- •Қызылша. Патогенезі. Жіктелуі. Клиника. Емі. Алдын алу.
- •8. Менингококты инфекция . Менингококцемия . Эпидемиологиясы. Клиникасаы. Алдын алу. Менингококқа аңқадан жұғынды алу техникасы.
- •5.Дифтерия. Жіктелуі. Асқынулары. Соңы. Емі. Безредко және Урбах әдісі бойынша дифтерияға қарсы сарысу енгізу техникасы (дқс).
- •46.Ротавирусты гастроэнтерит. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу. Вирусқа нәжіс алу техникасы.
- •26.Вирусты а гепатиті. Жіктелуі. Балалардағы ағымдық ерекшеліктері. Лабораторлық маркерлер. Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу техникасы.
- •32.Көкжөтел. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Клиникасы. Диагностикасы. Емі. Алдын алу. «Жөтелу пластинасы» әдісін жүргізу техникасы
- •43.Сальмонеллез. Аурудың клиникалық формаларының жіктелуі. Ауырлық көрсеткіштері. Ауруханаға дейінгі этапта диагностикалау. Емі. Алдын алу. Балаларда асқазанды шаю техникасы.
- •32.Паротиттік инфекция. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Клиникасы. Диагностикасы. Емі. Алдын алу.
- •29.Вирустық е гепатиті. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу.
- •49.Житс. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Ағымдық варианттары. Диагностикасы. Алдын алу.
- •31.Вирусты с гепатиті. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Клиникасы. Диагностикасы. Емі. Алдын алу.
- •33.Қоскөкжөтел. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Клиникасы. Диагностикасы. Емі. Алдын алу.
32.Көкжөтел. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Клиникасы. Диагностикасы. Емі. Алдын алу. «Жөтелу пластинасы» әдісін жүргізу техникасы
Көкжөтел (лат. pertussіs) – жедел таралатын, көбінесе, 8 жасқа дейінгі балаларда болатын жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғышы қысқа таяқша тәрізді бактерия (Bordetella pertussіs). 1906 ж. Көкжөтелді бельгиялық ғалым Ж. Борде (1870 – 1961) ашқан. Қоздырғыш бактериялар науқас бала жөтелгенде оның демі мен қақырығы арқылы тарап, сау балаға жұғады. Бактериялар баланың тыныс органдарында өсіп-өнеді. Ауру қоздырғышы сыртқы ортада төзімсіз, бірақ ол өте сирек те болса сырқат баланың тұтынған заттары (ойыншығы, ыдысы) арқылы жұғуы мүмкін. Көкжөтелмен бір рет ауырған бала қайталап ауырмайды, өйткені аурудан кейін организмде тұрақты иммунитет пайда болады. Аурудың білінбейтін (инкубациялық) кезеңі 2 – 15 (көбінесе, 5 – 7) күнге дейін созылады. Көкжөтел, әдетте, 6 – 7 аптаға созылады. Алғашқы кезде бала жөтеледі, мұрны бітіп ұйқысы қашады, дене қызуы 38,5 – 39°С-қа дейін көтеріліп, тамаққа тәбеті тартпайды. Бірте-бірте жөтелі күшейеді (әсіресе, түнге қарай), 2 – 3 аптада жөтел жиі ұстағанда бала булығып қысылады, қызарып-көгеріп, көзінен жас ағып, тілі аузына симай, кейде кіші дәретін де ұстай алмай қалады. Жөтел қақырық түскеннен кейін басылады. Бұл кезең 2 аптадан кейде 2 айға созылады. Содан кейін дерттің беті қайтып, тұншықпалы жөтел азая бастайды, бала 2 – 3 апта “жай” жөтеліп жүреді де, бірте-бірте аурудан айығады. Аурудың алдын алу үшін балалар емханасында баланың 5 айлығынан 14 жасқа дейін мезгіл-мезгіл вакцина егеді, аурумен жақын араласқан 7 жасқа дейінгі балаларды басқалардан оқшаулап (2 аптаға, ал егер сырқатпен бірге тұрған болса – 25 күнге дейін) карантин жариялайды. Ауру баланы қалалық көлікпен алып жүруге болмайды. Көкжөтелді жоғары қысымды таза ауамен (баротерапия) емдейді. Науқас балаға витамині мол құнарлы тамақ ішкізу қажет
Емі: Антибиотиктер жөтел ауыруы үстамастан бұрын, көкжөтелдің алғашқы сатысында ғана көмектеседі. Эритромицин немесе ампициллин беріңіз. Хлорлы амфеникол да көмектеседі, бірақ ол қауіпті. Ауырудың алғашқы белгілері бойынша сәбилерді 6 айға дейін емдеу өте қажет.
Аса ауыр жағдайларда, әсіресе бала үйықтай алмаса немесе конвульсия (қалшылдау) болған кезде кекжөтелге фенобарбитал көмектесе алады.
Егер баланың жетелден соң тынысы тоқтап қалса, онда баланың басын төмен қаратып саусағыңызбен аузындағы шырышты алып тәстаңыз, содан кейін алақаныңызбен арқасынан қағыңыз.
Салмағын жоғалтпауы үшін және тамаққа жарымай қалуын болдырмау үшін баланың құнарлы тамақтануын қадағалаңыз. Бала ішіндегіні құсып тастағаннан кейін оны бірден тамақтандырыңыз.
43.Сальмонеллез. Аурудың клиникалық формаларының жіктелуі. Ауырлық көрсеткіштері. Ауруханаға дейінгі этапта диагностикалау. Емі. Алдын алу. Балаларда асқазанды шаю техникасы.
Сальмонеллез — жұқпалы ішек ауруы. Аурудың қоздырғышы — сальмонелла туысына жататын таяқшалы бактериялар. Алиментарлық жол - жұқтырудың негізгі жолы болып табылады. Ал тағам өнімдері (жануарлардың еті, құс, балық, устрицалар, таңқышаяндар, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сүт және сүт өнімдері, көкөніс және жеміс-жидектер, крем өнімдері) жұқтырудың негізгі факторы болып табылады. Ауруды су арқылы жұқтыруға болады. Инкубациялық кезең - сальмонеллез қоздырғышының адам ағзасына түсу сәтінен клиникалық көрсеткіштердің көрінуіне дейінгі уақыт бірнеше сағаттан 3 күнге дейін созылады. Көбінесе ауру жіті басталады, бастапқы кезеңінде интоксикация көрсеткіштері көріне бастайды: әлсіздік, бас ауруы, дене қызуының 390С көтерілуі, қалтырау. Аурудың қызу кезі бір тәуліктен кейін басталады, сол кезең тәбеттің бұзылуымен, лоқсып құсумен сипатталады, жасыл түсті сұйық нәжіс, үлкен дәретке баруы тәулігіне 10 ретке дейін болады.
Емі: асқазанды жедел жуып шаяды, дененің улануын әлсірететін, жоғалтқан тұз-су балансын қалпына келтіретін әр түрлі сұйықтықтарды тамырға құю, витаминдер, бактериофагтар, антибиотиктер (левомицетин, циклофлоксацин, т.б.) қабылдау. Сальмонеллезбен күресу және оны алдын-алу үшін санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық және індетке қарсы шаралар кешені жүргізіледі.
балалардағы ішті шаю техникасы- баланы көмекшінің қолына отырғызу, бала аяғына жуылган суға арналған таз коямыз. Жуу уақытында естентану болғанда баланы оң жағынан жатқызамыз.егер бала аузын ашпаса, ортанғы қолмен екі бетинин тістің деңгейінен басамыз.
Стерильді зонд алу: Иек пен кіндік арасын өлшеп аламыз. белгі қоямыз. Зондты тілдің ортанғы линиясынан асқазанға дейін кіргіземіз белгіге дейін. Зондты варонкаға қосамыз. Варонканы асқазан деңгейіне дейін ақырын төмендетеміз. Варонканы ақырын көтереміз су варонканың мойынына жеткенше. Варонкада су деңгейін кадағалау. Алғаш порцияны алу үшін варонканы төмендетеміз, бірінші порцияны аламыз. Асқазанды шаю таза суларды колданамыз, орта есеппен 8-10 рет
43. Сальмонеллез. Эпидемиологиясы. Жіктелуі. Клиникасы. Лаб-қ диагностикасы. Копроскопияға нәжіс алу техникасы. Сальмонеллез- асқазан-ішек жолдарын зақымдайтын жұқпалы ауру. Эпидемиологиясы: инфекция көзі сиыр, шошқа, үйректер, ит, мысық, берілу жолдары: тағам, сүт арқ, етті өнімдер арқ (фарш, құстар, жұмыртқа, жұмыртқалық ұнтақ, балық, сүт тағамдары). Бактерия тасымалдаушылық тағам өнеркәсібінде, ет комбинатында жұмыс істейтіндерде анықталады. Ең қауіптілері жартылай фабрикаттар, соус, бульон, балаларға арн-н сүт қоспалары,сирек жағ-да тұрмыстық қатынас ж-е су арқ беріледі. 2 жасқа дейінгі балалар 5-10 есе көп ауырады. Жіктелуі: 1) Клиникасы б-ша: асқазан- ішектік түрі( гастрит, энтерит, энтероколит, колит, гастроэнтероколит); респираторлы; сүзек тәріздес; септикалық; симптомсыз н-е жасырын; 2) Ауырлығы б-ша: жеңіл, орташа, ауыр; 3) Ағымы б-ша: жедел-1,5 айға дейін, созылыңқы-3 айға дейін, созылмалы- 3 айдан артық. Клиникасы. Гастроэнтерит синдромы көп жағдайда кез-ді: жүрек айнуы, қайталамалы құсу, эпигастрийде ауыру сезімі, тілдің ақ жабындымен жабылуы, диарея. Дәреті жиі, көп мөлшерде сұйық, жағымсыз иісті жасыл түстес, қан араласпаған ж-е шырыш болмайды. Іштің кебуі, құрылдауы, ішек бойымен жайылып ауруы тән. Гастрит белгілері энтериттен ерте дамиды, жоғ темп-а, айқын интоксикаця, әлсіздік, бас айналуы, бозару, акроцианоз тән. Лаб-қ диагн. Қан анализінде лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ әлсіз жоғ., бактериологиялық зерттеу кезінде зәрден, нәжістен, қаннан, құсықтан, асқазан шайындысынан, өттен, іріңнен, цереброспиналды сұйықтықтан қоздырғыштар табылады. Серологиялық зерттеу кезінде АД титрі жоғ. Копроскопияға нәжісті алу техникасы.науқас жамбас сан ж/е тізе буынын бүгіп бүйірімен жатады.Ілмекті пробиркадан абайлап алады. Сол қолмен жамбастарды ашып, ілмекті тік ішікке 9-10 см тереңдікке салып,тік ішектің қабырғасынан жұғынды алып шығырыды. Пробирканың қабырғасына тигізбей ілмектегі жұғындыны пробирканың түбіне салады. Пробирканың сыртына жолдаманы жабыстырып, бак/қ лабораторияға жеткізеді.
