- •Бұқар жырау Қалқаманұлы
- •Жанақ Сағындықұлы
- •Дулат Бабатайұлы
- •Махамбет Өтемісұлы
- •Шернияз Жарылғасұлы
- •Шөже Қаржаубайұлы
- •Сүйінбай Аронұлы
- •Шортанбай Қанайұлы
- •Біржан сал Қожағұлұлы
- •Ыбырай Алтынсарин
- •Ақан сері Қорамсаұлы
- •Абай Құнанбайұлы
- •Жамбыл Жабаев
- •Шәңгерей Бөкеев
- •Мәшһүр Жүсіп Көпеев
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Нұрпейіс Байғанин
- •Әсет Найманбайұлы
- •Ахмет Байтұрсынов
- •Омар (Ғұмар) Қарашев
- •Сара Тастанбекқызы
- •Тұрмағамбет Ізтілеуұлы
- •Міржақып Дулатұлы
- •Жүсіпбек Аймауытов
- •Мағжан Жұмабаев
- •Сұлтанмахмұт Торайғыров
- •Бейімбет Майлин
- •Сәкен Сейфуллин
- •Ілияс Жансүгіров
- •Сапарғали Бегалин
- •Мұхтар Әуезов
- •Бернияз Күлеев
- •Иса Байзақов
- •Сәбит Мұқанов
- •Ғабиден Мұстафин
- •Ғабит Мүсірепов
- •Әбу Сәрсенбаев
- •Хакімжанова Мариям
- •Әлжаппар Әбішев
- •Дихан Әбілев
- •Ғали Орманов
- •Тайыр Жароков
- •Әбділда Тәжібаев
- •Бауыржан Момышұлы
- •Қасым Аманжолов
- •Жұмағали Саин
- •Қалижан Бекхожин
- •Саттар Ерубаев
- •Ілияс Есенберлин
- •Мұқан Иманжанов
- •Хамит Ерғалиев
- •Мал қайтарған үніміз
- •Қасым Қайсенов
- •Жұбан Молдағалиев
- •Тұрсынхан Әбдірахманова
- •Әзілхан Нұршайықов (1922 жылы туған)
- •Сафуан Шәймерденов
- •Сырбай Мәуленов
- •Мұзафар Әлімбаев (1923 жылы туған)
- •Тахауи Ахтанов
- •Әбдіжәміл Нұрпейісов (1924 жылы туған)
- •Бердібек Соқпақбаев
- •Сара Мыңжасарова
- •Шона Смаханұлы
- •Қуандық Шаңғытбаев
- •Нығмет Ғабдуллин
- •Ғафу Қайырбеков
- •Қалтай Мұхамеджанов
- •(1930 Жылы туған)
- •Мұқағали Мақатаев
- •Кәкімбек Салықов (1932 жылы туған)
- •Шерхан Мұртаза (1932 жылы туған)
- •(Әкім Тарази)
- •Әубәкіров Оспанхан
- •Сағи Жиенбаев
- •Ғаббас Қабышұлы (1935 жылы туған)
- •Жұмекен Нәжімеденов
- •Қадыр Мырза Әли
- •1935 Жылы туған
- •Рамазан Тоқтаров
- •Тұманбай Молдағалиев (1935 жылы туған)
- •Кеше үйленген араздасты екі жас,
- •Ысқақ Қалихан (1935 жылы туған)
- •Айтхожина Марфуға (1936 жылы туған)
- •Қабдеш Жұмаділов (1936 жылы өмірге келген)
- •Құмарова Шәрбану (1936 жылы туған)
- •Төлеген Айбергенов
- •Асқар Сүлейменов
- •Оразбек Сәрсенбай (1938 жылы туған)
- •Әбіш Кекілбаев (1939 жылы туған)
- •Фариза Оңғарсынова (1939 жылы туған)
- •Мұхтар Мағауин (1940 жылы туған)
- •Нұржекеев Бексұлтан (1941 жылы туған)
- •Дулат Исабеков (1942 жылы туған)
- •Дүкенбай Досжан (1942 жылы туған)
- •Мұхтар Шаханов (1942 жылы туған)
- •Софы Сматаев (1942 жылы туған)
- •(1942 Жылы туған)
- •Оралхан Бөкеев
- •Ақұштап Бақтыгереева (1944 жылы туған)
- •Жәркен Бөдешұлы (1944 жылы 15 мамырда туған)
- •Жұматай Жақыпбаев
- •Медетбек Темірхан (1945 жылы туған)
- •Тынымбай Нұрмағанбетов (1945 жылы туған)
- •Ахметова Күләш (1946 жылы туған)
- •Мырзабеков Кеңшілік
- •Шөмішбай Сариев (1946 жылы туған)
- •Нұрлан Оразалин (1947 жылы туған)
- •Оразбаев Иранбек (иран-ғайып) Әбітайұлы (1947 жылы туған)
- •Марат Қабанбайұлы
- •Несіпбек Айтұлы
- •Есдәулет Ұлықбек Оразбайұлы (1954 жылы туған)
- •Есенғали раушанов (1957 жылы туылған)
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
Тынымбай Нұрмағанбетов (1945 жылы туған)
Прозашы әрі балалар әдебиетінің белді өкілі Тынымбай Нұрмағамбетов 1945 жылы 10-маусымда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы «Бірлік» совхозында туған.
1968 жылы Қызылорда қаласындағы Гоголь атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі және әдебиеті факультетін бітіргеннен кейін еңбек жолын көп таралымды «Су құрылысшысы» газетінен бастаған. Сосын Қызылорда облыстық радио комитетінде істеп, «Жазушы» баспасында редактор қызметін атқарған. 1981 жылы М.Горький атындағы Әдебиет институтының Жоғарғы курсын бітірген.
Алғашқы әңгімелер жинағы 1971 жылы «Қауын иісі» деген атпен шықты. Содан бері қазақ әдебиетін «Қош бол, ата», «Қарлығаштың ұясы», «Ата қоныс», «Дарияның арғы беті», «Бәйтеректер», «Туған ауыл түтіні», «Балалық шақтың әндері» атты кітаптарымен байытты. Біраз туындысы орыс тіліне аударылып, жеке кітап болып басылды. «Қош бол, ата», «Қарлығаштың ұясы» повестері Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитет, Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитеті, Қазақстан Жазушылар Одағы, «Жалын» альманахы бірлесіп өткізген жабық конкурста жүлде алған. Орыс тілінде шыққан «Қауын иісі» кітабы үшін Бүкілодақтық М.Горький атындағы байқаудың дипломына ие болды (1981).
Ол «Табалдырығыңа табын», «Жоғалған көл», «Кемпірлер үкімі» пьесаларының, «Тырналар ұшып барады» телефильмі сценарийінің авторы және Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының сценариялық коллегиясында істеген.
Т.Нұрмағамбетов ауыл өмірі туралы тақырыпты жақсы меңгерген жазушының бірі. “Мінездер” атты шоғырлы әңгімесінің бірінші бөлімінде (“Жүрек жылуы”) қаладағы балаларына көмектесуге барған Қамқа кемпір қыстыгүні көк мұзда тайып жығылып, аяғын сындырып алады да, ауылға қайтады. Автор балаларын өскенше, немерелерін өлгенше бағатын қазақтың кемпір-шалдарының жарқын бейнесін жасаған. Қартайған шағында бірі болмаса, екіншісіне ас батпайтын қариялар – өмірден алынған шынайы кейіпкерлер. “Жалғыз шартақ” атты бөлімге Қаратемірдің зейнеткерлікке шыққан соң, қол қусырып отыра алмай, қауын егуі арқау болса, оған баласы Нағиділланың басына жетсе, аяғына жетпейтін бақшасы, тойып бір жеуге жарамайтын қауыны себеп болған. Олардың “баяғыдай қауын қайдан болсын жер азған, тозған” деген сылтауын Қаратемірдің ағып-төгілген қауыны “жалқау қырсыздар-ай” деп әшкерелейді. Әңгіменің үшінші бөлімі “Базаршылар” деп аталады. Қаратемір мен кемпірі ағып-төгілген қауынды жеп игере алмасын білген соң, ата-бабасы кәсіп етпеген базарға алып шығады. Өмірі жасамаған кәсібі болған соң, қалай көзін тапсың. Біразын елге үлестірсе, жартысын Жантас деген алаяқ көмектескен болып, жымқырып ол кетті. Бірақ, шал мен кемпір балаларына базарлық алғанына риза. Автор қарапайым жандардан “саудагерлер” шықпайтынын көрсеткен.
«Жазушы мен диқан, асылы, ұқсас. Диқан жерді, дәнді қандай сүйсе, жазушы да жазып отырған тақырыбын, адамдарын сүюі тиіс. Мұндай сүйіспеншілік жоқ жерде шынайы шығарма тумақ емес» дейтін жазушы принципі оның «Қауын иісі» атты жинағына енген әңгімелерінен байқалады. Төртінші сыныптан бастап колхоздың қауынын еккен әкесіне көмекші болып, таңертеңнен кешке дейін еңбек еткен жұмысшы баланың үш гектар қауынның бар тауқыметін көргендігі оның әрбір деталына дейін нанымды бейнелегенінен аңғарылады.
“Он төрт жасар жігіт” әңгімесінде Саян арқылы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жігерлі де қайсарлы балалардың мінез ерекшелігіне ерекше көңіл бөледі. Саянның соғысқа барам деп сұрануы, “сөз жоқ, мен оларды жеңіп барып, ауылға келемін” деген сенімі – сол тұстағы барша жанның арман-мақсаты. Ол әкесі майданға кеткен соң, ауру ана, іні-қарындасқа қамқор, бір отбасының арқа сүйері болған, ерте есейген ұрпақ өкілінің типтік бейнесі.
“Қорашылар” әңгімесінен қорашылардың шалағай ісіне кездессек, “Сушыдан” “Шаш ал десе, бас алатын” шенеуніктерді көреміз. Адам баласының мансап қуып азғындағаны, жан құмарлығын тән құмарлығына айырбастағаны “Әлі шалдың қыздары” әңгімесінен байқалады. «Ата қонысы» – туған жерге, ата қонысқа деген ыстық махаббаттың адамда ғана емес, малдарда да болатынын шынайылығымен тартымды суреттеген әңгіме.
“Бөрібайдың тұмағын ит алып қашқан қыс” әңгімесіндегі ауыл ақсақалдары Алданбек пен Нұрқабылдың бейнесі де өзімізге таныс қарияларды бір қырынан толықтырғандай. Құжатына 1931 жылы туған деп жазылған Әлмәмбет өзінің қай жылы туғанын ауылдың үлкен кісілерінен білмек болып, қой сойып, оларды қонаққа шақырады. Құжатқа дейін жыл санай білген қазақ қарияларының арамызда қалмағанына қынжыласың. Бұл ауылда жастарға жөн сілтер қариялардың шынымен-ақ қалмағаны еді. Осылайша, автор ауыл психологиясын зілсіз күлкімен ашқан.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін жазылған «Кене», «Ойын», «Жастық желігі», «Шұбырынды елдің шұбырынды әңгімесі», «Тұлып», т.б. әңгімелерінде кеңестік дәуір мен тәуелсіздік тұсындағы қазақ ауылы мен оның тұрғындары өмірінің қиын тағдырлары суреттелген. «Иесіз ит», «Үш қыз бен бір жігіттің хикаясы», «Ойын» әңгімелеріне де жазушы бүгінгі заман шындығын арқау етті. «Иесіз итте» тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ауылдан үдере көшкен елдің тұрмысы арқылы қазақ халқының басынан кешкен өмірінің бір қырын суреттеген. Автор қаладан үй алуға шамасы келмейтін жетім өскен, жалғызбасты Алшынның тағдыры арқылы қазақ халқының кешегі тұралаған ауыр күндерін еске салады. Ауылдың іргесі тарағанда, ұрлық-қарлықпен күнелткен жастардың тағдыр тәлкегіне ұшырағаны да өмір шындығы. Осылайша, жазушы өмірдің күнгейі мен көлеңкелі тұстарын да қатар суреттей білді. «Үш қыз бен бір жігіттің хикаясына» жесір қалған Күлшараның төркінін сағалап келгеннен кейінгі оқиға арқау болған. Ауылдың сүр бойдағы Үсентайдың «Бұйырса да, бұйырмаса да» аламын деп жүріп, апасының Күміскүл, Үміткүл, Түбіткүл атты үш қызына да қолы жетпей арманда қалуы арқылы ауыл адамдарының психологиясын жеңіл юмормен жеткізе білген.
Грек-түрік соғысы тақырыбына арналған «Айқай» повесіне жазушы жазылмас дертке ұшыраған қарапайым түрік баласының тағдырын арқау еткен. Екі ел арасындағы соғыс арқылы соғыс жеңушінің қуанышы, жеңілушінің қайғысы ғана емес екендігін нанымды бейнелей отырып, соғыс –зауал деген философиялық тұжырым жасайды. Осы соғыс арқылы тағдыр тәлкегіне ұшыраған түріктердің де жауынгер халық болғандығы нанымды бейнеленген. «Мешкей» повесінде бүгінгі өмірдің тауқыметі мен күлкілі жақтарын суреттеген жазушы оқырманға қазіргі заман туралы ой тастайды.
«Соңғы кезде «Мұстафа Шоқай» («Шеңгелдер гүлдейтін шақ») тарихи-драмалық трагедиясын бітірдім. Оны жазарда М.Шоқай туралы естіп-білген, қолға түскен материалдарды назардан тыс қалдырмадым. Эпиграфы ретінде Мағжанның «Мен мұңдымен мұңдастым, Адассам, ел деп адастым» және француз Жорестің «Ерлік шындықты іздетеді және оны айтқызады» деген сөздерін алдым. Мұстафа өмірі бай да, ауыр да. Халық оны әлі білмейді. Күрескерлік қабілеті жөнінде ол адамзаттық деңгейге көтерілген тұлға. Ал көрген азабы ше? Осының бәрі не үшін? Кім үшін? Мен пьесада оның «тұтас Түркістан» идеясына мән берген болдым. Ол қалай шықты, оқырман кейін таныса берер», – деген жазушы соңғы жылдары қазақ әдебиетіне Мұстафа Шоқайдың көркем бейнесін алып келді.
Ауыл өмірін шебер игерген Тынымбай Нұрмағанбетовтің «Бұлақтағы» Қошқарбай, «Сушыдағы» Жаманқұл, «Жаздың қысқа түніндегі Тоқтас пен Нұршат, «Атақоныстағы» Мұқа, «Шашубайдағы» Шашубай, «Бұқадағы» Бәстенбай, «Қорашылардағы» Жақып, «Бөрібайдың тұмағын ит алып қашқан қыстағы» Бөрібай, «Бойтұмардағы» Нағашыбай, Базыл, Майсагүлдері өткен ғасырдың орта тұсындағы ауыл өмірінен алынған шынайы кейіпкерлер. Кешегі мен бүгінгі ауыл өмірінің шынайы бейнесін жасаған бірегей жазушы болғандықтан да, Т.Нұрмағамбетов оның қаламынан туған шығармалардың қазақ әдебиетіндегі орны ерекше.
