госпитализациялау ж/е СЕС қызметкерлеріне қабылдау. Қатынаста болғандарды 10күн бойы бақылауда болады ж/е бактериологиялық зерттейді. Керекті заттар: стерильді шпатель,штатив, 2 пробирка. Пробирка беті мақталы тампонмен жабылған, пробирканың ішінде ұшына мақта оралған стержин бар. Зерттеуші қолын жуады, маска ж/е перчатка киеді. Науқасты жарыққа қарай отырғызып, өзі қарама-қарсы отырады. Науқастың аузын ашып, тілін фиксациялайды. Ауыздың шырышты қабықтарына ж/е тіліне тигізбей жұғынды алу. Бактериологиялық зерттеу арқылы менингококтың қоздырғышы табылса зерттеу оң болады.

Менингококцемия. Клиникасы. Диагностикасы. Ауруханаға дейінгі этапта шұғыл көмек көрсету. Емі. Менингококцемия-менингококты инфекцияның бір формасы,онда терімен қоса басқа ағзалар да зақымдалуы мүмкін.Клиникасы. Ауру жедел дене температурасының қатты көтерілуімен басталады.Сонымен катар калтырау,кайталамалы кусу,катты бас ауыруы болады. Жас балаларда ауыр дәрежесінде есін жоғалту,ұстамаларға дейін болады.2ші күннен бастап теріде геморрагиялық бөртпелер шығады.Бөртпелер бір мезгілде дененің бүкіл бетіне шығады. Көбінесе аяқтары мен кұйрықтарында орналасады. Геморрагияның мөлшері нүкте тәріздіден-ірі кан кұйылуларға дейін болуы мүмкін.Ауыр дәрежесінде қол ж/е аяқ ұштарының,табанның, құлақ ұшының гангренасы болуы мүмкін. Склераға,коньюктиваға,ауыздың шырышты қабаттарына да қан құйылуы мүмкін. Синовит ж/е артрит түрінде ұсақ буындар зақымдануы мүмкін. Зақымданған буын қызарған,ісінген ауырсынуға байланысты қимыл шектелген болады. Кейде менингококцемияда плевриттер, пиелиттер, артриттер, тромбофлебиттер,бауырдың іріңді зақымдануы,эндо,мио, жне перикардиттер дамуы мүмкін. Қан анализінде жоғары лейкоцитоз, анэозинофилия, ЭТЖ жоғарлауы.Диагностикасы. Диагноз негізінен менингококты симптомдарға байланысты қойылады.Лабораториялық зерттеулер: ең маңызды зерттеулердің бірі-люмбальды пункция.Ликворды ж/е канды(толстая капля) бактериологиялық зерттеу. Серологиялық зерттеулердің ішінде РПГА ж/е иммуноэлектроосмофорез маңызды орын алады. Ауруханаға дейінгі этапта дәрігердің міндеті:1) левомицетин натрий сукцинатын 25мл/кг енгізу.2) преднизалон 2-3мл/кг б/етке н/се кок тамырға енгізу.3) Дене қызуын төмендетін дәрілер-анальгин 50%-0,1мл/өмір жылына; димедрол 1% н/се пипольфен 2,5%; 4) Козу н/се құрысу кезінде седуксен 0,5% н/се басқа құрысуға қарсы дәрілер; Емдеу: Негізгі емі-антибактериальды ем. Пенициллин н/се левомицетин тағайындалады. Пеициллинді 200 000 -300 000 ЕД /кг тағайындалады. 3-6айлық балаларға 300 000-400 000ЕД/кг күніне 3-4сағат сайын салады. КУрсы 5-8кун. ПЕнициллинге аллергия болса левомицетинге ауыстырады. Этиотропты еммен бірге патогенетикалық емдеу жүргізіледі. НАуқастар суйықты көп ішуі керек н/се тамыр ішіне гемодез, 5-10% глюкоза ерітіндісін салады.

15.Парагрипп.Эпидемиологиясы.Клиникасы. Диагностикасы.емі. алдын алу.Көмей стенозы кезінде сальбутамолды ингаляциялау үшін небулайзерді қолдану. Парагрипп-антрапанозды жедел респираторлы вирусты инфекция. Орташа білінетін жалпы интоксикация мен жоғарғы тыныс жолдарының, соның ішінде көмейдің зақымдануымен сипатталады. Қоздырғыштың берілу механизмі-ауа-тамшылық.Эпидемиологиясы. Инфекция көзі болып-инкубация сатысында және ауру жедел периодындағы науқас адам табылады. Вирус мұрын-жұтқыншақтық шырышпен аурудың 11-күніне дейін, бірінші жұқтырылған адамдарда. Берілу жолы ауа-тамшылы. Гриппен айырмашылығы пандемиялық таралмайды, ол вирустың антигендік тұрақтылығына байланысты. Клиникасы:жедел басталады, дене қызуы жоғарылайды, жалпы улану және катаральды белгілер анық емес, әлсіздеу, аурудың 2-3 күнінде дене қызуы жоғарылайды. Ауру қызған кезде баланың жалпы жағдайы онша нашарламайды.

-дөрекі құрғақ жөтел

-тамағы ауырады

-мұрынынан су ағады

-мұрны бітеледі

2-ден 5-ке дейінгі балаларда парагриппте жиі круп синдромы дамиды. Круп (көмей тарылуы) IV дәрежелі болады.

1 дәрежелі -компенсирленген стеноз, дөрекі үрген жөтел, дауыс қарлығуы.

2 дәрежелі -субкомпенсирленген стеноз, дөрекі үрген жөтел, дауыс қарлығуы, мазасыз, ауыз маңы көгеруі, тахикардия.

3 дәрежелі -декомпенсирленген стеноз, шулы тыныс, тершең, акроцианоз, жүрек-қантамыр жетіспеушілігі.

4 дәрежелі –асфикция-әлсіз, тыныс беткей, аритмия, тотальды цианоз, ес бұзылу.

Диагностика: ПТР және ИФА арқылы.

Емі: -негізінен симптоматикалық

-витаминдік кешендер қабылдау

-төсектік режим

-жылы сұйықтық

-бронхит қосылса антибиотиктер

Сальбутамолды небулайзер арқылы берген кезде емдік заттың дисперсті шашырауына негізделеді. Дәрілік зат өте ұсақ деңгейге жеткендіктен, тынысалу жүйесінің барлық аймақтарына жетіп, тез сіңіріледі.

25. Вирустық В гепатиті. Жіктелуі. Бір жасқа дейінгі балалардағы ағым ерекшеліктері. Лабораторлық маркерлер. Емі. Алдын алу. ВГВ- жедел ж/е созылмалы, турде өтетін, ДНКлы вируспен шақырылатын,парентеральды жолмен жұғатын,бірден дамитын ұзақ ағымды, созылмалы гепатитке ж/е бауыр циррозына өтуімен сипатталатын жұқпалы ауру. Жіктелуі: Типіне байланыстЫ:1) типті:жеңіл,орташа,ауыр; 2)атипті:сарғаюсыз,жасырын,субклиникалық; Ауырлық дәрежесіне байланысты: жеңіл,орташа,ауыр; Ағымына байланысты: жедел созылыңқы.ВВГ нің катерлі түрі бір жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі.Оны басқа вирусты гепатиттердің ауыр түрімен салыстыруға болмайды. Ауру жиі, жедел басталады:дене температурасы 38-39с әлсіздік,адинамия н/се мазасыздық, диспепсиялық белгілер болады.Сарғаю алды кезеңі 3-5күн кейде бірнеше сағат.Сарғаю пайда болғаннан кейін балалардың жағдайы күрт нашарлайды:улану белгілері күшейеді. Құсу жиілейді ж/е қан аралас құсады. Геморрагиялық синром белгілері күшейеді. Бауыр кішірейеді,жүрек-кан тамыр жүйесінің бұзылыстары пайда бола бастайды. Ерте пайда болатын негізгі себептердің бірі нервті-психикалық бұзылыстар( мазасыздық,себепсіз жылау, айкайлау).Бул ұстамалар көбінесе түнде пайда болады ж/е 1неше сағатқа созылады.Козудың себебі қыртысасты орталықтың зақымдануы.Лабороторлық маркерлер: HbsAg, HBeAg , HbcAg, HBxAg ,AntiHBc, AntiHBe, AntiHBs. AntiHBcIgM, AntiHBcIgG. Емі: ВГВ ауырғандардың барлығы да ауруханада емделеді.Жеңіл ж/е орташа ауырлық дәрежелерінде базистік ем тағайындалады. ОЛарға төсектік режим, диета, көп көлемде сұйықтық ішу, өт айдайтын заттар,поливитаминдер, сілтілі минералды сулар тағайындалады. Ауыр дәрежесінде балаға күніне 5-10г/кг кант, жеміс-жидектер,компот түріндегі сұйықтықтар,кисель ж/е тамыр ішіне гемодез реополиглюкин,10%глюкоза ерітіндісі, күніне 800-500мл дейін енгізіледі. Кортикостероидтар тағайындалады 2-3мл/кг. Катерлі дәрежесінде 1жаска дейінгі балаларға бұғанаасты венасына катетр салынады.Тәулігіне 10-15мл/кг глиеокортикостероидтар тағайындалады.3-4сағат сайын тамыр ішіне тамшылатып енгізеді,түнгі үзіліссіз. Тамыр ішіне плазма, гемадез 10%глюкоза ерітіндісі т.б салынады,олар тәулігіне 100-150мл/кг тағайындалады.Тамыр ішіне протеаза ингибиторларын:трисол,гордокс,контрикал ж/е баскалар салынады.Алдын- алуы: ПАссивті ж/е белсенді иммунизация.Қауіпті топтарда ВВГ маркерлеріне тексеріп отыруы керек.Донорлар тиянақты түрде тексерістен қтуі кажет. Наресте ауырмауы үшін барлық жүкті әйелдер HBsAg ға 2рет тексеріледі.1рет қолданылатын шприцтер,инелер,зондтар, катетрлер кайта колданылмауы керек. Трансфузия кезінде санитарлық-гигиеналық шараларды қатаң сақтау керек.Мед.кызметкерлері арнайы колғаптар колданылуы керек.Жеке бас гигиенасын сактау керек.

18.Ауыз-жұтқыншақ дифтериясы. Жіктелуі. Клиникасы. Салыстыру диагнозы. Лёфлер бактериясына аңқадан жұғынды алу техникасы.

Дифтерия – енуқақпасында фиброзды пленка түзетін, қабынулық және жалпы интоксикациямен жүретін жедел инфекциялық ауру.

Жіктелуі: орналасуына байланысты:

Жутқыншақ дифтериясы

Мұрын жұтқыншақ дифтериясы

Кеңірдек дифтериясы

Тері дифтериясы

Жыныс дифтериясы

Көз дифтериясы

Интоксикация ауырлығына байланысты:

Токсикалық емес

Субтоксикалық

Токсикалық

Геморрагиялық

Гипертоксикалық

Жабын орналасуына байланысты:

Жергілікті және таралған

Клиникасы: дифтерияда көбінесе мұрын жұтқыншақ тыныс алу жолдары зақымдалады, сирек жағдайда көз құлақ жыныс ағзалары тері зақымдалады. Бір неше орган зақымдалған кезде дифтерияның комбинирленген формасы деп айтамыз. Инкубациялық кезең 2-10 күн. Жергілікті формасы – екпе алған балаларда болады және ол мұрын жұтқыншықтың зақымдалуымен жүреді. Жабындылар тек таңдай бадамшаларында орналасады. Жедел дене температурасы 38-39 ға дейін көтерілу мен басталады. тамақта ауырсынулар болады. Жайылған формасы жалпы интоксыкациямен басталады. Бала адинамикалық әлсіздік бозарған тәбеті төмен, дене температурасы 39 немесе одан жоғары. Жқтынған кезде тамақта ауырсыну болады. Жабынды қалын болады. Ол бүкіл бадамша бездерді таңдайдың артқы бетін тілді қаптауы мүмкін. Салыстырмалы диагностика. 1.Баспалардан дифтерия ауыз-жұтқыншақтағы жабындылар пленка тәрізді болуымен,тамақтың азғана ауруымен н/се ауырмауымен,бадамшалардың айқын емес гипермиясы мен ж/е ісінудің болмауымен ерекшеленеді.Симановский-Винцент баспасында бір жақтық некроз ж/е зақымдалған жақта ғана лимфа түйіндері үлкейеді,ауыздан шіріген иіс шығады, ал күл кезінде шырынды иіс.Перитонзилярлы абцесс ж/е флегмонды баспа кезінде бадамша бездер аймағында томпаю,айқын гиперемия,тамағының қатты ауыруы, айқын көрінетін ауру сезімі синдромы,мойын аймағындағы тығыз инфильтрат көрінеді.Науқас тіпті сілекейінде жұта алмайды,тризм.2.Жұқпалы мононуклеоз кезінде некроздық баспа, көптеген лимфа түйіндерінің үлкеюі, гепатолинеальды синдром ж/е шеткі қанда ауруға тән өзгерістер болады(лейкоцитоз,монолимфоцитоз,атипті мононуклеозлардың болуы). Дифтерияның мононуклеоздан айырмашылығы бауырдың әсіресе көкбауырдың үлкеюі. Жұқпалы мононуклеозда жабынды борпылдақ,біртегіс емес кедір бұдырлы сарғыш ак тусті оңай алынатын болады. Скарлатина дене температурасы кенет төмендеуінен, құсу ж/е тамақтағы ауырсынудан басталады. Осыдан 1неше сағаттан кейін бетке, мойынға,денеге, аяқ-қолдарға таралатын бөртпе шығады. Скарлатина кезінде мұрын-жұтқыншақтың айқын гиперемиясы. Скарлатинадағы ангина катаральды,фолликулярлы, некрозды болуы мүмкін. Аңқаның зақымдалуымен бірге аймақты лимфа түйіндер ұлғаяды,тығыздалады ж/е пальпацияда ауырсынады. Скарлатинаның күлден айылығы 1 немесе 2 күннен бастап шығатын бөртпелер.

Лефлер техникасы. Керекті заттар: стерильді шпатель,штатив, 2 пробирка. Пробирка беті мақталы тампонмен жабылған, пробирканың ішінде ұшына мақта оралған стержин бар. Зерттеуші қолын жуады, маска ж/е перчатка киеді. Науқасты жарыққа қарай отырғызып, өзі қарама-қарсы отырады. Науқастың аузын ашып, тілін фиксациялайды. Ауыздың шырышты қабықтарына ж/е тіліне тигізбей жұғынды алу. Бактериологиялық зерттеу арқылы Лефлер бациласы табылса күлді дәлелдейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]