Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
для МОСказ_2015.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

3. Экологиялық мониторинг бағдарламасын талдау

Жеке қала немесе ірі өнеркәсіп аймағындағы ауа бассейнін тазарту шараларын талқылау кезінде, кейде ауа кеңістігінің ластану жағдайын жете білу, белгілі бір ластану көзіне шалдыққыш заттар кездесуі мүмкін. Нормаларды талқылау кезінде бұрын бақылау жүргізілмеген қала аймағынан негізгі және кейбір ерекше зиянды заттардың таралуын білу, нормативтік талдау, есептеу кезінде жоғарғы концентрациялық дұрыстығын анықтау, өндірістен ауаға шығарылатын зиянды заттардың, ондағы зиянды қосылыстардың кейде жүздеген шақырым қашықтыққа дейін таралуы мүмкін екенін ескеру керек. Бұл үшін қаланы немесе өндірістік аймақты кешенді тексеру керек. Кешенді тексеру жүргізу үшін, аймақтық жалпы физика-географиялық сипаттамасымен, қаланың әр аймағындағы негізгі ластаушы көздермен танысу жұмыстары жүргізіледі. Бүл мәліметтер бойынша қаланың (өндіріс аймағының) атмосфералық ауасының жағдайына нақты мәлімет алып, кешенді бақылау мониторинг жұмысын басқару туралы бағдарлама жасақталады.

Бағдарламада мынадай жұмыстар қамтылуы керек:

  1. Өндірістен шығатын зиянды заттардың сипаттамасын анықтап білу (тексеру жүргізілетін мекеменің тізімі, тексерілетін заттардың тізімін анықтау, автомагистралдардан тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде тексеру жүргізу уақыты мен жиілігін белгілеу керек);

  2. Мезометрологиялық режимді зерттеу (карта - сызбадан бақылау жүргізілетін нүктелерді белгілеу, бақылау жүргізу барысында метеорологиялық параметрлерді жазып алу);

  3. Бақылау бағдарламасын анықтау: қаланың карта - сызбасында стационарлы бақылау бекеті мен қосымша бақылау нүктелерін белгілеу, бақыланатын зиянды заттардың тізбегін және бақылау уақытын белгілеу, факел асты бақылау жұмыстары жүргізілетін мекемелер тізбегі, арақашықтығы мен бақылау нүктелерінің санымен, уақытымен және анықталатын зиянды заттардың санын керсету керек;

  4. Қазақстан Республикасының Денсаулықсақтау министрлігінің жарлығымен шыққан медициналық - биологиялық анықтаманы қабылдай отырып, арнаулы жоба бойынша ауадағы зиянды заттардың елді мекендегі халықтық денсаулығына әсері қандай екенін анықтау.

Анықтау жұмыстары ауқымды бағдарлама бойыншажүруі керек, себебі қала аймағы ғана емес, оның шеткі аймақтарындағы да және қаладан жоғары биіктіктерден де бақылау жұмысын жүргізіп, оның қаланың немесе өндіріс аймағындағы тіршілікке әсері қандай екенін білу керек.

Егер қалада ауаның ластануына жүйелі түрде бақылау жасалса, онда пункттер нүктесі репер деп есептеледі, себебі ұзақуақыт бақылау жүрген және зиянды заттардың мелшерінің ауытқуларын байқайтын мүмкіншілігі бар бақылау мезгілінде бақылау бекеттер желісі анағұрлым кеңіп, тығызданады (бір стационарлық бақылау бекеті 0,5 - 5 км аралығында). Бақылау жүмыстарының мақсатына байланысты бақылау бекеттері қозғалысы көп көшелер қиылысында, ірі автомагистралды жолдар маңында, ірі өнеркәсіп мекемелері мен әртүрлі қашықтықта немесе өнеркәсіп аймақтарында, желдің бағытына байланысты әртүрлі үлгідегі мекен жайға қарай ^ағытталған, демалу орындарында, мектептер мен бала бақшалар аймақтарында, тегіс және ойпат жерлерде, метеостанция маңында орналастыруға болады. Іріктеліп алынған нүктелер (бақылау бекеттері) тегіс, шаңы аз жерлерде орналасуы керек. Қаланың қоршаған ортаға әсерін білу үшін қаладан 1- 3 шақырым қашыкдықта желге қарсы және 2- 5 шақырым қашықтықта ық жақтан бақылау бекетін орналастыру керек.

Бақылау жұмыстарын жер бетінен әртүрлі арақашықтықта, соның ішінде телевизиялық мачтіні тік ұшақтар көмегімен атмосфералық ауаны бақылау жұмыстары, ауа сынамасын алуға рұқсат етілген.

Стационарлық және маршруттың бақылау бекеттерінде бақылау жүргізу уақыты жұмыс бағдарламасында ескертіледі. Үлкен көлемді бекеттер қосымша жұмыс күші мен техниканы керек етеді. Сондықтан ластануды зерттеуді қаланың жеке аймақтарында біртіндеп жүргізуге болады. Бұндай жағдай стационарлық бақылау бекетінде бақылау күнделікті, ал қаланың жеке аймақтарындағы жанама немесе қосымша бақылау бекеттерінде жылына екі рет, екі айдан -жылдың салқын және жылы мезгілінде жүргізуге болады. Қаладағы өнеркәсіп орындарының шоғырлануына байланысты қаланы бірнеше бөлікке бөліп қарастырады. Әр бөлікке шамамен стационарлық бақылау бекеті мен 4-6 қосымша бекеттер орналасуы керек. Стационарлык, бақылау бекеттерінде бақылау жұмыстары жылдың барлық мезгілінде бекітілген стандартты бағдарлама бойынша, ал қосымша бекеттер- әртүрлі мезгілдерде (маусым - желтоқсан, шілде - қаңтар, тамыз - ақпан айларында) жүргізіледі.

Егер бақылау жұмыстары 2 жылдан ұзақ уақытқа созылса, онда бақылау жүргізу айларын өзгерткені дұрыс.

Бақылау бағдарламасына кешенді зерттеулерге 1 жыл немесе 2-3 жыл уақыт аралығы жеткілікті.

Атмосфералық ауаны бақылау кезінде одан нақты мәлімет алу үшін жылына бір зиянды қосылысқа бір жерден 200-ден кем емес, ал өнеркәсіптен бірдей қашықтықта 50-ден кем емесбақылау жұмыстары жүргізілуі керек.

Бағдарламада жалпы қорытынды мен қорытындыға талдау беру мезгілі көрсетілуі керек.

Ауа кеңістігінің ластану деңгейін зерттеу кешенді түрде оған мүдделі мекемелермен бірлесе отырып, соның ішінде УГМ, СЭС, мамандандырылған ҒЗИ, геология - топырақтану бағытындағы мекемелер, кәсіпорындармен; медициналық - биологиялық бағыттағы мамандармен бірлесе отырып жүргізу керек. Бағдарламада әрбір мекеменің атқаратын жұмысын нақты айту керек. Жұмысты жалпы координациялау жергілікті органдардың шешімімен арнайы комиссия құрып, құрал-жабдықтарға тапсырыс беруге, бақылау жұмыстары кезінде мекен-жай мәселесін шешуге, құрал-жабдықтар мен қондырғылардың күзетін қамтамасыз етуге көмектесуі тиісті.

Өндірістен желдің бағытымен шыққан зиянды заттардың жоғарғы мөлшерін (концентрациясын) анықтау үшін, сонымен қатар қаланың әр аймағында орналасқан өнеркәсіп тұрбаларынан шыққан зиянды заттардың ауаға желдің бағытымен таралу аймағын факель асты (подфакельный) бақылау арқылы, яғни, факель осі бойымен өлшеу.

Факель асты бақылау жумыстары желдің бағытына байланысты өзгеріп отырады. Факель асты бақылау жумыстары - жеке турған ластаушы көзбен, бір топ ластаушы көзге бақылау жумыстарын жасай алады.

Факель асты бақылау жумыстары 0,5; 1; 2; 3; 6; 8; 10; 15 жэне 30 шақырым аралықтарында жургізіледі. Бұл бақылау кезінде жақын ара - қашықтықтан шыққан зиянды қосылыс - ауаның жерге жақын және уйымдаспаған ластаушы көзімен ластанғанын, ал узақ қашықтықтағы - ауаның жерге жақын, уйымдаспаған ластаушы көзімен және биік турбалардан шыққан зиянды қосылыстармен ластанғанын көрсетеді.

Факель асты бақылау орталық (остік) нуктеден басталып, остік бағытымен жан-жаққа, оңға және солға, перпендикуляр осі бойынша алынады. Бақылау нүктелерінің ара-қашықтығы факельдің еніне байланысты және факель алыстаған сайын ол кеңуі мүмкін, шамамен 50-ден 300-400 метргедейін.

Мекеме факелінің әртүрлі қашықтықта эсер ету аймағына бақылау жүргізу, факель бойымен зиянды қосылыстардыңтаралуын бақылауға және одан толық мәлімет алуға көмектеседі. Егер факельдің таралу бағыты өзгерсө, бақылау оның таралу аймағына ауысады.

Ластаушы заттардыңжоғарғы мөлшері көбінесе орташа биіктіктегі 10-40 ара-қашықтығындағы турбалар маңына бақылау жумыстарын жүргізіп білуге болады. Бақылау жұмыстары өндіріс орнының өзіне тән заттарына және әрбір зиянды қосылыстан бірдей қашықтықта шамамен 50 -дей анықталатын зат болуы керек.

Факель асты бақылау жасаған кезде ең маңызды жумыстың белігі, ол факельдің бағытын табу және сынама алу нүктелерін анықтау, Факельдің бағыты н түтін бағытымен көзбен шамалайды. Егер турбадан түтін байқалмаса, онда желдің бағытымен немесе шарды ушыру арқылы шамалайды.

Факель асты бақылау жумыстары 1,5 - 3,5 м биіктікте стационарлық бекетте бақылау жүргізу әдісіне сәйкесті жургізіледі. Тәуліктің әрбір сағатындағы жоғарғы концентрацияныңтаралуын білу ушін, факель асты бақылауды стационарлықжәне маршрутты бекеттердегі бақылау сияқты белгілі бір уақытта жүргізеді.

Автокөліктен шыкдан зиянды заттарды анықтау ауаның ластану деңгейін анықтаумен бірге, ал кейде белек те жургізуге болады. Автомагистральдағы және сол маңдағы турғын үйлер маңындағы атмосфералық ауаның жағдайын бағалау, автокөліктен шыққан тутіннің қурамындағы зиянды заттардың құрамына қарай (көміртотығы, көмірсутек, азоттыңтотықтары, акролеин, формальдегид, қорғасын қоспалары), сонымен қатар заттардың фотохимиялық айнзлысқа түсуінен де болуы мүмкін (озон және т.б.).

Автокөліктен шыққан зиянды заттардың ауаны ластаудағы ерекшелігін анықтау үшін арнайы бақылаулар ұйымдастырылып, нәтижесінде мыналар анықталады:

  • автомагистраль аймағындағы автокөліктен шыққан негізгі зиянды заттардың жоғарғы концентрациясы және әртүрліметеожағдайжәне көліктің қозғалысжиілігіне байланысты;

  • автомагистральдан қашықтаған сайын зиянды заттардың таралу шекарасы мен сипаттамасы;

  • автомагистральға жақын орналасқан әртүрлі типтегі түрмыстық үйлер мен жасыл желектерге зиянды заттардың таралуы;

  • қала көшелерінен автокөлік ағымының таралу ерекшелігі,

Бақылау жұмысы аптаның барлық күндеріндө күнделікті 6-дан

13-ке дейін немесе сағат 2-ден 21 сағаттарға дейін, таңертеңгі және күндізгі мезгілдерді алмастырып жүргізеді. Түнгі уақыттағы бақылау аптасына бір - екі рет жүргізіледі. Бақылау нүктелерін қаланың автокөлік көп жүретін көшелері мен автокеліктің бағдаршамға тоқтаған кезінде олардан ауаға зиянды қосылыстардың көп бүлінетінін ескере отырып, осындай жерлерге жақын маңға орналастыру қарастырылады.

Құрал-жабдықтарды жол жиегіне, бөлу жолағының ортасына, жолдың жиегіне - бір жақты қозғалатын автокөлік жолының адам жүретін белігінің жарты еніне орналастырады. Автомагистральдан қашықтау орналасқан бақылау бекеті үй қабырғасынан шамамен 0,5 м қашықтықта болуы керек. Автомагистральды кесіп ететін көшелерде бақылау бекеттері жол жиегінде және автомагистраль енінен 0,5; 2; 3 есе асатын ара-қашықтықта орналасады.

Қозғалыстыңжиілігін жүріл еткен келіктүрімен анықтайды. Кәлік түрі бес негізгі категорияға бөлінеді: жеңіл және ауыр автокөлік, автобустар, дизельді автокөлік және автобустар, мотоциклдер. 2-3 апта күн сайын сағат 3 - 6 - дан 21-23 сағаттар арасында, ал транзиттік автомагистральдарда - бір тәул ікте жүріп еткен көлікті санау арқылы есептеледі. Жүріп өткен автокөліктің санын әрбір 20 минут сайын санау арқылы жүргізіледі.Автокөліктің орташа жылдамдығын автомагистральдан 0,5-1,0 кмжүріпөткенавтокөліктіңспидометрінің көрсеткіші арқылы анықтаймыз. Бақылау нәтижесінде автокөліктің қозғалу жылдамдығының жиілігінің орташа көрсеткішін есептейміз.