Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
для МОСказ_2015.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

5.2. Фондық экологиялық мониторинг

Фондық (базалық) мониторинг дегеніміз, Н.Ф. Реймерстің айтуы бойынша - бұл жалпы биосфералық бақылау, соның ішінде табиғат құбылыстарына аймақтық антропогендік қүбылыстардың эсер етуі. Жаңа ғылыми әдебиеттерде «фондық мониторинг» деген термин жиі кездеседі. Керісінше «базалық мониторинг» термині сирек кездеседі.

«Фон»деген - бұл үлкен көлемдегі аймақтық және жергілікті тербелістерден туратын биосфераның қалыпты жағдайы екенін естен шығармау керек. Ортаның ластанудеңгейін көрсетіп туратын сияқты, «фон» сол есептеудің бастапқы сатысы (Селезнев, 1980 ж.).

КеңестерОдағында фондық мониторинг биосфералық қорықтар негізінде құрылып, мынадай тарауларды қамтыды:

  • қоршаған табиғи ортаның мониторингісі және тағы басқа антропогендік әсердің факторлары;

  • биотаның антропогендік әсерге жауабы, соның ішінде ластанудың фондықдеңгейі;

  • пайдаланбаған табиғи экожүйелердің функциялық және қурылымдық сипаттамасына және олардың антропогендік модификациясына бақылау.

Бұл жағдайда еске устайтын мәселе -табиғаттың ластануы және басқа антропогендік әсерлердің ғаламдық (фондық) деңгейде жүретіндігі. Фондық мониторинг бақылау станцияларын орналастыру мынадай жағдайларға байланысты (Манн, 1980 ж.):

  1. Жергілікті ластану көзінің есері (10 км шамасында) болмауы керек;

  2. Сынама алу ағаштар жоқ жерден жоғары бөлігінде алыну керек;

  3. Барлық зонаға бул бөлік тиімді болу керек;

  4. Мүмкіндігінше 400 м-дей біркелкі өсімдіктердің өскен кесінді жерден.

Фондық станцияларда қоршаған орта жағдайына бақылау жүргізуде

басты мақсаттардың бірі, ол бақылаудың жүйелілігі мен жинақтылығы. Сонымен қатар бақылау белгілі бір мезгілділік пен ауаның ластануын, топырақ-өсімдік жабындысын, жер беті суларын, актинометрлік, метеорологиялық, гидрологиялық және геофизикалық параметрлермен қатарбиологиялык, бақылаулар мен зерттеулержүргізеді (Ровинский және басқалар).

Сонымен қатар, фондық бақылаудың мақсаты текғаламдық бақылау жағдайда сипаттала түседі (Израэль, Ровинский, Филиппова, 1987 ж.).

Осыған байланысты фондық мониторинг станцияларын орналастыру ЮНЕСКО «Адам жэне биосфера» (МАБ) жобасына кіретін халықаралық биосфера жүйесінің биосфералық қорықтарда орналасуы таңдалған. Дж. Франклиннің және т.б. оқымыстылардың шешімі бойынша, фондық мониторинге таңдалып алынған биосфералық қорықтар мынадай талаптарға сай келуі керек:

    1. Бул аймақтық үзақ мерзім қорғалуы керекжәне көзге түспейтін антропогендік әсерлердің болмауы.

    2. Территория аймағының МАБ жобасы бойынша ғылыми - зерттеу жумыстарын жасауға мүмкіндік туғызуы.

    3. Мүмкіндігінше бундай биосфералық қорықтар узак, уақыт бақылануы және экожүйедегі ресурстар жағдайын бақылап отыру.

    4. Мүмкіндігінше тағы да уйымдасқан ауа райы, жауын-шашын мен атмосфераның ластануына уйымдасқан бақылау жумыстары немесе осындай мониторинг жумыстарын алдағы уақытта жүргізуге жағдай жасау.

Фондық мониторинг жобасы мыналардан тұрады:

  • орта жағдайы туралы геофизикалықжәне физика-географиялық бақылаулар арқылы мәлімет алу;

  • зиянды заттардың көшуі (миграциясы) мен айналысқа түсуі, құрамын бақылау және зерттеу;

  • жеке лопуляциялармен, экожүйе жене биосфера қоршаған орта факторына қарсы жауабын бақылау және зерттеу (Израэль, Ровинский, Филиппова, 1987 ж.).

Бұл бағдарлама барлык, ортаны: ауаны, атмосфералық жауын- шашынды, жер усті және жер асты суларын, топырақты, биотаны қамтуы керек.

6-кесте. Абиотикалык, қүрамды орта биосералык, қорықтардың фондық

мониторинг бағдарламасы

Орта

Ластаушы заттар және олардың сипаттамасы

Бақылау жиілігі

Атмосфера

Өлшенетін белшектер, атмо- сфераның бұлдырлануы, озон, күкіртті газ, сульфаттар, көміртек тотығы, кәміртегінің қос тотығы, азот тотығы, кәмірсутектер, 3,4-бенз(а)пирен, ДДТ және басқа хлорорганикалық қосылыстар, қорғасын, сынап, кадмий, мышьяк

Бір тәуліктен бес тәулікке дейін

Атмосфера- лык, жауын- шашындар (осадки) және қырау, шық, т.б. (выпаде­ния), қар жабындысы

Қорғасын, сынап, кадмий, мышьяк, ДДТ, 3, 4 -бенз(а)пирен, BMO жобасы бойынша аниондар жэне . катиондар

Сандык, талдау жасау үшін жауын шашынды керегінше - декадада, айына бір рет. Қырау, шық, т.б. - айына бір рет. Қар жабындысын жылына бір рет (кәктемдегі қар еру алдында)

Жер үсті және жер асты су- лары, су асты топырағы және взвеси

Қорғасын, сынап, метил - сынап, кадмий, мышьяк, ДДТ, 3,4- бенз(а)пирен, биогендік элементтер

Гидрогеологи ялык, период кезінде (үш рет көктемгі су келу, бір рет жазда, бір рет күзгі су көтерілу кезінде, бір рет қыста су қатқан уақытта)

Топырақ

Қорғасын, сьінап, мышьяк, ДДТ, 3,4- бенз(а)пирен, биогендік элементтер

Жылына бір-екі рет. Репрезентативтік жерлер- де тік айырылыстан

Биота

Қорғасын, сынап, мышьяк, ДДТ, 3,4- бенз(а)пирен, биогендік элементтер

Жылына екі рет


Абиотикалық құраушы ортаның фондық мониторинг бағдарламасына қарағанда биологиялық мониторингбағдарламасы нақты талқыланбаған. Бұдан шығудың жолын әртүрлі зерттеушілер әрқилы шешу жолдарын ұсынады. Биологиялық мониторинг арнаулы тарауда айтылады.

6-кестеде биосфералық қорықтарда бақылау жүргізуге тиісті абиотикалық орта көрсеткішінің тізімі берілген (Израэль, Ровинский, Филиппова бойынша, 1987 ж.).

6-тарау. МОНИТОРИНГ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖАСАУ ЖЭНЕ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕУ

Қалада немесе елді мекендегі ауаның ластану деңгейін (10-сурет) бақылау 17.2.3,01-86 ГОСТ-тысьі «Табиғатты қорғау. Атмосфера. Елді мекендердегі ауаның сапасын бақылау заңы» бойынша жүргізіледі. Атмосфераның ластану деңгейі бақылау бекеттерінде жүреді.

Экономикальқ шьғьнның бағасы

6-сурет. Қоршаған ортаның ластануының жалпы кескіні 1-5 - эсер ету және үндестігі; А- процессер деңгейі; Б- бақылау мен коррекциялау деңгейі; В - бағалау деңгейі мен шешім қабылдау; Г - нормативтер деңгейі. Практикалык, бағыттаудың минималдық контуры ашык, стрелкамен белгіленген.

Бақылау бекеті құралдармен жабдықталған павильон немесе автокөлік орналасқан ашық жер болып табылады.

Бақылау бекеті 3 категория бойынша орналастырылады: Стационарлық (турақты), маршрутты, жылжымалы (факель маңы).

Стационарлық бақылау бекеті ауадағы зиянды қосылыстардан үздіксіз отбор алып немесе ауа отборын үздіксіз келесі анализге алуға негізделген. Стационарлық бақылау бекеттерінің ішінен бір постыны негізгі бақылау бекеті деп белгілейді. Бұл негізгі және өте көп тараған зиянды заттар мөлшерінің ұзақ уақыт аралығында өзгеруін бақылауға арналған.

Стационарлық бақылау бекетін орналастыруға мүмкіншілік болмаған жағдайда маршрутты бақылау арқылы жеке аймақтардың атмосфералық ауасының құрамындағы зиянды қосылыстардан отбор алу үшін орналастырады.

Жылжымалы немесе факель маңын бақылау өнеркәсіп тұрбаларынан шыққан зиянды заттардың қоршаған ортаға әсерін білу үшін жургізіледі.

Атмосфералық ауаның жағдайын бақылауда көбінесе бақылау бекеттерінің қалада дұрыс орналасуы үлкен эсер етеді. Бақылау бекетін орналастырғанда, алдымен қандай мәлімет керек екенін білу керек. Мыс. қаланың ауасының ластану мөлшері ме, әлде белгілі бір нүктедегі өнеркәсіптен шыққан зиянды заттардың, ірі автомагистралдың ластану шамасын білу ме.

Әрбір бақылау бекеті категориясына қарамастан ашық, асфальт немесе шаңсыз, қатты, жан-жағы ашық жерге орналастырылады.

Стационарлык, жэне маршрутты бақылау бекеттерін алдын ала зерттеу барысында, өнеркәсіптен шыққан зиянды қосылыстардың қаланың ауа бассейніне, автокөліктен шыққан зиянды заттар, тұрмыстық және басқа ластаушылар көзінің және метеорологиялық жағдайды зерттеу, эпизодттық бақылау арқылы зиянды қосылыстардың мэлшерін, зиянды заттардың ең жоғарғы концентрациясын есептеу жүргізген соң орналастырылады. Бул жағдайда қала үстіндегі желдің бағытының қайталануын ескерген жөн.

Факель маңын бақылау жумыстарын жүргізген кезде сынама алу орнын зиянды қосылыстардың жоғарғы мөлшердегі концентрациясын алу мақсатында, СҚЗ (санитарлы қорғаныс зонасы)-нан 0,5, 1,2,3 ... 10 км тұрбаның ық жағынан алу ескеріледі.

Стационарлық бақылау бекетінде бақылау жумысы 4 бағдарламаның бірімен жургізіледі: Толық (Т), толық емес (ТЕ), қысқартылған (Қ), тәуліктік (Тә).

Будан басқа ауыспалы график бойынша 7, 10, 13 сағаттарда сейсенбі, бейсенбі, жума және 16,19,22 сағаттарда дүйсенбі, сәрсенбі, жума күндерді алуға болады. Ауыспалы график бойынша алу толық емесжәне қысқартылған бағдарлама бойынша, сонымен қатар разовой (бір реттік) концентрация алу үшін мүмкіндік береді.

Барлық бағдарламалар ауадағы зиянды қосылыстардың орташа айлық, орташа жылдық, ұзақ мерзімдегі орташа концентрациясын білу үшін қажет.

Стационарлық, маршруттың және факель астылық бақылау кезінде алынатын заттардың тізімі далаға шығарылатын заттардың қурамы мен зиянды қосылыстардың метеорологиялық жағдайға байланысты таралуына қарай іріктеледі. Зиянды заттарды таңдау принципі және басымды заттардың тізімі ауаны пайдалану (АП) параметріне негізделген:

М{ Mf

Нақты АПі=— және қажетті ^П = ,

чі П>ЦКШІ

бунда М. - қала территориясында орналасқан барлық ластаушы көздердің /- зиянды қосылысының жалпы шығарылысының қосындысы; q] - бақылаудан кейінгі немесе мәлімет бойынша белгіленген концентрация.

Зиянды заттардың орташа немесе максимальды концентрациям лақтырылыс кезінде шығарылған зиянды қосылыстардың орташа тәуліктік ПДСо.т. немесе максимальды бір реттік ПДКм.р. асатындығын белгілейді. Егер АПТ. > АП. болса, онда күткен ауадағы зиянды қосыл ыстар ПДК-ға тең немесе одан асуы мүмкін, сондықтан /- зиянды қосылыс бақылануы керек.

Өндірістік сулар (сточные воды) - өндірістен шыққан шайынды, қалдық сулар мен атмосфералық жауын-шашын сулары. Булардың қурамында әртүрлі органикалық емесжәне органикалық компоненттер бар, олардың қаншалықты екенін химиялық, биологиялық тазартулардан кейін де анықтау мүмкін емес. Әнеркәсіптің әрбір цехтарынан қосылған сулар өз арасында жаңа химиялық қосылыстар түзеді. Лас суларды хлорланғанда органикалық, органикалық емес қурамында хлоры бар қосылыстар түзеді. Өндірістік сулар турмыстық - шаруашылық сулармен қосылса, оларды биологиялықтазартудан өткізеді.

Жер бетіндегі су нысаналарының сапасын анықтауда, барлық нормативті қужаттар бойынша, табиғи сулар да, оған қуйылатын әртүрлі өнеркәсіптен шыққан сулардың қурамы үздіксіз химиялық бақылаудан өтуі керек. Сондықтан жаңа әндіріс орны ашылғанда немесе жаңа технологиялық процестерді енгізген кезде, тіпті технологиялық процестер кезіндегі шамалы өзгерістерге байланысты ендірістік сулар қурамында езгерістер байқалады. Оларды алдынала тексеруден өткізу қажет.

Аналиттік әдіске белгіленген үш негізгі талап - сезімталдық, нақтылық, селективті. Суға талдау жасаған кезде ең негізгісі - селективті.

Өндірістік сулардың құрамындағы органикалық емес қосылыстарды анықтау үшін фотометриялық, атомдық-абсорбциялық спектрометрия және пламенно (жалынды) - эмиссиндық спектрометрия әдістері қолданылады.

Фотометрия л ық әдіс талдау жасалатын ерітіндіге реактив құйғасын өндірістік судың белгілі бір туске боялып, оның бойынан жарық сәулесінің өтуіне негізделген.

Атомдық - абсорбциялық спектрометрия әдісі ауада кездесетін газ атомдарының ультракулгін сәулелерін сіңіруге негізделген. Сынамаларды біртіндеп газ күйге айналдыру үшін сынаманы жалынға түтік арқылы жібереді Әрбір анықталатын металдың өзіндік спектралды лампасы болады. Лампада элементтің аты, аналиттік сызығы немесе толқын ұзындығы (нм), ток мөлшері (мА) көрсетіледі.

Атомды-абсорбциялаудың (сіңірудің) жалынды - эмиссиялық спектрометрден айырмашылығы - соңғы әдіс жалыннан бөлінген қозғалғыш атом сәулелерін өлшеуге негізделсе, ал атомды сіңіру, яғни атомды - абсорбциялық әдіс жалындағы нейтралды қозғалғыш емес (қозғалмайтын) сіңірілген атом сәулелерін өлшеуге негізделген,,

Өндірістік судағы органикал ық заттарды анықтау - соңғы жылдарда қарқынмен дамып келе жатқан аналиттік химияның саласы. Ол екі бағытта жүргізіледі.

Віріншісі - анықтайтын заттардың әрқайсысының жеке анықтау әдісін іздестіру. Бұл мақсаттағы қиындықтарды шешу-таза табиғи сулардың құрамындағы органикалық заттардың мөлшерін анықтаудан басталады. Қазіргі кезде бул мақсат негізінде аналитиктер жоғарғы жетістікгерге жетуде, яғни кейбір аналитиктердің пайымдауынша, 10~12 г/л дейін сандық мөлшерін анықтауға мумкіншілік бар. Бұндай жетістіктерге жету әртурлі хроматографтардың (газсұйықтық, сұйықтық, жұқа қабықты т.б) іске асырылады.

Екінші бағытта - өндірістік қалдық сулардың құрамындағы жеке компоненттерді, сондай-ақ органикалық заггардың әр тобының жалпы мелшерін анықтауда тиімді әдістерді дамыту.

6.1. Атмосфералық ауаның мониторингісі

Ауадағы кептеген зиянды қосылыстардың концентрациясын зертханалық жолмен анықтайды, Ауадан сынама алу аспиратор Құралы әлде бір келемдегі атмосфералық ауадағы зиянды заттарды сұйық немесе қатты сорбент (сіңіргіш) құралы (поглотительный) арқылы немесе аэрозольдікфильтрлер арқылы атмосферадан аулау жүреді. Ауадағы анықталатын үлкен көлемдегі қосылыс сорбентте немесе фильтр шағын көлемімен концентрацияланады. Отбор алыну кезіндегі ауаның шығымы мен сіңіру құралы арқылы сорғызу уақыты, сіңіру құралыныңтүрімен, анықталатын затқа байланысты.

Ауадағы зиянды қосылыстарды анықтау мынадай уақыттарда алынады: бір реттік - үзақтығы 20-30 мин, дискреттік- бір сіңіру қуралында немесе фильтрде белгілі бір уақыт аралығында бір тәулікте бірнеше (3 - 8) сынама алу, тәуліктік- бір тәулікте сіңіру құралы мен фильтрге үздіксіз отбора алу.

Атмосфералық ауадан отбор алу құралдармен жабдықталған және ауадан үздіксіз отбор алуға негізделген автоматтандырылған газоанализатор қүралы бар стационарлық немесе жылжымалы бақылау бекеттерінде жургізіледі. Ауадан сынама алумен қатар желдің жылдамдығы мен бағыты, температура, атмосфералық қысым, ауа райының жағдайы мен жер бетіндегі қүбылыстар жазылып алынады.

Ауаның қурамынан шаңды анықтау кезінде изокинетикалық жағдай жүреді, яғни фильтрден жүріп өткен ауаның жылдамдығы желдің ағысына тең болуы керек. Сынама алу кезінде фильтр ұстағыштағы фильтр жел ағысына.қарсы турады. Шаңға өте шаңданған жерден тәуліктік отбор алу, оның 5 мг/см2-ға тең шаң көлемінен асуы мүмкін (барлық фильтрге 200 мг). Бул жағдайда циклді отбор алуға кешу керек.

Сіңіру қүралы арқылы өткен ауаның көлемі фильтр устағыш пен ауа соратын түтікшелердің герметикалығына байланысты. Ауа жүріп өтетін жүйе ай сайын тазаланып отырады. Ауадан отбор алу кезінде электроаспиратордың кернеулігі 220 В қурайды.

Ауадан сынама алу сыртқы ауа температурасы -30-дан +50°С аралығында алынады.

Ауа соратын тутікшелерді айына бір рет сабынды сумен, одан кейін таза сумен, одан сон, спиртпен шайып туру керек. Тазаланып болған түтіктер жүйесін 20 мин ауамен үрлеп сорықтырады. Бұндай тазалау жумыстарын бақылау бекеттеріндегі журналға жазып отырады.

Ауаны соратын түтікшенің ең жоғарғы басындағы жауын-шашыннан, тікелей шаңнан қорғап тұратын қалпақшаны бір айда үш рет шаңынан тазартады.

Электроаспиратордың (11 -сурет) ротометрін сіңіруші (поглотительный) және сіңіргіш (пропитывающий) ерітінділердің тамшысынан сақтау үшін штуцерге мақта мен ұнтақтығы 0,5 - 4 мм силикагел толтырылған патронды кигіземіз.

Электроаспираторлардың ротометрлерінің градировкасын ай сайын жүргізеді.

Ауа соратын тутікшелерді алған соң, штуцердің гребенкасы нықтап жабылу керек.

Сіңіргіш құралдар гребенкаға резина түтікшелер арқылы өте тығыз бекітілуі керек. Сіңіру құралдарына дейінгі барлық түтікшелер тек фторопластан немесе шыныдан жасалған түтікшелермен жалғасуы қажет. Бұлардың орнына хлорвинил, полиэтилен, т.б, пластмассалар немесе резиналарды пайдалануға болмайды.

11-сурөт. Аспиратордың алдыңғьі беті: 1 - электр жүйесімен қосылатын жері; 2 - сак,тағыштық (предохранитель) үяшығы;

3 - аппаратты қосу жәнө айыру тумблері; 4 - жеңілдетілген (разгрузочный) клапан; 5 - ротомөтр;

  1. - ротометр вентилінің ұстағышы;

  2. - винт (аппараттың бетін сыртқы бетімен ұстап тұру үшін);

  3. - штуцер

Далалық жерде ауадан отбор алу автозертхананың көмегімен жүреді. Бұл жағдайда аудан отбор алу ушін:

- құралдар мен құрал-саймандардың тұйықтандыруға (заземлениеге) қосып және зертхананы тұйықтандыру керек, ол үшін автокөліктің оң жағынан сыртқа тұйықтандыру штырын алып, жерге кіргіземіз;

-автозертхананы жақын маңдағы тұрғын үйлердің электр желісіне қосамыз. Электр кабелінің жолдан қиып өткен жерлеріне журуге болмайды деген белгі қою;

Егер ауадан сынама алу нүктесінде электр желісі болмаса, онда сынаманы аккумулятордың көмегімен жүретін аспираторға (ЭА-1А) қосамыз. Ол үшін сыртқа үш аяқты орындықты қойып, үстіне аспираторды орналастырамыз.

Ауадан сынаманы сорғыш түтікшелер (СТ) арқылы алса, оларды S -тәрізді түтікшеге резина муфталар арқылы кигіземіз. СТ гребенкіге тікелей қосуға болмайды. Ауа жүретін резина түтікшелерінің жалпы ұзындығы 10 мм аспауы керек. S - тәрізді түтікшенің сіңіргіш реактивтермен бүлінуден сақтау керек. Түтікшелер және қосқыш муфталар апта сайын химиялық зертханада жуылып, тазалануы қажет.

Ауадан бақылау жұмыстарын жүргізген кезде СТ вертикальды бағытта, сорғыш қабаты беті төменге қаратып, сырттан сорған ауа сорғыш бетін төменнен жоғарыға қарай өту керек. СТ электраспираторға қоспасбұрын қатты бетте жатқан фильтрлік қағазға соғып аламыз, себебі СТ ішіндегі пропитка тығыздалуы үшін,

Отбор алған кезде күкіртті сутек, күкірт тотығы, күкіртті көміртегі сынамаларының жарықта турақсыз екенін ескеріп, жарық түспес үшін қара қағазбен жауып қоямыз.

Ауадан сутекті фтор сынамасын алған кезде ауа жүретін тутікшелер тек қана фторопластан жасалған болуы керек.

Отбор алып болған соң СТ екі жағын бекітіп, термосқа салып, зертханаға алып келеміз. Әсіресе аммиак пен азоттың тотығына алған сынама өте муқият жабылуы керек. Күкірт қос тотығы, күкіртті көміртегі және күкірттісутек сынамалары отбора алған кезде жарықтан қорғағандай, оны кезінде де жарықтан қорғау керек. 25°С жоғары температурада күкіртті көміртегі мен күкірттің қос тотығын бірден тоңазытқышқа салып, ал ол болмаған жағдайда мұз салынған аузы кең термосқа салып сақтайды.

Зертханада бақылау жумыстары 15150-69 ГОСТ-ты бойынша жүргізу үшін мынандай шарт сақталуы керек: ауа температурасы (20±10) °С;

атмосфералық қысым 84 - 106,7 кПа (600 - 800 мм рт.ст.); ауаның ылғалдылығы 25°С температурада 80%кемболмау керек. Атмосфералық ауадағы анықталатын заттардың концентрациясының салыстырмалы жиынтық айырмашылығы 17.2.4.02-81 ГОСТ-сі бойынша ±25% болуы керек.

Ауадағы зиянды қосылыстардың салыстырмалы концентрациясының көлемін білу үшін, талдауға алынған ауаның көлемін қалыпты жағдайға келтіру керек: температурада t=0 °С (Т0= 273 К), ал қысымда Р0=760 мм рт.ст. (101,3 кПа) тең. Есептеу мына формула бойынша жүреді

Т Р PV

V0 = ^ и(т7 - г,) = К и(т2 - тх) (1)

Р0(273 + /) ' 273 +1 2

бунда VQ - қалыпты жағдайға келтірген ауа сынамасының келемі, дм3; и - сынама алған кездегі кеткен ауа, дм3/мин; І/-отбор алынған кездегі ауаның келемі, дм3; /-ротаметр немесе есептегіштегі (тек

сырттаемес)ауакіретінжеріндегітемпература,°С; т2 -rj-сынаманы

алғандағы бастапқы және соңғы уақыт;Р- ауа сынамасын алған кездегі ауаның қысымы, кПа немесе мм.рт.ст.; К - есептеу коэффициент (Р кПа К=2,7, ал Р елшеу кезінде болса, онда мм.рт.ст. К=0,358).

Ауа сынамасын қалыгггы жағдайға келтіру үшін мынадай жай формуланы да пайдалануға болады:

V0 = K1V (2)

бұнда К1 - кестеден табылған қайта есептеу коэффициент!.

Орташа тәуліктік сынама алған кезде атмосфералық қысымның орташа мәнін табу үшін мына формуланы қолданады:

+ Р

'■-V <3>

Бұнда Рб - Рс - атмосфералық қысымның отбор алғандағы бастапқы және соңғы мәні.

Ауадағы зиянды қосылыстардың концентрациясын мына формуланың бірімен табады (мг/м3)

Р = (4) Р-— (5) Р = Кэ-± (6)

і) V V V

иаү0 у0 у0

иа - талдауға алынған ерітінді көлемі, см3; ор - сынама ерітіндінің жалпы көлемі, см3; қалыпты жағдайға келтірілген ауа

сынамасының көлемі, дм3; пң - зиянды қосылыстың барлық

сынамадағы массасы, мкг; Кэ-эмпирикалықтүзету коэффициенті.

Зиянды қосылыстардың концентрациясын есептеу әрқайсысының орындалу немесе зерттелу әдістемесіне байланысты.