- •Бұқар жырау Қалқаманұлы
- •Жанақ Сағындықұлы
- •Дулат Бабатайұлы
- •Махамбет Өтемісұлы
- •Шернияз Жарылғасұлы
- •Шөже Қаржаубайұлы
- •Сүйінбай Аронұлы
- •Шортанбай Қанайұлы
- •Біржан сал Қожағұлұлы
- •Ыбырай Алтынсарин
- •Ақан сері Қорамсаұлы
- •Абай Құнанбайұлы
- •Жамбыл Жабаев
- •Шәңгерей Бөкеев
- •Мәшһүр Жүсіп Көпеев
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Нұрпейіс Байғанин
- •Әсет Найманбайұлы
- •Ахмет Байтұрсынов
- •Омар (Ғұмар) Қарашев
- •Сара Тастанбекқызы
- •Тұрмағамбет Ізтілеуұлы
- •Міржақып Дулатұлы
- •Жүсіпбек Аймауытов
- •Мағжан Жұмабаев
- •Сұлтанмахмұт Торайғыров
- •Бейімбет Майлин
- •Сәкен Сейфуллин
- •Ілияс Жансүгіров
- •Сапарғали Бегалин
- •Мұхтар Әуезов
- •Бернияз Күлеев
- •Иса Байзақов
- •Сәбит Мұқанов
- •Ғабиден Мұстафин
- •Ғабит Мүсірепов
- •Әбу Сәрсенбаев
- •Хакімжанова Мариям
- •Әлжаппар Әбішев
- •Дихан Әбілев
- •Ғали Орманов
- •Тайыр Жароков
- •Әбділда Тәжібаев
- •Бауыржан Момышұлы
- •Қасым Аманжолов
- •Жұмағали Саин
- •Қалижан Бекхожин
- •Саттар Ерубаев
- •Ілияс Есенберлин
- •Мұқан Иманжанов
- •Хамит Ерғалиев
- •Мал қайтарған үніміз
- •Қасым Қайсенов
- •Жұбан Молдағалиев
- •Тұрсынхан Әбдірахманова
- •Әзілхан Нұршайықов (1922 жылы туған)
- •Сафуан Шәймерденов
- •Сырбай Мәуленов
- •Мұзафар Әлімбаев (1923 жылы туған)
- •Тахауи Ахтанов
- •Әбдіжәміл Нұрпейісов (1924 жылы туған)
- •Бердібек Соқпақбаев
- •Сара Мыңжасарова
- •Шона Смаханұлы
- •Қуандық Шаңғытбаев
- •Нығмет Ғабдуллин
- •Ғафу Қайырбеков
- •Қалтай Мұхамеджанов
- •(1930 Жылы туған)
- •Мұқағали Мақатаев
- •Кәкімбек Салықов (1932 жылы туған)
- •Шерхан Мұртаза (1932 жылы туған)
- •(Әкім Тарази)
- •Әубәкіров Оспанхан
- •Сағи Жиенбаев
- •Ғаббас Қабышұлы (1935 жылы туған)
- •Жұмекен Нәжімеденов
- •Қадыр Мырза Әли
- •1935 Жылы туған
- •Рамазан Тоқтаров
- •Тұманбай Молдағалиев (1935 жылы туған)
- •Кеше үйленген араздасты екі жас,
- •Ысқақ Қалихан (1935 жылы туған)
- •Айтхожина Марфуға (1936 жылы туған)
- •Қабдеш Жұмаділов (1936 жылы өмірге келген)
- •Құмарова Шәрбану (1936 жылы туған)
- •Төлеген Айбергенов
- •Асқар Сүлейменов
- •Оразбек Сәрсенбай (1938 жылы туған)
- •Әбіш Кекілбаев (1939 жылы туған)
- •Фариза Оңғарсынова (1939 жылы туған)
- •Мұхтар Мағауин (1940 жылы туған)
- •Нұржекеев Бексұлтан (1941 жылы туған)
- •Дулат Исабеков (1942 жылы туған)
- •Дүкенбай Досжан (1942 жылы туған)
- •Мұхтар Шаханов (1942 жылы туған)
- •Софы Сматаев (1942 жылы туған)
- •(1942 Жылы туған)
- •Оралхан Бөкеев
- •Ақұштап Бақтыгереева (1944 жылы туған)
- •Жәркен Бөдешұлы (1944 жылы 15 мамырда туған)
- •Жұматай Жақыпбаев
- •Медетбек Темірхан (1945 жылы туған)
- •Тынымбай Нұрмағанбетов (1945 жылы туған)
- •Ахметова Күләш (1946 жылы туған)
- •Мырзабеков Кеңшілік
- •Шөмішбай Сариев (1946 жылы туған)
- •Нұрлан Оразалин (1947 жылы туған)
- •Оразбаев Иранбек (иран-ғайып) Әбітайұлы (1947 жылы туған)
- •Марат Қабанбайұлы
- •Несіпбек Айтұлы
- •Есдәулет Ұлықбек Оразбайұлы (1954 жылы туған)
- •Есенғали раушанов (1957 жылы туылған)
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
Мал қайтарған үніміз
Жарысты жартас қиядан.
Анамыз қазан асқанда,
Оттары қатар маздаған.
Ел көшіп яки босқанда,
Ботамыз бірге боздаған.
Ер құрбан болса, үшіне
Бір бердік аза асын да;
Тарықсақ, лашық ішінде
Бір төктік көздің жасын да.
Қырғыз және қазақ халықтарының тарихи-қоғамдық үндестігі, дәуірлер шындығы, елеулі оқиғалар арқылы дәл көрініс тапқан.
Тарихтың қанды парақтарын қайта ақтарғандай әсер ететін шумақтарда (“Шер толғау” толғауының үшінші сөзі) отаршылдарға қатысты ащы шындықты ақынның жасырмай айтқаны көрініп тұр.
Х.Ерғалиев аударма саласында да біраз тер төккен еңбеккер қаламгер. Ол ағылшынның ұлы ақыны әрі драматургы В.Шекспирдің күрделі шығармаларын, солардың ішінде сонеттерін қазақша сөйлетті. Ұлы драматургтың “Ричард үшінші”, “Дуалы түнгі думан”, “Гамлет” сияқты драмалық айтулы туындыларын ана тілімізге жатық аударып берді. Пушкин мен Лермонтовтың, Шекспир мен Байронның, Науаи мен Маяковскийдің туындыларын аударуға атсалысты. Қырғыздың «Манас», қарақалпақтың «Қырық қыз» атты дастандарын да қазақшалауға қатысты.
Сағынғали Сейітов
(1917-2007)
Сағынғали Сейітов 1917 жылы 20-қаршада қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Өлеңті деген жерде туған. 1937 жылы Орал су транспорты рабфагын, 1941 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін тамамдап, 1941-1947 жылдары Кеңес армиясы қатарында әскери қызметте болды.
Ол Қызыл Жұлдыз, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және бірқатар медальдармен марапатталған.
1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанған ол соғысқа бастан-аяқ қатысты. Соғыстан кейінгі жылдары ұзақ жылдар Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының ғылыми қызметкері, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің нұсқаушысы, Қазақстан Мемлекеттік көркем әдебиет баспасының директоры, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері болып істеді. Осы институт қабырғасында жүріп «Қырық жылда» (1974), «Әдебиеттер достығы» (1965), «Қазақ поэзиясындағы Маяковский дәстүрі» (1966), «Тоғысқан толқындар» (1974), «Туысқандық туғызған» (1979), «Өлең өлкесінде» (1984), «Пушкин лирикасын қазақ тіліне аудару дәстүрі» атты монографиялары мен зерттеулері арқылы ұлттық әдебиеттану ғылымына қыруар үлес қосты.
Тырнақалдысы 1936 жылы Орал облыстық газетінде жарияланған, 1951 жылы «Большевиктер» атты тұңғыш жыр жинағы жарық көрді. Әр жылдары шыққан «Жолдас жүректен» «1953), «Ортақ ой» (1956), «Бетпе-бет (1959), «Өрден өрге» (1963), «Жаңғырық» (таңдамалы, 1967), «Жолдас уақыт» (таңдамалы, 1977), «Сәулет» (1988), «Серпер» (1994), «Сеңгір» (1997), «Самғау» (2001), «Майдангер көзімен» (2005) атты жыр жинақтарымен қазақ поэзиясының қоржынын толықтырды.
Қазан төңкерісімен қатар туған ақын алғашқы «Таң атқанда туыппын» өлеңінде «Мен туыппын ағарып таң атқанда, шартарапқа шапағын таратқанда» деп, ел өміріне келген жаңалықты «Сен ғана», «Үлкен үйім, ұлы ордам» атты өлеңдерінде «Ұлы Отаным, ұрандап, Құлпырасың сен ғана» деп шаттана жырға қосты.
Лирикалық кейіпкердің жетіншіні бітірген соң, Текеге білім іздеп шыққан сәтін «Оқу іздеп» өлеңінен көреміз. Қара нарға үйме-жүйме мінгескен жетіншіні тамамдаған балалардың алдынан «Шам жағылған сияқтанды алдымнан, Шақырғандай оқу-білім ордасы» деп, бейнелеген ақын алғашқы өлеңдерін оқиғаға құра білді. Сөйтіп ол алғашында Рабфактан, кейін Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтынан білім алды. Білім нәрімен сусындап «Ұланымын ұлы Отанның» деп шат-шадыман өмір кешіп жүрген лирикалық кейіпкер 1941 жылы Кеңес Одағына фашистік басқыншылар тұтқиылдан шабуыл жасағанда, Отанын жаудан қорғау үшін замандастары секілді қан майданға аттанды.
Ұлы Отан соғысының басынан-аяғына дейін майдан шебінде болған ақын шығармаларының дені қырқыншы жылдың қанды оқиғаларына құрылған. «Қырық бірдің жаңбыры Қан аралас құйып тұр. Талауратып таң нұры, Қанатын оқ қиып тұр» деп, табиғатты өмірмен тұтас бірлікте қараған ақынның бірсыпыра өлеңдері қазақ батырлары мен майдандас жолдастарына арналған. Олардың қатарын Бауыржан Момышұлы туралы «Тұлғаңа тозаң жолатпан», Абдолла Жұмағалиев туралы «Сөнбейді жалын лаулаған», «Сапер», «Ловать», «Түйелі қазақ», «Қолбасшының ескерткіші», «Қысылшаңда», «Олжадай өрт ішінен алып қайттым», «Танк», «Белоруссия», «Бауырластар бейітінде», «Қыз ажалы», «Байланысшы», «Барлаушы», «Окопта», «Шегінбе», «Майдан блокнотынан», «Соғыстың соқтықпалы соқпағымен», т.б. өлеңдері толықтырады. «Қырық бірдің жауынында» тұтқиылдан шабуыл жасаған басқыншылардың қанішерлігінен табиғат ананың өзі зар еңіреп тұрғанын көрсек, «Варшава» өлеңімен ақын ұзаққа созылған соғыстың жеңіспен аяқталғанын мақтан етеді. Қызы тұтқындалып кеткен ананың «Алдыңнан кездескенің өлім болсын!» дейтін қарғысы барша дұшпанға қаратыла айтылғаны анық.
Ұзаққа созылып, елді есеңгіреткен соғыс Жеңіспен аяқталды. Бұл Кеңестер Одағының сол кездегі қуатын танытты. Соғыстан кейінгі жылдары лирикалық кейіпкер қандыкөйлек жолдастарымен үзбей хат алысып тұрғандықтан, достарының сәлемдерін сағынғанда, Минск, Мәскеу, Бішкек, Баку, Тәшкеннен асыға хат күтетін.
Әскери журналистиканың «шинелінен» шыққан ол Ұлы Жеңістің 25 жылдығына орай «Сөз сұрайды солдаттар» атты кітабын ұсынды. Автор сұрапыл соғыстың ішінде жүріп, майдан газеттеріне жазған мақалаларын өңдеп, толықтырып туған елді жаудан қорғаған майдангер достарының ерлігін қайта жаңғыртты. Ұрыс даласында, қанды майданда жүрген шақта қойын дәптеріне түскен бұл жазбалар өскелең ұрпақты отаншылдыққа, өмірге деген шексіз сүйіспеншілікке баулуға көп септігін тигізері даусыз.
Жинақтың беташары «Мәңгі өшпейтін даңқ атты» очеркпен ашылған. Автор Белоруссияның Могилев деген жерінде келе жатып, жер атауы туралы «Арыстан бейіті» (Могила льва) деген аңызды тірілтеді. Батырдың бейітімен аталған жерде Ұлы Отан соғысы тұсында елді жаудан қорғау жолында жан қиған Сүндетқали Есқалиевті еске алады. Батыс Қазақстанның Шыңғырлау ауданындағы «Красный луч» колхозындағы сүйген қызына жазған хаты мен оның өмірі туралы нақты деректер шығарманың шынайылығын арттыра түскен.
«Ер жігіт соғысқа кіргенде, өлемін деп кірмейді, жеңемін деп кіреді ғой» дейтін батырдың пулеметті кеудесімен тұншықтыруы оның Отанға деген құрметін, сүйген жарға деген махаббатын аша түссе, ол туралы нақты деректер шығарманың деректілігіне қызмет етеді. Себебі, Белорус майданында ерлікпен қаза тапқан батыр туралы деректер дұрыс берілмеген болатын. Оның туған жері, қызмет атқарған ротасы, «Жеңіс туы» газетінің 1945 жылғы 18-қазандағы санындағы «Есқалиев кеудемен Пулеметін дұшпанның Жауып, үнін өшірді» деген сипаттамасы Сүндетқали Есқалиевтің өмір жолын толықтырар деректер.
«Адасқан аруда» жауынгерлердің Германияда арнаулы мектеп бітіріп шыққан әккі неміс шпиондарын қолға түсіру кезіндегі қырағылығы ашылған. «Қанатты қыз» Қырым жағалауын, Севастопольді азат ету ұрыстарына қатысып, 300 рет жауды бомбалаған Хиуаз Доспанованың ерлігіне арналған. Екі аяғына бірдей жараланған ұшқыштың соңғы 100 ұшу сапары оңай болмағанын автор нақты деректер арқылы көрсеткен. Еліміз егемендік алғаннан кейін, Отанды жаудан қорғауда ерен ерлік көрсеткен ұшқыш қызға «Халық қаһарманы» атағы берілгені белгілі.
«Патрон тасушы», «Жер үйдегі ән», «Қара торғай», «Оң бүйірден атылған оқ», «Батарея командирі», «Польша жерінде», «Қаһармен десе – қаһарман», «Жеңіс жұмысшысы», «Үш батыр», «Көреген», «Жекпе-жек», «Ормандағы шайқас», «Эскадрон көзі», «Балтық төсі», «Арбасу», «Жол аузы», «Сұңқарлар самғағанда», «Мергеннің мылтығы», «Бұл қайдағы ит?», барлығы да майдан өмірінен алынған шынайы да шымыр оқиғалар. Кітаптың алғысөзінде автордың «Өз кітабымда мен майданда болған оқиғаларды өзгертпестен, өңдеместен, сол қалпында айтып бердім. Жанымнан ештеңе қоспадым. Ештеңені әсірелемедім, боямадым» дегенінен шығарма арқау болған оқиғалардың майдан даласының жанды суреті екендігін аңғаруға болады.
Алғашында майдан газеттеріне очерк, публицистикалық мақала түрінде жазылған оқиғалардың бәрі де кейін ақын поэзиясындағы сюжетті өлеңдерге арқау болды. Оның оқиғаға құрылған Әли Сәрсенбаев туралы «Көзді ашып-жұмғанша», Хиуаз Доспанова туралы «Оқыс оқиға», «Ломжада болған оқиға», т.б. оқиғаға құрылған өлеңдері – қазақ поэзиясындағы балладаның жақсы үлгісі. Осылайша ақын таныс, бейтаныс кейіпкерлерінің бейнесін проза, поэзия жанрында қатар суреттеді. «Баяғыда оралсам да майданнан, От ішінде жүргендеймін әлі де» дейтін майдангер ақын 2005 жылы ұсынған «Майдангер көзімен» атты жинағында да майдандас достары мен соғыс даласына қайта-қайта оралып, «Мен сендерді іздеймін қаруластар» деп оларға деген сағынышын жыр жолдарына сыйғызып отырады.
Автор Қазақстанның түпкір-түпкірінен барған өрімдей жас жігіттердің Отан қорғау жолындағы ерліктерін олардың іс-әрекеттерімен көрсету арқылы қазақ халықының жауынгер халық екендігін нанымды түрде шынайы бейнеледі. Соғысқа дейін әр түрлі кәсіп иесі болған оның кейіпкерлері – ел басына ауыр күн туған сын сағатта қара басының күйін күйттемей, басын ер өлімге тіге білген жанкешті жандар.
Туған жер кез-келген ақын-жазушы шығармаларының негізгі лейтмотиві болса, Сағынғали ақын да кіндік қаны тамған жерін ғана емес, байтақ қазақ елін мақтан етеді. Қазақ жеріне қонған бақ-береке мен құт-ырысты жеріне жеткізе жырлады. Оның тыныштықты тұнбаға теңеуінен жаңа образ жасау жолындағы ізденісі анық байқалады.
«Діліме де, Дініме де бекеммін» дейтін ол «Жан біткенді, Жат көрмеймін жатырқап, Іңкәрлік пен Ілтипатқа бөлеймін», «Сүйене бер Шаршасаң иығыма, Тәкаппарлық Бітпеген пешенеме» дейтін жаны таза ақын. Сондықтан да оқырманына «Жекпе-жекте жығылсаң жылай көрме» дей отырып, «Керегі не?» өлеңінде дүниенің тұтқасын ұстағандай болып жүретін даукестерге «Керегі не дау жоғында дау іздеп? Керегі не жау жоғында жау іздеп?» деп ақыл-кеңес береді. Оқырманына «ашу – дұспан, ақыл – дос» екендігін естеріне салып, оларды бірлікке шақырады. .
Сонымен бірге ол қазақ поэзиясындағы арнау өлеңдердің қатарын толықтырды. Оның туған-туыс, аға-бауыр, дос-жолдас, ұстаздарына арнауларының ішінен әке мен анаға арнаған «Әке», «Ана» атты арнауларының орны ерекше.
«Сүйдім сені», «Мың шүкірлік», «Қамқорың боп», «Сені біреу ғайбаттаса нанбаспын», «Қаққан емес ешкім менің бетімнен» атты жырлары қазақ поэзиясындағы махаббат лирикасының жақсы үлгілері.
Ол да өз замандастары секілді замана жырын жырлады. Әлем дүр сілкіндірген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы да ақын шығармаларынан орын алды. «Желтоқсанның желі неткен ызғарлы» өлеңінде «Желтоқсанның сұсы неткен ызбарлы! Жүрегімде жақпар-жақпар сыз қалды. Ей, дүние-ай, есіркеймін елжіреп, Жазығы жоқ жігіттер мен қыздарды», - деп күйзеледі.
ХХІ ғасырдың өзекті мәселелерінің біріне айналған ана тілінің мүшкіл халі ХХ ғасырдың да ауыр дертінің бірі болғаны баршаға аян. Ана тілінің жоғын жоқтап, мұңын мұңдап шарқ ұрған қазақ зиялылары қазақ тілінің мерейін өсіру жолында қолдарынан келгендерін істеп бақты. Сондықтан да қазақ ақындардың шығармаларынан ана тілі мәселесінің орын алуы орынды. Өз заманының өзекті мәселесіне Сағынғали ақын да бей-жай қарай алмады. Сондықтан да ол «Қазақ тілі! Ол – менің ана тілім! Шафқат, ләззат – Сөйлесем – табатыным» немесе «Қазақ тілі! Қыдырым! Ана тілім!» деп ана тіліне деген сүйіспеншілігін көрсете білді.
Ақынның бірсыпыра өлеңдері жасы ұлғайған шағында жазылғандықтан, өмірден көргендері мен түйгендері туралы сыр шертеді. Сондықтан да олардың басым көпшілігінде өсиет басым. Ол уақыт туралы «Мезгілмен ойнау – Өзіңмен өзің ойнауың» десе, ел ішіндегі ата-атаға бөліну жөнінде «Бөлінгенді бөрі алады деседі, Жарылғанды жау алады деседі» дейді.
«Сен мені іздейсің бе, оқырманым?» дейтін ақынның қаламынан туған жыр жолдары қазақ поэзиясының алтын қорын байытты. Себебі, ол – қазақ поэзиясына жаңа мазмұнмен байытқан ақын. Қанды көйлек майдандас достары туралы жазылған жыр жолдары мен публицистикалық мақалалары, очерктері қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбын нақтылық, деректілік, шынайылықпен байытты. «Қанаттас Диханның да, Сырбайдың да, Жырдағы бір сыңары Болмайын деп» жырлаған ақынның қазақ поэзиясына салған өзіндік өрнегі бар. Оқырманы әр уақытта іздеп отыратын майдангер ақынның қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар.
