Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhuz_sheber_sony.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Есдәулет Ұлықбек Оразбайұлы (1954 жылы туған)

Ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының (1986), Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері. “Құрмет” орденімен (2001), Ресейдiң Есенин алтын медалiмен марапатталған (2007).

1954 жылы 29-сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Үлкен Қара­тал ауылында туған. Осы ауылдағы орта мектепті бітіргеннен кейін еңбек жолын 1971 жылы облыстық “Коммунизм туы” (“Дидар”) газетiнде корректорлықтан бастаған. 1973-1977 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің журналис­тика факультетінде оқиды. Университет дипломын алған соң “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінде тіліші болып жұмыс істеп, кейін “Жазу­шы” баспасының поэзия редак­ция­сына редакторлық қызметке ауысады. 1983–1985 жж. Мәскеу қаласындағы М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курст оқиды. Бұдан кейін «Қазақстан» телеарнасының жастар редакциясында тележурналист, “Жазушы” баспасының сын редакциясында редактор,“Қазақ әдебиеті” газетінде редакциясында сын бөлiмiнде аға тілші болып жұмыс істеген. 1988–1991 жж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, 1991–1993 жж. Жаңадан ашылған республикалық “Жас қазақ” газетінің бас редакторы, 1993–1997 жж. Қазақстан Респпубликасы Сыртқы істер министр­лігінiң ЮНЕСКО iстерi және мәдени байланыстар басқармасында бөлім меңгерушісі, 1997–2001 жж. ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Тілдерді дамыту департаментінде бөлім меңгерушісі лауазымдарында болған. 2001 жылдың басынан бері ҚР Үкiметiнің әлеу­мет­тік-мәдени даму бөлімінің сектор меңгеру­шісі. 2002-2008 жж. “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, 2008 жылдан берi қарай «Жұлдыз» журналының бас редакторы.

Ұ.Есдәулетовтың алғашқы жыр жинағы “Көздеріңе ғашықпын” (1974) университет қабырғасында оқып жүрген жылдары, небәрі жиырма жасында жарық көрген. Одан кейінгі кітаптары “Жұлдыз жарығы” (1977), “Алтайдың алтын тамыры” (1979), “Ұлыстың ұлы күні” (1982), “Ақ ке­руен” (1985), “Жаратылыс” (1989), “Жүректегі жарылыстар” (1995), “Перевалы Алтая” (1988), “Заман-ай” (1999), “Киіз кітап” (2001), “Ахиллесова пята” (2003), “Ынтық зар” (2009) тәрізді өлең кітаптары басылып шыққан. Ақын сонымен бірге “Әбiлхаят” (естелiктер-эсселер, 2010) кiтабының авторы. Таңдамалы шығармаларының 2 томдығы (2006), Шығармалар жинағының 6 томдығы (2006-2009) жарық көрген.

Ұ.Есдәулетов – бүгінгі қазақ поэзиясында жарқырап көзег түскен санаулы жұлдыздардың бірі десек, әсіре бағалағандық қоймас. Өткен жиырмасыншы ғасырдың жетпісінші жылдары поэзия атты қасиетті әлемге өз үні, өз тынысы арқылы еркіндей енген ақын бірден-ақ өз болашағынан үлкен үміт күттіре келді. Өлең табиғатының нәзік те шетін ерекшелігін тап басып, түсіне білген жас талант мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінің өзінде-ақ «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде жарияланған өлеңдері арқылы бүкіл республика оқырмандарына танылып үлгірді. Ақын шығармашылығына тән ерекшелік – көркем бояулармен көмкерілген нәзік лиризм, өмірге деген мөлдір іңкәрлік оның шығармашылық өміріндегі басты кредолардың бірі болып қалды. Ол өлең жазуды қарапайым жұмыс ретінде түсінбейді, керісінше жан дүниесін жарқырата ашып тастауға ықпалын тигізетін құдіретті күш ретінде бағалайды.

Оның «Көздеріңе ғашықпын», «Үміт құсын үркітпе», «Ұршық», «Жолдар, жолдар», «Ертеңімді аңсаймын», «Қарт пен қала», «Балалық шаққа базына», «Жер-жаһанның жалғаған аралығын», «Қызыл бидай», «Зауал», «Таңғы сүрлеу», «Табиғат сазы», «Әже алақаны» және тағы басқа көптеген өлеңдері ақынды шебер лирик ретінде танытқан шығармалар.

Жеті жаста

Тайға міндік, жарыстық,

Балалықтың сол кез неткен қаны ыстық!

Шалғын иісін ауаға орап сімірдік,

Артта жатты будақ-будақ шаң ұшып,

- дейді ол «Туған жер» атты өлеңінде. Қай қазақ баласына да жақсы таныс, көзге де, көңілге де ыстық көрініс. Жеті жасар баланың тайға мініп шабуынан аықн оқырманнның жан жүргеніе жылы тіиетін терең мағына тауып алады да, содан келіп ойға азық болытан әдемі сурет жасайды. Ұлықбек ақынға тән стильдің бірі қарапайым көріністі көркемдеп жазу арқылы жанға жайлы жылу сурет салуы. Туған жердің ыстықтығын осылайша кішкентай ғана жеті жасар балаынң көзімен әдемілеп жеткізуі ақндық тапқырылық екендігі сөзсіз.

Өмірдің қарапайым көріністері мен құбылыстарынан терең сыр түйе білетін ақын өлеңдері бір оқығанда керемет терең көрінбеуі де ықтимал. Ал қайталап көз жүгірткен жағдайда, сол жылы шырайлы жолардан өмір философиясын ұғынып, ақынның өзіміз күнделікті көріп жүрген құбылыстарға басқаша көзбен қарайтынына куә боласыз.

Жұмбақ айтыңыздар, шешейік,

Жұмбақсыз ғұмыр кешейік.

Дүние сырын барлаумен

Келе жатырмыз ғой есейіп.

Қиындық келіп бетпе бет,

Тағдырға жүрсек өпелеп,

Өзгеге кінә артамыз,

Өзіміз қалып шеткерек,

- деп тебіренген ақын сөзінің шындығы еріксіз бас изетеді. Әрқайсысымыздың басымызда болатын жағдайды жылы лепті жыр жолдары арқылы өзімізге түйіндеп қайта ұсынғандай әсер аламыз. Ақын пэозиясының қуаты да осындай қарапайым ұғымның астарынан көпшілікті мақұлдата алатын тұжырым тауып алуында болса керек.

Ұлықбек ақынның тақырып ауқымы қашанда кең болып келеді. Ол Отан, туған жер немесе тарих сияқты аса ауқымды тақырыптардың айналасында қалдып қоймай, өмірдің ұсақ-түйегіне дейін жыр жолдарына айналдырып жібереді. Және ол алып отырған көркемдік нысанын жай ғана ұйқас құру арқылы қарапайым өлеңге айналдыруды қанағат тұтпай, сол шағын детальдың өзінен терең философия табуға ұмтылыс жасайды. Нені жырласа да, жеріне жеткізе айтпай, оңайшылықпен көңілі көнши бермейді.

«Ұлықбектің ойы – ел ойымен ортақ... Байқап отырсақ, Ұлықбек өзіне өзі сәт сапар жазып қойған көрінеді. Енді оған абыроайлы ақындар қауымы атынан, өлеңге ғашық қалың оқырман қауымы атынан оң сапар тілеуіміз ғана қалыпты» (Мырзалиев Қ. Жолдасың өлең болсын. / Есдәулет Ұ. Екі томдық таңдамалы шығармалар. 1-том. Алматы, Жазушы. 2006. 392 б. 7-б.) дейді Қадыр Мырзалиев.

Ақын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын «Киіз кітап» атты өлеңдер жинағы үшін алды. Мұнда тәуелсіз Қазақстан жайлы тебіреністі де толғамды өлеңдермен бірге оқырманның жан жүрегіне эстетикалық әсер ететін көркемдігі кенеулі түрлі пландағы лирикалық жырлар да мол.

Қазақиям – азат ұям,

Қоңыр жұртым, ұлы елім,

Қаңқылдаған қаз атынан

Сөз саптаған сүлейім;

- деп толғанады ол өзінің туған елі жайлы сыр қозғай келіп. Осынау түсінікті де жатық жазылған жолдардан ақын жүрегінің дүрсілін сезінеміз, айтып отырған сөзінің шындығына тәнті боламыз. Бір қарағанда алып-жұлып әкетіп бара жатқан ештеңесі жоқ жадағайлау көрінетін қазақтың сары даласынына ақын көзінің көремйтін тылсымы, ақын табанының баспайтын бұдыры жоқ сияқты сезіледі. Туған жірінің не түрлі көріністерін жырға қоса келіп, әр өлеңін белігілі бір түйінмен тамадау Ұ.Есдәулетов шығармашылығының көркемдік кредосы. «Киіз кітапты» бір ақтаып шыққанан кейін өзіңнің туған жеріңді жаңа бір қырынан көргендей болсаың, оның баға жетпес құндылығына, ой көзі жетпес тылсымына бойлай бергің, тереңдей бергің келеді. Ә.Кекілбайұлының сөзімен айтқанда, «Киіз кітабында» ақын сондай күйзеле пайымдайтын құбылыстар хақында күйіне сыр толғайды. Жазған сайын жабырқай түседі. Айтқан сайын апши түседі. Сөйлеген сайын сөгіле түседі. Бұл дегеніңіз – поэзия атты қасиетті әлемнің тылсымын игере білудегі әәркімнің қоланан келе бермес шеберлік нышаны екендігі сөзсіз.

Бірқатар өлең­деріне сазгерлер ән жазды. “Заман-ай” өлеңi халықаралық антиядролық қозғалыстың гимнiне айналған. Республикалық жабық конкурстың жүлдегерi “Қара пима” поэмасы бойынша көркем фильм түсiрiлген. Поэма адам баласын азғындық тұңғиығына қарай итермелеп әкетіп бара жатқан маскүнемдік сияқты теріс құбылысқа қарсы жазылған ақынның жан айқайы. Шағын шығарманың ойы тұнық, сол ойдың берілу тәсілі көркем, оқырман көңіліне жата қалып, әсерлі күйге бөлеуі де сол көркемдіктің, тосын шешімнің әсері.

Өлеңдері көптеген халықтар тілдеріне аударылған.

Ұ.Есдәулет аударма саласында да өнiмдi еңбек етіп жүр. Ол үндi, түрiк, фин, африка, араб, украин, азiрбайжан, қырғыз, моңғол, абхаз ақындарының жырларын, М.Лермонтов, А.Блок, Н.Рубцов шығармаларын қазақ тiлiне тәржiмалаған.

Қазақстан Журналистер академиясының толық мүше-академигi, Гуманитарлық ғылымдар академиясының құрметтi академигi (2004), М.Әуезов атындағы Семей университетiнiң құрметтi профессоры (2007), Еуразия әдеби журналдары Конгресiнiң тұрақты кеңесiнiң мүшесi (2008).

Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты. “Құрмет” орденімен (2001), Ресейдiң Есенин алтын медалiмен марапатталған (2007).

“Ақ керуен” атты өлеңдер жинағы үшін Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты (1986), “Киіз кітап” жинағы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығы­ның лауреаты (2002) атанды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]