- •Бұқар жырау Қалқаманұлы
- •Жанақ Сағындықұлы
- •Дулат Бабатайұлы
- •Махамбет Өтемісұлы
- •Шернияз Жарылғасұлы
- •Шөже Қаржаубайұлы
- •Сүйінбай Аронұлы
- •Шортанбай Қанайұлы
- •Біржан сал Қожағұлұлы
- •Ыбырай Алтынсарин
- •Ақан сері Қорамсаұлы
- •Абай Құнанбайұлы
- •Жамбыл Жабаев
- •Шәңгерей Бөкеев
- •Мәшһүр Жүсіп Көпеев
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Нұрпейіс Байғанин
- •Әсет Найманбайұлы
- •Ахмет Байтұрсынов
- •Омар (Ғұмар) Қарашев
- •Сара Тастанбекқызы
- •Тұрмағамбет Ізтілеуұлы
- •Міржақып Дулатұлы
- •Жүсіпбек Аймауытов
- •Мағжан Жұмабаев
- •Сұлтанмахмұт Торайғыров
- •Бейімбет Майлин
- •Сәкен Сейфуллин
- •Ілияс Жансүгіров
- •Сапарғали Бегалин
- •Мұхтар Әуезов
- •Бернияз Күлеев
- •Иса Байзақов
- •Сәбит Мұқанов
- •Ғабиден Мұстафин
- •Ғабит Мүсірепов
- •Әбу Сәрсенбаев
- •Хакімжанова Мариям
- •Әлжаппар Әбішев
- •Дихан Әбілев
- •Ғали Орманов
- •Тайыр Жароков
- •Әбділда Тәжібаев
- •Бауыржан Момышұлы
- •Қасым Аманжолов
- •Жұмағали Саин
- •Қалижан Бекхожин
- •Саттар Ерубаев
- •Ілияс Есенберлин
- •Мұқан Иманжанов
- •Хамит Ерғалиев
- •Мал қайтарған үніміз
- •Қасым Қайсенов
- •Жұбан Молдағалиев
- •Тұрсынхан Әбдірахманова
- •Әзілхан Нұршайықов (1922 жылы туған)
- •Сафуан Шәймерденов
- •Сырбай Мәуленов
- •Мұзафар Әлімбаев (1923 жылы туған)
- •Тахауи Ахтанов
- •Әбдіжәміл Нұрпейісов (1924 жылы туған)
- •Бердібек Соқпақбаев
- •Сара Мыңжасарова
- •Шона Смаханұлы
- •Қуандық Шаңғытбаев
- •Нығмет Ғабдуллин
- •Ғафу Қайырбеков
- •Қалтай Мұхамеджанов
- •(1930 Жылы туған)
- •Мұқағали Мақатаев
- •Кәкімбек Салықов (1932 жылы туған)
- •Шерхан Мұртаза (1932 жылы туған)
- •(Әкім Тарази)
- •Әубәкіров Оспанхан
- •Сағи Жиенбаев
- •Ғаббас Қабышұлы (1935 жылы туған)
- •Жұмекен Нәжімеденов
- •Қадыр Мырза Әли
- •1935 Жылы туған
- •Рамазан Тоқтаров
- •Тұманбай Молдағалиев (1935 жылы туған)
- •Кеше үйленген араздасты екі жас,
- •Ысқақ Қалихан (1935 жылы туған)
- •Айтхожина Марфуға (1936 жылы туған)
- •Қабдеш Жұмаділов (1936 жылы өмірге келген)
- •Құмарова Шәрбану (1936 жылы туған)
- •Төлеген Айбергенов
- •Асқар Сүлейменов
- •Оразбек Сәрсенбай (1938 жылы туған)
- •Әбіш Кекілбаев (1939 жылы туған)
- •Фариза Оңғарсынова (1939 жылы туған)
- •Мұхтар Мағауин (1940 жылы туған)
- •Нұржекеев Бексұлтан (1941 жылы туған)
- •Дулат Исабеков (1942 жылы туған)
- •Дүкенбай Досжан (1942 жылы туған)
- •Мұхтар Шаханов (1942 жылы туған)
- •Софы Сматаев (1942 жылы туған)
- •(1942 Жылы туған)
- •Оралхан Бөкеев
- •Ақұштап Бақтыгереева (1944 жылы туған)
- •Жәркен Бөдешұлы (1944 жылы 15 мамырда туған)
- •Жұматай Жақыпбаев
- •Медетбек Темірхан (1945 жылы туған)
- •Тынымбай Нұрмағанбетов (1945 жылы туған)
- •Ахметова Күләш (1946 жылы туған)
- •Мырзабеков Кеңшілік
- •Шөмішбай Сариев (1946 жылы туған)
- •Нұрлан Оразалин (1947 жылы туған)
- •Оразбаев Иранбек (иран-ғайып) Әбітайұлы (1947 жылы туған)
- •Марат Қабанбайұлы
- •Несіпбек Айтұлы
- •Есдәулет Ұлықбек Оразбайұлы (1954 жылы туған)
- •Есенғали раушанов (1957 жылы туылған)
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
Софы Сматаев (1942 жылы туған)
Жазушы – халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты. “Құрмет” орденінің иегері. Қазақстан Республикасының бірнеше медалімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен марапатталған. Жезқазған, Балқаш қалалары, Ағадыр, Шет аудандарының құрметті азаматы.
1942 жылы 22-маусымда Қарағанды облысындағы Киік стансасында туған. Осы елді мекендегі орта мектепті бітіргеннен кейін 1959 жылы Қазақ мемлекеттік университетіне келіп, филология факультетіне оқуға түседі. Бірақ өзінің өмірдегі кәсіп таңдау жолындағы тағдырын басқа салада сынап көрмек болған жас жігіт бір жылдан кейін бұл оқуды тастап кетеді. Сөйтіп ол Мәскеудің Болат және қорытпалар институтына келіп, құжат тапсырады. Аталмыш оқу орынын бітіріп, инженер-металлург мамандығын алып шығады.
Алғашқы жылдары осы мамандағы бойынша Мәскеудің “Орақ пен балға”, Тула, Теміртау қалаларындағы металлургия зауыттарында, Қазақ КСР Ғылым академиясының Металлургия және кен байыту институтында түрлі қызметтер атқарды. Бірақ бойындағы әдебиетке деген құмарлық мазалап, тыным таптырмаған жас таланттың көңілі бәрібір қалам ұстап, шығармалар жазуға бұрыла береді. Металлургтық кәсібін тастап, әдебиетке біржола бет бұруы да шығармашылық өмірге деген осындай сүйіспеншіліктің әсері еді.
Содан 1978-1985 жылдары сол кездегі бірден бір республикалық әдеби-көркем журнал “Жұлдыздың” редакциясында жұмыс істейді. Әуелі проза бөлімінің әдеби қызметкері, одан кейін меңгерушісі лауазымына көтеріледі. Бұдан соң 1985-1988 жылдары Қазақстан КП Орталық Комитетінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1989-2005 жылдар аралығында Қазақ КСР Мемлекеттік Кітап палатасының (еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі атауы – Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы) бас директоры қызметінде болады.
Алғашқы кітабы — “Астана оттары” өлеңдер мен балладалардан құралған. Негізгі прозалық кітаптары — “Елім-ай” роман-трилогиясы, “Ақжелең”, “Бұлақ”, “Мәңгілік бастауыш”, “Біз құлмыз ба, кімбіз?” романдары мен “Алау”, “Алғашқы асу”, “Қайран жастық” әңгіме-повестері. Жазушының есімін қазақ оқырмандарына кеңінен танытқан алғашқы көлемді туындысы – “Елім-ай” романы. Араға жылдар салып, трилогия ретінде жазылған бұл туынды он сегізінші ғасырдағы қазақ халқының Жоңғар шапқыншылыығна қарсы ерлік күресі баяндалады. Романда сол бір қиын-қыстау замандарда азаттық үшін күресте халықтың алдыңғы қатарында жүріп, жұрт назарына іліккен айтулы тұлғалардан бастап, қарапайым халықтың қатардағы өкілдеріне дейін көрінген. Баяндаулар арқылы келтіріліп отыратын мінездеулер, лирикалық шегіністермен бірге логикалық қақтығыстар, әлеуметтік-психологиялық тартыстар – бұл көлемді туындыны жазуда пайдаланған негізгі көркемдік құралдар.
Бас қаһармандардың бірі Әділді жұртшылық көзіне түсірген – оның шешуші сәттегі тек көзсіз батырларға ғана тән өжет қимылы. С.Сматаев соғыс психологиясын суреттеуге шебер екендігін танытты. Әділ-Әбілмансұр-Абылайдың қиын-қыстау заманда қайраңда қайырлап қалған балықтай меңзең болған жұртын басқару жолындағы әрекеттері динамикалы суреттермен есте ақалады. Романда әділ Абылай қаһарлы көсем ғана емес, тік мінезді, ақылды көсем сипатында бейнеленген. Абылай бейнесін осындай күрделі психологиялық-әлеуметтік аспектілердің арасында көрсете отырып, жалпы алғанда жазушы замана тудырған ел басшысының күрделі бейнесін жасайды.
Романда қазақ қоғамының сол кезеңдегі жетекшілерінің бірі Әбілхайыр бейнесі де сомдалған. Оның күрделі қырының бірден ашылып, оқырман көз алдында күрделене түсетін тұстарының бірі – сол замандағы қазақ жұртының беткеұстар көрнекті тұлғаларының бірі Қазыбек бимен екеуінің пікір сайысы. Оның ұстанған бағыты айқын – басқа көсемдер келісе отырып, билік берсе, жоңғарларға қарсы соғысқа шығатыны анық, ал егер оған іштарлық жасаса, амал жоқ, әскерін жинап алып, өз еліне қарай бет түземек.
Сондай-ақ трилогиядағы қазақ халқының тарихында түрлі жағдайларда айтулы рөл атқарған бірсыпыра белгілі тұлғалардың бейнелері еске сақталатындай деңгейде. Атап айтқанда, олардың қатарында Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Дәулен, Жоламан, Жомарт, Елшібек, Сайрық сияқты батырлар, Қазыбек, Тілеуқұл сияқты билердің бейнелері бар.
Жазушы Жомарт батырдың азаттық соғысындағы ерліктеріне біраз тоқталған. Аз көрінсе де, оны романда айтылатын халық қаһармандарының бірі деп санасақ та, артық емес. Қазақ жұртының басқыншыларға қарсы қалайша табан тірей шайқасып, қандай ерліктер көрсеткенін осы батырдың тағдыры арқылы айқын түсінуге болады. Найман руының Садыр тармағынан шыққан бұл қарт батыр тосыннан келіп қалған жауға қарсы тайсалмай қарсы шығады. Шайқастың ең бір қызған тұсында жау әскерлері Жомартқа қапыда найза салғаны әсерлі суреттелген. Сонда жоңғарлар батырды найзаға шаншып, жоғары көтереді. Ажал алдындағы дұшпанның мазағына сөзбен тойтарыс беріп, әлі де болса, сендерден биік тұрмын дейтін белгілі сөзді айтқан осы Жомарт батыр дейді жазушы. Өзі ғана емес, әкесінің соңынан ерген тоғыз ұлдың барлығы да соңғы демі қалғанша ерлікпен шайқасып, түгелдей қаза табады. Былайша айтқанда, қатардағы жай бұқараның өзін былай қойғанда, бір батырдың бүкіл әулетімен қазаға ұшырауы және бәрінің де ерлікпен шайқас үстінде мерт болуы қазақ елінің басына қаншалықты ауыр зұлмат келгенін айқын көрсетеді.
Шығарма қаһармандары жайында сөз қозғаған кезде, қазақ жұртының көрнекті тұлғаларымен бірге халқымыздың ата жауы болған жоңғар қалмақтарының белгілі адамдарына да романда біраз орын берілгенін атап кету керек. Мысал үшін алғанда, құба қалмақтардың ханы Аюке, Қалдан-Серен, Сыбан-Рабдан, Шона Даба және т.б. белгілі тұлағларды жазушы суреттей отырып, олардың ішкі әлемін, рухани дүниелеріне де дендей енуге тырысады.
Қандай көркем шығарманың да табан тірейтін іргетасы тіл екендігі белгілі десек, “Елім-ай” өзге тақырыптас романдардың ішінен осы жағынан да ерекшелене алады. Бояуы қалың, бейнелі тіл оның көркемдік деңгейіне ажар беріп тұрғаны сөзсіз. Жазушы халық тілінің қалыптасқан нормасына тән көркем, айшықты тіркестер мен фразеологизмдерді молынан қолдана отырып, өз жанынан, енгізген қанатты, бейнелі сөздерді де жиі енгізіп отыруға тырысады.
Трилогиядағы көптеген оқиғалар мен эпизодтардың түп негізінде өмірлік факті жатқандығы жазушының тиісті деректер мен фактілерді зерттеп барып, романды тарихи негізге сүйену нәтижесінде жазғанын дәлелдесе керек.
С.Сматаевтың «Біз құлмыз ба, кімбіз?» атты романы Кеңес дәуіріндегі қала мен дала өмірін, замана тынысын әр қырынан суреттеп көрсетуді мақсат еткен. Шығарма сюжетіне арқау болған жағдайлар – Кеңес өкіметінің ыдырауына бірер жыл қалған кездегі адамдардың шиеленіске толы қилы тағдырлары. Социалистік дәуірдегі қоғамдық құрылыстың берік қалыптасқан құрылымын еске түсіретін көлемді шығармада сол кезеңге тән парторг, комсомол ұйымы, колхоз председателі, заводтың жұмысшылар комитеті, еңбек озаты және т.б. арнаулы қоғамдық өмір салалары тіршілігін танытатын сөздер ұшырасып отырады да, бұл сөздік егде оқырмандар үшін ғана сол дәуірдің жағдайын елестете алады.
Ресейдің бір өндіріс ошағында тәп-тәуір жұмыс істеп жүрген Балта есімді қазақ жігіті жас маман ретінде жерлестерінің назарына ілігіп, туған Қазақстанына қайтып оралады. Ресейдің жоғары оқу орнында алған білімі бойынша жұмысқа кіріскен оның алдынан өзі күтпеген түрлі оқиғалар шығады. Романның идеялық айтар ойы сол оқиғалардың социалистік заманның жарқын жақтарын емес, керісінше, осындай қоғамда өмір сүріп жатқан адамдардың бойында орнығып қалған теріс қылықтарын суреттеуге барып тіреледі. Өз мамандығын бір адамдай жақсы білетін әрі оған деген құлшынысы да зор Балта кездескен шырғалаңдар енді моральдық тұрғыдан басқаша сипат ала бастайды.
Жазушы сюжеттерді бірінен бірін сабақтастырып, дамытып отыруға елеулі мән берген, онысы көбінесе сәтті шығып та жатады. Алғашында қала мен ауылдағы екі басқа жағдай, екі түрлі адамдардың тағдырларының әрқайсысы бір біріне тәуелсіз өз беттерінше дамып келе жатады да, ақыры олардың логикалық тұрғыдан қиыса бастауы нанымды түрде қызықты шешімін табады.
Романда оқырманды елеңдетіп, қызықтырып әкететін сюжеттер, моральдық-әлеуметтік тартыстар баршылық. Жазушы тілінің құнарлылығы, қалыптасқан ұнасымды машығы танылады. Кейде ұсақ-түйектерді тәптіштеп, әлеуметтік-көркемдік салмағы жеңіл диалогтарды сағызша созып тұрып алатындықтан, романда шұбалаңқы беттер де бар. С.Сматаевтың «Біз құлмыз ба, кімбіз?» дүниесі адамдар арасындағы моральдық тартыстарды қызықты оқиғалар мен мінез қақтығыстары арқылы көрсетуді мақсат тұтқан қазақ романының кезекті бір үлгісі болып табылады.
Жазушының басқа прозалық шығармалары да, жоғарыда аттары аталып кеткен повестері айтар ойының айықындығымен, көркемдік бедерлерімен, тілдік қолданыстарындағы образдылық үлгілерімен ерекшеленіп отырады.
С.Сматаев өзінің қаламгерлік қабілетін басқа жанрларда да сынап көрді. Атап айтқанда, оның қаламынан “Жұмбақ қыз”, “Жамбыл”, “Жаяу Мұса”, “Айбибі-Нарбота”, “Бойдақтар” операларының либреттолары, “Сен кімсің?”, “Әзіл-әзәзәл”, “Жұлдызым менің жоғары”, “Тағдырлар”, “Алтын құндақ”, “Зар заман”, “Далам-ай – панам-ай”, “Қазақша кек қайтару”, “Қазақша көкірек керу”, “Көгілдір такси”, “Той үстінде топалаң”, т.б. пьесалары туған. “Аймаңдай”, “Біржанның соңғы жұлдызы” (реж. Т.Теменов), “Тағы да Еңлік-Кебек” (реж. Б.Шәріп) кинофильмдерінің сценарийлерін жазған.
С.Сматавев – көрнекті аудармашы ретінде де танылған қаламгер. Ол У. Шекспирдің “Юлий Цезарь” драмасын, венгр жазушысы И. Добозидің “Сейсенбіден бейсенбіге дейін” повесін, ұйғыр жазушысы Ю.Мухлисовтың “Садыр палуан” романын, Короленконың, В.Солоухиннің, Е.Исаевтың, П.Загребельныйдың әңгіме, өлеңдерін тәржімалаған.
“Елім-ай” романы, т.б. туындылары көптеген шетел тілдеріне аударылған.
Төлен Әбдіков
